Доклад "Оқуды дамытудың әдістері мен формалары".
Оценка 4.9

Доклад "Оқуды дамытудың әдістері мен формалары".

Оценка 4.9
Библиография
docx
библиотека
Взрослым
01.04.2017
Доклад "Оқуды дамытудың әдістері мен формалары".
Мектеп кітапханалары Қазақстанның кітапханалық жүйесінде ерекше орын алады. Өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту тұрғысында мектеп қітапханасының қосар үлесі бар. Мектеп кітапханасының қызмет аясын кеңейту, қорын пайдалану, соның ішінде оқушыға әдебиет таңдау, оқырмандық қызығушылығын кеңейту, мұғалімге кәсіби өсуге көмек көрсету, оқуға және дүние тануға қозғау салушы болып табылады. Сондықтан да жұмыс істеудің дәстүрлі түрлерімен қатар инновациялық формалары де еңгізілуде. Мектеп кітапханасы тек қана оқырмандармен емес, білім алушылардың барлық контигентімен жүйелі және мақсатты түрде жұмыс жасайды, оның мектепте жыл бойы жұмыс жасау мүмкіндігі бар. Балалармен жұмыс жасаудың басты бағыты- білім алушылардың тұлғалық әлеметтенуі мен дамуы, рухани-адамгершілік мәдениеті, ақпараттық ресурстардың барлық түрлері мен деңгейлерін пайдалануға үйрету, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, кітапхананы пайдалануға дағдыландыру.Мектеп кітапханалары Қазақстанның кітапханалық жүйесінде ерекше орын алады. Өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту тұрғысында мектеп қітапханасының қосар үлесі бар.
кітап.docx
Оқуды дамытудың әдістері мен формалары. Мектеп кітапханалары Қазақстанның кітапханалық жүйесінде ерекше орын алады. Өскелең   ұрпақтың   талаптарын   қанағаттандыру,   рухани   байлығы   мен   жалпы   қабілетін дамыту   тұрғысында   мектеп   қітапханасының   қосар   үлесі   бар.   Мектеп   кітапханасының қызмет   аясын   кеңейту,   қорын   пайдалану,   соның   ішінде   оқушыға   әдебиет   таңдау, оқырмандық қызығушылығын кеңейту, мұғалімге кәсіби өсуге көмек көрсету, оқуға және дүние   тануға   қозғау   салушы   болып   табылады. Сондықтан   да   жұмыс   істеудің   дәстүрлі түрлерімен қатар инновациялық формалары де еңгізілуде. Мектеп кітапханасы тек қана оқырмандармен   емес,   білім   алушылардың   барлық   контигентімен   жүйелі   және   мақсатты түрде жұмыс жасайды, оның мектепте жыл бойы жұмыс жасау мүмкіндігі бар. Балалармен жұмыс   жасаудың   басты   бағыты­   білім   алушылардың   тұлғалық   әлеметтенуі   мен   дамуы, рухани­адамгершілік мәдениеті, ақпараттық ресурстардың барлық түрлері мен деңгейлерін пайдалануға   үйрету,   ақпараттық   мәдениетін   қалыптастыру,   кітапхананы   пайдалануға дағдыландыру.  Кітапханашы жеке және топтық түрде оқырмандармен жұмыс жасай алады. Оқырмандарға   жеке   қызмет   көрсету   дегеніміз   –   жеке   тұлғаның   білімділік, ақпараттық, мәдени және демалыс қажеттілігін қаңағаттандыруға бағытталған қызмет. Жеке жұмыста кітапханашының оқырманмен жеке әңгімелесу әдістері қолданылады. Оқырмандарға жеке қызмет көрсету барысында кітапханашы оқырмандардың мүделлерін зерделейді, оған әдебиеттер ұсынады, басылымдармен жұмыс істеу тұрғысында кеңестер береді, кітапхана ұсынатын қызметтер туралы құлағдар етеді.  Жеке жұмыстың негізгі нысандары: оқырманның кітапханаға жазылу кезі, кітаптар беру   мен   қабылдау,   кітапхана   көрмелері   жанында   өткізілетін   әңгімелер,   кеңестер, анықтамалар, жеке хабарламалар болып табылады.  Әңгімелесу     оқырмандардың   мүдделерін,   олардың   жас   ерешелектерін,   жеке қасиеттерін ескере отырып, кітапханашы мен оқырманның арасындағы тікелей сөйлесуді жүзеге асыруға септігін тигізеді. Әңгімелесу негізінен оқырманның кітапханаға жазылуы, құжаттар беру мен қабылдау кезінде өткізіледі. Жеке   жұмыстың   нысаны   ретінде   ұсынылатын   әдебиет,   кітапхана   және   ақпарат қорлары туралы әңгімелесу нысаны болып бөлінеді.  Мектеп кітапханасына жазылу кезіндегі әңгімелесу, кітапхана оқырманы болуға тілек білдірген   оқушы   туралы   мәліметтер   жинақтауға   мүмкіндік   береді.   Бұл   мәліметтер кітапхананың жаңа пайдаланушысымен жұмыстың стратегиясы мен бағыттарын белгілеуге маңызды   рөл   атқарады.     Осы   әңгімелесу   үстінде   оны   кітапхананы   пайдалану қағидаларымен, мектеп қітапханасының тарихымен, онда қалыптасқан дәстүрлермен, оның ақпарат   мүмкіндіктерімен   және   ресурстарымен   таныстырады,   жазулышының   оқу мәдениетінен «сыр тартады».    оның   қорымен, Кеңес   беру   ­   оқырманды   кітапханамен,   анықтамалық­ библиографиялық   аппаратымен   таныстыруға   бағытталған   кітапхана   қызметін   көрсету нысаны.   Оқу   мәдениетіне   тәрбиелеуге,   кітапханалық­библиографиялық   сауаттылық негіздерін сіңіруге бағытталған. Ұсынылатын әдебиет туралы пікірлесу.  Оны өткізу кезінде кітапханашы   басылымның   мазмұнын,  әңгіме   өткізілетін   оқушы   тұлғасының   оқырмандық даму   деңгейін,   оның   қызығушылығы   мен   сұранысының   сипатын   ескереді.   Ұсынылатын әдебиеттер аясын кеңейту, кітапханашы мен оқырманның арсасындағы қарым­қатынасты ұлғайту болып табылады. Оқылған басылымдар туралы пікірлесудің тәсілдері: ­ Егер оқырман басылымды кітапхана ұсынысы бойынша алса, соңғысы ұсыныстың қаншалықты   сәтті   шыққанын,   оқырманның   басылымнан   қандай   пайдалы   сабақ алғанын,   оны   қалай   бағалайтынын,   алынған   білімдерін     күнделікті   өмірде қолданғанын   ия   болмаса   қолданбағанын,   ұсынылған   басылымның   неліктен қызықтырмағанын және т.б. анықтайды; ­ Егер оқырман басылымды дербес таңдап алса, кітапханашы оның өз таңдауын қалай бағалайтынын, оны сәтті деп санайтынын немесе санамайтынын біледі; ­ Егер   кітапханашы     оқырманның   оқығаны   туралы   пікірлесуге   түсінетіне   сенімді болмаса, оқырманның оны қабыл алмауын күтпестен басылым туралы әсерімен өзі бөлісіп, сонысымен оқырманды әңгімеге шақырады. Оқырмандарға   басылым   беруді   рәсімдеу   кезінде   пікірлесу   барысында   оқудың мақсатына,   оқырманның   оқығандық   деңгейіне   сүйене   отырып,   оның   басылымдарды таңдауына септігін тигізеді. Мектеп   кітапхансында   көпшілік   жұмыс,   әдетте,   мынадай   бағыттар   бойынша жүргізіледі:          ­оқу үрдісіне жәрдемдесу;          ­мектептің тәрбие бағдарламаларына септесу;          ­еркін оқуды ынталандыру. Басты   мақсаты   кітапқа   тарту,   еркін   оқуды   ынталандыру   болып   табылатын   іс­ шараларды өткізу кезінде осы мақсатқа мынадай міндеттерді шешу арқылы қол жеткізуге болады:                  ­оқушыларды балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиеттің озық үлгілерімен таныстыру;          ­ана тілінің көркемдігін көрсету;          ­балалар қиялын ынталандыру. Оқушылармен   жұмыс   нысандарының   қойылған   мақсаттарды   іске   асыруда   елеулі маңызы   бар.   Айтып   өткендей   қазіргі   таңда   технологияның   дамуымен   қатар   интернет арқылы мектеп  кітапханасында да кітап оқуды дамыту формалары, әдістері жетіліп келеді. Назар қойып, тыңдағандарынызға рахмет. № 4 Хромтау орта  мектебі. Оқуды дамытудың әдістері мен формалары. /Баяндама/                                                 Дайындаған: кітапханашы Сейтмаганбетова А.Б. 2016­2017 оқу жылы.

Доклад "Оқуды дамытудың әдістері мен формалары".

Доклад "Оқуды дамытудың әдістері мен формалары".

Доклад "Оқуды дамытудың әдістері мен формалары".

Доклад "Оқуды дамытудың әдістері мен формалары".

Доклад "Оқуды дамытудың әдістері мен формалары".

Доклад "Оқуды дамытудың әдістері мен формалары".
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.04.2017