Домалақ ана
Оценка 4.7

Домалақ ана

Оценка 4.7
Библиография
doc
история
5 кл—9 кл
02.12.2020
Домалақ ана
домалак анаа.doc

Аннотация

         Осы жобаны қорғай отырып, Қазақстанның сыры ашылмаған құпияларына үңіліп, кең байтақ жердің ұлы адамдарын насихаттай отыра, тарих шыңын бағындырсам деймін. Адамзат баласына, әсіресе жас ұрпаққа аса қажет ұлттық, рухани байлық  қадір-қасиетті сезінуден басталмақ. Ал, Домалақ ана кесенесі нағыз қасиетті мекен екені айтпасада түсінікті.

Зерттеу мақсаты: Домалақ ана кесенесінің тарихтағы баға жетпес құндылығын, ел білмеген құпиясын,қасеті мен тылсым күшін зерттей отыра жас ұрпаққа, өз замандастарыма үндеу жолдау.Осындай киелі жердің әлі де ашылмаған сырларына үңіліп, тарихи маңызын зерттеуді мақсат еттім.

Зерттеу пәні:  Қазақстан тарихы, өлкетану.

Зерттеу нысаны: Домалақ ана кесенесі, Нұрилә Әли Сыланқызы.

Зерттеу әдістері: Зерттеуде ғылыми дәлелдемелерге сүйене отырып, деректерді тарихи түрде жүйелі- кешенді салыстырып, түсіндірмелі әдістерді қолдану.

Зерттеу нәтижелері мен жетістіктері:Мен осы жобаны қорғай отырып, өз замандастарыма титтей де болсын пайдалы ақпарат пен қызықты мәлімет бере алдым деп ойлаймын. Әлі ашылмаған талай сыры мен құпиясы көпқазақтың  осындай қасиетті жерлері бар екенін паш ете отырып, қызығушылықтарын ояту.

Зерттеу міндеті (Жоспар):

- Ең алдымен тарихи тұлғаның өмірбаянын зерттеу;

- Ерекшелігінің көрінісін тың ақпараттарға сүйене отырып дәлелдеу;

- Кесене жайлы толық зерттеп, ұрпаққа берер дерек пен дәйекті саралап, жүйелі-кешенді талдау;

- Домалақ ананың көпшілікке беймәлім сырын ақтару;

- Жас ұрпаққа, өз замандастарыма осындай киелі де, қасиетті жердің маңыздылығын түсіндіре отырып, үндеу жолдау;

- Көтерілген әлеуметтік мәселені заман талабына сай жастардың көзқарасымен шешу;

- Тарихтағы басқа да тұлғаалардың Домалақ анаға арнап жазғандарын талқыға салу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.Кіріспе

Домалак ана ( Нұрилә Әли Сыланқызы)

 

                                    

                                                                                             

                                                                                              Атадан – өсиет

                                                                                     Анадан – қасиет...

                            

1.1    Нұрилә Әли Сыланқызы

     Нұрилә 1378 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.Руы - Қожа.Мақтым Ағзам қожаның немересі. Мақтым Ағзам қожа Қожа Ахмет Яссауидің қызы Гауһардың ұрпағы.

Әкесі Әли Сылан,анасы Нұрбике,нағашы атасы Уәйіс хан Моңғолстанның ханы болған.Нұриләнің әкесі Әмір Темірдің әскерінде қызмет етіп, сол бойы соғыстан оралған жоқ. Ал анасы жылан шағып қайтыс болады.Сөйтіп,Нұрилә жетім қалады.Ол өзінің атасы Мақтым Ағзам қожаның қолында өсіп,тәрбиеленеді.Содан соң олар Бәйдібек бидің шақыртуымен Қаратауға көшіп барады.Қаратауда өскен Нұрилә 19 жасында атасының өсиетімен Жетісу басшысы Бәйдібек бидің үшінші яғни кенже әйелі атанады.Бәйдібек би, ру басы болғандықтан, Нұрилә оның әйелі саналғандықтан, ел ішіндегі мәселелерге белсене араласып, тіпті басқарған да кезі болған. Бұл Нұриләнің басқа әйелдерден өзгеше екендігін, аса ерекше қабілеті мен дарыны айқын білінетін нағыз текті ұрпақтан тарағаны тайға таңба басқандай білінетін.

1.2  Нұрилә апамыздың «Домалақ ана»деп аталуының себебі

     Аңыз-әңгімелерге сүйенсек,Нұрилә апамыз өзінің аса дарыны мен ақылдылығының арқасында талай даудың шешіліп,талай ұрыстың тоқтауына себепші болған екен деседі.Көрегенділік қасиеті мен тапқырлылығы Нұрилә апамыздың Домалақ ана атануына себеп болған.Неліктен? Себебі, Домалақ ана есімінің аталуына байланысты бір аңыз бар.Ол аңызды Нұрилә өзінің көріпкелділік қасиетінің бар екендігін айқын дәлелдейді. Бұл есім Диһнат мама есімімен тығыз байланысты.Диһнат мама есімін Қара Қайдар деген түрікмен Нұриләнің тапқырлығына тәнті болып қойған деседі. Бірақ, кейбір деректерге сүйенсек, Домалақ ана сөзі, Доммуалаһ сөзінен шығыпты мыс.Себебі, Диһнат мама сөзі менің зерттеуім бойынша көп мәліметтерде парсы тілінен аударылғанда Әулие ана деген мағына береді. Алайда, жақында ғана жазылған бір мақаланы оқысам, Домалақ ана сөзі қайдан шыққанын зерттеген. Сол мақалада журналист парсы тілінде Диһнат мама деген сөздің жоқтығы арнайы сұхбаттан алынып, жазылған.Бұл бірінші себеп болса,екінші себеп Домалақ ананың атын түрікмен Қайдар қойған делінеді кейбір дерек бойынша. Бірақ та, Домалақ ана өмір сүрген жылдары түрікмен елі өмір сүрмегені жайлы да бізге мәлім. Осы факторларды ескере отырып, Домалақ сөзі «Домуллаһ» сөзінен шыққан деген тұжырымға келдім. Домуллаһ дыбыстық өзгеріске түсіп, Домалақ ана сөзі шыққан.

Домуллаһ– дін қағидаларын берік ұстауында,діни сауатын айналасындағы халыққа шашуында, сол кезге тән медресе ашып, елдің балаларын оқытуында және ақиқат жолын бек ұстап, адамгершілік тұрғыдағы халық алдындағы беделінде. Бұл сипаттамалар Нұрилә апамызға тән қасиет.

Әулие ананың ұрпағы

     Домалақ ананың  жалғыз ұлы Жарықшақ. Олда асқан білімділігімен ел билеген.Ол әуелі Ташкент әмірлігінде кеңесші, кейін бүкіл Жетісу өлкесінің ұлысбегі болған.Оны Домалақ ананың нағашы атасы Уәйіс хан қолдап отырған. 1429 жылы Уәйіс хан қайтыс болған соң, таққа Есен – Бұға отырады.Сол Есен – Бұғаның бас уәзірі болады.

 

 

Домалақ ананың соңғы жылдары

     Домалақ ана өзінің соңғы жылдарын Ташкент қаласында өткізеді. Алайда күндердің бір күні Домалақ ана түс көреді түсінде Бәйдібек би бұрын тұрған Қаратауға қайтуын сұрайды. Сөйтіп жолға шығады.1456 жылы  көш Балабөген жағасына келгенде аялдап, Домалақ ана жуынып намаз оқып жатқанда көз жұмады. Және дәл сол жерде кесенесі тұрғызылған.

1.3  Кесенесі

     Домалақ ана кесенесі – сәулетті ескетркіш. Қаратаудың күнгей бетінен бастау алып, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан. Оңтүстік Қазақстанның ең көрікті жерінің бірі деп айтсам артық емес.

     Биіктігі 12 метрді құрайтын бұл кесене 1456 жылы домалақ ананың немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шері есімді шеберді алдырып, ана басына төрт қанатты күмбезделген кесене – там тұрғызды.

     ХХ ғасырда  қойылған ескерткіш дөңгелек пішінді, сыртынан алты нишалы күмбезі  негізгі ғимараттың үстінде болған.1957жылы қайта өңделгенмен, көп сақталмады.1996 жылы Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспен жаңадан өрілген. Сегіз жапырақты етіп өріліп, ортаңғы бөлігіне күмбез орнатылған.

     Ғимаратта түрлі көне жазбалар сақталған. Бүгінде және бұған дейін аталған кесене көпшіліктің тәу етер қасиетті орынға айналған. Бұл жерде негізге бұрыннан белгілі формалар мен мотивтерді қиыстыру арқылы жаңа ғимарат салу идеясы емес, ассоциавтиктік қатарлап түзу жолымен байырғы қазақтың халықтың мұрасын басқа, күрделірек деңгейде тереңінен меңгеру әдісі қолданылған.Табыну ғимараттарының белгілі бөліктері – портал, күмбез, мұнаралар өзге иілімділік тілінің көмегімен сезімдік - көркемдік дәрежеде ортаазиялық классикалық емес,қазақтың далалық көне өнерімен үндес жасалған.           

II. Негізгі бөлім

2.1

Кенде емес қой бұл қазағым ақыл берген данаға,

Кенде емес қой бұл қазағым ақ сүт берген анаға.

Теңізімнің тамшысындай арналады бұл әнім –

Елін сүйген қасиетті Домалақтай анаға - деп, Нышан Төлегенов ақын жырлағандай, Домалақ ананың қазақ тарихында алатын орны ерекше. Осындай қазақтың  дана, әулие, абыз, көріпкел анасы бар болғанының өзі бізге үлкен мәртебе. Бұл кісі жайлы Бауыржан Момышұлы мынандай деректер айтады: «Бәйдібек балаларына енші бөлгенде, өзінің қатты жақсы көрген сұлуынан туған ұрпағына үлесті мол беріп, Домалақ ененің балаларына қалған ақсақ-тоқсақты қалдырады екен. Бұл аздай, Домалақ енені балаларымен жұртқа қалдырып, өзі басқа жаққа көшіп кетеді. Арада бес жылдай уақыт өткенде, баяғы ақсақ-тоқсақ, кәрі-құртаң малдың төлінен өнген төрт түлік көбейіп кетеді. Ал, шалғай жайылымға кеткен Бәйдібек болса үлкен жұтқа тап келіп, жоқшылықта қайтыс болаған екен. Мұны естіген Домалақ ене Бәйдібек бабаны арулап жерлеткізеді» .  Міне, Бауыржан Момышұлы жазғандай Домалақ ананың бойынан нағыз ел анасына тән қасиеті кеңпейілділігі, ақылдылығы тайға таңба басқандай көрініп тұр.Домалақ ана ел мәселесін шешуде де осал емес. Бәйдібек би ру басы болғандықтан Домалақ ана оның әйелі ретінде ел мәселесіне де араласқан. Ел арасында ерекше қабілетімен танылып, ақылдылығымен біраз мәселелерді шешіп, халық оны  абыз атаған екен. Тіпті, бұл аңызда байқасаңыз Домалақ ананың баласына қалған- құтқанды берсе де, өзі жоқшылық пен аштықтан қаза болады. Себебі неде деп ойлайсыздар? Ал менің ойым Домалақ ананы сыйламай, қадірін білмеген адамды Құдай осылай жазалайды. Бұл Домалақ ананың әулие екенінің тағы бір дәлелі.

2.2   Кесененің тылсым сыры

     Домалақ ана кесенесіне келушілер қандай да бір тылсым күшті сезетіндей. Кесенеге көбіне тәу етіп баласы жоқтар,сәби сұрап келеді. Және де айтқан дұға – тілектері қабыл болатындай. Сәбилі бола алмай жүргендер сәбилі болып, үнемі келіп тұратындай көрінеді. Сондықтан да бізде мынадай ой қалыптасты. Кейбір аңыздарда Домалақ ана Алла  Тағалаға адамдардың дұға тілектерін жеткізуші ретінде айтылады. Мүмкін..... Намаз үстінде көз жұмған адам тегін адам емес. Сондықтан олай болуы әбден мүмкін.

2.3   Көзі ашық, көкірегі ояу жастарға...

     Ал енді,менің осы жоба қорғаудағы ең маңызды, әрі негізгі мақсатым әлеуметтік мәселе қозғап, жастарға үндеу жолдау.  Менің дәл қазір көтергім келіп отырған мәселе қазіргі жастар осындай жерлерді насихаттап, қызығып, зерттеп көргісі келмейді. Дегенмен, Домалақ ананың бізге беймәлім сырлары көп емес пе? Неге зерттемеске? Сонда өз жерімізде тарихи маңызы зор, берері мол, әлемдік классика қылып емес, қазақи нақышта өрнектеп жазылған бір кітап жазсақ, келешек ұрпаққа да пайдалы емес пе?! Кесенеге келушілер көбіне тәу етіп, сәби сұрап келеді. Ал, шет елдік туристер керісінше зерттегісі келеді. Шет елдің туристері зерттегенше неге өзіміз зерттеп, әлемге танытпасқа.

      Соның бастауы ретінде, шешімі болуы  үшін  жастардың қолданыс көзі – әлеуметтік желіге арнайы пост жаздым. Постта Домалақ ана жайлы тың дереккөздерді енгізіп, нәтижесін күттім. Нәтижесінде, жазған постымнан оқырмандарым қызығушылық танытып, әсерін пікір ретінде қалдырды (слайдта көрсетілген). Шыны керек, оларға осы постым пайдалы болғанына қатты қуандым. Көп пікірлер артынан келіп жатты. Тіпті кей оқырмандарым өз түсінігін жазып, Домалақ ана кесенесіне барғысы келетіндігін айтып қалды. Егерде мен мақсатыма жетсем, осындай жерлерді көбірек пост ретінде мәлімет жазып, салып қояр едім. Арнайы парақша ашып, бірге киелі жердің тарихын зерттер едім. Жаңаша көзқарас жастардың қызығушылығын, елге, жерге деген махаббатын оятумен шектелмейді. Керек десе, сол жерлерді көру үшін арнайы экскурсия ұйымдастыру жастарды қызықтырары сөзсіз.

     Сондықтан бұл келелді ойды іске асыру мақсатымен, былтырғы 2019 жылдың наурыз айында  біздер мектеп болып «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері» бағыттарымен киелі Оңтүстік Қазақстан  жеріне сапар шектік. Бұл экскурсия менің жарияланған постымнан кейін ұйымдастырылды. Содан соң мен өз көзіммен көрген дүниені қолдан жасауды жөн көріп, кесененің макетін жасадым. (слайдта көрсетілген). Нәтижесі осындай болар деп кім ойлаған. Әлі де  еліне деген сүйіспеншілігі мол жастардың бар екеніне көзім жетті. Қызықты сапар бәріне ұнап, келесі жылға да осындай ұйымдастырамыз деп шештік. Сол себепті біздің мектеп экскурсия арқылы жастарға  жаңа бастаулар ашып, жетістіктерге жетуіне себепші бола алады. Мен басында атап өткендей өз мақсатыма жеттім. Осы сапар біздердің санамызды жаңғыртудың кепілі болды.

 

III.Қорытынды

     Әр заманның ұрпаққа қояр өз талабы, өз міндеті бар. Елбасымыздың жастарға арналған қаншама жобалары болды. Солардың көпшілігі іске асып жатыр. Саналы ұрпақ қажет қылса өзінікін алар. «Отанды сүюдің алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен қаланады» деген тамаша сөздің негізінде қорытындылай келе, зерттеу мақсатым қасиетті Домалақ ананы таныту болса, діттеген мақсатыма жеттім. Жастардың пікірін өзгертіп, елге деген махаббатын ояттым деп сенемін. Бұл зерттеуім талғампаз жастарға жолшырақ болары сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1.Тарих- адамзат ақыл –ойының қазынасы.3-том

2. «Дерек пен дақпырт» сайты.

3. Елбасының «Болашақ бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалсы, 12 сәуір 2017 жыл.akorda.kz/

4. БауыржанМомышұлы жазбаларынан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


Скачано с www.znanio.ru

Аннотация Осы жобаны қорғай отырып, Қазақстанның сыры ашылмаған құпияларына үңіліп, кең байтақ жердің ұлы адамдарын насихаттай отыра, тарих шыңын бағындырсам деймін

Аннотация Осы жобаны қорғай отырып, Қазақстанның сыры ашылмаған құпияларына үңіліп, кең байтақ жердің ұлы адамдарын насихаттай отыра, тарих шыңын бағындырсам деймін

Тарихтағы басқа да тұлғаалардың

Тарихтағы басқа да тұлғаалардың

I.Кіріспе Домалак ана ( Нұрилә Әли

I.Кіріспе Домалак ана ( Нұрилә Әли

Нұрилә апамыздың «Домалақ ана»деп аталуының себебі

Нұрилә апамыздың «Домалақ ана»деп аталуының себебі

Домалақ ананың соңғы жылдары

Домалақ ананың соңғы жылдары

Кенде емес қой бұл қазағым ақ сүт берген анаға

Кенде емес қой бұл қазағым ақ сүт берген анаға

Мүмкін..... Намаз үстінде көз жұмған адам тегін адам емес

Мүмкін..... Намаз үстінде көз жұмған адам тегін адам емес

Нәтижесі осындай болар деп кім ойлаған

Нәтижесі осындай болар деп кім ойлаған

Тарих- адамзат ақыл –ойының қазынасы

Тарих- адамзат ақыл –ойының қазынасы

Домалақ ана

Домалақ ана

Домалақ ана

Домалақ ана
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.12.2020