Дос және достық
Оценка 4.6

Дос және достық

Оценка 4.6
Работа в классе
docx
классное руководство
3 кл
20.11.2018
Дос және достық
Тақырыбы: Дос және достық Мақсаты: 1.Адам қарым-қатынасындағы достық туралы түсінік беру. 2.Оқушылар арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету. 3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал мәтелдер, слайд, шарлар. Барысы: Жүргізуші: Досың болса бұл өмірде сенімді, Бұлт баспайды мөлдіреген көгіңді. Доссыз күн жоқ, атса да таң тауықсыз, Онсыз өмір өтер тойсыз, сауықсыз,- деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай бүгінгі сынып сағатымыз «Дос және достық» деп аталады.
дос.docx
Тақырыбы: Дос және достық Мақсаты: 1.Адам қарым­қатынасындағы  достық ұғымы туралы түсінік                        беру.                     2.Оқушылар арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.                     3.Оқушыларды  сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа,                                 адалдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал мәтелдер, слайд, шарлар. Барысы:  Жүргізуші:  Досың болса бұл өмірде сенімді,                       Бұлт баспайды мөлдіреген көгіңді.                       Доссыз күн жоқ, атса да таң тауықсыз,                       Онсыз өмір өтер тойсыз, сауықсыз,­ деп Қадыр Мырзалиев  ағамыз жырлағандай бүгінгі сынып сағатымыз «Дос және достық» деп  аталады. IV. Шаттық шеңбері. Ендеше, балалар сынып сағатымызды ұранымызбен бастайық. Дос болайық бәріміз, Жарассын достық әніміз. Иықтасып жүрейік, Қиындықта бәріміз. (балалар орындарына отырады) Жүргізуші: Дос­ осынау үш әріпте қаншама мән­мағына жатыр десеңізші!  Адам бойындағы асыл қасиеттерді осынау ұғыммен жалғастырсақ, достық  деген әдемі сөз пайда болады. Достық сөзіне талдау жасай кетер болсақ,  ұлттар арасындағы достық, ата­ анамен бала арасындағы достық, қоршаған  ортамен достық  т.б жалғаса береді. Біз бүгін адамдар арасындағы қарым  қатынастағы достық сезімі туралы айтқалы отырмыз. Балалар, сіздердің  достық туралы  ой­ пікірлеріңіз қандай? ( Балалар өз ойларын ортаға салады) Жүргізуші: «Шын дос қиыншылықта танылады» демекші, осы орайда  қазақтың белгілі ақын, жазушысы Зейнолла Шүкіров туралы айтып өтейін. Зейнолла Шүкіров ауылдық жерде тұрған, мектепке түйеге мініп қатынайтын  болған. Бірде мектептен келе жатқанда 7 жасында түйеден құлап ауруға  шалдығады. Аздап тәуір бола бастағанда қайықпен теңізге шығамын деп суға  аударылады. Сөйтіп алдыңғы сырқаты асқынып төсек тартып жатуға мәжбүр болады. Отыз әріпті шала танып үлгерген Зейнолла мектептен біржола қол  үзеді. Сыныптас достары оны жалғыз қалдырмай,  үйіне келіп білмеген  әріптерін үйретеді, кітап оқып береді, әңгіме айтады. Зейнолла достарының  арқасында әріп танып, кітаптарды жүргізіп оқуға үйренеді. Зейнолланың өмір  бойы мүгедек бола тұрып, белгілі ақын, жазушылыққа дейін көтерілуіне  достарының көп көмегі тиген. Ол сондықтан да өзінің алғашқы көлемді  шығармасын «Менің достарым» деп атаған. Көрініс: «Достық өлкесінің заңы» (Оқушылардың ой пікірін тыңдау) Жүргізуші: Балалар, «Менің атым Қожа» деген киноны көрдіңдер ме? Сол  кинодан үзінді көрейік. (кинодан үзінді көрсету) Балалардың ой пікірін тыңдау. VI. Тыныштық  сәті. ­Балалар, орындарыңызға  емін­еркін  жайғаса  отырыңыздар.Енді көзімізді   жұмып, әркім өзінің досы, оның  жалпы  қасиеттері  туралы  ойлаймыз. /2­3  секунд/ Достық гүлін жасау. Гүл күлтесіне досының жақсы бір қасиетін жазып, жапсыру. Жүргізуші: Ертеде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның  замандастары: ­ Достық нешеу?­  деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: ­ Достықтың екі түрі болады. Бірі­ адал достық, бірі­ амал достық. Адал  достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады,­ деп жауап берген екен. « Достық. Бірлік » үйін салу.                                                                                  ­Балалар, біздің  адал  достарымыз  әлде  де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол  үлкен үйді  бәріміз  бірге  салып  көрейік.Үйді салуға бізге мақал­  мәтелдер көмектеседі. Мақал – мәтелдер.   1.Досы  көпті  жау  алмайды, Ақылы көпті дау алмайды.  2. Досыңның  көзіңде  болғанша,       Көңілінде  бол.  3. Жүз  теңгең  болғанша,           Жүз  досың  болсын.  4. Дос тұтқанды қадірле. 5. Аз қайғыны ас басар,       Көп қайғыны дос басар.  6. Жаңадан дос тапсаң да,      Ескі досыңды ұмытпа.  7. Турашыл дос тұрақты,       Туған бауырың сияқты.  8. Дос – егіз, дұшпан – сегіз.  9. Адал достық алтыннан да қымбат.  10. Жақсы дос алынбас қамал. Жүргізуші: Достық туралы айтылған ұлағатты сөздерге кезек берейік. Жақсыменен дос болсаң, Алдыңнан шығар елбектеп. Жаманменен дос болсаң , Сыртыңнан жүрер өсектеп.     (М. Өтемісұлы) Бір жақсымен дос болсаң Азбас, тозбас мүлкі етер. Бір жаманмен дос болсаң Бар ғаламға күлкі етер.      ( Шалкиіз жырау) Досы көптің қасына Жау келмес деген осы да.        (А. Тоқмағанбетов) Досы жоқпен сырлас, Досы көппен сыйлас. Қайғысыздан сақ бол, Қайғылыға жақ бол.          (А. Құнанбаев) Жауға жалынба, досыңа тарынба.     (М. Әуезов) 5­ оқушы: «Дос жүрегі»     Әбдікәрім  Ахметов Жүректен жүрекке ­ Балалар, достық шеңберін құрайық, Ән: «Жан досым» (хормен)       Қорытынды.  Жүргізуші: Туыстың дос боп өтуі,                       Некен саяқ неғайбыл. Досыңның туыс етуін,                       Өмірдің заңы санай біл! Достық­ ұлы ұғым. Достықтың қадірін біліп, адал дос бола білейік!

Дос және достық

Дос және достық

Дос және достық

Дос және достық

Дос және достық

Дос және достық

Дос және достық

Дос және достық
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.11.2018