Сабақтың мақсаты: «дос», «достық» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: «дос», «достық» ұғымдарының мәнін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;
Дамытушылық: адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін дамыту;
Тәрбиелік: айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адалдыққа, сенімділікке, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу.
Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма. Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастыр. Таңдауларыңды түсіндіріңдер.
Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: адалдық, ортақ көзқараста болу, жауапкершілік, қамқорлық, сүйіспеншілік, есептесу, санасу, кешірімділік, қиянат жасамау, ақша, мақтау.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дос туралы мақал-мәтелдерді оқыңдар, өздерің де мақал-мәтел құрастырыңдар.
Адам – адамға..., жолдас, ... .
Досы жақсының, ... де жақсы.
Кӛп ақшаң болғанша, кӛп... болсын.
Дос – досқа ... .
Тиісті сөздер: дос, айна, бауыр, өзі, досың
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.