Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба алсаң.
Достық-асыл қазына..docx
Достық – асыл қазына
Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар.
Біріне болса жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан,
бірі – кім болса, сонымен дос болмай,
айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.
Омар Хаям
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес
білгенненақ жан дүниесіндегі сырын, мұңшерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын
бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп,
досыңның ақылын тыңдап, шешім таба алсаң.
Достық – адамдардың бірбіріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ
көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани
жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі
сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге
жәрдемдеседі. Досжарандардың мінезі әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде
қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа
кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға
көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды.
Достыққа қарамақарсы ұғым – қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік
алдырғандар басқаның қуанышқызығын, ырысбағын көтере алмайлы, дос дегенің не
екендігін білмейді.
Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бірбірін оңай түсінетін
жандар бірбірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Дос
деген сенің басыңдағы кезкелген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің
сезгендей сезе алатын екінші сыңарың.
Қазақ халқы үшін «дос» киелі ұғым. Бұл – кезінде батыр бабаларымыздың досы
үшін жанын беруге дейін барғандығыменақ айқындалып тұр. Жалпы дос деген ұғымды
сенімділігіне қарай үш түрге бөліп қарауға болады.
Бірінші, жан дос. Қуанышта да, қиыншылықта да қасыңнан табылар сенімді сепігің.
Жан дос қайғыңды да тең бөлісе алады.
Екінші, жалған дос. Әрқашан қасыңда. Бірақ қиыншылықта емес. Қара басының
қамын үшін, қарнының тойғанын ойлайтындар, ни пайдакүнем.
Үшінші, виртуалды дос. Бұған сенуге де сенбеуге де болмайды. Қазіргі тілмен
айтар болсақ агенттегі дос. Бірі таныс, бірі жат. Бірі ашық, бірі жұмбақ.
Дос биікке
жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. «Жігітті досына қарап
таны!» деген қазақ ойы орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек әрбір адам дос
тұрғысынан да адал міндет атқарғаны абзал. Сонда достықтың құны жоғары болмақ.
Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны
сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек.
Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл –
достықты берік ететін тірек. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп
болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейсің.
Кабдыкаримова Майра Абылкаировна
Бастауыш сынып мұғалімі
«Курчатов қаласының №2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Оқушылардың шығармашылықтары
Достық
Менің достарым Нұрасыл, Құдайберген, Олжас, Рамазан, Саян.
Біз бірге бір сыныпта оқимыз. Нұрасыл мен Құдайберген қалалық балалар
және жасөспірімдер мектебіне барып, күреске қатысады. Біз бірімізге әрқашан
көмектесеміз. Мен достықты сатпаймын. біздің достығымыз мәңгілікке.
«Курчатов қаласының №2 ЖББОМ» КММ
3 А сынып оқушысы
Талғатов Темірлан
Достық
Достық адамдар арасындағы адал қарымқатынас көрінісі. «Жақсымен жолдас
болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа» деп ата
бабаларымыз айтқандай досты да таңдай білу қажет. Жақсы дос әрқашан жанашарың,
қиналғанда көмекшің, қуанғанда тілекшің. Жаман дос өзінің бас пайдасы үшін ғана
дос.Ол сенің қуанышыңа да, қайғыңа да ортақ бола алмайды.
«Курчатов қаласының №2 ЖББОМ» КММ
3 А сынып оқушысы
Ғабдұлғұмаров Рамазан
Досым туралы
Менің досым Дамеля. Дамеля сабаққа жақсы қатысады, жақсы оқиды. Біз күнде
ұялы телефонмен хабарласып тұармыз. Екеуіміз қосымша ағылшан тілі сабағына
қатысып жүрміз. Қоңырауда шахмат ойнаймыз. Сабақ біткенде екеуіміз бірге қайтамыз.
Демалыс күндерін бірге өткіземіз. Демалыс күндері коньки тебеміз, шанамен төбешіктен
сырғанаймыз.
«Курчатов қаласының №2 ЖББОМ» КММ
3 А сынып оқушысы
Дәулетқызы Нұрай
Достық
Достықадамдардың бірбіріне адал, қалтықсыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын
қасиет. Достық өзара жаупкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық
кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен
қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Достардың мінезі әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ достыққа
кедергі бола алмайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді.
«Курчатов қаласының №2 ЖББОМ» КММ
3 А сынып оқушысы
Муликов Темирлан
Достықадамдардың бірбіріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болатын қасиет. Достық
Достық
өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Достықбұл өмірдегі
ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
«Курчатов қаласының №2 ЖББОМ» КММ
3 А сынып оқушысы
Бабакумарова Аяжан Достарым
Тұрғанымда қысылып,
Медет берген достарым.
Өз қайғысын ысырып
Көмек берген достарым.
Замандастың жеңісін,
Көре білген достарым
Досым менің алғашқы
Мектепке келдім мен алғаш рет,
Достастым Сымбатпенен сыныпқа кеп.
Құрбымның қуанамын болғанына
Тілеймін достығымыз үзілмес деп.
Қуанып кездестірдім тағы оны,
Достық
Достығымыз достар арылмасын,
Пейіліміз кеңейсін тарылмасын,
Жиіжиі бас қосып сыр шертсек
Жүрегіміз қалайша жарылмасын.
Күніміз қуанышты бола берсін,
Қуанышқа көңіліміз тола берсін,
Шын достық
Қиналғанда қасынан,
Табылатын шын достық.
Ешкімге сырды айтпаса,
Әрине ол шын достық.
Қуанышты қайғымен,
Бөлісітін адам бар.
Қолыңдағы жемісін
Бөле жеген достарым.
Ьайғақ заман, тар жерде
Қолын берген достарым.
Жолдасыңа мәреде
Жолын берген достарым.
«Курчатов қаласының №2 ЖББОМ» КММ
3 А сынып оқушысы
Қауызбаева Зәуре
Жаңадан ауысқанда сыныбыма
Достығымыз онан әрі үдей түсті
Жаныма қуат беріп, қолыбыма.
Үзілмес шын достық болсын деп, тіледім
Шын жүректен, ақ ниетпен мен құрбым.
«Курчатов қаласының №2
ЖББОМ» КММ
3 А сынып оқушысы
Майданова Еркежан
Нұрлы аспан астында, аясында,
Басымызға бақ келіп қана берсін.
Зұлымдықтан әрқашан жиренейік,
Адалдықты сүюді үйренейік,
Бірлікпенен тірлікті ұштастырып,
Бір әдемі ғажайып, күйге енейік.
«Курчатов қаласының №2
ЖББОМ» КММ
3 А сынып оқушысы
Искакова Сымбат
Қасындағы досың да,
Мәңгілікке табылар. Қуанғанда сенімен,
Бөлісетін досың бар.
Мұңайғанда тағы да,
Қолдаушың досың бар.
«Курчатов қаласының №2
ЖББОМ» КММ
3 А сынып оқушысы
Мұратбеков Олжас
Достық-асыл қазына.
Достық-асыл қазына.
Достық-асыл қазына.
Достық-асыл қазына.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.