оқушыларға арналған тәрбие сағаты. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, еңбекқорлыққа, қол ұшын беріп көммектесуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге бағыт бағдар беруге арналған тәрбие сағаты. Осы іс шара бойынша оқушыларға ойындар мен таппақтар беріледі. Және әр түрлі еңбек түрлерімен таныстырып алға жетелейді.
еңбек етсең ерінбей.docx
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән
Сынып сағаты
Мұғалім
Қарсақбаева Бекзада
Мектеп, сынып
Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, А.Тайманов
атындағы №34 мектеп
гимназия, 4сынып
Сабақ тақырыбы
«Еңбек етсең ерінбей.......... »
Сабақтың мақсаты
Сабақтың міндеттері
Сабақтың түрі
Көрнекі құралдар
«Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін
кеңейту.
еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
диспут, пікірталас, ойқозғау.
фотосуреттер үнтаспа, презентациялар, түрлітүсті
суреттер, жүрекшелер.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім сөзі:
Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің
күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның
қасиетті күнінде яғни, жұма күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп
тілейік.
«Көңілді бағдаршам»
Сигналдры көтере отырып,сабаққа көңіл күйлерін анықтау
Қызыл түс«Мен бәрін білемін»
Сары түс« Мұғалім маған көмектессе екен»
Жасыл түс –«Өзім жұмыстанып көремін»
Ой шақыру
Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын айқындау.
Сөзжұмбақ шешейік. Мен айтқан сөздердің әіптерінен сөз құрап көрейік.
1. Береке – 2ші әріп.
2. Таң – 3ші әріп.
3. Білім – 1ші әріп.
4. Кеме – 4ші әріп.
5. Үкі – 2ші әріп.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Еңбек етсең ерінбей». Тақырып төңірегінде
бірнеше сұрақтар қойылып, әңгімелесу жүргізіледі. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
Топтық жұмыс. Постер қорғау.
1топ Еңбек адамға не үшін қажет?
2топ Мамандық түрлерін жаз, пайдасына мысалдар келтір
3топ Адам бойындағы қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады
Слайд арқылы «еңбек адамға не береді» деген сөзге топтастыру жасау.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты
етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір
сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіріліп, өзін өзі тану пәнін
мектеп бағдарламасына енгізуге ұсыныс жасап, осы жолда аянбай еңбек еткен
адамдардың фотосуреттеріне шолу жасайды
Кестені стикерлермен толтыру.
Әкемнің еңбегі
Анамның еңбегі
Менің еңбегім
Бейнеролик.
«Құмырсқалар» – бейнебаянын көрсету.
Қорытынды: Еңбек еткенде жұмыла жасау керек, сонда ғана жұмыс өнеді, яғни
бірігіп істеген жүк жеңіл болады. «Бірлік бар жерде тірлік бар».
Сабақтың дәйексөзі.
Оқушыларға тақтаға итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек
еткенге бақыт басын иеді» деген сөздің анықтамасын, ұқсас түсініктерді, бақыт
деген түсініктің артықшылығын және кемшілігін анықтату
Шығармашылық жұмыс.
«Мен білетін мамандықтар» – мамандықтар туралы ойынтренингтер
1. «Дыбысынан таны» – дыбыстарды ести отырып, мамандық иелерін табады.
2. «Мен кіммін?» – Бір оқушы шығады да, суреттің артына жасырынады. Оқушылар
орысша сипаттау арқылы мамандығын табу керек.
Ой толғау: bilimland.kz сайты – Видеожинақ – «Адамға хобби не үшін қажет?»
видеофильмі көрсетіледі.
Сұрақжауап.
Кімнің қандай хоббиі бар?
Хоббиді табыс көзіне айналдыруға болады?
Хоббиді болашақта өз мамандығыңа айналдыруға бола ма? Сипаттама жасаую «Еңбекқор Еріншек».
Суретке қарап еңбектің түрін анықта.
Ой еңбегі, дене еңбегі.
Қорытындылау.
Оқушыларға алдымен bilimland.kz сайты – Видеожинақ – «Патриотизм дегеніміз
не?» видеофильмі көрсетіледі.
Осыдан кейін оқушылар стикерге өздерінің елін көркендетуі үшін не істеу қажет
екендерін жазып, тақтадағы Қазақстан республикасының картасына жапсырады.
Еңбек етсең ерінбей тәрбие сағаты
Еңбек етсең ерінбей тәрбие сағаты
Еңбек етсең ерінбей тәрбие сағаты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.