Екінші дүниежүзілік соғыс
Оценка 4.6

Екінші дүниежүзілік соғыс

Оценка 4.6
Видео
mp4
история
9 кл
23.12.2017
Екінші дүниежүзілік соғыс
Соғыс алдындағы келіссөздер мен фактілер 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды. Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 — 39 ж. Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 ж. Германия Австрияны, Мюнхен келісіміне (1938 ж. 29 қыркүйекте Мюнхен қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия үкімет басшылары кездесіп, Чехословакияның Судет облысын немістерге беру, Германия көршілерінен баска жер талап етпеуге келісім жасасты) сәйкес Чехословакияның Судет облысын, 1939 ж. наурызда Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сәуір айында Италия Албанияны басып алды. Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия, Түркия елдерін қорғауға міндеттеме алды, сондай-ақ, КСРО-мен үжымдық қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939 ж. 23 тамыз) қол қойды. Молотов-Риббентроп келісімі Осы Молотов-Риббентроп келісімі (В.Молотов КСРО-ның, М.Ребентроп Германияның атынан келісімге қол қойған) бойынша екі мемлекет жасырын түрде Шығ. Еуропадағы өздерінің ықпал ету аймақтарын бөлісіп алды. Финляндия, Латвия, Литва, Эстония, Бессарабия және Польшаның шығыс бөлігі (Нарва, Висла, Сен өзендерінің шығыс жағы) Кеңес Одағына, ал қалған бөліктер түгелімен Германияға тиесілі болды. Соғыстың 1-кезеңі[өңдеу] Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек — 1941 ж. 21 маусым). КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлы-британия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Поляк армиясы 8-28 қыркүйекте Варшаваны ерлікпен қорғағанымен еріксіз берілді. 17 қыркүйекте Қызыл Армия Молотов — Риббентроп келісімі бойынша, Польшаның шекарасынан өтіп, Бат. Украина мен Бат. Белоруссияны өзіне қосып алды, ал қыркүйек — казан айларында Эстония, Латвия, Литва үкіметтерімен өзара көмек шарттарын жасасып, әскер кіргізді. Осыдан кейін Кеңес үкіметі Финляндиядан Ленинград (казіргі Санкт-Петербург) қаласының қауіпсіздігі үшін шекараны ел ішіне қарай жылжытуды талап етті. Осы талапты күшпен орындатқызу мақсатымен 1939 жылдың аяғы мен 1940 жылдың бас кезінде кеңес-финн соғысы болып, шекара солтүстік-батысқа қарай жылжытылды. Финляндиямен үш айға созылған соғыс кеңес армиясының әлсіз екенін көрсетті және КСРО-ның беделіне үлкен нүксан келтірді. 1940 ж. 28 маусымда Румыния Бессарабия мен Солт. Буковинаны Кеңес Одағына беруге мәжбүр болды. Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағандарымен, 9 ай бойы ешқандай ұрыс кимылдарын жүргізген жоқ. Осыны пайдаланған Германия Ұлыбритания теңіз флотына соқкы берді де, Бат. Еуропаны жаулап алуға кірісті. 1940 ж. сәуір — мамыр айларында Норвегия мен Дания жаулап алынып, 10 мамырда Бельгия, Нидерланд, Люксембургке, әрі қарай Францияға басып кірді. Петен бастаған француз үкіметі қарсыласудан бас тартып, 22 маусым күні берілді. Оңт. Францияда Петеннің «қуыршақ үкіметі» құрылып, елдің қалған бөлігінде герман билігі орнады. Шарль де Голль бастаған француз патриоттары Ұлыбританияға кетіп, күресті жалғастырды. Маусым айында (1940) Италия үкіметі де Франция мен Ұлыбританияға соғыс жариялады. Енді гитлершілер ағылшын қалаларын аяусыз бомбалауға кірісті. Бірақ Гитлер Ұлыбританияға басып кіруден бас тартып, Кеңес Одағымен соғыска мұқият дайындала бастады. Жапониямен, Италиямен достык нығайтылды. Балкан компаниясы (1941) нәтижесінде Грекия жаулап алынып, Югославияда фашистік Сербия, Хорватия «мемлекеттері» күрылды. Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндия фашистік одақка қосылды. Басып алынған жерлерді қырып жою, еріксіз жүмысқа пайдалану саясаты жүргізіліп, нәтижесінде фашистерге қарсы карсыласу козғалысы дүниеге келді. АҚШ үкіметі бейтараптык саясатынан бас тартып, Ұлыбритания мен баска да Еуропадағы соғысушы елдерге несиеге немесе жалға соғыс материалдарын (лендлиз) беру туралы заң қабылдады (1941 ж. 11 наурыз).
Екінші дүниежүзілік соғыс.mp4
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.12.2017