НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
1960 – 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973 – 1977 жылдары - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977 – 1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.
1979 – 1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.
1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.
1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.
2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2010 жылғы 14 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің -Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 298-ІV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді.
2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 пайыз дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының Төрағасы.
Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы. Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз. Арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар! Лайым бетімізден жарылқасын! Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүрсін!
Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Қазақстан Республикасының Президенті ұсынып, оны халық 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылдады.
Республикалық референдум қорытындыларының ресми түрде жариялануы Конституцияның 1995 жылғы 5 қыркүйектен бастап күшіне енуіне байланысты.
Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Бұл қазақша, орысша, ағылшынша –
үш тілдегі кітаптар.
«Желтоқсан 86» жинағының «Ұлт теңдігі көтерілісі» деп аталатыны бірінші кітабында желтоқсан көтерілісіне қатысты мерзімді басылымдарда жарияланған деректер мен дәйектер, көтерілістің Республика аймақтарында шарпығандығын айғақтайтын деректер және көтеріліске қатысты зиялылардың айтқан сөздерімен сараптамалары беріліп отыр.
18-19 ғасырлардың қасіретті де қастерлі шежіресінен бейхабар болмас үшін, әсіресе жас буын, жаңа ұрпақты тарихи тұрғыдан тәрбиелеу мақсатында алаш тақырыбына басқаша қырынан қарап, жиған-тергенімізді оқырман назарына ұсынуды жөн деп таптық.
Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенін ұмытпа!
Егер біз мемлекет болып тұрғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халықтың руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Кітапта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың фотосуреттері жинақталып оқырман алдында Елбасы ретінде ғана емес, өз елінің отан сүйгіш патриоты ретінде көрсетілген. Бұл кітапта Елбасының Отанына, жеріне, еліне, мекеніне, ұлттық дәстүріне, ұлттық тәрбиесіне, халқына деген сүйіспеншілігін жеткізетін дәйексөздері жазылған.
www.ZHARAR.com
Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – Тәуелсіздіктің көк Туы , Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз, арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар. Ылайым, бетімізден жарылқасын! Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүре берсін!
Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.