Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан экономикасы дамыған,дамушы елдердің бірі. Тәуелсіз ел болып қалыптаспас бұрын, еліміз қаншама ауыр оқиғаларды бастан кешірді. Ал қазір осы оқиғаларды естісек түс секілді болып көрінеді. Міне осы көрінген түсімізге,яғни тәуелсіздігімізге биыл 25 жыл. Бұл дегеніміз елімнің ширек ғасыр ішінде биік белестерге жетіп,еліміз алдыңғы қатарға көтерілгені. Оған мысал ретінде биыл болатын «Экспо-2017» бүкіләлемдік көрмені айтуға болады. Бұл көрменің біздің елде өтуі –елімнің тағы бір жоғары сатыға көтерілгені деп ойлаймын.Біздің Тәуелсіз Қазақ елі, ұлы дала елі – бүгінде асығы алшысынан түскен ел. Асығымыздың алшысынан түскені демей немене? Франция астанасы Парижде өткен Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152 – сессиясында әлемнің 161 мемлекеті жасырын дауыс беру арқылы ЭКСПО – 2017 көрмесін мемлекет анықталып, Астанаға үлкен үміт артылды. Ондағы Халықаралық көрмелер бюросының 103 қатысушы мемлекеті Астананы қолдап, 44 – і қарсы дауыс беріпті. Бельгияның Льеж қаласын басып озған ару Астананың , әрине, бұл күнде абыройы асқақ, мерейі үстем. Бұл жетістің әрбір қазақстандықтың көңілін шаттыққа бөлеп, көңіліне қуаныш сезімін ұялатты. ЭКСПО біздің әлем елдері алдындағы абырой беделіміз ғана емес, бұл экономикамыздың дамуына да қосылған үлес. Біздің еліміздің ЭКСПО-2017 көрмесін еншілеген күн – тарихи күн.
Оқушы: Бауыржан Зарина Нұрболатқызы
Жетекшісі: Шәуенова Ләззат Жұмаділлақызы
«№156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Сыныбы: 7 “А ”
№ 156 қазақ орта мектебі
Шиелі ауданы Нартай Бекежанов ауылы Абай көшесі 53 үй
Байланыс тел. 8 775 456 65 41
Елімнің ерен жеңісі мен жемісі – ЭКСПО
Ризықтан қазақ ұлы кем қала ма?
Асықты ойнап еді кең далада.
Сақасын иіргенде алшы түсіп,
Шаттанып шығушы еді алға бала.
Біздің Тәуелсіз Қазақ елі, ұлы дала елі – бүгінде асығы алшысынан
түскен ел. Асығымыздың алшысынан түскені демей немене? Франция астанасы
Парижде өткен Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152 –
сессиясында әлемнің 161 мемлекеті жасырын дауыс беру арқылы ЭКСПО –
2017 көрмесін мемлекет анықталып, Астанаға үлкен үміт артылды. Ондағы
Халықаралық көрмелер бюросының 103 қатысушы мемлекеті Астананы
қолдап, 44 – і қарсы дауыс беріпті. Бельгияның Льеж қаласын басып озған ару
Астананың , әрине, бұл күнде абыройы асқақ, мерейі үстем. Бұл жетістің
әрбір қазақстандықтың көңілін шаттыққа бөлеп, көңіліне қуаныш сезімін
ұялатты. ЭКСПО біздің әлем елдері алдындағы абырой беделіміз ғана емес,
бұл экономикамыздың дамуына да қосылған үлес. Біздің еліміздің ЭКСПО
2017 көрмесін еншілеген күн – тарихи күн. Елбасымыз Н.Назарбаев Парижде сөйлеген сөзінде бұл күнді «тарихи
күн» деп атаған еді. ЭКСПО – индустрияландырудың символы. ЭКСПО
көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық
ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. ЭКСПО – ның бүкіл халықаралық
көрмелердің арасында алар орны айрықша.
Биылғы жылы Астанада өтілетін ЭКСПО халықаралық көрмесі 2017
жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйекке дейін созылмақ. Бүгінгі күнге дейін
103 ел мен 17 халықаралық ұйым өздерінің қатысатындықтарын мойындап,
растады. 98 секцияның комиссиялары тағайындалды. Халықаралық
ұйымдарды қоса алғанда, елдермен 82 қатысу шарттарына қол қойылған.
Қатысушы 61 мемлекет ұлттық күндерін белгілеп қойды.
Астанамызда өткізілетін ЭКСПО – 2017 көрмесінің басты тақырыбы
«Болашақ энергиясы» деп аталады. Халықаралық көрмеге арқау болған
«Болашақ энергиясы» тақырыбы қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып отыр.
Бұл күнде күллі әлемде энергия тапшылығы болып отыр. Осы тақырыпты
таңдау арқылы еліміз күллі адамзатты алаңдатып отырған мәселені дөп басты.
Сондықтан жаһандық энергетикалық проблемалардың түйінін шешуге
бағытталған халықаралық көрме энергия көздері саласында адамзаттың үздік
жетістіктерін айқындайтын алаңға айналарына сенім мол. Уақыт сынаптай
сырғып жүйткіп өтер жүйрік екені бәрімізге де аян ғой.
ЭКСПО – 2017 көрмесінің басты символы болып табылатын, іші
бірнеше қабаттан тұратын шар тәріздес нысанның ауданы 24000 шаршы метрді
құрайды екен. Павильон дизайны заманауи киіз үйге ұқсас жасалған. Бұл жоба
дәстүрлі қазақ архитектурасының жаһандық өркениетке ұласқан заманауи
келбетін паш етеді, дейді сарапшылар. Бұл эскиз жобаның авторы – Адриан
Смит бастаған АҚШ сәулетшілер тобы.
Жобаның үздік эскиз жобасы идеясы халықаралық архитектуралық
конкурстың қорытындысы бойынша жарияланды. Онда америкалық жоба
жеңімпаз атанды. Бәйгеде бәсі биік болып, бағы жанған «Adrian Smith Gordon Gill Architecture» компаниясының архитектуралық эскизі ЭКСПО
нысандарының орналасуын белгіледі. ЭКСПО өтетін алаңның жалпы аумағы
173,4 ганы құрайтыны белгілі. Оның ішінде 25 га көрме кешенінің өзіне
тиесілі болса, 148 гектар аумақта тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік – мәдени
білім және денсаулық сақтау нысандары, сауда және ойын – сауық
орталықтары, саябақтар, гүлзарлар, жолдар орналасты. Ондағы Қазақстан
павильоны киіз үйге ұқсайды.
ЭКСПО – 2017 көрмесінің басты символы болып табылатын, іші
бірнеше қабаттан тұратын шар тектес нысанның ауданы 24000 метрді құрайды
екен.
Астана ЭКСПО – 2017 «ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.
Бұл көрме еліміздің инновациялық дамуына серпін береді. ЭКСПО – бұл
біздің елімізге Алланың берген тартуы, керемет сыйы.
Менің елім тәуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасыр ішінде талай
белестер мен қиын асуларды бағындырды. Өз тәуелсіздігін алған қуатты
мемлекет ретінде танылып, әлемнің алдыңғы қатарлы елдеріне ілесу жолында
таңғажайып істерімен танылып келеді. Өз ғажайып әлемімен танылған
Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі Астананың өзі талай шет
жұрттықтардың таңдайын қақтырып келеді.
Астанам – өркениет үрдісімен өркендеген еліміздің ішкі – сыртқы
саясатына байланысты салиқалы шешімдердің барлығы қабылданатын киелі
мекен.
ЭКСПО – 2017 көрмесі де осы ақ ордалы Астанамда өтілетіні баршаға
аян. ЭКСПО – біздің еліміздің ерен жеңісі. Алла ЭКСПО – ның сәтін салсын!
Ақ ордалы Астанамның абыройын асқақтататын ЭКСПОның келешегі нұрлы
болсын, деп тілеймін.
Елімнің ерен жеңісі мен жемісі – ЭКСПО
Елімнің ерен жеңісі мен жемісі – ЭКСПО
Елімнің ерен жеңісі мен жемісі – ЭКСПО
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.