«Энергетика ел мақтанышы» атты байқауының сценариі.Іс шараның мақсаты- жалпы және кәсіби құзырлықтарды,оқушылардың пәндерді тереңдетіп оқуға деген ынтасын дамыту, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.Байқауға ТТ-17/9к тобының студенттері қатыстырылды,оқұшылар байқаудың барлық кезеңдерінде белсенді қатысты,шығармашылық тапсырмаларды ынтамен орындады.
Байқау 5 кезеңнен тұрады: «Сұрақ-жауап», «Өлең – сөздің патшасы», « Ойлан тап», «Көңілді әріптер», «Кім тапқыр».
Жүргізуші – 2 адам.
2 топ-1 топта 4 оқұшы,барлығы 8 қатысушы.
Жюреде 3 адам отырады:
1.Баграмова Ж.К
2.Табуктинова Ж.Н
3.Досмакова Н.М
Салтанатты әнмен 2 жүргізуші ортаға шығады.
1-ші жүргізуші:Армысыздар ұлағатты ұстаздар мен студенттер.Біздің «Энергетика ел мақтанышы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2-ші жүргізуші:Энергетика –біздің өміріміздегі ең маңызды мамандықтардың бірі болып саналады.Энергетика саласы ұлттық экономиканың өндірістік салаларының дамытудың басты базасы.
1-ші жүргізуші:Қазіргі кезде оқу мекемелері энергетика саласында көптеген жас мамандарды дайындау үстінде.
2-ші жүргізуші:Ал енді біздің командаларымызды бағалайтын құрметті әділ-қазылар алқалары құрамында:
1.Баграмова Ж.К
2.Табуктинова Ж.Н
3.Досмакова Н.М
1-ші жүргізуші:Ал, енді қатысушыларымызбен танысайық,бірінші командамыз «Армандастар» командасын ортаға шақырамыз(олар шығып ұрандарын оқиды),келесі 2-ші командамыз «Достар» командасын ортаға шақырамыз(ол команда да шығып,ұрандарын айтып шығады)
2-ші жүргізуші:Біздің 5 кезеңнен құралатын сайысымызды таныстырып өтсек:
1.Сұрақ-жауап
2.Өлең-сөздің патшасы
3.Ойлан тап
4.Көңілді әріптер
5. Кім тапқыр
1-ші жүргізуші:Егерде бәріміз дайын болсақ сайысымызды бастаймыз!
2-ші жүргізуші:Бірінші сайысымыз «Сұрақ-жауап» деп аталады.Берілген сұрақтарға 2 минут ішінде жауап берулері керек.
1-ші топқа:Жылу энергетикасы дегеніміз не?,Жылу құбыры туралы түсінік?-деген сұрақтар түсті.
2-ші топқа:ЖЭС- ның мағынасы,Жылуөткізгіштік деген не? Деген сұрақтар түсті.
1-ші жүргізуші:Әділ-қазылар бірінші тапсырманың бағасын қорытындылайық!
2-ші жүргізуші:Екінші тапсырмамыз «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» деп аталады.Бұл тапсырмада әр топқа 2 сөзден беріледі, ол сөзден 4-5 шұмақ өлең шығару керек.
1-ші топқа:ГРЭС,су сөздері түсті.
2-ші топқа:Қазан,жылу сөздері түсті.
1-ші жүргізуші:Біздің қатысушыларымызға тапсырмамызды орындауға уақыт береміз. Ал, қазір ТТ-17/9к тобының оқушылары Ахметкалиева А,Молдағали Н,Мұхамәди С,Самарова З орындауында биді қабыл алыңыздар.
1-ші жүргізуші:3-ші сайысымыз «Ойлан тап» деп аталады.Бұнда көрсетілген суретті ортаға шығып көрсету керек.
2-ші жүргізуші:Енді 4-ші тапсырмамызға көшейік!Бұл сайыс «Көңілді әріптер» деп аталады.Берілген әріптерден сөз құрастыру керек.
1-ші топқа: «Жылу құбырөткізгіштік» деген сөз берілді.
2-ші топқа: «Жер асты құбырлар» деген сөз берілді.
1-ші жүргізуші:Келесі тапсырмамыз «Кім тапқыр» деп аталады.Бұнда берілген схеманы жатқа көшіріп беру керек.
2-ші жүргізуші:Біз сайысымызды аяқтаймыз,жеңімпаздарды анықтау үшін әділ-қазылар алқасын ортаға шақырамыз!
1-ші жүргізуші:Ал, енді біздің «Энергетика ел мақтанышы» атты жобамыз өз мәресіне жетті!Қош Сау болыңыздар!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.