«Бекітемін»
Мектеп директоры
___________Т.А.Жакуов
«___»____________ 2017 жыл
Техникалық қауіпсіздік ережесі (жалпы)
«Ынталы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңын басшылыққа ала отырып, жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, сондайлық мектептегі мемлекеттік нормативтер бойынша қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан жабдықтау білімділік мәртебесін арттыруға негізделіп қабылданған мектептегі сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта жұмыс істеу алдында техникалық қауіпсіздік ережесімен танысу керек.
сабақ алдында барлық пайдаланатын спорт жабдықтарын тексеру керек;
оқушыларды сабақ үстінде топқа бөліп,әрбір жабдықтармен таныстырып өту керек;
- гимнастикалық снарядтармен жұмыс кезінде өзін-өзі сақтандыру керек немесе жанында мұғалім және көмекші оқушы тұруы қажет;
- сабақта оқушының спорт киімі және аяғында резина табаны бар аяқ киімі болуы қажет;
- әрбір құралмен (снарядпен) жұмыс кезінде өзін-өзі қорғауды үйретіп таныстыру керек.
Оқушылардың құқықтары мен міндеттері:
- кез келген жағдайда мектеп оқушылары бозбала мен бойжеткенге тән лайықты мінез көрсетулері керек;
- өзіне-өзі қызмет көрсету жұмыстарына, мектеп кезекшілігіне ат салысуға, тәртіпті болуға, спорт бөлмесіндегі заттарды бүлдірмеуге, мектепішілік тәртіпке бағынуға.
Ата-ананың міндеті:
- үнемі баласының мектептегі өмірін қадағалап, спорт киімдерін бақылауға;
- ұстаздармен үнемі тығыз байланыста болуға;
- ата-аналар сенім білдірген жағдайда, мектептің басқа да жұмыстарына көмектесуге міндетті.
Мұғалімдердің міндеті:
- оқушылардың денсаулығын сақтауға, техника қауіпсіздігін қадағалауға және жеке басының тазалығын сақтауға міндетті;
- оқушылардың жеке басының мүлкін сақтауға, мектеп мүлкімен жабдықтарын сақтай білуге, өз жұмыс орнын жабдықтауға міндетті.
Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік
талаптары
1. Спорт киімін және табаны сырғанамайтын спорт аяқ киімін кию;
2. Секіріп түсетін орындағы құмды реттеу, ондағы қажетсіз кедергі заттарды тазалау;
3. Құрғақ матамен спорт құралдарын сүрту; (диск, ядро, гранат т.б.)
4. Қыздырыну жаттығуын орындау.
Сабақ өту кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Топтық қысқа қашықтықтарға жүгіру кезінде әр қайсысы өз жолымен сызықтан өтпей жүгірулері керек;
2. Жүгіру кезінде кенет тоқтатуды болдырмау, соқтығысып қалмау;
3. Тайғақ, тегістелмеген жерде секірмеу және қолға секіріп түспеу;
4. Лақтыру кезінде, лақтыру (секторында) алаңында адамдардың болмауын қадағалау;
5. Мұғалімнің рұқсатынсыз лақтыруды орындамау, лақтыру құралдарын қараусыз қалдырмау;
6. Лақтыру заттарын бір-біріне лақтырып бермеу.
Апатқа ұшырау жағдайындағы қауіпсіздік талаптары
1. Өзін қолайсыз сезінуде мұғалімге жағдайын айту;
2. Оқушы жарақат алған жағдайда оған тез арада көмек көрсету керек, болған жағдайды мектеп әкімшілігіне және ата-анасына хабарлау, қажет болған жағдайда жақын жердегі ауруханаға жеткізу.
Сабақ соңындағы қауіпсіздік талаптары
1. Спорт құралдарын оны сақтау орнына жинау;
2. Спорт киімді және спорт аяқ киімін шешу;
Суға шомылу немесе беті қолын да сабынмен жуу
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.