Ерте, Ерте, Ертеде деп аталатын бұл кітапшада драма пәніне арналған қойылымдардың суреттері мен ертегілер жинақталған. Балалардың сөздік қорларын дамытып, ойлау қабілеттерін арттырып, ертегілерді рөлге бөліп ойнау ұсынылады. Ертегі желісі бойынша сахналап, кейіпкерлерді сомдап үйренеді. Артистік шығармашыл қабілеттері дамып, танымдық қасиеттері қалыптасады.
Ерте , ерте, ертеде.docx
Түсініктеме
Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ
халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсізақ дана халқымыз
тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған. Әңгімелер,
ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып
табылады. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан
он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына
қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады», деп атап айтқан.
Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін
дамыту мақсатын көздейтін ісәрекет. Осы ертегілерді сахналау
арқылы балалар артистік шығармашылық қабілеттерін
дамытып,кейіпкерлерді жеткізе білуде олардың мінез құлықтарын
аңғарып, дауыс мәнерлеріне басты назар аударып, көңілкүйлерін
дәл аунытпай беруге ұмтылады. Тіл байлықтары артып, сөздік
қорлары байып, жанжақты танымдық қабілеттері қалыптасады.
Ертегілерді сахналауда тәрбиеші істәжірибелер мен жаңа
технологияларды пайдалана білуі қажет.Теориялық білімдерін
практика жүзінде қолдана білу ақпаратты өңдеу, әдебиеттер мен
дерек көздерін жинақтау, зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама
жасау, көрнекіліктер мен сызбалар дайындайды балалардың
қызығушылығына сай әрекет ете біледі.
Мақсаты: Балаларға ертегілерді көңілді қабылдауға үйрету,
оны рөлдерге еніп сахналап беруге талпындыру, әр кейіпкерлердің
мінезқұлқын сезініп, сөйлеу мәнеріне назар аударып, қимыл
қозғалысын келтіруге баулу. Ауызекі сөйлеу тілін, ойлау, есте
сақтау қабілеттерін дамыту. Адам бойына жат қылықтардан аулақ
болып, адамгершілікке, жақсылыққа тәрбиелеу. Сонымен
балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма
жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ертегіні баяндау
арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақылойы өсіп
жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Күтілетін нәтижелері : Балалар ертегіні сахналау немесе баяндау
арқылы берілген тапсырманы ынтамен, зейін сала ықыласпен
орындауға тырысады. Сонымен қатар оқу материалын жеңіл
түсініп, терең меңгереді және оны ұзақ уақыт бойы есте сақтайтын
болады, сабаққа қызығушылығы арта түседі, соның нәтижесінде
балалардың тіл мәдениеті жетіледі.
1.Тақырыбы: «Үш торай» ертегісі
Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс
тұрысына талдау жасауға, жанжануарларға мейірімділік білдіруге,
өзара көмектесуге үйрету. Ертегі мазмұны арқылы бірбіріне қамқор
болуға, сыйластыққа тәрбиелеу. Ертегіні сахналау арқылы
қызығушылықтарын арттыру,тіл байлығын, ойөрісін дамыту,
рөлдерге бөліп ойнауға үйрету.
2.Тақырыбы: «Оқтау үстаған түлкі» ертегісі Мақсаты: Балалардың көркем шығармаға деген
қызығушылықтарын арттыру, кейіпкерлердің әрекеттеріне талдау
жасауға үйрету, ертегі мазмұны арқылы ойөрісін, тілдік
мәдениетін қалыптастыру.
Мақсаты: Балаларды ертегіні зейін қойып, аяғына дейін тыңдауға
үйрету. Тәрбиешінің сұрақтарына анық жауап беруге, бірінің бірі
жауабын тыңдауға, өз өздеріне сенімділікке, кейіпкерлерге деген
мейірімділік, аяушылық сезімге тәрбиелеу. Белсенді сөздік
қорларын, дамыту.
3.Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» ертегісі Мақсаты: Балаларды ертегі кейіпкерлерінің әрекеттері мен жүріс
тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелеріне сәйкес баға
беруге үйрету. Балаларды ертегінің мазмұны мен ертегі
кейіпкерлерінің жан құбылысын сезінуге, сұрақтарға жауап
беруге үйрету, білімдерін кеңейту, ертегі кейіпкерлерінің мәнеріне
келтіріп ойнау қабілеттерін дамыту, достыққа, мейірімділікке
тәрбиелеу.
«Гүлдер» балабақшасы Затобол 2017
Ерте, ерте, ертеде
Ерте, ерте, ертеде
Ерте, ерте, ертеде
Ерте, ерте, ертеде
Ерте, ерте, ертеде
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.