"Туған жердің тағдыры толғандырады"атты эссе жоғары сынып оқушылары,студенттерге арналады.Əрбір емтихан тапсырушы түлек кез келген тақырыптарға эссе жазып үйренуі дағдылануы қажет.Ұсынып отырған эссе жұмысымды көмекші құрал ретінде пайдалануғв ұсынамын."Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас"дегендей əр адамға өз туған жері əрине ыстық!Эссе жұмысымда өз жерімде толғандыратын мəселе жайында жазуға тырыстым.
эссе(1).docx
Туған жердің тағдыры толғандырады
Пай, пай, пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп төккен тер,
Тұлпарлар дүбірлеп өткен жер.
Ғашықтар бірбірін өпкен жер,
Сарылып салсері кеткен жер.
Бас иіп,иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
М. Мақатаев
Туған өлкем... Түп қазығым....туған өлкем... Неткен киелі жер едің?! Туған
өлке тақырыбын арқау етіп, жандүниеңнен балқып шығар ыстық сөздермен ой
шертіскенде қалай ғана толқымассың? Жүрегім дүрсдүрс соғады. Бұл
жұдырықтай ғана кішкене жүрек елім, жерім деп соғады. Бұл жүрек қайғы
мен қорқыныштан емес, шаттық пен қуаныштан соғады. Ол қуаныш – туған
өлкем –300 жылдық мерейтойы. Қандай бақыт десеңізші?! Алда тасырлап
өткен ұлы той. Бұл тарсыл мылтық тарсылы емес, қуаныштан киелі жерге
тарстұрс соққан аяқтар тарсылы. Туған өлкенің ұлы тойы тойлаған
толқығаннан асқан қандай толқу болсын?! Бұл жүрек соғысының
толқындары....
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем
келмей.
Кеудесі жақсылардың алтын сандық,
Сандықты кілт болмаса кім ашады! .
Киесі мен құты бойыма бірдей дарыған мекенім – киелі кетігім, дүние
есігін ашып, мынау кең байтақ әлемге іңгәләп келгеннен шұғылаға толы
шуағын, жарық күні мен жұлдызын, толықсыған айы мен нұрлы сәулесін
сыйлаған құт мекенім Ұлы Абай,Шәкәрім,Мұқтар,Қайым даналардың
отаны.Ұлы даналардың шығармашылық өмірлері де осы өлкемнің
киелі топырағында өтті.
«Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен». Бұл қалаға талай ғұламалар келіп
кеткен, өмір сүрген, рухани асыл қазыналарын жазған, жырлаған, тасқа
қашаған, темірге түйген. Бұл жердің әрбір тасы сыр шертеді. Мінеки, тарихтың тереңінен суырылып шыққан бұл оқиғаны, ерлеріміздің
ерліктерін ел ешқашанда ұмытпақ емес. Семей» сөзі – көне түркілерге
жататын сары ұйғырлар тайпасының тілінде «киелі мекен» деген мағынаны
білдірсе, «Алаш» сөзі – түркі тілінде бауырлас, қандас, туыс деген мағынаны
береді. Яғни, Семей, Алаш атауы – тұтас түркі дәуірінде қалыптасқан ең
ежелгі атаулардың бірі. Сонымен қатар, Алаш – қазақ тайпаларының алғаш
қауым болып біріккен одағы «қазақ» атауының көне баламасы және бүкіл
қазақ халқының ортақ ұраны. Алаш идеясы болса, оның алғашқы ірге тасы –
қазақ идеологиясының темірқазығы болып, Алаш қайраткерлерінің қолымен
Семейде қағылды, бостандық пен тәуелсіздіктің туы Семейде тігілді.
М.Дулатов: «Семейбір губерния елдің миы, ақылойының табысы »деп әділ
баға берген. Содан бері Семей – ұлт саясатының кіндігін кескен бірегей қала
болып саналады. Кейіннен, Алаш партиясын құрып, Алаш Орда үкіметін
орнатып, жаңа мемлекет құрылысына білек сыбана кіріскен Алаш
арыстарының алдыңғы толқыны: Ә.Бөкейханұлы, М.Шоқай, А.Байтұрсынұлы,
М.Дулатұлы,Ж.Аймауытұлы, Х.Ғаббасұлы, Х.Досмұхамедұлы,
Ж.Досмұхамедұлы, М.Тынышбайұлы және т.б. ұлт лидерлері шықты. Өз
халқының күйінішті тағдырына дерттеніп терең тебіренген, мақтан тұтар
ұлттық рухтың айрықша құбылысын әкелген осынау дара тұлғалардың
көшбасында Ә.Бөкейханұлы тұрды.
Айта берсек,Семейдің тарихының сыры тереңде жатыр.
О, Туған жер! Сұлу табиғатыңнан сенің! Табиғаттың өзі саған сый тартқан
ды. Топырағыңмен тамырласып жатқан Ертіс өзені, сыр тұнған тарихқа толы
орманы, тастарды тесіп өтіп тамшылаған суының даусы құлаққа кіріп, бойды
алардай Тамшалың, талайдың таңдайын қақтырған Шүйлі мекенің, бәрі де
ТабиғатАнаның саған сыйлаған байлықтары.
Ертіс қандай? Балықтары сенімен ойнағандай. Жағасындағы жұмсақ –
сенің топырағың. Сыр сандығың – реликті орманы.. Сенің ғажайыптарыңды
айта берсем, таусылмастай көрінеді. Себебі, сенің әлемің – қиял
әлеміндегідей, сенің табиғатың – ертегілер елі табиғатындай. Ал қиял
әлемінде, ертегілер елінде ғажайып таусылған ба? Әрине, жоқ. Сенің де
әлемің шексіз, әрі сұлу. Іші тұнған сырлы тарих мұражайларың қандай? Әлі
де ашылмаған ғажабың қаншама...
Туристік бағытты дамыту үшін сұранып тұрған дайын аймақ – Семей
қаласы. 300 жылдан аса тарихы бар қала туристер көруге тұрарлық, тарих пен
сырға, аңыз бен жырға толы. «Ұлы жібек жолы»өткен қалалардың бірі. Қалаға
келген шетелдік қонақтар: «Сіздерде ғой, туризм бизнесіне бейім жер екен»,
деп таңданады. Алдағы жылдары осы мәселе қолға алынса екен деген тілегім
бар. Мерейтойың құтты болсын, Туған жер! Тағдырдың сан түрлі тарауынан
өтіп, тарихтың сан қырлы бетінен орын алып, мінеки, ғаламат күнге де жеттің.
Ғаламат күнің оңынан туды. Қилықилы, тараутарау жол торабынан өтіп,
қуаныштың әні мен күйі, шаттықтың биі мен сазы естілер, еркіндіктің самал
желі есер күнге де жеттің. Сен – ғажапсың! Сен – ғаламатсың! Ұлы тойыңа
ұлы сәттілік тілеймін.
Сан ғасырлар тарихынан кешегі,
Туған жердің шежіресі еседі.
Менің өлкем Семейім – мекенім,
Болашағы бізбен бірге өседі.
Сенің әрбір тасың, әрбір гүлің, өзенкөлің, тауың мен үшін қымбат.
Перзентіңнің саған деген махаббаты тіл жеткісіз!
Мен – жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді елдің
ертеңімін. Сондықтан, жас тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалаушы, «Сен
де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан», деп Абай атамыз айтқандай,
кірпіші болып қаланып, атабаба ерлігі мен рухынан нәр алып, дәстүріне берік
болып, елімнің, туған өлкемнің одан әрі өркендепөсуіне бар күшжігерімді
аямаймын.
Ол үшін кемел біліммен қаруланып, ғылым мен техниканың сан қырлы
тетігін меңгеріп, бүкіл әлемдік құндылықтарды бойына сіңіре алған ұрпақ
болсақ деп армандаймын. Өйткені, болашақ – жастардікі. Елдің ертеңгі иесі –
бүгінгі ұрпақ.
Болдым ғашық, туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем, арманым – сен аңсаған.
Жақын жүрсем, мен – төрінде жаннаттың,
Алтын діңгек – өзім туған босағам!
деп жырлаған Қасым Аманжолов ағамыздың өлеңімен аяқтағым келеді.
Эссе.(11 сынып оқушыларына арналады)
Эссе.(11 сынып оқушыларына арналады)
Эссе.(11 сынып оқушыларына арналады)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.