Эссе " Өнегелі өмір"
Оценка 4.6

Эссе " Өнегелі өмір"

Оценка 4.6
Конкурсы
docx
история
9 кл
11.11.2018
Эссе " Өнегелі өмір"
Я сам учусь в спортивной школе и занимаюсь греко-римской борьбе. У меня много друзей и мне нравится это школа. Спортивная школа нас учить любить Родину , дружиьт с друг-другом и уважать взрослых. Мы всегда берем пример с этого человека - Жамбыла Тасеменова. Он наш кумир и наставник. Эту школу открыл он сам и это был его давнная мечта. Здесь вышлый такие спортсменый В.Венакуров , Р,Креч , А . Лученко, А.Баймаганбетов и Д. Каленов и.д.р спортсменый мирового уровня. Мы гордимся и приравниваемся к ним. Я с детство мечтаю участвовать Азиятских играх и в олимпияде. Я тоже хочу служить своей Родине Казахстан и приносит пользу . Пусть всегда будить мир на земле ,Эссе "Өнегелі өмір" о жизне знаменитых людей. Тасеменов Жамбыл - он наш наставник и кумирь. Мы гордимся, что учимся в его школе и занимаемся спортом.
тасеменов.docx
КММ Солтүстік Қазақстан облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп­интернаты КГУ «Северо­Казахстанская областная специализированная школа­ интернат для одаренных в спорте детей» Эссе    Өнегелі өмір                                                                                           Орындаған:  9 «а» сынып оқушысы                                                                                                                                                                            Ғайсиев Мирхат Петропавл қаласы Эссе Өнегелі өмір.                                                                    Өмір­күрес, жеңілерсің, жеңерсің,                                                              Я жанарсың, я болмаса сөнерсің.                                                                        Мықтылықты мұрат қылып тер төксең                                                               Мықтылармен терезеңді теңерсің                                                                 Өмір­күрес, мұны сенде ұқ, балам,   Күрескен жан қарсыластан ықпаған.                                                                         Өмірінде бір жеңіске жете алмас                                                                         Күштті көріп, көңіліңді айнытпа.        Өмірінде бір балуанды жықпаған .       Өмір – күрес! Күрес , балам, қаймықпа. Күреспесең жеңісте жоқ,бақ та жоқ        Күреспесең атақ пенен даң та жоқ.        Өмір күрес оны өзің де байқарсын,       Жеңілгенде өкініп бас шайқарсың.    Жеңген жанның мейірі үстем боларын,                                                                        Балам ертең өз балаңа айтарсың. Елбасының   «Болашаққа   бағдар:   рухани   жаңғыру»   мақаласы   Жолдауда   қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын,  көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін.  Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады.  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның   келбетін   танытуға   мүмкіндік   беретін   «100   жаңа   есім»   жобасы ұсынылған.   Бұл   жоба   жайында   Елбасы   «Жастар   өмірге   шынайы   көзбен   қарап,   өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын.Осы бағытта   өзім   үлгі тұтатын тұлға ,парасатты , адамгершілігі мол   азамат жайлы айтпақпын.«Жеңістің ең үлкені – өзіңді өзің жеңе білу» деген екен көне заманның бір данасы. Осы сөздер өмірінің   жарты ғасырдан астам уақытын күрес өнеріне арнап, ел құрметіне бөлініп отырған дарынды бапкер, тағылымы мол ұстаз Жамбыл Серғазыұлы Тасеменов.  Жамбыл Серғазыұлы Тасеменов 1945 жылы 10 тамызда  Солтүстік Қазақстан облысы Преснов   ауданы     Кировка   ауылында   туған.1964   жылдан   ­   Петропавл   қаласындағы Солтүстік Қазақстан облыстық жастар спорт мектебінің жаттықтырушы­оқытушысы, 1968   жылдан   ­   аға   жаттықтырушысы.   1994   жылдан   ­   №1   Солтүстік   Қазақстан облыстық мектеп­интернатының директоры.1997 жылдан бері ­ Солтүстік Қазақстан облыстық   дарынды   балаларға   арналған   мамандандырылған   мектеп­интернатының директоры   қызметін   атқарған.  Зымырап   өтіп   жатқан   уақыт   әр   адамның   қырын   әр жағынан көрсетіп, оның бет­бейнесін, азаматтық тұлғасын анық көрсетеді ғой. Көп жылғы   бапкерлік,   ұстаздық   еңбегінің   жемісін   көріп   отырған   елімізден   тысқары жерлерге   де   есімі   кеңінен   танымал   ағамыз,   күрес   тарланы   Жамбыл   Серғазыұлы Тасеменовтің   алған   асулары   мақтан   етуге   тұрарлық!   Бала   кезінен   күрес   өнеріне құштар болып өсіп, ауыл жігіттеріне қарап қанаттанып, олардан өнеге алған Жамбыл ағаның  спорттық жолды таңдауы кездейсоқтық емес еді. Ауылдағы ағалары Ақылбай Бектасовтан, Сайран Аушариповтан алған тәсілімі мен күрес тәсілдерін жетілдіріп, өзі де боз кілем үстіне шығып күштілермен қаймықпай белдесуді сол кездің өзінде алдына мақсат етіп қойған еді ол.  Арманы алға жетелеген Жамбыл ағамыз Жамбыл ауданындағы Баян орта мектебін күміс медальмен бітірген. Жас кезінен спортқа өте бейім болған ол сол кезде күреспен ғана шектелмей, жеңіл атлетика, шаңғы, волейбол, ат спортымен де айналысып, ерте жастан өзінің сегіз қырлы, бір сырлы шебер екенін ел­жұртқа танытып үлгерген екен. Жамбыл   Тасеменов   Жамбыл   ауданындағы   Киров,   бүгінгі   Баймағанбет   Ізтолин ауылының   тумасы.   Талай   өнер   дүлділдері   түлеп   ұшқан   туған   жердің   қасиетті топырағынан   руғани   нәр   алған   ол   спорт   әлеміне   ерте   жасынан   жүрексінбей   қадам басты.   Жасынан­ақ   халықаралық   жарыстарда   аты   айдай   әлемге   танымал   небір мықтылармен   белдесуі   осындай   табандылықтың   айғағы   болса   керек.   Өрімдей   жас жігіттің   сол   жылдары   Қазақстан,   Өзбекстан,   Қырғызстан   республикаларының чемпионы   атануы   қазақ   ұлттық   спортын   биік   бір   белеске   көтеріп,   отандастарын қуанышқа бөлеген .Бірақ бұл жетістіктер алдағы жарқын белестердің бастауы ғана болатын.   Осы   сындардан   сүрінбей   өткен   қажылы   жас   Бүкілодақтық   халықтар спартакиадасының жүлдегері, халықаралық жарыстардың чемпионы атағын жеңіп алып жауырыны   жерге   тимес   палуан   екенін   көрсетті.   Жамбыл   ағамыз   жігері   мұқалмас спортшы, ерекше күш иесі, майталман бапкер екенін ғана емес , өзінің артынан еріп, күрес   өнерінен   таңдаған   жастарға   қамқор   ірі   тұлғалы   азамат   екенін   солтүстік қазақстандықтар   жақсы   біледі.   Оның   бір   ғана   мысалын   атар   болсақ,   қиын   кезеңде обылысымыздағы тұңғыш мамандандырылған спорт мектебін ашуы.Осы мақсатын іске асыру үшін тыным таппай тер төге жүріп ол 1994 жылы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған спорт мектеп­интернатының ашылуына қол жеткізді. Бұл қажымас қайрат, ерен еңбектің жемісі еді. Жамбыл Тасеменов  алтын ұяның нық аяқ басып   кетуі   үшін   бар   жауапкершілікті   өз   мойынына   жүктеп,   мектептің   алғашқы директоры   міндетін   де   өзі   атқарды.Мектептің   аса   қиын   кезеңде   материалдық­ техникалық жабдықталуы, кадрлардың дұрыс таңдалуы, спорт  залдарында, интернатта оқушылардың жаттығуы  мен  күнделікті  тұрмысына  жақсы  жағдай  жасалуы  сияқты толып жатқан қиындығы мол істердің бел ортасында өзі жүріп, осы оқу ордасының негізін   өз   қолымен   нығайту   үшін   жасалған   қадам   еді.   Мектеп   ғимаратын   жөндеу, асхананың қыстық азық қорын молайту мақсатымен жеміс­жидек өсіру сияқты ұшы­ қиыры жоқ жұмыстың бел ортасында мектеп директорының өзі жүргені ұстаздары да, тәрбиелеушілерді   же   жігерлендіре   түсті.   Осындай   іскерлік   талантты,   ұйымшыл ұжымның қалыптасуына игі ықпал еткені анық. Басшылық еткен 1994­2009 жылдары мамандандырылған   спорт   мектеп­интернатынан   талай   жарыстарды   облысымыздың ғана емес, Қазақстанның абыройын асқақтатып, биік жеңіс тұғырынан көрінген талай саңлақтар шыңдалып шықты. Кеше ғана ауыл көшесін  шаңдатып жүрген, орысшаға шорқақтау ауыл балаларының арасынан чемпиондар да, спорт шеберлері де жарқырап көрініп, дүйім елге танымал болды. Жамбыл ағаның шәкірттеріөзінің ашқан, мектепте ұстаздарынан   тәлім­тәрбие   алған     осы   мектепте   олардың   бірқатары   Жамбыл Серғазыұлының   өнегелі   үлгісімен   жаттықтырушы   болып   енбек   жасауда.Жас балуандарды қанаттандырып, шыңдап жаттықтырып  жүр. Бір ғана адамның бойынан осыншама қызметті істегенін көріп, таңданамыз. Бұл өмірде Жамбыл  ағамыз жағымды іс   тындыру   –   нағыз   іскерліктің   белгісі   екендігін   танытты.   Елдің   серкесі   айтулы  қызметтерге шаршамай, талмай  еңбек еткенінін  арқасында  қол жеткізді. Тек атақ­ даңкы шыққан  тұлға ғана емес, терең ойлы, танымы  бөлекше өзіндік ой­пікірі бар алғыр   да   тапқыр   екендігіне   көз   жеткіздім.Спорт   көкжиегіндегі   жарқыраған шоқжұлдыздардың   ішінде   Жамбылдың   талантты   шәкірттері   әлем   чемпионы   Әмір Тналин, Самат Қадырбеков, Азия чемпиондары Дмитрий Бабенко, Руслан Тілеубаев, Алексей   Ширин,Ринат   Нигматулин,Маргарита   Мұқашева   сынды   спортшылар   ел мақтанышына айналып отыр.  Кейінгі буын  грек­рим күресінің шеберлері Ақан Баймағанбетов , Данияр Каленов , Айдос Сұлтанғазин т.б сынды спорт шеберлері Азия және әлем аренасында  жүлделі орындар иеленіп жүр. Бапкер үшін осыдан асқан бақыт бар ма! Спортшыларды   осындай   биіктерге   жеткізу   жүрегі   елім   деп   соққан   ұлт жанашырының ғана қолынан келері анық. Бүгінгі күні мамандандырылған спорт мектебіндегі балалар үшін барлық жағдай жасалған. Кең де жарық, тамаша жабдықталған спорт залы, мұнтаздай таза интернат бөлмелері, тамақ түрлері мол асхана, өз ісін жетік білетін шебер жаттықтырушылар, білікті ұстаздар­ осының бәрі бір кездері жабылып қалу алдында тұрған жалпы білім беретін   №1   облыстық   мектеп­интернаты   Жамбыл   Тасеменов   ерен   еңбегімен мамандандырылған   спорт   мектебіне   айналдыруы   нәтижесінде   қол   жеткен   тамаша жетістіктері   деп   білемін.Жүрегі   ,   жандүниесі   кен   адам   жарық   нұрын   кең   әлемге төгетін   күн   көзіндейемес   пе.     Осындай   адамгершілікті   бәрінен   жоғары   қоятын, парасатты   да  жомарт  жүректі  жанмен  кездестірген     тағдырыма   ризамын.  Елі  үшін сіңірген осындай ұланғайыр еңбектерін естіген сәттен бастап­ақ, бойымды мақтаныш кернеді.   Себебі,   осындай   ұлы   тұлға   оқыған   қара   шаңырақта   мен   де   білім   алып жатырмын.  Жамбыл ағаның мектебінде оқып жатқанымды  мақтан  тұтамын.  Сынып  жетекшім тарих пәнінің мұғалемі Нұрғожина Бикеш  Акимжановнаның жерлесі. Бізге бұл кісінің өнегелі өмірі жайында , спорттағы женістерін айтқанда үлкен мақтанышпен айтады. Міне сіздер осындай адамды үлгі  тұтыу керек дейді. Қазақта « ата­ананың баласы болма ,халықтың баласы бол »­дейді .Мен бойымды, ойымды осы кісіге қарап түзеймін. Келешекте грек рим  күресінің шебері атанғым келеді. Ол үшін бар   күш   жігерімді   аянбай   еңбектенемін   .Бұл   мектепте   Солтүстік   Қазақстан облысының балаларымен бірге Орал,Ақтөбе,Атырау, Семей ,т.б қалалардан балалар тәлім­тәрбие   алып   жатыр.   Үнемі   өзінің   бойындағы   үлкенге   құрмет,   кішіге   ізет көрсететін, жастарға ағалық қамқорлығын аямай, айналасындағыларға көңілінен шуақ төгіп жүреді. Талай  кездесулерде спортта женіс пен қатар  жеңілу де бар,бірақ бұның бәрі   адамды   шыңдайды   деп   ағалақ   парызым   деп   спорттың   қыр­сырын   айтып жүреді.Айтқан ақыл­кеңестерін жадымда   сақтаймын. Ол кісі   қашан да өзінің жан тазалығымен, іскерлігімен үлгі болып жүреді.  Уақыт ағымы  жылдам  ғой. Жас буын спортшылардың  талайын  жеңіс биігіне самғатқан, қиын кезеңде нар жүгін жалғыз өзі көтерген Жамбыл ағаның жасына –жас қосылып келеді.Сонда да еңбек етуден , жас буынға   ақыл   айтып, тура жол сілтеге шаршамайтын ардақты тұлға. Әлі де дарынды бапкерлерді , тұғырынан таймайтын  жас спортшыларды баулып жүргеніне ризамыз. Талай жылғы   еңбегі де еленбей жатқан жоқ.Сол үшін де осы абзал азаматқа ел құрметі ерекше. Жамбыл ағамыздың туған жерінде және негізін   қалаған спорт мектебінде   сол кісінің құрметіне 1990 жылдың аяғынан   бастап   күрестен   облыстық   жарыстар   өткізу   дәстүрге   айналуы   да   осыны айғақтайды.Біздің мектеп оқушылары осындай жарыстарда бар күш жігерімізді салып жеңіске жетуге тырысамыз. Бұл біз үшін  Мұны қалың елдің өзінің талантты ұлының өлшеусіз еңбегін бағалауы деп қабылдаған жөн сияқты.  Мұндай сый­құрметке Жамбыл ағамыз әбден лайық дер едім. Халық қалаулыларының шешімімен   Солтүстік   Қазақстан   облысының   құрметі   азаматы   атағына   ие   болған Жамбыл ағаның әлі де жас буынға берері мол деп білемін.  Өмірі   бір   тарих, үлгі болатан тарихи тұлға деп есептеймін.        Қорта     келе   Елбасымыз   Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаев     қазіргі   жастардың болашағына  зор сеніммен  қарап үміт артады. Яғни, дені  сау, білімді, білікті, жан­ жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді.  Елбасының: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауындағы сөзімен түйіндейтін болсам,   «ұлттық   салт­дәстүрлеріміз,   тіліміз   бен   музыкамыз,   әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» демек, ұлттық рухымыздың жаңғыру жас маманның, жас өреннің қолында. Өркенит көкжиегіне солай қанат жайып қала бермек…              Мен жастарға сенемін!              Алаш атын аспанға, Шығарар олар бір танда ­деп өршіл ақын М.Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірілген сөздеріне лайықты азамат болуға қазақстан еліміздің патриотты жастары болатынымызға сенемін. "Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан" деген өлең жолдары есіме оралып отыр. Бұл дүниеге кез­келген адам жәйден­жәй келмейді, ол да бір өмірдің кірпіші. Өмірге   келген   әрбір   жан   адам   болып   өз   орнын   қалдыруға   талпынад   және   сол талпынысы   биік   шыңдарды   бағындырып,   нағыз   адам   болып   қалыптасуына   себебін тигізеді. Мен де елімізге бір кірпіш болар парасатты адам болу парызым! Жамбыл ағаның   салған   ізін   жалғастырып,   халқық   үшін   қызмет   ететін,   елге   пайдасы   тиетін азамат болуды бізге де жазсын. Пайдаланған әдебиеттер:  Солтүстік Қазақстан газеті қосымша спорт 20.12.2007 ж Солтүстік Қазақстан газеті 2016 ж Ктап: Дорогой борьбы и триумфа 2015ж

Эссе " Өнегелі өмір"

Эссе " Өнегелі өмір"

Эссе " Өнегелі өмір"

Эссе " Өнегелі өмір"

Эссе " Өнегелі өмір"

Эссе " Өнегелі өмір"

Эссе " Өнегелі өмір"

Эссе " Өнегелі өмір"

Эссе " Өнегелі өмір"

Эссе " Өнегелі өмір"

Эссе " Өнегелі өмір"

Эссе " Өнегелі өмір"

Эссе " Өнегелі өмір"

Эссе " Өнегелі өмір"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.11.2018