Білім беру ұйымының атауы мен мекен –жайы:
№202 орта мектеп. Н.Әпрезов №2
Авторлық бағдарлама авторының аты-жөні, лауазымы:
Физика пәнінің мұғалімі М.Елеусінова.
Авторлық бағдарламаның атауы:
Физика пәнінен диктанттар жинағы.
Авторлық бағдарламаның әзірленген жылы: 2009 оқу жылы.
Авторлық бағдарламаны кім, қайда және қашан бекіткен:
№202 орта мектептің әдістемелік бірлестік отырысында.
2009 ж.
Бағыты: 7 сыныпқа арналған физикадан жазбаша жұмыс түрі
Жаңалығы, өзектілігі, педагогикалық мақсатқа лайықтылығы:
оқушылардың игерген білім және дағды деңгейлерін одан әрі жүйелеп жетілдіру, зейіні мен зердесін дамыту.
Мақсаты мен міндеті: Оқушылар білімін болжау, білімдегі олқылықтың алдын алу, оқу уақытын дұрыс жоспарлап, тиімді пайдалану мүмкіндігін туғызу.
Ерекшілігі: Оқушылардың білім мазмұнын жақсы меңгеруіне жағдай тудырады, ойлау қабілетін белсендіреді.
Күтілетін нәтижелерді және оларды тексеру әдістері: Тапсырманы орындау арқылы оқушыллар терең ойлап – талдау қызметінің әдіс-тәсілдерін меңгеріп, оларды жағдайда қолдануға дағдыланады, оқушылар өзін - өзі тексеріп, білім деңгейіне бақылау жасауға үйренеді, оқу сапасын жоғарылатуға септігін тигізеді.
Тақырып 1. Физика және астрономия-табиғат
туралы ғылымдар.
Диктант №1.
І-нұсқа
1. Күн мен түннің ауысу себебі.
/ Жердің өз -өзінен айналуынан /
2. Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге келтіру
арқылы түсіндіретін жүйелі білім.
/ Физикалық теория /
3.Әлем кеңістігінде не бар болса,соның бәрі ....
/ Материя /
4. Дененің сапалық теңдігін сипаттайтын материя түрі.
/ Зат /
5. 60 жылдардың басында Ресейдің физик-ғалымдары Н.Г.Басов,А.М.Прохоров және АҚШ-тың физигі Ч.Таунске Нобель сыйлығы қандай ашқан жаңалықтары үшін берілді.
/ Лазердің өмірге келуі /
6.Аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейтін астрономия саласы.
/ Космогония /
7.Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшын ғалымы.
/ И.Ньютон /
ІІ-нұсқа
1. Табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашатын қандай пән?
/ Физика /
2. Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе .
/ Дене /
3. Жылдың төрт мезгілінің ауысуы қалай түсіндіріледі.
/ Жердің Күнді эллипс бойымен қозғалуы арқылы /
4. Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдер.
/ Физикалық ұғымдар /
5.Ғарышқа сапар шеккен отандастарымыз.
/ Т.Әубакіров пен Т.Мусабаев /
6. Ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейтін ғылым саласы. / Астрономия /
7. Айға алғаш табан тіреген Америка азаматтары.
/ Р.Армстронг пен Э.Олдрин /
Тақырып 2. Табиғатты зертеудің ғылыми әдістері.
І-нұсқа
1. Табиғатты зертеудің негізгі әдістері
/ Бақылау ,эксперимент,теориялық зерттеу /
2. Ғылыми деректермен негізделген жорамал.
/ Болжам /
3. Найзағайдың пайда болуының шынайы ғылыми болжамын ұсынған ғалым.
/ В.Франклин /
4. Серпімділік шегінде серіппенің созылуы оған әрекет ететін жүктің салмағына тура пропорционал өзгереді. Бұл қандай заң?
/ Гук заңы /
5. Физикалық нысандарды немесе құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаттамалары.
/ Физикалық шамалар /
6. Құралдың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар.
/ Аспап шкаласы /
7.Бүкіл әлем және оның жалпы қасиеттері туралы ғылым.
/ Космология /
ІІ-нұсқа.
1.Астрономияның негізгі құралы.
/ Телескоп /
2.Кез - келген болжамның шынайылығын дәлелдейтін.
/ Эксперимент /
3.Өте жылдам ,көзге көрінбейтін элементар бөлшектерге байланысты құбылыстарды түсіндіретін теория.
/ Кванттық механика/
4.Ұсақ бөлшектердің ауа мен сұйықтардағы ретсіз қозғалуы.
/ Броундық қозғалыс /
5.Аспаптардың көмегімен дұрыс орындалған өлшеулердің ең үлкен жаңылысы аспап бөлігі құнының......
/ Жартысына тең /
6. 10n көбейткіштерін пайдаланып берілген сандарды ықшамдап жазу.
/ Стандарт түрде жазу /
7. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын қорытындалаған ғалым.
/ М.В.Ломоносов /
Тақырып 3. Заттың құрылысы.
І-нұсқа
1.Химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған ең кіші бөлшек.
/ Атом /
2.Заттың күйлері :
/ Газ тәрізді,сұйық және қатты /
3.Ең жеңіл элемент. / Сутегі /
4.Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларының бос орындарына өзара енуі. / Диффузия /
5.Дененің жылулық күйін сипатттайтын шама.
/ Температура /
6.Пішіні мен көлемін сақтау қандай денеге тән қасиет ?
/ Қатты дене /
7.Мұздың еру ,судың қайнау температурасы.
/00С-еру, 1000С-қайнау температурасы /
II-нұсқа.
1.Заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтаған ең кіші бөлшек.
/ Молекула /
2.Ең ауыр элемент. / Уран /
3.Дененің температурасын өлшейтін аспап.
/ Термометр /
4.Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту қандай денеге тән қасиет ?
/ Сұйық /
5.Тұрақты көлемі мен нақты пішіні болмайтын заттың күйі.
/ Газ /
6.Тартылыс және тебіліс күші қандай дененің арасында анағұрлым жоғары
/ Қатты дене /
7. Сынап неше градуста қатады?
/ -300С /
Тақырып 4. Қозғалыс.
І-нұсқа
1.Барлық денелерге тән қасиет.
/ Қозғалыс /
2. Күнге ең жақын ғаламшар.
/ Меркурий /
3. Жазғы және қысқы Күн тоқырау күні.
/ 22 шілде,22 желтоқсан /
4. Өлшемдерін елемеуге болатын дене.
/ Материялық нүкте /
5.Дененің бастапқы орны мен келесі орнын қосатын бағытталған кесінді.
/ Орын ауыстыру /
6.Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе ,ондай қозғалыс...
/ Бір қалыпты қозғалыс /
7.Автомобиль 2 сағатта 120км қашықтықты жүріп өтті.Автомобильдің жылдамдығы қандай? / 60км/сағ /
ІІ-нұсқа
1.Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе ,ондай қозғалыс.....
/ Бір қалыпсыз қозғалыс /
2.Бір қалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау формуласы.
/ V=S/t /
3.Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекториясының ұзындығы.
/ Жүрілген жол /
4.Дененің қозғалыс кезінде сызық түрінде қалдырған ізі.
/ Траектория/
5.Гелиоцентрлік жүйені жасаған поляк ғалымы .
/ Н.Коперник /
6.Зодиак шоқ жұлдыздарын басып өтетін үлкен дөңгелек.
/ Эклиптика /
7.10 м/с-тан 72 км/сағ қанша есе үлкен?
/ 2 есе /
Тақырып 5. Дене қозғалысы.
І-нұсқа
1.Әр түрлі қозғалыстар арасындағы айырмашылықты сипаттайтын физикалық шама:
/ Жылдамдық /
2.Жаяу адам 5 сағатта 20 км жол жүрсе, оның жылдамдығы қандай ?
/ 4 км/сағ /
3.Бір қалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің қозғалыс заңы:
/ X=X0+Vt /
4.Инерция заңын ашқан кім?
/ Г.Галилей /
5. Көлік оңға бұрылғанда ондағы жолаушы қалай қарай қисаяды?
/ Солға /
6. Поезд 72 км/сағ жылдамдықпен 20 с бойы бір қалыпты қозғалды.Осы уақыт ішінде ол қандай жол жүрді? / 400 м /
7.Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейді?
/ S=V*t /
ІІ-нұсқа
1.Бірліктердің Халықаралық жүйесіндегі жылдамдықтың бірлігі .
/ м/с /
2.Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы -
/ Инерция /
3.Велосипедші 5 сағат 30 минутта 99 км жол жүрді.Ол қандай орташа жылдамдықпен қозғалды?
/ 18 км/сағ /
4.Көлік кенет тоқтағанда жолаушы қалай қарай қисаяды?
/ Алға қарай /
5.Қандай жағдайда жылдамдық теріс болады?
/ Орын ауыстыру теріс болса /
6.Егер ағыс жылдамдығы 0,5 м/сек болса, өзен ағысымен 15 км жүзіп өтетін ағаш сал қанша уақыт жұмсайды?
/ 30000 с /
7.Балғаны саптағанда қандай құбылыс пайдаланылады?
/ Инерция /
Тақырып 6. Масса және күш.
І-нұсқа.
1.Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамдықтардың өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама.
/ Масса /
2.Заттың тығыздығын анықтайтын формула.
/ ρ= m/v /
3.Сандық мәні мен және бағыты мен сипатталатын физикалық шама.
/ Күш /
4.Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін өзінің бастапқы пішіні мен көлемін өзгертетін деформация -
/ Пластикалық /
5.Күшті өлшейтін құрал.
/ Динамометр /
6.Гук заңының формуласы.
/ Ғ=кх /
7.Тығыздығы 2,6*103 кг/м3 болатын көлемін 10 м3.Граниттің массасын анықта.
/ 2,6*104 кг /
II-нұсқа
1.Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама.
/ Тығыздық /
2. Бірліктердің Халықаралық жүйесінде қабылданған масса бірлігі.
/ Килограмм /
3. Дененің пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі.
/ Деформация /
4.Күштің өлшем бірлігі қандай және қандай әріппен белгіленеді?
/ Ньютон , Ғ /
5. Бак массасы 32 кг керосинмен толтырылған. Керосиннің тығыздығы 800 кг/м3 болса, бактың көлемі қандай болады?
/ 0,04 м3 /
6.Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қайтадан қалпына келетін болса, мұндай деформация....
/ Серпімді /
7. 1 г/см3 неге тең ?
/ 103 кг/м3 /
Тақырып 7 . Табиғаттағы күш.
1-нұсқа.
1.Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш.
/ Тең әрекетті күш /
2. Егер денеге қарама-қарсы бағытталған екі күш әрекет етсе, онда олардың тең әрекетті күші неге тең?
/ ҒR=F2-F1 /
3.Денелердің жерге тартылу күші.
/ Ауырлық /
4.Айдағы тартылыс Жердегіден қанша есе аз?
/ 6 есе /
5.Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші -
/ Салмақ /
6.Үйкеліс күшінің формуласы :
/ F=µN /
7.Үстел үстінде массасы 200 г кітап жатыр.Осы кітап үстелге қандай күшпен әсер етеді?
/ 2 Н /
IІ-нұсқа
1.Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күші.
/ Нормаль қысым күші /
2.Техникада тетіктердің жанасатын беттері арасындағы үйкелісті азайту жолы-
/ Майлау /
3.Бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанда пайда болатын күш.
/ Үйкеліс /
4.Ауырлық күшінің формуласы :
/ F=mg /
5.Тұрақты g шамасы жуықтап а лғанда нешеге тең.
/ 9,8 Н/кг /
6.Үйге ілінген люстра төбеге 49 Н күшпен әсер етеді. Люстраның массасы қандай?
/ 5кг /
7.Салмағы 0-ге тең болатын дененің күйі.
/ Салмақсыздық /
\
Тақырып 8. Қысым.
I -нұсқа
1. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама.
/ Қысым /
2.Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида не деп аталады?
/ Паскаль заңы /
3.Күштен қанша есе ұтсақ қандай шамадан сонша есе ұтыламыз
/ Орын ауыстырудан /
4.Газ молекулаларының соқтығысуынан пайда болатын ...
/ Қысым /
5.Сұйық қабаты неғұрлым төмен орналасқан болса ,...
/ Қысым үлкен болады /
6.Сұйық бағанының ыдыстың табанына түсіретін қысымын есептейтін формула.
/ P=pgh /
7.200 кПа қысым түсіретін ,тіреу ауданы 0,36 м2 дененің массасын табыңдар.
/ 7200 кг /
ІІ-нұсқа
1.Газдың көлемін кішірейтсе ,......
/ Қысым артады /
2.Қысымның формуласы:
/ P=F/S /
3.1 Паскаль неге тең?
/ 1 Па=1 Н/м2 /
4.Техникада іс-әрекеті сұйықтардың тепе-теңдігі мен қозғалыс заңдарына негізделген машиналар түрі.
/ Гидравликалық машина /
5. Ауырлық күші әрекет еткен сұйықтың қысымы қандай шамаға тәуелді?
/ Биіктігі мен тығыздығына /
6. Қатынас ыдыстардағы әр текті сұйық бағандарының биіктігі қандай шамаға кері пропорционал :
/ Тығыздыққа /
7. Вагонның барлық дөңгелектерінің рельспен түйісу ауданы 0,001 м2.
Егер вагон массасы 30 тонна болса ,ол жерге қандай қысым түсіреді?
/ 3*108 Па /
Тақырып 9. Атмосфералық қысым.
І-нұсқа
1.Жер бетіне және ондағы барлық денелерге түсірілетін қысым.
/ Атмосфералық /
2. 1 мм .сын.бағ.неге тең?
/ 1,33 гПа /
3.Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал.
/ Барометр /
4.Адамның қан айналым жүйесіндегі қысымды өлшейтін құрал.
/ Сфигмоманометр /
5.Архимед күшінің формуласы:
/ F=pvg /
6.Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші Архимед күшінен артық
болса ,онда ...
/ Дене сұйыққа батады /
7.Мұхиттың 200 м тереңдігіндегі суда жүзгішке түсірілген қысымды есепте.
/ 2*106Па /
ІІ-нұсқа
1.Егер денеге әрекет етуші ауырлық күші Архимед күшінен кем болса ,онда...
/ Дене сұйық бетіне көтеріледі /
2.Қысым айырымын өлшейтін құрал.
/ Манометр /
3.760 мм сын.бағ.неге тең?
/ 105 Па /
4.Биіктігі 760мм сын.бағ.қысымына тең,00С температурадағы
атмосфералық қысым.
/ Қалыпты атмосфералық қысым /
5. Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін тәжірибе жүзінде анықтаған ғалым :
/ Э. Торричелли /
6.Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күш.
/ Архимед күші /
7.Массасы 500 г капрон білеушеге су тарапынан қандай Архимед күші әсер етеді.
/ 5Н /
Тақырып 10. Жұмыс. Қуат. Энергия.
І-нұсқа
1.Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы.
/ Механикалық жұмыс /
2. 1 Джоуль неге тең?
/ Н*м /
3.Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама.
/ Инерция /
4.Қуаттың формуласы :
/ N=A/t /
5.Дененің қозғалысы салдарынан туындайтын энергия.
/ Кинетикалық /
6.Потенциалдық энергияның формуласы:
/ Ер=mgh /
7.Салмағы 30 Н жүкті 2м биіктікке көтергенде атқарылатын жұмысты
анықта.
/ 60Дж /
ІІ-нұсқа
1.Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шама.
/ Қуат /
2.Механикалық жұмыстың формуласы.
/ A=FS /
3.Дененің басқа денелермен өзара әрекеттесу күшіне тәуелді энергия.
/ Потенциалдық /
4.Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы неге тең ?
/ Eр=кх2/2 /
5.Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы.
/ Механикалық энергия /
6.Көлемі 2 м3 плитаны 24 м биіктікке көтергенде қандай жұмыс атқарылады ?
/ 1248*103Дж /
7. 1 мкВт қанша Вт бар?
/ 10-6Вт /
Тақырып 11. Күш моменті. Жай механизмдер.
І-нұсқа
1.Түсетін күштің өз күш иініне көбейтіндісі.
/ Күш моменті /
2.Күшті түрлендіріп қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар.
/ Механизмдер /
3.Жүк көтергенде айналу осі не жоғары ,не төмен қозғалмайтын блок.
/ Жылжымайтын /
4. Күштен қанша есе ұтсақ ,жолдан сонша есе ұтыламыз. Бұл қандай ереже?
/ Механиканың алтын ережесі /
5.Механизмдердің өздерін қозғалысқа келтіретін жұмыс.
/ Толық жұмыс /
6.Пайдалы әрекет коэффициентінің формуласы.
/ ή=Ап*100%/Аm. /
7.Иіні 0,3 м тең иіндікке 9 Н күш әсер етеді. Күш моментін анықта.
/ 2,7 Н*м /
ІІ-нұсқа
1. Жай механизм түрлері :
/ Сына, иіндік, блок, көлбеу жазықтық, шығыр /
2. Қоғалмайтын тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала қозғала алатын дене.
/ Иіндік /
3. Күш моментінің формуласы.
/ M=F * d /
4. Жүкпен бірге блоктың айналу осі де көтеріліп немесе төмен түсіп отырса, ондай блок...
/ Жылжымалы /
5. Пайдалы жұмыстың толық жұмысқа қатынасы.
/ Пайдалы әрекет коэффициенті /
6. Жылжымалы блок күштен қанша есе ұтыс береді.
/ Екі есе /
7. Иіндіктің кіші иініне 300 Н, ал үлкеніне -20 Н күш әсер етеді. Кіші иіннің ұзындығы 5 см, үлкен иіннің ұзындығын анықта. / 75 см /
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Физика және астрономия
Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова , Д. Қазақбаева
Алматы «Атамұра » 2007 ж
2. Физика 7 класс
Обучающие тесты. Л.А. Кирик
Москва 2009 г
3. Физика және астрономия
Есептер мен жаттығулар жинағы 7 кл
В.И. Кем , Б. А. Кронгарт Алматы « Атамұра » 2007 ж
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.