Форум «Жастар жаһандану жолында»
Оценка 4.8

Форум «Жастар жаһандану жолында»

Оценка 4.8
Культурные мероприятия
docx
воспитание
9 кл—11 кл
18.02.2020
Форум «Жастар жаһандану жолында»
Туған жер, туған тіл, салт-дәстүр, туған тарих, тәуелсіздік, діни сауаттылық және қазақстандық патриотизм.
Жастар жаһандану жолында.docx

 

 

«Жастар жаһандану жолында»

(форум – кездесу - пікіралмасу)

 

Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақта Отанымызды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру. Сонымен қатар өз елінің тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт – дәстүрін қастерлеу, туымыз бен әнұран, елтаңбамызды құрметтеу; қазақ елінің ержүрек батырлары мен елі үшін аянбай күрескен ұлттың ұлылыларының ерлігін үлгі ету, оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру.

Өзегі: туған жер, туған тіл, салт-дәстүр, туған тарих, тәуелсіздік, діни сауаттылық және қазақстандық патриотизм.

Қатысатын: Кеш қонақтары, колледж қызметкерлері, І-ІІ курс студенттері.  

Форумның ашылуы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны. Орындайтын хор.

 

1 жүргізуші(Байқұл Әділ): - Армысыздар, қадірменді қонақтар, ұстаздар!

 

2 жүргізуші(Аханов Қыдырхожа): - Қайырлы күн, құрметті студенттер!

 

1 жүргізуші: - Менің Қазақстаным! Бұл – жігеріңді жанып, жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөз. Оны айтқанда бойыңды ерекше сезім билеп, оны естігінде ел мен жерге деген махаббат, туған халқың мен туған топырағыңның алдындағы перзенттік парыз, айбынды азаматтық рух сезіледі.

2 жүргізуші: - Мемлекеттік Әнұран – мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігін паш ететін қайрат пен салтанаттылық сипаттағы әуен мен сөзден құралған музыкалық шығарма.

Әнұран – ел жүрегінің соғысы, ел тілегінің тоғысы. Оны ел рухы ел төріне көтерген жалпының жан жалауы десе де болады. Бұл әнді жұрттың бәрі үлкен де, кіші де жас та жатқа білетін, қалың көпшіліктің жанын да, жүрегін де жаулап алған ән. Рухты ән.

Бұл әнде туған жерге деген аса ұлы сүйіспеншілік пен отаншылдық сезім бар. Бұл әнмен еліміздің бірнеше ұрпақтары тәрбиеленді.

Әр мемлекеттің Әнұраны белгілі халық жайлы, оның арманы, болашағы туралы сипаттама береді.

1 жүргізуші: - Желтоқсан оқиғасы тарихта алтын әріптермен жазылған. Бүгінгі таңда қолымыз жетіп, елдігімізді асқақтатқан Тәуелсіздік осы желтоқсаннан бастау алады.Елі үшін, халқының тәуелсіздігі үшін арпалысқан жастардың еңбегінің арқасында біз бүгін еркін, тәуелсіз елміз. Атап айтар болсақ тарихи жеріміздің шекарасы бекітілді, Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз дүниеге келді.

Ендеше елдік пен еркіндік үшін күресіп қыршын кеткен аға-апаларымызды еске алып 1минут үнсіздік жариялаймыз.

 

«Желтоқсан желі» әні. Бейнеролик

2 жүргізуші: - Рахмет. Бүгінгі «Жастар жаһандану жолында» атты форумның өзегі: туған жер, туған тіл, салт-дәстүр, туған тарих, тәуелсіздік, діни сауаттылық және қазақстандық патриотизм болмақ.

Ендеше бүгінгі қонақтарымызбен таныс болайық.

1. Оразмағанбет Тұрмағамбет атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің мұғалімі, ұйымдастырушы педагог Жылқыбаева Жаңылсын.

2. Жаңаөзен қалалық мешітінің наиб имамы Нүсіпбеков Еркін Нүсіпбекұлы

3. Жаңаөзен қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өкілі Наренбаев Таңат Сембайұлы

4. Жаңаөзен қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өкілі Жаманкулова Мария Жанғазыевна

5.  Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің Техникалық қауіпсіздік инструкторы Бақыбаев Еділ Хадисатұлы

 

1 жүргізуші: - 1991 жылы 16 желтоқсан күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды.

Қазір айтуға оңай, дегенмен сол кезде Тәуелсіздік жариялау барысының өзі оңайға соқпағаны белгілі. Себебі ұлты басқа депутаттардың біразы қарсылық көрсетті.

Тәуелсіздік жарияланғаннан кейінінгі үрей де басым болды. Қорқыныш болды. Өйткені сол жылдары республикамыздағы қазақ саны 36 пайызды  ғана құрайтын.

Сол кездегі қиындықтан көшбасшылықтың дұрыс бағдар ұстануы мен ұлттың қайсарлығы арқылы  аман шықтық деуге болады.

1 сұрақ:

-              Жаңылсын апай Сіз 1986 жылы 16 желтоқсан оқиғасының куәгерісіз.Сізді алаңға шығуға не итермеледі? Қорқыныш сезімі болды ма? Жауабы.

2 сұрақ:

-              Құрметті қонақтар сіздердің пайымыңызша ,Тәуелсіздік дегеніміз не және ол бізге не берді? Тәуелсіздік тұғырлы болуы үшін келешекте нені сақтауымыз, неден арылуымыз керек деп ойлайсыз? Жауабы

-              Жастардың пікірін тыңдап көрелік (студенттер пікірі)

2 жүргізуші: - Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның Отаншылдық сезімін тәрбиелеу балабақшадан бастап жоғары оқу орындарында, барлық ұйымдарда маңызды. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» - деген еді.

Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жерінен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Бүгінде біздің санамызда Отансүйгіштік пен патриотизм бір-бірімен егіз ұғымдар болып қалыптасты.

1 сұрақ:

-              Құрметті қонақтар патриотизм дегенді қалай түсінесіз? Нағыз патриот деп кімді атай аласыз? Жауабы

(жастардың пікірін тыңдап көрелік)

-              Қазыбек би «Атадан жақсы ұл туса, еліңнің туы болады. Атадан жаман ұл туса, көшінің соңы болады» - деген. Патриот болу үшін керекті шарттың бірі – ана тілін, Отанын, жерін қорғау. Ұлттық дәстүрді сақтау. Еліміздің Әнұранын, Елтаңбасын, Туын қастерлеу.

Осыдан туындап отырған келесі сұрағымыз:

-              Патриоттық сезімді тұлға бойында қалыптастыру үшін қалай тәрбиелейміз? Сіздің пікіріңіз, кеңесіңіз.Жауабы

 

1 жүргізуші: -  Қазақстан әлем елдерінде көптеген ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ.

Қазіргі ислам атын жамылып келіп жатқан діни ағымдардың негізгі көздеген мақсаты – еліміздің тыныштығын бұзу, тұрақтылығымызға іріткі салу.

1 сұрақ:

-              Жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың шырмауында кетуінің себептері неде? Құрметті қонақтар сіздің ой пікіріңіз.Жауабы

-              Яғни ең алдымен бұл қоғамда діни сауаттылықтың төмен болуы және әлеуметтік жағдайы төмен болуы және әлеуметтік  жағдайы төмен отбасыларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз етеміз деп қызықтыру арқылы қатарларына қосып жатқаны дейсіз ғой? Жауабы

2 сұрақ:

-              Бұл мәселені шешудің қандай жолдары бар? Өз Отанын сүю мен дәстүрін ұстану, тарихын қастерлеу діни сауаттылықтың бір қыры деген сөзбен келісесізбе?

Жауабы

 (Жастардың пікірін тыңдап көрелік)

-               Сауатты, дін туралы білімге ие кез келген адам , өзгенің дін ұстану, ұлттық, тілдік ерекшелгіне сыйластықпен қарап,құрмет көрсетеді.

Шынайы патриот өз халқын басқа ұлттар мен этностарға қарсы қоймайды, себебі ол ұлтшылдыққа ұласып кетуі оңай.

2 жүргізуші: -  «Бейбітшілікті сақтағың келсе, соғысқа дайындал» деген екен  бір данышпан. Дәл қазіргі таңда жер бетінде оқ пен өртке бөлініп жатқан мемлекеттер де жетерлік, біз секілді бейбіт өмір сүріп жатқан мемлекеттер де аз емес. Сондықтан қай кезде де қорғанысымызды нығайтып отыру, қарулы күштерімізді күшейте түсу – күн тәртібінен түсе қоймайтын мәселе.

Себебі айбының мен айбарың асқақ тұрмаса, кім көрінгеннің түртпегінде немесе жетегінде кететінің рас.

Қазақстан Республикасының  азаматтары өз елін, жерін қорғау, әскери  қызметін атқару – міндетті.

 

1 сұрақ:

-      Қазіргі таңда жастардың әскерге деген қызығушылығы қандай деңгейде?

Биылғы әскерге шақыру науқаны қалай өтті?Жауабы.

2 сұрақ:

-              Жастарға Отанға деген, әскери-патриоттық сезімін арттыру мақсатында қандай ақыл-ой, бағыт бересіз? Жауабы.

 

1 жүргізуші: -  Бүгінгі «Жастар жаһандану жолында» форумды аяқтамас бұрын қонақтармымызға мағыналы сұхбат бергендеріңізге, кеңестеріңе алғысымызды білдіреміз және де алдағы уақытта шығармашылық табыс, денсаулық тілей отырып келесі кезеңді марапаттауға береміз.

 

Қонақтарды  марапаттау

2 жүргізуші: - Ал жастарға айтарымыз:

-              Біздің тегіміз – Тәуелсіздік, санамыз, рухымыз – Тәуелсіздік. Ендігі жерде біз оны мәңгілік мұраға қалдыруға тиіспіз.

Сондықтан да өз Отанымызды шын жүректен сүйетін, өзіңе және өз халқыңа сеніп, туған жеріңе адал қызмет ететін, біліміміз бен еңбегімізді туған еліміздің гүлденуіне арнайтын, өз еліміздің патриоты болайық дегім келеді.

1 жүргізуші: - Әлем алдында Қазақстан Республикасы деген асқақ рухты елдің азаматы екенімізді мақтан тұтайық.

Ұлттық тарихымызды, әдебиет, мәдениетімізді, ұлттық өнер мен тілді дамыта отырып бостандығымызды сақтайық. Мәңгілік ел болайық.

 

Ибрагим Ескендір «Көк тудың желбірегені» әні.

Орындайтын хор.

 

 

 

 

 

 

 

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі

 

 

 

 

 

 

(форум – кездесу - пікіралмасу)

 

 

 

Дайындаған: Жайбергенова Б.А., кітапхана  меңгерушісі

                                            

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016/2017 оқу жыл

 


 

Жастар жаһандану жолында» (форум – кездесу - пікіралмасу)

Жастар жаһандану жолында» (форум – кездесу - пікіралмасу)

Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз дүниеге келді

Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз дүниеге келді

Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жерінен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады

Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жерінен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады

Себебі айбының мен айбарың асқақ тұрмаса, кім көрінгеннің түртпегінде немесе жетегінде кететінің рас

Себебі айбының мен айбарың асқақ тұрмаса, кім көрінгеннің түртпегінде немесе жетегінде кететінің рас

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі (форум – кездесу - пікіралмасу)

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі (форум – кездесу - пікіралмасу)

Форум «Жастар жаһандану жолында»

Форум «Жастар жаһандану жолында»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.02.2020