Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«География пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті тапсырмалар
жинағы»
Әдістемелік құрал
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтеріне таратуға ұсынылды. Хаттама № 2 30.04.2021 ж
Құрастырған: Сагынгалиева Гулжанат Амантаевна
Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің география, биология, химия пәндері бойынша әдіскері
Кадралиева Айсулу Хабибуллаевна
Ақсай қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің география пәні мұғалімі, педагог- зерттеуші
Пікір жазғандар: Жаннатова Айжан Климовна
ПШО «Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту» курс тренері, Орал қаласы №44 МГ химия пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші.
Гиниятова Айгуль Муратовна
Ақсай қаласының №4 ЖОББМ география пәнінің мұғалімі,педагог-зерттеуші.
Әдістемелік құрал оқушылардың ғылыми-жаратылыстану бағыты бойынша функционалдық сауаттылығын арттыруға, PISA халықаралық зерттеулеріне дайындауда мұғалімге көмек үшін әзірленген. Жинақта географиядан тапсырмаларды орындау бойынша нұсқаулық және тапсырмалардың шығару жолдарының үлгілері келтірілген. Тапсырмалар жинағында география пәнінен 80 тапсырма берілген. Бұл басылым жалпы білім беретін мектептің 7,8 сынып оқушыларына және мұғалімдеріне арналған.
Мазмұны:
1. Кіріспе ........................................................................................4
2. Инновациялық бағыт-креативті ойлау.....................................8
3. «Атмосфера» тарауы бойынша тапсырмалар..........................9
4. «Литосфера» тарауы бойынша тапсырмалар..........................23
5. «План және карта» тарауы бойынша тапсырмалар................31
6. «Аспан денелері» бойынша тапсырмалар...............................35
7. «Дүниежүзілік мұхитты зерттеу» бойынша тапсырмалар.....37
8. «Табиғат және қоғам» бойынша тапсырмалар........................39
9. « Қазақстан географиясы».........................................................45
10. Қорытынды..............................................................................58
11. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................60
Кіріспе
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Қазақстанда жүргізіліп жатқан білім беру жүйесін реформалау құзырлылық ұстанымына және әлемдік білім беру кеңістігіндегі оқытудың озық әдістемелері мен амал-тәсілдеріне негізделген.
Бұл Қазақстанның білім беру жүйесінің өтпелі кезеңі аяқталып, дамыған елдер моделіне сәйкес келетіндігін және ТМД елдерінің арасынан мемлекетіміз көшбасшылық орынға шығып, 2021 жылға дейін жоғары білім сапасы мен халықаралық деңгейде нәтиже беретінін айқындайды. Cондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2021 жж. арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру және PISA халықаралық зерттеулері аясында өкізілетін оқушылардың ғылыми - жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері қарастырылуда. Қазіргі таңда оқушының өзін-өзі дамытуға, алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыруға, оны қолдана білуге бағытталған жұмыстарға көңіл бөлінуде.
PISA (Programme for International Student Assessment) – халықаралық зерттеудің мақсаты 15 жастағы оқушылардың математикалық, жаратылыстану мен оқудағы сауаттылығын бағалау болып табылады. Зерттеудің негізі мектептің бағдарламасын меңгеру ғана емес, жеке тұлғаның дамуындағы білімін, дүниетанымын шыңдау, әртүрлі өмірлік жағдайларда шешім қабылдай алатын қабілеттерін дамытуға бағыттау.
Жаратылыстану бағытында деңгейлеп оқыту жүйесі еуропалық стандарт талаптарына сәйкестендіріліп, әлемдік білім кеңістігіне шығу, қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен тілдік құзіреттілікке ие бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. География сабағында креативті ойлау тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың кеңістік, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және географиялық тұжырымдамалар мен географиялық мәселелерді талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік туғызады. Оқушылардың күнделікті өмірде туындаған көптеген мәселелерді шешу үшін алған білім және біліктілік қабілеттерін қолдана алуға әсер етеді.
География сабағында креативті ойлау тапсырмаларын қолдану арқылы жаңа тақырыпты жылдам, өз бетімен игеріп, дұрыс түсінетін, кездескен мәселелерді шеше алатын, істің мағынасын терең және нақты түсінуге тырысатын байқағыштық қасиеті жақсы дамыған, сауатты сөйлеп, білімді игерген, оны практикада асыратын, картаның тілін, теориялық білімді теңгеріп, географиялық үрдістердің жүруін болжай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұғалім арнайы тапсырма дайындап, оны сабақта қолдану арқылы оқушының зерттеушілік, ізденушілік дағдысы қалыптасады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, сабаққа деген ынтасы мен бейімділіктер жүйелі түрде дамытуға жағдай жасау арқылы арнайы қабілеттілікті жоғары деңгейге жеткізуге болады.
PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрудағы қиындықтарды шешу жолдары ретінде мына мәселелерді атап өткен жөн:
1. Оқушыларға тапсырмаларды 6 деңгейлі Блум таксономиясы негізінде құрып, ондағы білу, түсіну, қолданудан гөрі синтез, анализ, бағалауға мән беру.
2. Стандарт талаптарына сай берілген тапсырмаларды орындаумен қатар оқушының өмірде қолдана алатындай тапсырмалар құрастыруға көңіл бөлу.
3. Оқушының логикалық ойлауын, сыни тұрғыдан ойын жеткізуді жүзеге асыру үшін, білім беруде сабақтың құрылымын өзгерту, яғни оқытудың белсенді стратегияларын қолдану, оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру үшін әр10 мин сайын жағдаятты өзгертіп отыру.
4. Оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін алдын-ала ескерту.
5. Тапсырманы зейін қойып, орындауға және эксперименттік есептер, зертханалық шағын зерттеу жұмыстарын орындата отырып, өзінің орындаған жұмысының дұрыстығына көз жеткізу, өзін-өзі бағалауға үйрету.
Осы іс-әрекеттерді орындаған жағдайда оқушыға жоғары деңгейде білімін қалыптастыруға жол ашылады. Ол үшін мұғалімдердің жан-жақтылығы, шығармашылығы, білімі жоғары деңгейде болуы керек.
Құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру тәсілдерінің бірі – білім беру үдерісінде креативті ойлау тапсырмаларды құрастыру және пайдалану. Креативті ойлау тапсырмасының ерекшелігі көбінесе шарттар мен сұрақтар дербес ретінде белгіленіп, бір қарағанда бір-бірімен байланысты емес. Жағдай мен сұрақтарды байланыстыру-оқушының міндеті. Мұндай "байланыстыру" үшін жеке тәжірибені, қосымша ақпаратты тарту қажет, контекстпен жұмыс істеу қажет. Осы жерден креативті ойлау тапсырмаларының дизайны - олар көбінесе нақты өмірлік практикадан алынған жағдайды сипаттайды. Тапсырмалар шарттары да, сұрақ формасы да пәндік жағдайға байланысты емес. Керісінше, өмірлік жағдайды пәнге аудару және тапсырмалардың күрделілігін құрайды. Әрбір тапсырма-шешім талап ететін жағдай, жағдай. Креативті ойлау тапсырмалары оқушылардың танымдық қызығушылығын, ойлау дербестігін, зерттеу іскерлігін қалыптастыру мақсатында сабақтың әртүрлі кезеңдерінде танымдық тапсырмалар ретінде қолданылады.
Креативті ойлауға құзыреттілік-бағытталған тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың географиялық білімді әртүрлі жағдайларда қолдану қабілеттерін қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс.
«География пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті
Мақсаты:
География пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытатын креативті ойлау дағдысын қалыптастыруға негізделген тапсырмаларды құрастыру,жинақтау.
Құзыреттілігі:
Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру;
Креативті идеяларды ойлап табу,жобалау;
Идеяларды бағалау және жетілдіру, өмірмен байланыстыру; Міндеттері:
Тірек сөздер арқылы ақпарат іздеу;
Зерттеу жүргізу процестерін талдау; Қолда бар деректерге сүйеніп болжам жасау; Ғылыми фактілер мен зерттеу деректерін анықтау.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауаттылықтарын арттыру;
Креативті ойлау дағдысы артып, мәселені коллаборативті ортада шешу;
Креативті ойлау тапсырмаларын ұтымды шешуге арналған стратегиялар мен дағдыларды анықтау;
PISA-2022-нің басым инновациялық бағыты- креативті ойлау
Креативті ойлау халықаралық бағалау білім беру саясаты мен педагогикалық саясатта оң өзгерістерге ықпал етеді.
Дамытуға болатын шығармашылық ойлау қабілетін бағалау және проблемалардың шығармашылық шешімін табу.
Идеяларды іздеуде және сипаттауда оқушылардың қаншалықты дәрежеде шығармашылық ойлауға қабілетті екендігін, бұл қабілеттің оқыту тәсілдеріне, мектептің қызметіне және басқа да білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне қалай байланысты екендігін сипаттайды.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) оқу жетістіктерін бағалаудың төртінші бағыты ретінде «Жаһандық құзыреттілік» бағытын енгізген.
PISA тесті 15 жастағы оқушылардың креативтілігін, сын тұрғысынан ойлау, көшбасшылық және алдын ала жобаланған стандартты емес жағдайға бейімделе білу қабілетін бағалайды. Оқушылар өз бетінше шешім қабылдауды және таптаурын болған стереотиптерді ұстанбауды үйренуі керек.
Назар аударуды қажет ететін маңызды мәселелер – автоматтандыру және жасанды интеллект, … компьютерлік ойлау тұжырымдамалары мен цифрлық технологияларды ұтымды қолдана білу.
PISA зерттеулеріндегі креативтілікке арналған тапсырмалар ерекшелігі:
Тапсырмалар көбіне келесі мәселелерге шоғырланған:
• Бұрыннан белгілі білімді қолдану емес, жаңа идеяларды ұсыну процесі;
• Ұсынылған тәсілдер мен шешімдердің басқаларға ұқсамайтын ерекшелігі (жауаптар маңызды және құнды болған жағдайда);
• Баламалы шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін және соған орай мәселені жақыннан қарастыруды және нақтылауды талап ететін ашық проблемалар; • Жауаптар емес, шешімін табу процесі мен тәсілдері.
Тапсырмаларды орындауда келесі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:
1) Ұсынылған тапсырмаларды бар ықыласыңызбен оқыңыз және негізгі ақпаратты тауып алыңыз.
2) Есептердің суреттері, сызбалары, графиктеріне және физикалық үдерісті түсінуді жеңілдететін кестелерге көңіл аударыңыз.
3) Қандай ықшамдалған сөйлемдер, есептің шығарылуын жеңілдететінін ойлап алыңыз.
4) Схемалық сызба немесе сурет салуға тырысыңыз, ол әрқашан ойлануды жеңілдетеді. Дұрыс құрастырылған схема – есепті шығарудағы жетістіктің жартысы екені есіңізде болсын.
5) Көпшілік жағдайда есептің барлық шамаларын тиісті әріптермен белгілеп және оларға қажетті есептеулер жасап, жалпы түрде шығарған пайдалы. Егер есептің шартында шамалардың бөліктері жоқ болса абыржымаңыз, олар бәрінен де дұрысы қысқартылады.
6) Жалпы түрде шығарып алып, біркелкілігін талдап немесе бұрын шығарылған ұқсас есеппен салыстырып, оның дұрыстығына көз жеткізуге тырысыңыз.
7) Егер еспте шамалардың сандық мәндері берілсе, онда жауабы санға дейін жеткізілген болуы керек.
8) Барлық мәліметтерді бір өлшем бірлігінде өрнектеу керек.
9) Егер сізге есепті бірден шығару мүмкін болмаса, бүгешегесіне дейін көңіл аударып, тиісті теориялық материалды тағы да зерттеп көріңіз.
Атмосфера” тарауы бойынша тапсырмалар
1- тапсырма
Қазақстан Алтайының құрамына Тарбағатай, Азутау, Күршім, Оңтүстік Алтай таулы жоталары кіреді. Осы айтылған жоталардың ішіндегі Күршім жотасының шыңдарының бірі Дара тауының биіктігі белгісіз. 2014 21 жылдың 2 тамызында ұйымдастырылған экспедицияның мәліметі бойынша Дара тауының шыңында атмосфералық қысым 445 мм/с.б. көрсетті. Ал шыңның етегіндегі Қара-Қаба ойпатының 1600 м биіктігінде атмосфера қысымы 615 мм/с.б. көрсетті. Дара тауы Қара-Қаба ойпатының 1600 м биіктігінде атмосфералық қысым 615 мм/с.б. көрсетсе, 445мм.сб. көрсеткен Дара тауының биіктігі қанша ? - Дара тауының биіктігін есептеңдер. - Өскемен қаласынан Дара тауына саяхат жасаңдар. Саяхат жасау барысында жолда кездескен табиғат нысандарына сипаттама беріндер.
2-тапсырма
Ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді.Орта бойлы адам шамамен 15 000 см² , оған түсетін қысым 15 500 кг немесе 15 т-дан астам. Неліктен біз мұндай қысымды сезбейміз?
А. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе-тең келеді.
В. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан артық келеді.
С. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан кем келеді.
Д. Біздің денеміздің ішкі қысымы мен сыртқы атмосфера қысымының арасында ешқандай байланыс жоқ.
Жауабы: А
3-тапсырма
Атмосфералық жауын-шашын
Жаңбыр,қар,бұршақ Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық жауын-шашын дейді. Жауын-шашынның түрлері: жаңбыр,қар,бұршақ.
Сіз күз бен көктемде кей күндері мектепке келе жатып жер бетін қырау шалғанын, кей күндері электр желілерін қылау басқанын, ал жазда ерте тұрғаныңда ағаш жапырақтарын, шалғынды шық басқанын байқаған шығарсың. Егер жаңбыр, қар, бұршақ бұлттан пайда болса жауын-шашынның басқа түрлері қырау, қылау, шық қалай пайда болады?
Қырау,қылау,шықтың пайда болуына келесі пайымдаулар дұрыс па? |
Иә/Жоқ |
Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп тарайды. |
Иә/Жоқ |
Ылғалдың барлық түрі тек бұлттан бөлініп тарайды. |
Иә/Жоқ |
Жаз күндері күндіз булану күшті жүргендіктен пайда болады. |
Иә/Жоқ |
Жауабы: Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп тарайды.
4-тапсырма
Алматы оқушылары ауа райын тыңдаған соң, ауаның температурасы туралы пікір таласып отыр. «Бүгін радио бойынша сағат 12-де ауа температурасы -10°C деп айтқан. Бірақ бұл дұрыс емес. Абай даңғылынан жоғары тұратын ағам үйіндегі термометр -8°C көрсетті» -деді Cерік. Оған Нұргүл қарсы шықты: «Райымбек даңғылынан төмен тұрамын. Біздің термометріміз сағат 12-де -12°C көрсетті». Балалардың екеуі де дұрыс айтып тұр: Алматының әр түрлі жерлерінде орналасқан термометрлер бір уақытта әр түрлі температураны көрсетеді. Осыны қалай түсіндіре аласыңдар?
________________________________________________________
________________________________________________________ ________________________________________________________ ________________________________________________________ ________________________________________________________
________________________________________________________ ________________________________________________________
________________________________________________________ Жауабы: суық ауа жылы ауадан ауыр. Қыста салқын ауа жоғарыдан төмен түседі, сондықтан төменде ауаның температурасы төмен болады. Қазастандағы Алматы қаласы Алатау етегінде орналасқан, сондықтан қаланың оң түстік жағы солтүстік жағынан жоғары орналасқан. Сондықтан бір уақытта Алматының әр түрлі жерінде әр түрлі температура байқалады.
5-тапсырма
Саяхат кезінде Чарльз Дарвин әлемнің түрлі нүктелерінде жиі аялдады. Бірде биік шыңдардың бірінде тоқтаған кезде Дарвиннің серіктері қазанның суы қайнап тұрғанына қарамастан ұзақ уақыт картоп піспегеніне таң қалды. Картоп ұзақ уақыт қайнаса да қатты күйінде қалды. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады? Жауабы: Биік таулы шыңдарда атмосфералық қысым төмен, ал ондағы су төмен температурада қайнайды.
6-тапсырма
4800 метрден жоғары тауларда, тіпті экваторда да үнемі қар жатады. Жер шарында 6000 м-ден биік, шыңдары қармен жабылмаған таулар болуы мүмкін бе?
Жауабы:Қардың жиналуына жағдай жасамайтын климаты соншалықты құрғақ жерде Оңтүстік Америка, Лулайака тауы
7-тапсырма
Егер таулардың етегінде ең жылы айдың орташа температурасы + 15 ° C болатыны белгілі болса, Орал тауларының шыңдары жазда қармен жабыла ма? Жауабын түсіндіріңіз.
Жауабы: (жоқ, өйткені 1000 м көтерілгенде, температура 6 ° C-қа төмендейді, ал Оралдың ең биік шыңы - Народная, оның биіктігі - 1895 м, демек, жоғарғы жағында температура + 7 ° C болады, бұл температурада қар жиналмайды)
8-тапсырма
Неге Арктиканы зерттейтін ғалым сынап термометрге қарағанда спирт термометрді қолдануды ұйғарады?
1.Себебі спирт термометр дәлірек көрсеткіштерді береді.
Иә/жоқ
2.Себебі сынаптың қатаю температурасы спирттің қатаю температурасынан төмен.
Иә/жоқ
3.Себебі спирттің қатаю температурасы сынаптың қатаю температурасынан төмен.
Иә/жоқ
Жауабы: 1-жоқ; 2-жоқ; 3-иә
9-тапсырма
Келтірілген шкала бойынша Мадагаскар аралының
температурасын Цельсий және Фаренгейтпен анықтаңдар
Жауабы: 200С; 680 F
10-тапсырма
Ғарышкерлерді ашық ғарышқа шыққанда күн көзінен бөлінетін зиянды сәулелерден және ғарыштық шаң-тозаңдардан бірнеше қабат тігілген скафандр сақтап қалады. Скафандрды құрамында нейлон, дакрон, кевлар деп аталатын үш түрлі жасанды матадан тігеді.
Ғарышкер скафандрды кигенде неге (неліктен) терлеп кетпейді?
Ғарышкер скафандрды кигенде терлеп кетпес Иә/Жоқ үшін келесі жағдайлардың қайсысы жасалған?
Скафандрдың ішінде ауа алмасып тұратындай Иә/Жоқ жағдай жасалған.
Скафандр өте жұқа тігілген. Иә/Жоқ
Скафандрды тігуге қолданатын маталар ерекше Иә/Жоқ болып келеді.
Жауабы: Скафандрдың ішінде ауа алмасып тұратындай жағдай жасалған.
11-тапсырма
Ресейде түрлі транспорттан ауаға шығаратын ластаушы заттардың көлемі 17 млн т жылына, соның 80 % автокөліктен шығады екен.
Автмобиль көлігінен шығатын қандай негізгі ат ауаны ластаушы зат болып табылады?
Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Автмобиль көлігінен шығатын қандай негізгі зат ауаны қалай ластаушы зат болып табылады? |
Иә немесе Жоқ |
Көмірқышқыл газы |
Иә/Жоқ |
Қүқірт қышқылы |
Иә/Жоқ |
Метан газы |
Иә/Жоқ |
Жауабы: Көмірқышқыл газы
12-тапсырма
«Тапсырыс бойынша жауған жаңбыр»
Атмосфералық жауын-шашын адамның шаруашылық өміріне айтарлықтай әсер етеді. Өзінің қалауы бойынша жаңбыр жауғызу – адам баласының бұрыннан бергі арманы. Алайда ғалымдар жасанды жаңбыр жауғызу мақсатында атмосфералық процеске белсенді әсер ететін әдісті тек ХХ ғасырдың ортасында ғана ойлап тапты. [8]
Атмосфералық жауын-шашын – табиғаттағы су айналымының маңызды кезеңі. Олардың пайда болуы әртүрлі және бірнеше фактор әсер етеді. Бұл жайлы не білесіздер? Дұрыс және дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіздер.
№ |
Тұжырым |
Дұрыс |
Дұрыс емес |
1 |
Фронтальды жауын- шашын жылы және суық ауаның қақтығ ысқан жеріне түседі. |
+ |
|
2 |
Рельеф атмосфералық жауыншашынның пайда болуына әсер етпейді. |
|
+ |
3 |
Табиғи жағдайда бұлттардың барлық түр і жауын-шашын сатысына дейін дамиды. |
|
+ |
4 |
Табиғи жағдайда конвективті бұлттарды ң тек бір бөлігі кумулонимбус сатысына дейін дамиды, одан жауыншашын түседі. |
+ |
|
5 |
Жауын шашынның пайда болуы үшін бұлттарда топырақ, минералды шаң және ауа ағынд ары арқылы биіктікке тасымалданатын б асқа сұйық немесе қатты қоспалардың бо луы қажет. |
+ |
|
13-тапсырма
Гималай тауларының бөктеріндегі Черрапунджи елді мекенін құрлықтың «ең ылғалды жері» деп атайды. Бұл жерде жылына 12000 мм жауын-шашын түседі.
Сұрақ: бұл құбылыстың себебін қалай түсіндіруге болады? Дүние жүзінде жауын-шашын мөлшері көп түсетін тағы қандай жерлерді білесіздер, атап шығыңыздар.
14-тапсырма
ХХ-ғасырда адамның шаруашылық
әрекетінің әсерінен атмосфера үлкен мөлшерде ластана бастады.Атмосфераның ластануымен күресу адамзаттың алдындағы аса маңызды мәселелерге айналып отыр.
Ауаны көлік түрлерінің ішінде ластаушы көздердің ең негізгісі қайсысы?
А. Автомобильдер
В. Темір жол көлігі С.Ұшақтар
15-тапсырма
Экологиялық ахуалдың нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшерінің 10-12%-дан артпауына алып келді.
Ауадағы таза оттегі мөлшері қанша пайызды құрағанда қалалықтар экологиялық ахуалдың жақсарғанын көріп,сезінеді?
А. 100%
В. 51%
С. 21%
16-тапсырма
Ауаның қасиеттерін мөлдір, иіссіз, түссіз екенін Әмина дүниетану сабағынан біледі. Бірақ ауаны Әмина естіп, сезініп және көргісі келді.
Қай тәжірибені жүргізгенде:
1-тәжірибе: Үлкен суы бар ыдысқа стақанды түбін жоғары
көтеріп қисайта түсіргенде;
2-тәхірибе: Үрленген шарды қысып ұстап тұрып ауасын шығарғанда;
3-тәжірибе: Үрлеген шарды бетіне тақап тұрып ауасын шығарғанда;
Әмина ауаны көреді, естиді, сезінеді? Тәжірибе қорытындысын тұжырымда.
Жауабы:
1-тәжірибеде –көреді. Стақаннан біртіндеп шыққан көпіршікті байқауға болады, ал көпіршіктің ішінде ауа бар.
2- тәжірибеде-естиді. Үрленген шарды біртідеп қысып тұрып ауасын шығарса ауаның даусы естіледі.
3-тәжірибеде-сезінеді. Үрленген шардың ауасын бетке тақап тұрып шығарса ауаның лебін тері арқылы сезінуге болады.
Тәжірибенің қорытындысы : Бізді әрдайым айналамызда ауа қоршап тұратындығын байқадық, және ауа газ тәріздес зат екен.
17-тапсырма
Жер бетіндегі ауа үздіксіз қозғалыста болады. Жер бетіндегі ауаның горизанталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды. Адам желдің күшін өте ерте заманнан пайдаланып келеді.
Адамзаттың желді пайдалануына үш мысал келтіріңіз.
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Жауабы:
Қуат көзі ретінде (Энергетикалық мақсатта)
Жер астынан су тарту үшін
Спорттық мақсатта (желкенді қайықпен, парашютті спорт)
Ұн,астық (бидай) тарту үшін
Желкенді кемелермен саяхаттау үшін
Егінді суғару үшін, егістікке су жіберу үшін
18-тапсырма
Желдің пайда болуының себебі – ауа қысымының жер бетінде әркелкі таралуы.
«Бриз» және «Муссон» сөздерін пайдаланып, олардың пайда болу үдерістерін түсіндіріңіз. Екеуінің ұқсастығын табыңыз. Бриз желі адамға пайдалы ма?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Жауабы:Бриз – құрлық пен судың үстіндегі ауаның әр-түрлі жылынуына байланысты бағытын тәулік ішінде 2 рет өзгертетін жел.
Муссон — құрлық пен теңіз арасында тұрақты соғатын маусымдық жел.
Ұқсастығы екеуіде — құрлық пен су айдыны арасында соғатын жел. Бриз желі айналасындағы құрылықтағы күндізгі аптап ыстықты бәсеңдетеді. Бриз французша жеңіл жел,яғни теңізден соғатын жанға жайлы самал жел. Рекреациялық — емдік қасиеті бар, теңіз жағасында демалуға, денсаулығын нығайтуға, таза ауамен тыныстауға пайдалы.
19-тапсырма
Желдің адамға тигізер пайдалы және пайдасыз жағын талдаңыз. Желдің зиянды әрекеттерінен адам өмірін қорғаудың қандай жолдарын ұсынасыз?
______________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________ Жауабы: Пайдалы жағы: ауаны алмастырып тазартуы, таза әрі арзан қуат көзі, жел диірмені, спорттық мақсатта пайдалануға болатындығы
Пайдасыз жағы: Апатты дауылдар-тайфун, боран, шаңды дауыл.
Қорғану жолдары: Ауа-райын алдын-ала болжай білу керек. Алыс жолға табиғат аясына шығарда алдағы ауа-райы жайлы ақпараттармен танысу керек. (Теледидар. ғаламтор, газеттерден)
Апатты дауыл жақындағанда қауіпсіз жерге кетуге тырысу қажет, үлгермесе тығылатын пана жер тезірек табу керек.
Шаңды, құмды дауылға тап болғанда адам басын, бетін бүркеу керек.
20-тапсырма
Автомобиль көлігінің ауаны ластауын тоқтату үшін қандай шаралар тиімді болар еді? Өз ойыңды, ұсынысыңды жаз.
________________________________________________________ ________________________________________________________
________________________________________________________
Жауабы: Сумен, сутегімен, этил спиртімен ,күн батареясымен жүретін таза экологиялық автомобильдерді көптеп шығарып қолдану.
Жанар-жағармаймен жүретін көліктерден бас тарту.
Велокөлікпен жүруді өмір салтына айналдыру.
21-тапсырма
Үйде краннан ағып тұрған су құбырлармен жеткізілген. Не үшін су құбырларын жердің астымен өткізеді?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Жауабы:
-Қыста ауа температурасы өте төмендеп кететіндіктен -Қыста жер бетіндегі тым суынған ауаның құбырдағы суды қатырып тастамауы үшін.
-Ауа температурасы өте төмендегенде су бір күйден екінші күйге, яғни сұйық күйден қатты күйге өтпес үшін.
-Су құбырына қалың төселген (жауып жатқан) топырақ қыста өте суық ауадан ,аяздан қорғайды.
22-тапсырма
Ауаның негізгі салмағы жер бетінің төменгі таяу қабатына түседі. Атмосфераның бүкіл салмағының жартысы 5 км биіктікке дейінгі қалыңдығына тура келеді, сондықтан ауаның қысымы биіктік бойынша өзгереді.Асқар атаанасымен Астана қаласына ұшақпен баруды жөн көрді.Ұшақ әуежайдан көтерілерде стюардесса жер бетіндегі атмосфералық қысым 750 мм екендігін хабарлады. Ұшақ 5000 м биіктікке көтерілгенде Асқар ұшақ сыртындағы атмосфералық қысым енді қанша болды екен деп ойлады.Асқарға көмектесіңіз, ұшақ сыртындағы қысымды анықтаңыз және қорытынды шығарыңыз.
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Жер бетіндегі ауа қысымы 750мм, 5000 м биіктіктегі ұшақ сыртындағы ауа қысымын анықтау арқылы келесі қорытындылардың қайсысын дұрыс деуге болады? |
Иә немесе Жоқ |
250мм,биіктік артқан сайын қысым төмендейді. |
Иә/Жоқ |
250мм, биіктік артқан сайын қысым артады |
Иә/Жок |
250мм, биіктік артқан сайын қысым өзгермейді. |
Иә/Жок |
Жауабы: 250мм, биіктік артқан сайын қысым төмендейді.
23-тапсырма
Неге Өлі теңізге батып кету мүмкін емес?
Жауабы: Бұл теңізде судың (дәлірек айтқанда, ерітіндінің) таңғажайып жоғары тығыздығына байланысты архимед күшінің үлкендігі соншалық, сұйықтық адамды денеге толығымен енуіне жол бермей, адамды су бетіне итеріп жібереді.
24-тапсырма
.
Тұщы су 0°C температурада қатады. Қазақстандағы Балқаш көлінің бір бөлігі тек қатты аяздарда, ал екіншісі 0°C қатып қалатыны неліктен? Бұл құбылысты қалай түсіндіре аласыңдар? ________________________________________________________ ________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________ ________________________________________________________ ________________________________________________________ ________________________________________________ Жауабы: Бұл Балқаш көлі. Оның батыс жағы тұщы ал шығыс жағы ащы болады. Себебі батыс жағынан оған Ілі өзені құяды, ал көл ортасынан Балқан түбегімен екіге бөлінген.
25-тапсырма
Шарбы бұлт аспанда батыс жақтан қозғалып келе жатты. Кейін аспан баяу қозғала бастады. Сосын күннің маңында перделі қабатты бұлттар анық көрінді. Гүлдер бүгіле бастады. Көл бетіндегі уру гүлдердің қоңыраулары жабылды. Ауа райының қалай өзгеруін күтуге болады?
(Оқушы өз ойын жазады.) 26-тапсырма.
Егер түнгі сағат 12-де жауын жауып тұрса,72 сағаттан кейін күннің ашық болуын күтуге болады ма?
Жауабы : Жоқ,72 сағаттан кейін түн болады.
“ Литосфера” тарауы бойынша тапсырмалар 1-тапсырма. Гейзер.
Исландия аралында гейзер алқабы бар. Ол Рейкьявиктен жүздеген км қашықтықта жатыр. Дәл осы жерде Исландияның алғашқы қоныстанушыларын таңқалдырған атақты Үлкен гейзер орналасқан. Бұл –еуропалықтар куә болған алғашқы табиғи, ыстық субұрқақ. Үлкен гейзердің 3м өзегі әктасты туфтан жасалған кесеге ұқсайды.Гейзер бар күшін жинап, суды 40-60 м биіктікке қатарынан 3 рет лақтырады. Бұл «салют» 10 мин созылады.
Сұрақ: Гейзердің жиі атқылауына немесе белсенділігінің артуына не себеп болады? Жауабы: Жер сілкінісі.
2-тапсырма.
Лоркадағы жер сілкінісі
Испанияның Лорка қаласы жер сілкінісі жиі болатын аймақта орналасқан. Онда 2011 жылдың мамыр айында жер сілкінді. Геологтардың пікірінше бұл жер сілкінісі бұрынғыларына қарағанда адам әрекетінен болуы мүмкін. Олардың болжауы бойынша жер асты суларын жер бетіне шығару жақын орналасқан жарылған жердің қысымына ықпал еткен. Нәтижесінде жер сілкінісі пайда болған. Сол қалада тұратын студент өз қаласындағы жер сілкінісі үшін қатты алаңдайды. Ол шағын зерттеу жүргізгісі келеді.
Сұрақ: Студент жер асты суларын жер бетіне шығару жер сілкінісін тудырууы мүмкін екенін бағалау кезінде мына сұрақтардың қайсысын қарастыруы қажет? А. Аймақтағы қыртыста жарықтар бар ма?
Б. Аймақтағы жерден тартылатын су ластанған ба?
С. Аймақтағы қыртыс табиғи себептер әсерінен қысымға ұшыраған ба?
Д. Орташа есеппен алғанда аймақтағы күндізгі температура қандай?
Жауабы: А,С
3-тапсырма. Үлкен Каньон
Үлкен Каньон АҚШ-ғы шөлдердің бірінде орналасқан.Ол-тау жыныстарын құрайтын көп қабатты үлкен және терең каньон. Бір кездері жер қыртысының қозғалысынан осы қабаттар жоғары көтерілді.Қазіргі таңда Үлкен Каньонның тереңдігі 1,6 км жетеді.Каньон шетінде Колорадо өзені ағып жатыр.
Сұрақ: Жыл сайын Үлкен Каньон ұлттық саябағына 5 млн жуық турист келеді.Турист санының көп болуынан саябаққа зиян келмей ме?
Жауабы: Жаяу жүргіншілер жолдардың эрозияға ұшырауына әсер етеді. Саябақ 100 жыл бұрынғыдай көркем күйінен айырылуы мүмкін. 4-тапсырма. Кейбір жанартаулық тау жыныстарында көптеген бос қуыстар болады [5]
Жанартаулық тау жыныстары Бұл бос қуыстар қалай пайда болған?
А. Тау жынысы жұмсақ болған кезде, жәндіктер оның ішінен шұңқырлар қазған.
В. Тау жынысы суыған кезде, оның ішінде газ көпіршіктері бөлініп шыққан.
С. Тау жынысы жұмсақ болған кезде, оған жаңбыр тамшылары тамған.
D. Тау жынысы суыған кезде, оның ішінен кішкентай тастар түскен.
5-тапсырма.
Дүние жүзінің ең ірі гейзерінің бірі – Эксельсиор гейзері АҚШ Йеллоустон паркінің кереметі болып саналады. Оның су бұрқағы жағасы шың құзды және/немесе жартасты болып келетін көлдің ортасынан жоғары қарай атқылайды.
Гейзердің атқылауы барысында болатын құбылыстарды суреттеңіздер.
6-тапсырма.
Америка Құрама Штаттарында жылына 640 ретке дейін болатын құбылыс бар. Ол құбылыс жазықтықтық Техас, Оклахома, Канзас, Небраско штаттарында жиі байқалады. Аталған штаттарда өмір сүретін адамдар табиғаттың бұл апатты құбылысынан жасырыну үшін өз үйлерінде қорғаныс баспаналар салады.
Бұл құбылыс қалай аталады?
7-тапсырма. Аласа таулы өлкелер
Гүлжан еліміздегі аласа таулар туралы деректер жинап, аласа таулардың биіктіктерін кестеге енгізді
Таулардың биіктіктері
Таудың атауы |
|
Биіктігі |
Қызылтас |
1283 м |
|
Қызыларай |
1565 м |
|
Кент |
1415 м |
|
Қарқаралы |
1403 м |
|
Баянауыл |
1026 м |
|
Гүлжан жинақтаған деректерін диаграмма түрінде көрсетпекші болды. Диаграмма салуды аяқтаңыздар.
8-тапсырма. Жер сілкіну. [5]
Деректі фильмде жер сілкіну және олардың қалай болатыны туралы айтылған. Сонымен қатар фильмде жел сілкінуді алдын ала болжауға болатындығы туралы пікірталас жүргізілді. Геология саласының маманы: «Алдағы 20 жылды Х қаласында жер сілкіну болу ықтималдығы үш жағдайдың екеуін құрайды» деген пікір айтты.
1-сұрақ. Келесі пайымдаулардың қайсысы геологтың пікірін дұрыс сипаттайды?
А. Үстіміздегі жылды есептегенде 12 жыл өткеннен кейін немесе 13-ші жылы Х қаласында жел сілкіну болады.
В. 23 саны 12 санына қарағанда үлкен, сондықтан алдағы 20 жыл ішінде Х қаласында жер сілкіну болатынына сенімді болуға болады.
С. Жер сілкіну болмауы ықтималдығына қарағанда, алдағы 20 жыл ішінде Х қаласында жер сілкіну болу ықтималдығы басымырақ.
D. Жер сілкінудің қашан болатынын ешкім білмегендіктен, оның болатынын айту мүмкін емес.
2-сұрақ. Жер сілкінуді болжауға бола ма? Ия/жоқ.
3-сұрақ. Жауабыңыз «ия» болған жағдайда мысалдар келтіріңіз және өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
4-сұрақ. Жауабыңыз «жоқ» болған жағдайда өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
9-тапсырма. Жанартау.
Жанартау (лат. vulcanus – от, жалын деген мағынаны білдіреді) – Жер қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары .
Жанартау атқылаған кезде оның терең магмалық ошақтарынан жер бетіне ыстық қоймалжың лава, газ және бу атқылайды.
1-сұрақ. Жанартаудың атқылауынан болатын зардаптарды атаңыздар.
2-сұрақ. Жанартаудың әрекетін шаруашылықта пайдалану жолдарын ұсыныңыздар.
10-тапсырма. Топырақ
Топырақ дегеніміз – ерекше табиғи дене.Топырақ түрлі
организмдердің, жылудың және атмосфералық жауын-
шашынның әсерінен пайда болған. [5]
Сұрақ: Топырақтың пайда болуына қандай факторлар әсер етеді?
кестеге ия/жоқ жауабын жазыңыздар.
жәндіктер |
|
өсімдіктер |
құрттар |
саңырауқұлақтар |
||
|
микробтар |
|
кішкентай аңдар
Топырақ түзуші факторлар
|
Ия |
Жоқ |
Адамның іс-әрекеті |
|
|
Климат және ішкі сулар |
|
|
Өсімдіктер |
|
|
Жануарлар дүниесі |
|
|
Бунақ денелілер |
|
|
Микробтар |
|
|
Саңырауқұлақтар |
|
|
11-тапсырма.
Жер бетінде ғажайып материк бар. Оның ғажайып болу себебі келесіде: егер саяхатшы кемемен осы материктің жағалауымен батыстан шығысқа қарай жүзсе, үш мұхитты кесіп өтеді. Бұл материкте солтүстік пен оңтүстік орындарын «ауыстырады». Сонымен бірге бұл жерде адам теңіз бен құрылықты айыра алмайтын күйге түседі.
Сұрақ: бұл қай материк?
Қандай үш мұхитты жүзіп өту керек?
Неліктен оңтүстік пен солтүстік бір уақытта орындарын ауыстырады?
Неліктен бұл жерде теңіз бен құрылықты айырып алу қиындық туғызады?
12-тапсырма Таулар.
Әр континент бойынша ең биік таулар туралы мәліметтер көрсетілген. Осы мәліметтерді қолданып, таулардың биіктіктерін табыңыздар. [5] Таулардың биіктігі
№ |
Таудың атауы |
Тау орналасқан материк |
Мәліметтер |
Биіктігі |
1 |
Эверест |
Азия |
|
8852 м |
2 |
Аконкагуа |
Оңтүстік Америка |
Аконкагуа тауының биіктігі Эверест тауы биіктігінің 79%-ын құрайды |
|
3 |
Мак-Кингли |
Солтүстік Америка |
Аконкагуа тауының биіктігі МакКингли тауынан 798 мге биік |
|
4 |
Килиманджаро |
Африка |
Килиманджаро тауының биіктігі МакКингли тауынан 199 мге аласа. |
|
5 |
Эльбрус |
Еуропа |
|
6642 м |
6 |
Винсон массивіндегі Сентинел жотасы |
Антарктида |
Сентинел жотасының биіктігі Аконкагуа мен Эльбрус тауларының биіктігінің айырымын |
|
|
|
|
13,98 есе арттырғанға тең |
|
7 |
Косцюшко |
Аустралия |
Косцюшко тауының биіктігі Сентинел жотасының биіктігінен 2666 м-ге аласа |
|
«План және карта» тарауы бойынша тапсырмалар
1-тапсырма.
Берілген топографиялық картаны пайдалана отырып тапсырмаларды орында.[1]
а) Құдықтың абсолюттік биіктігін анықта.
Жауабы_________________
b) В нүктесі А нүктесінен қай бағытта орналасқан?
Жауабы_________________
с) А нүктесінің В нүктесіне қатысты азимуты?
Жауабы_________________
d) Картаны пайдалана отырып құдық пен А нүктесінің
арақашықтығын есепте. Жауабы_________________
е) Картадағы 3 санымен берілген алаңға төмендегі суреттердегі объектілердің қайсысын салуға болады. Жауабыңды дәлелде. _________________
тау шаңғысы алаңы футбол алаңы коньки алаңы g) А нүктесінен В нүктесіне дейін қима салыңыз
f) төменде берілген графиктерге қарай отырып, топографиялық картадағы А нүктесінен В нүктесіне жүргізілген қиманы анықта. Өз жауабыңды түсіндір _________________
А В
С Д
h) Өсімдік жамылғысы мен жер бедерінің сипатын суреттеп
бер. Жауабы____________
2-тапсырма
Инвестор мал фермасының құрылысы үшін жер телімін таңдап жүр.Оның қалауы бойынша жер телімі су көзіне жақын, жайылымы көп, фермаға жем тасымалдауға қолайлы аймақ болуы шарт.Карта бойынша инвестордың шартына сай келетін аймақты анықтап, негіздеме беріңіз.
3-тапсырма
Балалар ауылдан кешке шаңғымен шығып кетті. Қараңғы өте тез түсіп,адаса бастады. Аспанды тұман басып, жұлдыздар көрінбеді. Балалар солтүстік бағытты тауып, анықтағылары келді, бірақ тіпті Солтүстік жұлдыз көрінбеді. Балалар ауылға қалай оралады?
Жауабы: жолды табу дұрыс бағытты табу дегенді білдіреді және бұл үшін көкжиектің тұстарын белгілеу керек. Оны сағатпен және Ай мен сәйкестендіруге болады. Ай сағат 18.00-де шығыста, оңтүстікте 24.00-те болады.Сағат тілін Айға бағыттау керек. Көрсеткіш пен 12 санынан құрылған бұрышты екіге бөліп анықтайды. Бағыт солтүстік пен оңтүстікке бағытталған.
4-тапсырма
Жалғыз ағаштардан көкжиектің бағытын анықтай аламыз. Жазық жерлерде өсетін ағаш арқылы желдің бағытын анықтауға бола ма.
Егер мүмкін болса, қалай?
Жауабы:
Бұл желдің күші мен бағыты күн сайын және сағат сайын өзгеріп отырса да, орта есеппен әр аймақта осы бағытқа тән бір бағыт немесе бірнеше жел әрқашан басым болады. Жалпы жел бағытына қарай ағаш қисаяды.
5-тапсырма.
Бұл бұғаз бір уақытта бірнеше қызмет атқарады: екі мұхитты және екі теңізді жалғастырады, екі материкті, дүниенің екі бөлігін, екі түбекті, екі мемлекетті бөледі.
Сұрақ: бұл қай бұғаз?
Бұл бұғаз жалғастыратын (қосатын) және бөлетін нысандарды жұп-жұбымен жазыңыздар.
Екі мұхит –
Екі теңіз – Екі материк – Дүниенің екі бөлігі –
Екі түбек – Екі мемлекет – 6-тапсырма
«Ұқсастығын тап» әдісі. Рио-де-Жанейро қаласы мысалында
қасындағы қаланың ұқсастығын табу керек.. [4] Рио-де-Жанейро – Рига (екеуіде «Р» әріпінен басталады)
Рио-де-Жанейро – Стамбул (екеуіде бұрынғы астаналар) Рио-де-Жанейро – Копенгаген (екеуіде теңіз жағасында орналасқан)
Рио-де-Жанейро – Кейптаун (екеуіде оңтүстік жарты шарда орналасқан)
Рио-де-Жанейро – Гавана (екеуіде тропиктік белдеуде
орналасқан)
Рио-де-Жанейро – Нью-Йорк ( екеуіде батыс жарты шарда орналасқан)
Рио-де-Жанейро – Лиссабон ( екі қаланың тұрғандарыда португал тілінде сөйлейді)
Рио-де-Жанейро – Венеция (екі қалада өзінің жәрмеңкелерімен
әйгілі)
Рио-де-Жанейро – Санкт-Петербург (екі қалада өз мемлекетінде халық саны жөнінен екінші орын алады)
«Аспан денелері» бойынша тапсырмалар
1-тапсырма
Аспан денелерінің бірі — Ай белгілі бір мөлшерде Жерге әсер етеді. Сен жалғыз өзің ешқандай тіршілік белгісі жоқ аралға тап болдың. Айдың көмегін қалай пайданар едің?
______________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Жауабы: Толысу құбылысын пайдаланып, су қайтқанда балық, тағы басқа теңіз өнімдерін теріп тамақтанар едім.
2-тапсырма
1 2 3
Ай мен Жердің арақашықтығы — 384 000 км. Айдың диаметрі Жерден 4 еседей аз.
Жоғарыда көрсетілген суреттердің қайсысында күн тұтылу құбылысын байқауға болады?
А. 1-сурет В. 2-сурет С. 3-сурет
Жауабы: В
3-тапсырма.
Ғаламшарлар секілді Ай да салқын дене.
Айжан ата-анасымен қонақтан үйлеріне түн ауа қайтты. Ай жарқырап үйге қайтар жол ағараңдап анық көрінеді. Айжан ай неге жарық, ол салқын дене емес пе деп ойлады? Неліктен ай салқын дене бола тұра бізге жарық болып көрінеді? Түсіндір. ________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Жауабы: Ай күн сәулесін қабылдай алмайды, оның орнына тек шағылыстыратын қабілеті бар.
4-тапсырма .
Қазақта өмірде өзіңнен кейін ізің қалсын деген қанатты сөз бар. Бұл әрине рухани өмірдегі адмгершілік іздері жайлы айтылған. Ал жер бетінде біздің аяғымыздың ізі көп дегенде бірнеше күн ғана сақталса, ай бетінде ғарышкерлердің ізі ғасырлар бойы сақталады.
Ай бетінде ғарышкерлердің ізі жүздеген жылдар бойы сақталуының себебі не?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________ Жауабы: Себебі Айда жел де, жауын-шашын да болмайды.
«Дүниежүзілік мұхитты зерттеу» бойынша тапсырмалар
1-тапсырма
Берілген ақпараттарға сәйкес Орыс ғалым-саяхатшыларының қандай кемемен жүзгенін анықтаңыз:[4]
1) «Әулие Фока»берілген кемелердің ішінде ең соңынан құрылған кеме;
2) «Әулие Гавриил» кемесі жүзіп жүрген мезгілде М.П. Лазарев және В.М. Головнин дүниеге келмеген;
3) В. Беринг өзінің жорығын берілген ғалымдардан бұрын жасаған. 4) «Мирный» кемесі Антарктида материгі ашылған жершарын айнала жасалған экспедицияға қатысқан.
5) Г.Я. Седов В.М. Головнинаның немересімен бірге Теңіз кадет корпусында бітіруші емтиханын тапсырып жатқан.
Мүмкін емес жауаптарға минус белгісін қою арқылы дұрыс шешімді анықтау.
«Әулие Фока» «Әулие Гавриил» «Диана» «Мирный»
М.П. Лазарев
Г.Я. Седов
В. Беринг
В.М. Головнин
Жауабы:Оқушының ойлауы келесідей болуы мүмкін:
«М.П. Лазарев орыс антарктида экспидициясын басқарғаны екені белгілі. Шартта көрсетілгендей, мұндағы кеме "Мирный" . Алғашқы мұхитсаяхатшылардың бірі В. Беринг, ал Г.Я Седов В.М. Головнинаның немересімен бірге оқыған. Яғни, Г.Я. Седов өз саяхатын берілген ғалымдардың арасында ең соңғы болған, соған сәйкес кемесі "Әулие Фока". В. Беринг және В.М. Головиннің кемесі қалды, "Әулие Гавриил» кемесінің саяхаты кезінде В.М. Головин әлі дүниеге келмеген. Соған сәйкес ол кемеде В. Беринг жүзген. «Диана» кемесі қолды, яғни онда адмирал В. М. Головнин жүзген.»
2-тапсырма.
Ла-Манш бұғазының астынан тоннель қазу туралы келісімге 1986 жылы қол қойылды, Еуротоннель қолданысқа 1994 жылы берілді. Параллель салынған екі темір жолдың ұзындығы 51 км, сонымен қатар бұл темір жолдың 39 км судың астында орналасқан. Қазіргі кезде жүрдек поездар Лондон мен Париждің арасын 2 сағат 15 минутта жүріп өтеді. Сонымен қатар Ла-Манштың (судың) астынан өту 30-35 минут уақытты алады. Берілген деректерді қолдана отырып Лондоннан Парижге саяхат жасау жобасын жасаңдар.
3 тапсырма .
Географиялық координата арқылы қарақшы қандай аралдарда болғанын анықта .Қазына 3 әріптен тұратын аралда жасырылған. 0° е. 115° ш.б.
50° с.е. 143° ш.б.
70° с.е. 40° б.б.
22° с.е. 80° б.б.
53° с.е. 4° б.б.
15° о.е. 110° ш.б.
Жауабы: Ява аралы
«Табиғат және қоғам» 1-тапсырма.
Қарапайымнан күрделіге қарай дейінгі принципті қолданып, деңгейлерді негізгі үш сфераға бөліңіздер (1-кесте): [5]
1-кесте – Қарапайымнан күрделіге қарай
Бейорганикалық табиғат |
Тірі табиғат |
Қоғам |
Атомды |
Жасушалы |
Жанұя |
Микроэлементарлық |
Биологиялық макромолекулярлық |
Индивид |
Ядролық |
Микроорганикалық |
Ұжымдар |
Субмикроэлементарлық |
Популяциялық |
Тұтастай адамзат |
Макродеңгей |
Биосфералық |
Мемлекет (азаматтық қоғам) |
Молекулярлық |
Тұтастай ағза |
Мемлекет жүйесі |
Метадеңгей (метагалактикалар) |
Биоценоз |
Үлкен әлеуметтік топтар (класстар, ұлттар) |
Мегадеңгей (ғаламшарлар, жұлдыздығаламшар жүйесі, галактикалар) |
Мүшелер мен ұлпалар |
Ноосфера |
2-тапсырма
Бізді қоршайтын әлемдегі кейбір физикалық құбылыстар денелерді қыздыру немесе суытуымен байланысты. Қыздыру кезінде суық су жылынып, одан кейін қайтадан суитынын білеміз. «Суық», «жылы», «ыстық» сөздерінің көмегімен біз дененің қызу дәрежесін ажыратамыз, физикада бұл сөздер денелердің әр түрлі температурада тұрғанын білдіреді. Ыстық судың температурасы суық судың температурасынан жоғары болады. Жаздағы ауаның температурасы қыстағы ауаның температурасынан жоғары болады.
Денелер температурасын термометр көмегімен, өлшемі градус Цельсий (0С) арқылы өрнектейді.
Жоғары температурада диффузия жылдам өтетінін білеміз. Бұл молекулалардың қозғалыс жылдамдығы мен температурасы өзара байланысты екендігін білдіреді. Дененің температурасы артқан сайын молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өседі, температура төмендеген сайын- кемиді.
Сонымен, дене температурасы молекулалардың қозғалыс жылдамдығынан тәуелді.
3-тапсырма Сау адам денесінің абсолют температурасы неге тең?
А.36,6 К В.309,6 К С.100 К
Д.237,6 К
Жауабы: В
4-тапсырма
Дененің қызу дәрежесін сипаттайтын шама
А.Жұмыс
В.Энергия
Д.Жылдамдық
Е.Температура
Жауабы: Е
5-тапсырма
Нитрат-өсімдіктің өсуін, жасыл массасының ұлғаюын қамтамасыз етеді.Табиғатта топырақ құрамында нитрат өте аз болады. Егер топырақта нитрат көп болса тамыр арқылы көтерілген нитраттар өсімдіктің кез-келген бөлігінде жинақталады.
Төменде берілгеннің қайсысы топырақтағы нитраттың көбеюінің басты себебі болып табылады?
А. Топыраққа азот тыңайтқышының енгізілуінен
В. Топыраққа органикалық тыңайтқыштардың еңгізілуінен
С. Мелиорация шаралары дұрыс жүргізілмеуінен
Д. Топыраққа әк енгізілу салдарынан
Жауабы: А
6-тапсырма
Қазіргі кезде экологиялық жағдай үлкен проблемаға айналып отырған заманда, күнделікті тамаққа пайдаланатын ауыл шаруашылық өнімдерінің сапалық құрамы қандай деген сұрақ туып отыр. Жылдар бойы жүйелілікпен, яғни тамақпен бала кезден бастап адам ағзасына енген нитрат түрлі ауруларға душар етеді.
Балалар рационынан қандай жемістерді шектеу керек.
Төмендегі берілгендердің ішінен балалар Иә немесе рационынан қандай жемістерді шектеу керек? Жоқ
Ерте жиналған жылыжайлық жемістерді Иә/Жоқ
Күзде дүкеннен сатып алынатын жемістерді Иә/Жоқ
Үй жағдайында өсірілетін өсімдіктерді Иә/Жоқ Жауабы: Ерте жиналған жылыжайлық жемістерді
7-тапсырма.
Солтүстік Америкада радиодан және теледидардан мысалда келтірілгендей ұсыныс-хабарлама жиі болады. Мысал: егер сіз үйде болмасаңыз және жақын жерде ешқандай баспана болмаса – жақын жердегі арыққа немесе ойпаң жерге етпетіңізден жатыңыз, басыңызды қолыңызбен немесе қалқан бола алатын затпен жабыңыз. Егер сіз машинада болсаңыз – жүріп кетуге тырыспаңыз, машинадан түсіңіз және жақын жердегі орға жатыңыз. Егер сіз үйде болсаңыз терезеден, есіктен және үйдің ішкі қабырғаларынан алшақ тұрыңыз, үйдегі жертөлеге тығылыңыз. Жылжымалы үйде, шатырда болсаңыз, одан шығып неғұрлым сенімді баспана табуға тырысыңыз.
Аталған ұсыныстарды сақтаған жағдайда, адам өзінің өміріне төніп тұрған қауіпті және жарақат алу қаупін азайтуына болады.
Сұрақтар:
1. Бұл ұсыныстар қандай табиғи құбылыс барысында маңызды болып табылады?
2. Бұл құбылыстың нәтижесінде болатын зардаптар немен байланысты?
3. Бұл құбылыс туралы не білесіздер?
4. Жер шарының қай аймақтарында жиі байқалады?
5. Қазақстанның жекелеген аймақтарының халқы үшін бұл ұсыныстардың маңызы бар ма? Маңызы бар болса, онда қандай аймақтар үшін? Себебін атаңыздар.
8-тапсырма .
Энергияның балама көздері дегеніміз – болашақта энергия алудың, берудің және пайдаланудың жиынтығы. Олар дәстүрлі энергия көздері тәрізді кеңінен таралмаған, алайда пайдаланудың тиімді, қоршаған ортаға зиян келтіру қаупінің төмен болуына байланысты қызығушылықты тудырып отырған сала болып табылады.
Сіздің ойыңызша энергияның балама көздеріне нелер жатады? Өз ойыңызды жазыңыз және дәлел келтіріңіз.
9-тапсырма.
Қазақстанда энергияның балама салаларын дамытуға қолайлы аймақтар бар ма? Осы аймақтарды атаңыз және негіздеме келтіріңіз.
10-тапсырма.
Энергияның балама салаларын дамыту не үшін қажет деп ойлайсыз?
«Ақылды үй» салуға қандай ұсынысыңыз бар?
11-тапсырма.
Веб-сайт материалдарынан үзінді. Оқушылар оқып шығады,талдайды, мәтінді аяқтайды.
Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша 2000 жылы халықтың 31,8% табысы өмір сүрудің ең төменгі шегінен аз болған. Ақуыз, май және көмірсу қатынасы, микроэлементтер, дәрумендер бойынша тағамның теңестірілмеген болуы республикада эндокриндік жүйе, ас қорыту жүйесі ауруларының, зат алмасудың бұзылуының және иммунитеттің төмендеуінің, туа біткен аурулардың, өмір сүру жасының төмендеуінің себебі болды.Бұған қоса, БҰҰ халықаралық ұйымы адамзаттың назарын ғаламдық кедейлікке, үнемі өсіп келе жатқан демографиялық қысымға, өмір сүруге қолайлы ортаның жойылуына аударып отыр. Осы жағдайларды ескере отырып, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жалпы адамзаттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бір бөлігі болып табылады .Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі - бұл экономиканың әрбір тұтынушыға ғылыми дәлелденген тағам нормаларының қолжетімділігінің кепілідік беруі, және осы негізде адамдық потенциалдың өсуіне жағдай жасалады. Сұрақ-1 Агенттіктің мәліметтері бойынша 2000 жылы халықтың 31,8% табысы өмір сүрудің ең төменгі шегінен аз болған. Не себепті?
Сұрақ-2 Неліктен БҰҰ халықаралық ұйымы адамзаттың назарын ғаламдық кедейлікке, үнемі өсіп келе жатқан демографиялық қысымға, өмір сүруге қолайлы ортаның жойылуына аударып отыр.
Р/с |
Жабық сұрақтар мазмұны |
Ия - Жоқ |
|
1 |
Ақуыз, май және көмірсу қатынасы, микроэлементтер, дәрумендер бойынша тағамның теңестірілмеген болуы жұқпалы ауруларға шалдықтырады |
Ия |
Жоқ |
2 |
Тағам нормаларының қолжетімділігінің кепілдік беруі тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді |
Ия |
Жоқ |
3 |
Халықтың 31,8% табысы өмір сүрудің ең жоғарғы шегінен аз болған. |
Ия |
Жоқ |
Жауабы: Жоқ, Ия, Жоқ
12-тапсырма.
Бұл не? Болжау әдісі бойынша мәтін талдау
Қазақстандағы маралдардың мекені – Қатон-Қарағай. Кезінде жануардың көптігінен Қатонның «белі» қайысатын. 20 мыңға жуық кербұғы болған. Соңғы 10-15 жылда олардың саны күрт кеміп, марал басы сиреп кетті.Аймақ басшылығы осы салаға мықтап ден қоймағанда, тұқымы тұздай құрып, тұяқ та қалмас еді. Шаруашылықтар, аз да болса көптей көріп, облыстық бюджеттен субсидия ала бастады. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанда 10 мың марал бар. Жақында Шығыс Қазақстанға 20ға жуық шетел мамандары барды. Шеттерінен марал өсірудің, оның мүйізінен алынатын пантыдан түрлі өнім жасаудың білікті мамандары.Олар Өскеменде өткен маралшылардың 6-шы Дүниежүзілік конгрессіне қатысты. Араларында кербұғы өсіруден жаһанда көш бастап тұрған Жаңа Зеландия мен Канада азаматтары да бар.
Сұрақ; Бұл қандай шаруашылық түрі? Қазақстанда дамыған ба?
Оның шикізаты не?
«Қазақстан географиясы» бойынша тапсырмалар
Еңбек ресурсы
Еңбек ресурстары - бұл халықтың экономикада жұмыс істеуге қабілетті бөлігі. Оларға халықтың үш тобы кіретіні белгілі:
А) 15 жасқа толған еңбек етіп жүрген жасөспірімдер
Б) Еңбек жасындағы еңбекке қабілетті адамдар –еңбек ресурсының ішіндегі ең көп бөлігі ( 16-58 жасқа дейін әйел адамдар, 63 жасқа дейін ер адамдар) В) Жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер.
Еңбек ресурсының құрамына экономикалық белсенді халық (жұмыс істейтін және жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздар)және экономикалық енжар халық кіреді Белсенді халық бүкіл ел бойынша біркелкі емес бөлінген: жұмыс күшінің 2/3 бөлігі оңтүстік пен солтүстікте шоғырланған.
1-тапсырма :
Кім еңбек ресурсына жатады? Әр тұжырымдағы «ия» немесе
«жоқ» сөзін қоршаңыз
|
Мысал |
Жауап |
|
Біздің сынып оқушылары |
Иә/Жоқ |
||
65 жастағы әйелдер |
Иә/Жоқ |
||
40 жастағы көру қабілеті бойынша мүгедек |
Иә/Жоқ |
||
30 жастағы ер адам |
Иә/Жоқ |
||
Жауабы: жоқ, жоқ, жоқ, иә |
2-тапсырма:
Сіздің ата-анаңыз, мұғаліміңіз қандай кәсіби және әлеуметтік құрылымға жатады, анықтаңыз. Жауабын түсіндіріңіз. ________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Күтілетін жауап: мұғалімдер- мемлекеттік мекемеде,өндірістік емес салада, үшінші секторда жұмыс жасайды.
түсіндіріңіз.
________________________________________________________ ________________________________________________________ ________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________ ________________________________________________________
________________________________________________________
Күтілетін жауап:Халық саны көп болған сайын еңбек ресурсы мен ЭБХ саны да жоғары болады. Табиғи өсім жоғары аудандарда туу көрсеткіші жоғары,сондықтан еңбек ресурсынан бұрын балалардың үлесі жоғары болады.
Орманды дала және дала зонасы
Картосызба «Қазақстанның табиғат зоналары»
Мәтін:
1696 жылы Ресей үкіметі Тобыл воеводасы А.Нарышкинге «сызбаны жөндеуді», яғни қазақ жерінің географиялық картасын жасауды тапсырды. Воевода «сызбаны жөндеуді» Тобыл қызметкері С.У.Ремезовке тапсырды. «Даланы Тоболдан Казак ордасына және Үлкен Бұхарадан Хиуа және Яикке және Астраханға дейін түсіру тапсырылды, мұнда жолдың құрғақ және батпақты, жазда және қыста және өзендердің тасуы т.б жөнінде жазу керек болды.
4-тапсырма: Дұрыс жауабын тап
№ |
Сұрақ |
Иә/Жоқ
|
1 |
Орманды дала Қазақстанның солтүстігінде орналасқан және батыстан шығысқа қарай созылып жатыр |
|
2 |
Орманды дала Қазақстанның батысында орналасқан және оңтүстіктен солтүстікке созылған |
|
3 |
Дала орманды даланың оңтүстігінде орналасқан және батыстан шығысқа қарай созылып жатыр |
|
4 |
Далалар Арал теңізі алабында орналасқан және батыстан шығысқа қарай созылып жатыр |
|
Түсініктеме: «Қазақстанның табиғат зоналары» карта сызбасын қолданыңыз.
Күтілетін жауап: иә,жоқ,иә,жоқ [9] 5-тапсырма.
Қазақстанның орманды дала зонасында қара топырақты, сұр орман топырақтары таралған; далада - құрғақ каштан топырақ түрі бар. Осы топырақ түрлерінің қалыптасуына және орналасуына қандай факторлар әсер етті?
Сызба «Қазақстанның топырақ картасы»
Күтілетін жауап: Күн радиациясы, ылғал, жер бедері.
6-тапсырма
Ауылшаруашылығы аудандары картасын пайдаланып сұраққа жауап бер. Орманды дала және дала зонасының топырақтары қандай шаруашылық түріне тиімді қолданылады?
Жауап |
Ерекшелік |
A |
Егіншілік пен мал шаруашылығын дамыту |
B |
|
|
Бидай, қарақұмық, арпа, күнбағыс өсіру |
C |
Марал, ірі қара, жылқы өсіру, қой өсіру |
D |
Табиғатты қорғау аймақтарын құру, аң аулау, балық аулау |
Жауабы: А. 7-тапсырма
Берілген жоспарды қолдана отырып, Қазақстанның далалары мен орманды далаларының табиғи аймақтарын сипатта.
1.Табиғат зонасының географиялық орны
2.Климаттық жағдайы
3.Топырақ және өсімдік жамылғысы
4.Жануарлар дүниесі
5.Шаруашылықта қолданылуы
6.Экологиялық мәселесі мен шешу жолдары
Жауабы: еркін
Қазақстанның географиялық зерттеулері.
Мәтін: XVI ғасырдан бастап Қазақстан туралы географиялық мәліметтер Ресей мемлекетінің ресми мекемелерінде қорытыла бастады. Қазақ-орыс елшілік байланыстарының орнауына байланысты патша өкіметі қазақ жері туралы мәліметтерді елшілер, көпестер және жолбасшылар арқылы жинай бастады. Нәтижесінде Қазақстанның табиғаты, халқы мен шекарасы туралы жаңа деректер пайда бола бастады. Осы мәліметтерді пайдалана отырып, қазақ Қадырғали Жалаири (XVI ғасырдың аяғы - XVII ғасырдың басы) патша Борис Годуновтың өтініші бойынша бізге жеткен алғашқы тарихи еңбекті - «Жылнамалар жинағын» («Жәми ат-таварих») жасады. Бұл жинақ Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы мәліметтерден басқа, Қазақстанның қалалары, өзендері, таулары мен шекаралары туралы кең көлемді ақпаратты қамтыды. Картосызба: Қазақстанның географиялық зерттеулері.
Түсіндірме: Осы картосхемада Қазақстан аумағын зерттеуші саяхатшылардың бағыттары көрсетілген, онда әрбір ғалымның жолы шартты белгілермен көрсетілген. [9}
8-тапсырма: Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулердің шынайы себептері қандай?
Түсіндірме: XVII ғасырдың соңында Қазақстан мен Орта Азия туралы барлық картографиялық материалдарды көрнекті орыс ғалымы С. Ремезов жинақтады. Қазақстан аумағы туралы тарихигеографиялық мәліметтерді қамтитын "Сібірдің сызба кітабы" атты ғалым еңбегінің қорытындысы болып табылады.
XVIII ғасырда Петр I Ресейдің Қазақстанмен қарым-қатынасына ерекше назар аударады. Ол Қазақстан аумағын "бүкіл Азия елдері мен жерлерінің кілті мен қақпасы" деп санап, оны Ресейге бағындыру жоспарын құрды. Осыған байланысты патша Қазақстанға әскери экспедицияларды жабдықтап, Каспий теңізі мен Сібірдің шетін зерттеуге тапсырма береді.
Күтілетін жауап: XVIII ғасырда Петр I Ресейдің Қазақстанмен қарым-қатынасына ерекше назар аударады. Ол Қазақстан аумағын "бүкіл Азия елдері мен жерлерінің кілті мен қақпасы" деп санап, оны Ресейге бағындыру жоспарын құрды.
9-тапсырма:
Қазіргі заманғы географияның негізі мен дамуына, Қазақстанның табиғатын зерттеуге өз үлестерін қосқан зерттеушілердің есімдерін атаңыз. Жауабы: еркін.
Күтілетін жауап: Бұл тек Ресей империясының ғана емес, Португалия мен Англияның ұлы саяхатшылары. Сол кездегі көрнекті ғалымдар П.С. Паллас, И.П. Фальк, П.И. Рынков және т.б. осы экспедицияның жұмысына қатысты. И. Муравин мен А. И. Бутаков Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі жағын, Г. С.
Карелин Каспий теңізінің жағасын зерттеді. Ал П. П. СеменовТянь-Шанский, Н. А. Северцов, Ш. Ш. Уалиханов, И. В. Мушкетов, А. Н. Краснова, Л. С. Берга және т.б. сол кездегі географиялық ойдың дамуы үшін ерекше маңызға ие болды. Н. А. Северцов Арал өңіріне және Сырдарияның төменгі жағына сапар шекті. 1864 жылы Тянь-Шань, Жетісу, Қызылқұм, Қаратау, Үстірт және Мұғалжардың батыс және солтүстік сілемдерін зерттейді. И. В. Мушкетов (1850 - 1902) - орыс геологы және саяхатшысы. Оның зерттеулері көптеген табиғат құбылыстарының пайда болу себептері мен заңдылықтарын анықтауға көмектесті. А. Н. Краснов (1862-1914) негізінен ТяньШань тау бөктеріндегі және Балқаш көлінің жағалауындағы шөлейт аймақтардың өсімдіктерін зерттеді. Бұл зерттеулерге В. А. Обручев пен В. В. Сапожников Жоңғарияда және Тянь-Шанда, Н. И. Андрусов Маңғышлақта, С. С. Неуструев Оңтүстік Қазақстанда қатысты. Олардың арқасында топырақ жамылғысының құрылысындағы басты заңдылықтар анықталып, Оңтүстік Қазақстан топырағының негізгі түрлері сипатталды. Л.С.Берг (1876-1950) белгілі география-натура-парақ.
Қазақстанда өз қызметін Теке, Қызылқақ, Селетітеңіз тұзды көлдерін зерттеуден бастады. 1900-1903 жылдары Арал экспедициясына қатысты.
10-тапсырма, Зерттеуші ғалымдардың зерттеу маршруттарының сызбасы мен картосхемаларының негізінде мынадай сұрақтарға жауап беру қажет:
№ |
Сұрақтар |
Жауабы: иә/жоқ |
1 |
Қазақстан аумағын зерттеу әдістерін анықтаңыз: |
|
А |
аэрофототүсірілім |
|
В |
суреттеу |
|
С |
картографиялық |
|
D |
бақылау |
|
2 |
Арал теңізіне толық сипаттама берген ғалымдар қайсысы? |
|
А |
Л.С.Берг |
|
B |
И.В.Мушкетов |
|
C |
А.Н.Краснов |
|
D |
П.Ф.Паллас |
|
Күтілетін жауап: 1-B, C, D; 2-A [9]
Қазақстанның климаты.
Мәтін;
Шығыс Қазақстан облысының Еуразияның орталық бөлігіндегі жағдайы, сондай-ақ оның аумағында орналасқан Алтай таулары оның басты климаттық ерекшеліктеріне себепші болды. Жалпы, бұл - үлкен маусымдық және тәуліктік температура өзгерістері бар күрт континенттік климат. Жазы ыстық және орташа құрғақ, ал қысы суық және қар болып табылады. Өскемен қаласының деректері бойынша қаңтардың ең төменгі температурасы −27С°ден −33С°-ге дейін ауытқиды. Алайда, Арктикалық ауа массаларының басып кіруі кезінде температура −52С° дейін сирек түсе алмайды. Қыста боран тұрақты құбылыс болып табылады. Шілденің ең жоғарғы температурасы + 32С ° -тан + 37С ° -қа дейін. Дегенмен, жаңбыр болмаған жағдайда жазғы температура + 45С ° немесе тіпті + 47С ° деңгейіне жетіп, дала өрттерін дүркін-дүркін
тудырады. Жауын-шашынның жылдық орташа деңгейі 300 мм-ден 600 мм-ге дейін, тауларда - 900 мм-ге жуық.
11-тапсырма.
Шығыс Қазақстан облысына климаттың қандай ерекшеліктері тән?
ШҚО климаты қалыпты |
ИӘ/ЖОҚ |
Жазық аумақтар жеткілікті дәрежеде ылғалданбаған |
ИӘ/ЖОҚ |
Жылдық температура амплитудасы 40 ° -тан кем емес |
ИӘ/ЖОҚ |
Жауабы: Иә, иә, жоқ.
12-тапсырма.
Өскемен қаласындағы жауын-шашын диаграммасын талдап, сұраққа жауап беріңіз.
Осы жерде жауын-шашынның қандай түрлері басым? А. Жаңбыр.
Б.Қар.
В.Жаңбыр - наурыздан қыркүйекке дейін, қар қазаннан ақпанға дейін.
Д. Жаңбыр - сәуірден қазанға дейін, қар қарашадан наурызға дейін Жауап Д.
13-тапсырма.
Шымкенттен Өскеменге тұрақты тұруға көшкен саяжай тұрғындарына қандай кеңес берер едіңіз? Жауабы: еркін
Қазақстан өзендері
Мәтін: Өзен - салыстырмалы түрде ірі көлемдегі су ағыны, ол өзінің су жинауынан атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді және ағынының өзі қалыптастырған арнасы айқын көрінеді. Өзен терминіне басқа авторлар да осындай анықтама береді. Өзендерге әдетте бассейннің ауданы кемінде 50 км2 су ағындарын ғана жатқызады. Кіші көлемдегі су ағындарын бұлақтар деп атайды. Алайда кейбір қысқа уақыт ішінде қатып немесе құрғап қалуы мүмкін өзендер кездеседі. Егер су ағыны жылдың басым бөлігі құрғап қалса (мысалы, шөлдегі құрғақ алқаптар - вади және айқайлар), онда мұндай су ағынын өзен деп санамайды. Өзендерге су жинағышы жоқ су ағындары жатпайды (мысалы, теңіз маңындағы аудандардағы немесе аралдардағы су тасқыны немесе қуғын-сүргін құбылыстары кезінде ағыстармен қалыптасқан арналар сияқты). Тіпті лагуналарды теңізмен жалғастыратын ірі су ағындары (бұғаздары) да өзендер болып табылмайды. Жасанды арнасы бар өзендер мен су ағындары (каналдар) болып саналмайды. Өзендер көлемі бойынша, ағу жағдайлары бойынша, тамақтану көздері (түрлері) бойынша, су режимі бойынша, арнаның тұрақтылық дәрежесі бойынша, мұз режимі бойынша және т.б. әртүрлі белгілері бойынша типтеледі. Қазақстан аумағында 85 мың үлкен және шағын өзен бар. Олардың жетеуінің ұзындығы (Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария, Іле, Чу) 1000 км-ден асады. Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит бассейніне және ішкі ағынсыз бассейнге жатады. Қазақстан өзендерінің бірінші ерекшелігі жас айырмашылығы болып табылады. Жазық бөліктің өзен жүйелері ескі, олар дамуының соңғы сатысын бастан кешіреді, сондықтан жазық өзендердің аңғарлары жақсы өндірілген және кең. Бұл өзендердің терең эрозиялары әлсіз, ал бүйірлері күшті. Таулы аудандардың өзендері өзінің геологиялық тарихы бойынша неғұрлым жас. Олар өз дамуының ерте кезеңінен өтеді. Бойлық бейін нашар жасалған, тар және терең аңғарлар, құлаудың үлкен еңісі бар. Өзендер қатты тереңдік және шамалы бүйірлік эрозиялармен сипатталады.
Қазақстандық өзендердің екінші ерекшелігі олардың республика аумағы бойынша біркелкі бөлінбеуі болып табылады. Жазықтөмен таулы бөлігінде өзен желісінің тығыздығы солтүстіктен оңтүстікке қарай азаяды.
Жауын-шашын көп түсетін орманды дала және дала аймақтары өзендерге бай. Республиканың солтүстігіндегі өзен желісінің тығыздығы әрбір 100 км2 орта есеппен 4-6 км, орталық жартылай шөлейт аймақта - 2-4 км, ал оңтүстік шөлейт аймақта - 0,5 км құрайды. Қазақстан өзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық және жер асты суларымен әртүрлі қоректенеді. Қазақстанда ұзындығы 10 шақырымдық белгіден асатын шамамен 7 мың өзен бар. Республикада барлығы 39 мыңнан астам тұрақты және уақытша су ағыны бар. Елдің ірі өзендерінің қатарына Ертіс, Есіл, Тобыл,
Орал, Сырдария, Іле, Шу өзендері жатады. Олардың әрқайсысының ұзындығы 1000 км-ден едәуір асады. Жайық өз суларын Каспий теңізі бассейніне алып келеді, Сырдария Аралға құяды, ал Ертіс, Есіл және Тобыл - Солтүстік Мұзды мұхитты қоректендіретін су артериялары.
14 тапсырма. "Кіші өзен" ұғымының анықтамасын жасау:
Жауабы |
Анықтамасы |
А |
Бұл қандай да бір географиялық аймақтың шегінде орналасқан бассейн ауданы 2000 км2-ден кем өзен, бірақ оның гидрологиялық режимі жергілікті жағдайлардың әсерінен осы географиялық аймақтың көптеген өзендеріне тән режимнен айтарлықтай ерекшеленуі және осылайша азональды болуы мүмкін. |
В |
Бұл өзен бассейн ауданы 2000 км2 кем, орманды дала және дала аймағы шегінде орналасқан өзен, бірақ оның гидрологиялық режимі жергілікті жағдайлардың әсерінен осы географиялық аймақ өзендерінің көпшілігіне тән режимнен айтарлықтай ерекшеленуі және осылайша аймақтық болуы мүмкін. |
С |
Бұл бір географиялық аймақ шегінде орналасқан бассейн ауданы 1000 км2 кем өзен, бірақ оның гидрологиялық режимі жергілікті жағдайлардың әсерінен осы географиялық аймақ өзендерінің көпшілігіне тән режимнен айтарлықтай ерекшеленуі және осылайша аймақтық табиғи құбылыс болуы мүмкін.
|
D |
Бұл су ағыны, су жинаудың барлық жерасты суларының есебінен қоректенеді және ұзындығы 1000км-ден кем, ағынның өзі нашар қалыптасқан арнасы болады. |
Күтілетін жауап: А
15-тапсырма
Өзен суының толысуы неге байланысты?
Жауабы |
Сипаттама |
A |
Аралас қоректену деңгейіне байланысты |
B |
Жер бедері мен жауын-шашын көлеміне байланысты |
C |
Климатқа |
D |
Ендік зоналылық пен жерасты суларына байланысты |
Жауабы:С
16-тапсырма Өзендерді ұзындығы бойынша орналастырыңыз:
Жауабы |
Ірі өзендер |
A |
Есіл, Ертіс, , Тобыл, Жайық, Сырдария, Бұқтырма, Шу |
B |
Тобыл, Ертіс, Есіл, Жайық, Әмудария, Іле, Шу. |
C |
Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария, Іле, Кама |
D |
Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу |
Жауабы: D
17-тапсырма. Өзенге сипаттама беру жоспарының дұрыс қатарын анықта:
Жауабы |
Өзенге сипаттама беру жоспары: |
A |
1.Бастауы 2. Ағысының бағыты 3. Өзен сағасы; 4.өзен ағысының ұзындығы;5.қоректенуі; 6. Жер бедеріне байланысты өзен ағысының сипаты; 7.оң және сол жақ салалары; 8.шаруашылықта пайдалануы. |
B |
1.Бастауы мен арнасы 2.өзен ағысының бағыты 3.өзен ағысының ұзындығы.4.қоректенуі 5.климатына байланысты өзен ағысының сипаты 6.оң және сол жақ салалары.7.шаруашылықта пайдалануы.
|
C |
1.Бастауы 2.өзен ағысының бағыты 3.өзен сағасы 4.өзен ағысының ұзындығы.5.қоректенуі 6.табиғат зоналарына байланысты өзен ағысының сипаты 7.оң жақ және сол жақ салалары.8.шаруашылықта пайдалануы. |
D |
1.Бастауы 2.өзен ағысының бағыты 3.өзен сағсы 4.өзен ағысының ұзындығы.5.қоректенуі5.жер бедеріне байланысты өзен ағысының сипаты 7.солтүстік және оңтүстік салалары.8.шаруашылықта пайдалануы.
|
Жауабы: А [9]
Креативті ойлау тапсырмаларын құрастырып, сабақта қолдану арқылы оқушылардың географияға деген қызығушылығының артуына ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар мәтінді көзбен жүгірту арқылы басты элементті анықтауға, ізденіс аймағын тарылтуға, қажет ақпаратты ажырата алуға ықпал етеді. Мәтіндегі ақпарат элементтерін бірге байланыстыру, автор ой түйінінен қорытынды шығаруға, мәтіндегі басты ой немесе автор ойы туралы қорытынды жасап өз ойын зерделеуге, әлем туралы өзінің көзқарастарымен мәтінде берілген пікірді салыстырып, басқа ақпарат көздерінен алған біліммен мәтіннен алған ақпаратты байланыстыру арқылы бағалауға, түсінуге дағдыланады.
Креативті ойлау тапсырмаларын орындау барысында пәнаралық ақпаратты тарту бағдарламалық материалды терең және мағыналы меңгеруге ықпал етеді, оқушылар құбылыстар, процестер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтаудың практикалық іскерліктерін меңгереді және жетілдіреді. Бұл ретте фактілерді, теорияларды, заңдарды ұғынуға, география, физика, химия, биология, экология бойынша алған білімдерін нақтылау және тереңдету үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Креативті ойлау тапсырмалары мұғалімге бір уақытта бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
оқушылардың жазбаша құзыреттілігінің даму деңгейін бағалау, яғни оқушы мәтінде қаншалықты түсіну және одан қажетті ақпаратты ала алады; пән білімі мен біліктілігінің даму деңгейін бағалау;
- жалпы оқу іскерліктері мен дағдыларын дамыту деңгейін бағалау (интеллектуалдық, танымдық, жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениеті т.б.).
- қазіргі әлемде табысты бейімделу үшін қажетті білім алу және қызмет тәсілдерін таңдау қабілетін бағалау, яғни стандартты емес жағдайларда нәтижелі әрекет ету;
- зерттеу құзыреттілігін дамыту арқылы пәнге танымдық қызығушылықты қалыптастыру;
─ әр оқу пәні мен жалпы білім беруге қатысты оқушылардың прогресін салыстыруға ықпал етеді;
─ ағымдағы және күтілетін нәтижелер арасындағы айырмашылықтарды төмендету жолдарын анықтайды.
Аудандық білім беру бөлімі, мектептер халықаралық зерттеулерге дайындау мақсатында жоспар құрып, сол жоспарға сай PISA халықаралық зерттеуіне дайындық жүргізуде. Әдістемелік құралға енгізілген тапсырмалар оқушыларды PISA халықаралық зерттеуіне дайындауда, ай сайын өткізіліп жатырған сынақтарда қолданылып жүр.
Қорыта айтқанда креативті ойлау тапсырмаларын құрастыруда мұғалімнен көп еңбек, терең білімділік, күш-жігер, жан-жақтылық, ізденімпаздық, жаңа ақпарат көздерін мейлінше тиімді қолдана алатын қажыр-қайрат талап етіледі. Осы аталған маңызды сипаттар мұғалімнің жан-жақты ізденістегі шығармашылық тұлғасында тоғысып және де оқу үрдісінде ұтымды қолданылған жағдайда құзыреттілік қалыптастырудың сапалы да өрелі мақсатына жетуге өрісті ықпал етпек. Сонда ғана өскелең ұрпаққа сапалы білім алуына дұрыс бағыт-бағдар беріліп, оқушылардың өмірде таңдайтын кәсіби бағытына жетуде адастырмайтын жол ашылады әрі елшілдік ұстанымдағы зияткерлік тұлғасын қалыптастыруға айқындауға жол ашылады деп білеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Муканова С.Д. PISA оқушылардың жетістіктерін халықаралық бағалау бағдарламасы. https://edu.mcfr.kz/article/322-pisaoushylardy-jetstktern-halyaraly-baalau-badarlamasy
2. Суранчиев Ж.М. Геометриялық прогрессия тақырыбын өтуде PISA тапсырмаларына ұқсас есептер шығару арқылы оқушылардың математикалық-функционалдық сауаттылығын
дамыту. http://www.myshared.ru/slide/1302764/
3. Сергеева А.М. "География сабағындағы логикалық тапсырмалар жинағы" А.2012 ж
4. Хабибуллин Р.Х. «Раздаточные материалы по географии» 6-7 кл.Москва «Дрофа» 2003 жыл
5.TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірлеу
Есептер жинағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК 6.PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Жаратылыстану бағытындағы ғылыми сауаттылық. Мұғалімнің жұмыс дәптері. 2014 жыл
7.https://bilimdiler.kz/geographia/13568-kyzykty-geografiya.html
8. https://bilimland.kz
9. Разработка заданий по технологии PISA infourok.ru›zadaniya_po_formirovaniyu…po_gegrafii
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.