Бұл сабақта сендер:
-Вавилон патшалығының қалай күшейгенін анықтайсыңдар;
-Вавилонның қалай басқарылғандығын түсіндіресіңдер:
“заң” ұғымын анықтайсыңдар;
Хаммурапи заңдарын зерттейсіңдер.
Заң (ағылш. law) - мемлекет белгілеген жалпыға бірдей міндетті ережелер; Заңды жоғары өкілетті мемлекет билеушілері қабылдайды және де ол маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді . Мемлекеттік биліктің дербес бастауы ретінде Заң-орындауға міндеттелетін ережелер мен нұсқаулар жинағы.
Хаммурапи заңдары — Вавилон заңдарының жинағы. Бұл заңдар Хаммурапи патшалық еткен кезде, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған. Хаммурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі. Диорит бағанға сына жазуларымен жазылған бұл заңдардың мәтіндері 1901 — 1902 жылдары ежелгі Эламның астанасы — Сузы қаласының орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Оны ол жерге эламдықтар әскери олжа ретінде әкелген болса керек. Хаммурапи заңдары қазіргі кезде Луврда сақтаулы тұр. Заңның неғұрлым кейінгі көшірмелерінің жұрнақтары Сузы, Ниневия, тағы басқа. Месопотамия қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарында табылды. Хаммурапи заңдарының мәтіні кіріспеден, 282 баптан және қорытынды бөлімнен тұрады.
1 –тапсырма
Бос орынға керекті сөзді жазыңыз:
Өзінің қарамағындағы халыққа...... данышпан......ретінде танылды.
Вавилон патшалығында қатал........, яғни басқару тәртібі орнады.
Хаммурапи заңдарының мәтіні кіріспеден, … баптан және қорытынды бөлімнен тұрады.
2-тапсырма
Төмендегі ұғымдарға анықтама жазыңыз:
Заң
Шенеунік
Иерархия
3-тапсырма
Өз ойыңызды 2-3 сөйлеммен жазыңыз:
Вавилон патшалығында басқару органдары мен қоғам топтарының иерархиясы не үшін қажет болды деп ойлайсыз?
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.