Информатика 7а сынып
Сабақтың тақырыбы:
Графикалық ақпараттарды кодтау, кодтан шығару.
Пән аты: Информатика
Сыныбы 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Графиктік
ақпаратты кодтау, кодтан шығару. .
Мақсаты: Графикалық ақпартты
кодтау ұстанымдарын көрсету
Сабақтың түрі: Жаңа
білім беру
Негізгі дереккөздер: Оқулық,
таратпа қосымша материалдар.
Әдіс –тәсілдер: Топпен жұмыс,
жұппен жұмыс, ішінара ізденіс, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру (3 мин) Оқушылармен
сәлемдесу, «Өз көңіл - күйімізді бағалауға
үйренеміз» жаттығуы.
Сабақтың мақсаты мен
міндеттерін қою. (2 мин) Оқушылар алдына күнделік,
әрекеттер сызбасы ұсынылады. Балалар алдарына мақсатқа
жету әрекеттерін топтың қалауы бойынша таңдайды.
Кезеңдер.
Берілетін уақыт (40 мин)
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
«Білу» теориясы. (10 мин) Өткен
тақырып бойынша 2 сұрақ дайындау
Жаңа білімді ашу үшін топтарға
тапсырмалар беріледі
Қарапайым, күрделі
сұрақтарды топтар бір-біріне қояды, жауап табылғанша
білмеген топтың жауабын білген топ айтады..
1-топ Графикалық ақпарт қалай
кодталады. Кескіннің айыру қабілеті дегеніміз не?
2-топ Экранның ең көп
таралған айырылу қабілетін атап шығыңдар. Неліктен адам
графикалық ақпартты мәтіндік ақпартқа
қарағанда жақсы меңгереді?
3- топ Графиканы қолдану ролінің
артуына мысал келітіріңдер. Түсті кодтау моделі RGB өз атауын
қайдан алды?
4-топ Фотосурет көбінесе қай пшімде
сақталады?
Символдың бейнесін қай қаріп
дәлірек береді, растрлық немесе векторлық?
«Түсіну» теориясы. (4 мин) Өздері
қалаған сөздерді 3 тілде жазу
«Қолдану» практикасы. (8мин)
(Қарапайым тапсырмалар) Тәжірибелік
жұмыс Компьютердегі тіжірибелік жұмыс 22-23 бет
«Талдау» теориясы. (5 мин)
(Салыстыр, айырмашылығы неде?
Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясы не?)
Сұрақ-жауап
Қалай ойлайсыңдар 1 пиксельді кодтау
үшін қанша ақпарат керек болады? Сұрақтарға
жауап беріледі
Сергіту сәті. (1мин) Көзге
арналған жаттығу
«Жинақтау» теориясы (4мин)
(қорытынды шығару, анықтама
беру, мазмұнды жүйелі кесте т.б түрінде) Pant
программасының көмегімен, түстерің кодталуын
көріңдер Компьютерде жұмыс
«Бағалау» практикасы. (2мин)
Графиктік ақпаратты кодтау мазмұнын
бағала Тәжірибелік тапсырма
Рефлексия (1мин) Критерийлер бойынша формативті
бағалау Формативті, суммативті бағаланады Оқушылар
сабақ барысындағы әрекеттері туралы пікір айтады
Үйге тапсырма. Үйге тапсырма §4
оқу, тест сұрақтарына жауапберу Күнделікке
бағаларын қойғызады, түсінбегендерін сұрайды Тәрбие.орг сайтынан Графиктік
ақпаратты кодтауИнформатикадан ашық сабақтар
материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға
рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының
әкімшілігі жауапты емес
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты кодтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға ақпаратты кодтаудың негізгі тәсілдерін түсіндіре отырып, жұмыс жасай білуге үйрету.
Дамытушылығы:Оқушылардың ойлау қабілетінжәне есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі:Оқушыларды ұқыптылыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сынып:7 «а»
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі:Слайд,үлестірмелі қағаздар
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру:
Оқушылардың сабаққа дайындығын
қадағалау.
ІІ. Өткен сабақтар бойынша қысқаша қайталап
өту:
ІІІ. Қайталау сабақ:
Код кесте.Алфавитте әрбір әріптің өзіндік номері бар.
|
А |
Ә |
Б |
В |
Г |
Ғ |
Д |
Е |
Ë |
Ж |
З |
И |
Й |
К |
Қ |
Л |
М |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
|
Н |
Ң |
О |
Ө |
П |
Р |
С |
Т |
У |
Ұ |
Ү |
Ф |
Х |
Һ |
Ц |
Ч |
Ш |
|
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
31 |
32 |
33 |
34 |
|
Щ |
Ъ |
Ы |
І |
Ь |
Э |
Ю |
Я |
|||||||||
|
35 |
36 |
37 |
38 |
39 |
40 |
41 |
42 |
|||||||||
І.Сұрақтан мен тапсырмалар
1.Компьютер сыныбына қандай ережені сақтап кіреміз?
2.Ақпарат дегеніміз не?
3.Ақпаратпен не істеуге болады?
4.Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?
5.Тышқанда нешебатырма бар?
6.Компьютердің алдында қандай арақашықтықта
отыру керек?
7.Ақпарат дегеніміз не?
8.Ақпараттыпен не істеуге болады?
9.Кодтық кестеде неше нөмер бар?
10.Кодтық кестеде неше әріп бар?
ІІ.Ақпаратты кодтау тақырыбына шыршаны ойыншықтармен безендіру арқылы сұрақтар мен тапсырмалардыорындаймыз.
Оқушыларға ойыншықтарға жазылған сұрақтар мен тапсырмаларды орындап оны шыршаға ілуі тиіс.
1.Код кестесі арқылы жұмбақталған сөздерді тап.
1 42 11 Аяз
1 25 1 Ата
1 15 34 1 15 1 23 Ақшақар
2.Код кестесі арқылы жұмбақталған сөздерді тап.
3 38 11 7 38 19 Біздің
17 8 14 25 8 3 38 17 38 11 Мектебіміз
34 25 823 14 38 18 20 4 Ш Т Еркінов
1 25 37 18 7 1 6 37 атындағы
20 23 25 1 орта
17 8 14 25 8 3 38 мектебі
3.Код кестесі арқылы жұмбақталған сөздерді тап.
10 1 19 1 10 37 16 Жаңа жыл
17 8 23 8 14 8 24 38 Мерекесі
15 27 25 25 37 Құтты
3 20 16 24 37 18 болсын
ІІІ. Суреттегі жемістерді Код кестесі арқылы номерлеу
Қарбыз—————————————-
Апельсин————————
Алма—————-
Шие—————————————
Алмұрт———————————
Бақлажан———————-
Жүзім——————-
Сәбіз—————————-
Қияр——————————
Жуа—————————————
Ванан——————————
Қырыққабат——————————
ІV.Сергіту сәті
Оқушылар музыка арқылы қимылжасайды.
6-тапсырма
код кестесі бойынша төмендегі кодталған сөздерді тап
Қандай сөздер құрастыруға болады?
Тақтаға көптеген жасырылған сөздер шығады.
V.Бекіту
Код кестесін пайдаланып,графикалық редактордың құралдарын кодтар арқылы жаз.
Сызық- 24,37,11,37,15
Бүккіш- 3,28,23,38,14,14,38,34
Қарындаш-15,1,23,37,18,7,1,34
Эллипс-40,16,16,12,22,24
Тіктөртбұрыш-25,38,25,21,23,25,3,27,23,37,34
VІ.Үйге тапсырма
Код кестесінің көмегімен келесі сөздерді кодтар арқылы жаз.
Мысалы:
Атың:Ботакөз-3,2025,1,14,21,11
Фамилияң:Ақмурзиева-1,15,17,26,23,11,12,8,4,1
Қалаң:Жасқайрат-10,1,24,15,1,13,23,1,25
Елің:Қазақстан-15,1,11,1,15,24,25,1,18
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:Ақпаратты кодтау
Пән мұғалімі:Ақмурзиева Б
2014-2015 оқу жылы
Кодталған сөздерді шеше отырып,мақал-мәтелді оқып шық.
|
7 |
А |
Ә |
Б |
В |
Г |
Ғ |
Д |
|
6 |
Е |
Ë |
Ж |
З |
и |
Й |
К |
|
5 |
Қ |
Л |
М |
Н |
Ң |
О |
Ө |
|
4 |
П |
Р |
С |
Т |
ʼ |
У |
Ұ |
|
3 |
Ү |
Ф |
̣̣̣. |
Х |
Һ |
Ц |
Ч |
|
2 |
Ш |
Щ |
Ъ |
Ы |
І |
Ь |
Э |
|
1 |
Ю |
Я |
̅ |
— |
ᴉ |
? |
: |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
а) (1,7) (1,5)(4,2)(2,5)
(1,7)(4,6)(3,7)(1,7)(6,6)
(7,7)(4,2)(5,4)
(3,7)(5,2)(2,5)(5,2)(3,5)
(4,4) (6,5)( 4,6) (3,7) (1,7)
(6,6) (7,7) (4,2) (3,3)
Ә) (4,2)( 2,4) (4,2 )(3,4)
(1,7) (2,5) (7,7)(4,2)( 3,1)
( 4,2 )(4,5 )(4,4 )(4,2 )(3,5)
(1,7,)(1,5)(3,3)
Код кестесінің көмегімен келесі сөздерді анықтап,жазып шық.
15,27,16,1,15———————————
25,8,23,38————————————-
ІV.Сабақты қорытындылау
1.Код кестесін пайдаланып,графикалық редактордың құралдарын кодтар арқылы жаз.
Сызық-24,37,11,37,15
Бүккіш-3,28,23,38,14,14,38,34
Қарындаш-15,1,23,37,18,7,1,34
Эллипс-40,16,16,12,22,24
Тіктөртбұрыш-25,38,25,21,23,25,3,27,23,37,34
2.Код кестесі арқылы жұмбақталған сөздерді тап.
14,21,11-Көз
17,27,23,37,18-Мұрын
15,27,16,1,15-Құлақ
25,8,23,38-Тері
25,38,16-Тіл
VІ.Үйге тапсырма
4.Код кестесінің көмегімен келесі сөздерді кодтар арқылы жаз.
Атың:Ботакөз
Фамилияң:Ақмурзиева
Қалаң:Жасқайрат
Елің:Қазақстан
Информатика 7а сынып
Сабақтың тақырыбы: Графикалық
ақпараттарды кодтау, кодтан шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға
ақпаратты кодтаудың негізгі тәсілдерін түсіндіре
отырып, жұмыс жасай білуге үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды компьютерді
дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Логикалық ойлау
қабілеттерін, іскерлік дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
сабақ
Сабақтың әдісі:
тәжірибелік әдіс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасының орындалуын
тексеру.
1. Компьютерде ақпаратты ұсыну
тәсілдері.
2. Сәйкестендір:
Дабылдың бір түрден екінші
түрге айналу үдерісі (Код)
Кодтауға кері үдеріс (Кодтау)
Әрбір нақты хабарламаға
қатаң белгіленген таңбалар үйлесімін салыстыру ережесі
(Декодтау)
ІІІ. Өткен тақырыптардан
қайталау сұрақтары.
Сандардың екілік кодын жаз:
Ондық сан --------- Екілік код
5 ---------------------- 101
10 --------------------- 1010
15 --------------------- 1111
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Алғашқыда ЭЕМ сандармен жұмыс
істеген. Кейінірек компьютерлік техника мен ақпараттық
технологиялардың дамуы компьютерде ақпараттың басқа да
түрлерін сақтау мен өңдеуге мүмкіндік берді.
Компьютер символдарды олардың кодтары
бойынша ажыратады. Нақты бір код символының тағайындалуы -
маңызды. Ол кодтық кестеде бекітілген.
Мәтіндік ақпаратты байттардың
көмегімен кодтау әртүрлі стандарттарға сүйенеді,
бірақ барлығына бірінші негіз болған ASCII стандарты. Unicode
- бұл кодтау кестесі, онда бір символды кодтау үшін 2 байт
пайдаланылады.
Компьютердің экранында ақпарат
нүкте - пиксельдер түрінде беріледі. Пиксель - ол компьютер
экранындағы суреттің ең кіші элементі. Суретте
неғұрлым пиксельдер көп болса, суреттің сапасы
соғұрлым жақсы болады.
Кескінді кодтаған кезде кодтау
кестесіндегі нүктелер жиілігін сипаттайтын параметрді кескіннің
айыру қабілеті деп атайды. Кескіннің ажыратылатын түстер саны
кескіннің түстік ажыратылуы (түстің
қарқындылығы) деп аталады.
Адамның көруі үш түске
байланысты. Себебі, көз көк, жасыл және қызыл
түстерге ерекше сезімтал болып келеді. Осы үш түс туралы
ақпарат кодтаудың негізі болып табылады.
Түстік модельдер негізінен, жеткілікті
түрде кездеседі. RGB моделінде түс негізгі үш
түстің қоспасы ретінде сипатталады - қызыл (Red), жасыл
(Green), көк (Blue). Олар мониторда қосылу үшін немесе
кескінді жазу кезінде қолданылады.
V. Жаңа
тақырыпты бекіту.
1. Компьютерде ақпарат қалай
беріледі?
2. Неліктен екілік жүйесі компьютер
үшін ыңғайлы?
3. Компьютерде сандық ақпараттарды
кодтаудың ерекшеліктерін сипаттаңдар.
4. Графикалық ақпарат қалай
кодталады?
5. Кескіннің айыру қабілеті
дегеніміз не?
6. Экранның ең көп
таралған айыру қабілетін атап шығыңдар.
VІ. Сабақты қорытындылау.
1. Неліктен адам графикалық
ақпаратты мәтіндік ақпаратқа қарағанда
жақсы меңгереді?
2. Графиканы қолдану рөлінің
артуына мысал келтіріңдер.
3. Түсті кодтау моделі RGB өз атауын
қайдан алды?
4. Фотосурет көбінесе қай пішімде
сақталады?
5. Символдың бейнесін қай
қаріп дәлірек береді: растрлық немесе векторлық?
6. Компьютерді өшіргенде экранға
хабарлама шығару үшін қандай қаріп қолданылады?
VІІ. Үйге тапсырма.
§2 - 4, 8 - бет
9, 21 - бет. Бақылау сұрақтары
мен тапсырмалар
10, 16 - бет. Компьютердегі тәжірибелік
жұмыс
VІІІ. Оқушыларды бағалау.
Сабақтыңтақырыбы: Ақпаратсаны, ақпаратөлшембірлігі. Сандық, мәтіндікжәнеграфиктікақпараттыкодтау. Кодтан шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: слайд
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
Сынып оқушыларын түгендеп, назарларын сабаққа аударамын
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
3. ТАПСЫРМАНЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІНДЕ ОРЫНДАУ КЕРЕК.
Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай «болады» немесе «болмайды» сөздерін қосып жазыңдар.
Мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болмайды
Компьютер сыныбына сабырлықпен кіріп өзіңнің жұмыс орнына отыруға болады
Информатика кабинетінде сырт киіммен жүруге болмайды
Компьютердің көзге түсерлік ақауы немесе бұзылған жері жоқ екеніне көз жеткізуге болады
Компьютер сыныбына кірерде бір-біріңді есікте итермелеуге болмайды
Компьютердің көзге түсетін ақауларын көрсеңдер мұғалімге хабарлауға болады
Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге болмайды
Компьютерде жұмыс істеуді тек мұғалімнің рұқсатымен бастауға болады
Электр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге болмайды
Сыныпқа басқа компьютерлерден компакт-диск пен дискет алып келуге болмайды
Компьютердің ақауларын немесе бұзылған жерін өз беттеріңмен жөндеуге болмайды
Сабаққа қатысты емес бағдарламаларды немесе ойындарды қосуға болмайды
Компьютерде кір қолмен жұмыс істеуге болмайды
Пернетақтаны тоқпақтамай, жай басуға болады
Экранға және монитордың артқы қабырғасына тиісуге болмайды
Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басуға болады
Компьютерде су киіммен немесе су қолмен жұмыс істеуге болмайды
Көзден монитор экранының қашықтығы 60-70 сантиметр болуына болады
Компьютердің құрамдас бөліктеріне заттар қоюға болмайды
Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіруге болады
Мұғалімнің рұқсатынсыз қапшықтар мен файлдарды жоюға болмайды
ІІІ.Жаңа түсініктер:
“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatiocөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың ,жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.
Ақпарат материялымен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.
Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т.б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:
1.статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);
2.алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;
3.басқарушы және мәлімет беруші;
4.объективті және субъективті болуы мүмкін.
Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.
Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:
Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.
Бейнелік ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді,дәм, иіс,сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфабиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады. Ақпаратты белгілі-бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрау депте айтылады,оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфабиты 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйдіайыра білуі керек, мысалы; 1-құрылғыда тоқ бар, ал 0 жоғын , немесе 1-жоғары кернеу , 0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе немесе оған сәйкес код разряды бар , 0 немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп атайды . Символдарды кодтау үшін 8 биттен тұратын котты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодттау кобинациаларының жиынтығын кодтау кестесі деп аталады. ASCІІ коды. Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код-ASCLL коды – американдық апарат алмасудың стандарттық коды.Кодтау кестенің 16 жолы 16 бағаны бар . Кесте екі бөліктен тұрады ; стандарты, баламалы . Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар , 0- ден 127-ге дейінгі коттар; Цифрлар, латын алфавитінің әріптерімен компютер жумысын басқаратын арнайы символдар. Баламалы бөліктегі-128-ден 255-ке дейінгі кодтар алфавиттер (орыс, қазақ) Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі бойынша кодтауға болады. Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагнитті сәуле, физикалық әреект түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады. Сигнал дегеніміз- оның көмегімен адам немесе, құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз- сигналадар жіберу. Сигнал аналогтық (үздіксіз), дискретті(үзілісті) болуы мүмкін. Аналогдық сигналдарға мысалдары: Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфавит әріптері,музыкалық нота нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудің уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айналдыруға болады.Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді. Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізге ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті,жаңа,пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың ақпараттың көлемі деп- хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді.Ендеше техникада кез-келген сақталатын берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.
1 байт = 8бит;
1 кбайт(килобайт) = 1024 байт;
1 мбайт(мегабайт) = 1024 кбайт;
1 гбайт(гигабайт) = 1024 мбайт;
ІҮ Сабақты бекіту :
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?
5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
Ү Бағалау
ҮІ Үйге тапсырма: оқып түсінігін айту
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.