информатика

  • docx
  • 05.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 193.docx

images2.11.Компьютерлік вирустар және олардың түрленуі

 

Жоспары:

  1. Компьютерлік вирустарға түсініктеме
  2. «Көрінбейтін»  және өздігінен өрбейтін вирустар
  3. Компьютерлік вирустардың жітелуі

Компьютерлік вирус - арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына иемесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жүққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да ұғады" және басқа да зиянды іс-әрекетгер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с).

Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады.

Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында Windows-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. Компьютерде "вирус жұққан" программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

-  кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

-  экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;

-  компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;

-  көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с.

Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады.

Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті одан да терең болады. Олар бастапқы кезде өзінің жұқанын ешбір әсерімен білдіртпей, көптеген программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, сонан соң бірден бел шешіп зиянкестік жасауға кіріседі, мысалға, компьютердегі қатқыл  дискіні (винчестерді) өздігінен қайта форматтап шығады. Ал зиянкестік әсерін программаларға өте аз тигізіп, бірақ қатты дискідегі мәліметтерді іштен "мүжіп", құртып жататын вирустарға не істеуге болады?!

Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғанбасақ, оның келешектегі әсері керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні талас тудырмаса керек.

Вирус программасының байқалмау себебі олардың көлемі кішігірім ғана болады да, өздері ассемблер тілінде жазылады. Кез келген жағдайда вирус программасы қай компьютерге арналып жазылса да, ол мәлімет алмасып жұмыс істейтін басқа компьютерлерге де тез тарап кетеді және өте көп зиянкестік әрекеттер жасауы мүмкін.

Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөлінеді:

-  резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар;

- резиденттік емес вирустар.

Вирус жұққан программа іске қосылғанда резиденттік іирустар әсерлене әрекет  етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады.

Дискілерге мәлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазылып алады да, оның қалай "жұққанын" адамдар білмей де қалады. Ал, резиденттік емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған каталогтан немесе РАТН командасында көрсетілген каталогтардан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып, оның ішіне кіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді.

"Көрінбейтін" және өздігінен өрбитін вирустар

Өзін жай көзге сездірмес үшін кейбір вирустар жасырынудың қилы-қилы тәсілдерін пайдаланып жүр. Осындайлардың екі түрін - "көрінбейтін" және өздігінен өрбитін вирустарды қарастырайық.

"Көрінбейтін" вирустар

Көптеген резиденттік вирустар былай жасырынуды әдетке айналдырған, олар DOS жүйесінің вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады. Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал вирус жұға қоймаған компьютерлерде файлдар мен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес.

Өздігінен өрбитін вирустар. Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі - өзін-өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырылып отыруы. Көптеген вирустар жасайтын кері әсерін байқатпас үшін өз көлемінің бірсыпырасын шарттаңбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте-бірте өрби отырып, олар таңбалану тәсілін де, таңбаланбаған алғашқы бөлігін де аздап өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байттар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектор-программалар жұмысы қиындайды.

Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі

Қазіргі кезде 10 000 шамасында компьютерлік вирустар белгілі. Оларды әдетте мақсатына, жұмыс логикасына, көлеміне және жұмыс істеу аумағына қарай топтарға жіктейді.

Жұмыс логикасына және мақсатына қарай оларды шартты түрде төмендегідей жіктеуге болады:

1.   "Ұстауыш-вирустар" - программалық құралдар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдаланады. Көлемді программаларды түзету кезінде белсенділік көрсетіп программаға жабысады. Әртүрлі зияндық әрекеттері бар вирус.

2.  "Логикалық бомбалар" (баяу әсер ететін "бомбалар")

- қарапайым программаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар (көрсетілген күн-ай мерзімінде немесе уақытта, программа орындалуының белгілі кезеңінде) орындалғанда ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп программаларга "жұғуға" тырысады.

3."Құрттар"-жүйелік программалаушылардың информациялық есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын анықтау программаларына кіріп алып, сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, құрдан құр жүргізіп кояды немесе қажетсіз мәліметтерді баспаға шығартады және т. с. с.

4.     "Троян аттары" - қарапайым қолданбалы программаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді (жасырын информацияны оқып жария етеді, жедел жадтағы информацияларды "басқа жаққа" жіберуге дайындайды) орындатады. Жасалу құрылымы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компьютер желілерін жайлап алады.

Мақсаттарына қарай вирустар мынадай 4 бөлікке бөлінеді:

1.  "Бейсауат" (гуманды) - онша қатты зиянын тигізбейтін вирустар.

2.  "Шантаж жасаушы" - мысалы, белгілі төлемақы берсе, вирус әсері жоғалатынын анонимді түрде хабарлайтын "баяу әсер ететін бомбалар".

3.  "Насихатшы" - "өзін көрсету" мақсатында жасалған.

4.  "Мағынасыз" - атынан-ақ әсері түсінікті.

Тапсырмалар:

1.      Компьютер жадын вирусқа тексеріңіз?

2.      Табылған вирустардың атын жазып дәптерге конспектілеу

Сұрақтар:

  1. Вирус дегеніміз не?
  2. Вирустар неше түрге жіктеледі?
  3. Вирустар қанша түрмен жұғады?
  4. «Шантаж жасаушы» вирустардың жұмысын түсіндіріңіз.

Үйге тапсырма:

  1. Күнде шығатын вирустардың санын және толық статистикасын анықтау. (СӨЖ)

 

images2.12.Антивирустық бағдарламалар және олармен жұмыс.

 

Жоспары:

1.Антивирустық бағдарламалар

2.Қорғану тәсілдері

3.Компьютерлік вирустан емдеу жолдары

Компьютерлік вирустар - бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттілігі жатады. Өкінішке орай, компьютерлік вирустарды адамдар компьютерге зиян келтіру үшін әдейілеп қастықпен әзірлейді. Сондай-ақ, олар желідегі компьютерлер арасында және Internet арқылы тарап, компьютерлердің жұмысын тежеп, басқа да ақауларды тудырады. Компьютер вирус зақымдаған бағдарламамен жұмыс істеген кезде оны «жұқтырып» алуы мүмкін.

Адамға жұғатын вирустардың әрекеті сияқты (кәдімгі тұмаудан Эбол вирусына дейінгі), компьютерлік вирустардың әрекеті де әр түрлі болады: тітіркендіруден бүлдіруге дейін. Оның үстіне, үнемі вирустардың жаңа, алдыңғысына ұқсамайтын түрлері пайда болып отырады. Бақытымызға орай, вирустарды жұқтыру мүмкіндігін және олардың бүлдірушілік әсерін бірқатар білімдерді меңгере отырып төмендетуге болады.

Зақымданган бағдарлама не қосымшаны ашып, іске қосқан кезде жұмыс барысында қиындықтар туындаған сәтке дейін Сіз вирустың бар-жоғынан хабарсыз болуыңыз мүмкін. Компьютердің вируспен зақымданғанының бірнеше негізгі белгісі мыналар:

- компьютер әдеттегісінен баяу жұмыс істейді;

- компьютер сұраныстарға жауап беруін доғарып, бұғатталып қала береді;

- жүйе әр бірнеше минут сайын жұмыс істеуден бас тартып, қайта қотарыла береді;

- компьютер өз бетімен қайта қотарылып, ақаулармен жұмыс істей бастайды;

- қосымшалар қателермен жұмыс істейді;

- дискілер мен диск жетектеріне қатынау мүмкін болмай қалады;

-  басып шығару қателермен жүреді;

- қателер туралы хабарламалар пайда бола бастайды;

- мәзірлер мен сұхбат терезелерінің көрінісі өзгеріп кетеді.

Бұлардың бәрі вирус жұқкандығының типтік белгілері. Алайда олар бағдарламалық жасақтаманың немесе құрал-жабдықтардың вирустарға еш қатысы жоқ ақауларынан хабар беруі де мүмкін. Сондықтан да, компьютерде вирусқа қарсы қазіргі заманғы сапалы бағдарламалар орнатылмаса, компьютердің вирустармен зақымданғанын дәл анықтау оңай емес.

Вирустармен күресуүшін антивирустар деп аталатын арнайы бағдарламалар бар.

Вирусқа қарсы бағдарлама (антивирус) — компьютерлік вирустарды жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдеуге, сондай-ақ файлдың вирус жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарлама.

Қорғану тәсілдері

-қосымша дискет құру;

-Жүктеуші сектор сүзсін және бастапқы жүктеуші сектордың көшірмесін құру;

-жедел жадты тексеру;

-алдын ала тап қалған кесте бойынша диск автоматты тексеру;

-компьютерге файлдар олардың түсуінде тексерін және диск сияқты немесе торлық құрылымға үндеуінде, вирустар бұл құрылымдар кезінде тексеру;

-қайта тиеудің жанында тексеру;

2.1. Компьютерлік вирустардан қорғайтын программалардың жіктелуі

-Детектор-программалар  тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа дәрменсіз боп келеді;

-Доктор- программалар немесе «фагтар» вирус жұққан программалар мен дискілерді «вирус» әсерін алып тастау.

-Ревизор-программалар кейінгімен салыстыра отыр сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.

-Фильтр программалар компьютерлік жедел жадына тұрақты орналасып, вирустардың зиянды әрекеттеріне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады.

-Вакцина-программалар компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус «жұққан» сияқты етіп модифмкациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану тиімді емес.

Компьютерлік вирустан емдеу жолдары

Олармен күресу үшін вирусқа қарсы программалар жазатын мамандар бар  Д.Лозинский, Д.Мостовой, А.Данилов және т.б. Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антививустық программалар деп аталады. Бұл программалар вируспен зақымданған файылдарды тауып қана қоймай, оларды емдейді де оны зақымдалған уақытына дейінгі қалпына келтіреді. Ең көп тараған Aids test,  Skan6  Norton Anti Virus,  Doctor Wep   және Касперски программалары.

Бүгінгі таңда вирусқа қарсы багдарламалардың алуан түрлері бар: DrWeb, Касперский Антивирусы, Еset NOD32, МсAffe, AVG, Раnda Software, Norton Antivirus және т.б.

Касперский Антивирусы (АVР) - ең танымал вирусқа қарсы бағдарламалардың бірі. Компьютерге орнату кезінде Касперский Антивирусы тұрғылықты дискіде орналасқан нысандардың мәтін мәндік мәзіріне құрамдасып, өз тобын Бастау Бас мәзіріне үстейді. Жұмыс істеу барысында амалдық жүйенің жүйелік үстелінде вирусқа қарсы бағдарламаның белгішесі пайда болады.

Касперский Антивирусының көмегімен жергілікті, алмалы, ықшам дискілерде вирустардың бар-жоғын тексеруге болады.

Касперский Антивирусы орнатылған болса, компьютерді вирус жұқтырған-жұқтырмағанына толық тексеру үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

1. Касперский Антивирусы вирусқа қарсы бағдарламасын ашу

2. Қорғаныс қосымшасын таңдау.

3. Менің компьютерімді тексеру дегенді басу

4.  Тексеру нәтижелері жою немесе емдеу қажет болатын вирустардың бар-жоғын көрсетеді.

5. Содан кейін Касперский Антивирусы бағдарламасы терезесін жабу керек.

01       02

  Мәтінмәндік мәзірдің                                   Вирустарды іздеу терезесі

Вирустар бар-жоғына тексеру әмірі

 

Жекелеген нысандарды вирустардық бар-жоғына тексеру үшін оны тінтуірдің оң жақ пернесімен ерекшелеп алып, мәтінмәндік мәзірден Вирустар бар-жоғына тексеру эмірін таңдаңыз.

Вирус табылған жағдайда ашылған сұхбат терезесінде ұсынылған әрекеттердің бірін (дұрысы - емдеу) таңдау қажет.

Өз компьютеріціздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:

• Компьютеріңізді вирустардың бар-жоғына кем дегенде екі айда бір рет тексеріп отырыңыз.

Қауіп сұхбат терезесі

• Өз вирусқа қарсы багдарламалық жасақтамаңыздың деректер қорын кем дегенде 3 күнде бір рет жаңартып отырыңыз.

• Өзіңіз сенімді болмаған кез келген сыртқы тасымалдаушыны вирустар бар-жоғына тексеріп отырыңыз.

• Өз компьютеріңізде бөтен адамдардың жұмыс істеуіне жол бермеңіз.

• Күмәнді бағдарламаларды көшіріп жазбауға тырысыңыз.

• Вирусты өз бетіңізбен залалсыздандыра алмасаңыз, маманға жүгініңіз.

Тапсырмалар:

1. Касперский бағдарламасының мұрағатына кіріп, барлық өлтірілген, тоқтата тұрған  вирустардың тізімін қарау. Олардың түрлерін даралау.

Сұрақтар:

  1. Антивирустық бағдарламалардың түрлерін атаңыз?
  2. Касперский зартханасы қайда орналасқан?
  3. Антивирус қалай азалайды?

Үйге тапсырма:

1. Avast, NOD32 Dr.Web – вирусқа қарсы бағдарламалар жайында (СӨЖ) жазу