Измерительные приборы лекция

  • docx
  • 04.11.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала № 3 Өлшеу құралдары элементтері +++.docx

 

 

Өлшеу құралдары, олардың элементтері мен параметрлері. Өлшеулер мен өлшеу құралдарының қателіктері.

 

         Ағымдық тексеріске жұмыс орнындағы өлшеу құралдары жатқызылады, және де тек кейбір негізгі метрологиялық сипаттамалары ғана тексеріледі. Ағымдық тексерісті пайдаланушы персонал өткізеді. Тізімдік тексеріске қолданыстағы және жөндеуден кейінгі барлық өлшеу аспаптары мен жұмыс шаралары жатқызылады. Тізімдік тексеріс кәсіпорынның зертханаларында жасалады, егер ол мемлекеттің Мемлекеттік комитет органдарына тіркелген болса ғана жасалады, керісінше тіркелмесе онда тексеруді Госстандартта тіркелген басқа кәсіпорындардың зертханаларында жасалады.

         Мемлекеттік тексеріске үлгілік аспаптар мен шаралар, сонымен қатар, шаруашылықта қолданылуға арналған құрал-жабдықтар жатқызылады. Мемлекеттік тексеру Госстандартта тіркелген зертханаларда жасалады. Тексеру кезінде протокол хаттама жүргізіледі. Хаттамада тексерілуші және үлгілік аспаптың мәліметтері беріледі: атауы, типі, маркасы, номері (зауыттық және тұтынушылық), дәлдік класы, өлшеу шектері, тексерудің нәтижелері беріледі. Хаттаманың соңында аспаптың пайдалануға жарамды не жарамсыздығы туралы мәлімет беріледі, және хаттама тексеруші адамның қолымен бекітіледі. Тексеруден кейін аспап пломбаланады. Егер пломбалау мүмкін болмаса, аспап аттестатпен жабдықталады. Аттестат, клеймо, пломба келесі тексеруге дейін аспаптың жарамдылығын көрсететін белгі. Тексеру нәтижелері паспортқа жазылады, бұл пайдалану кезеңі бойы жарамды құжат болып саналады.

         Өлшеу құралдарының қалай жұмыс жасайтынына өнімнің сапасы тәуелді болады. Сенімділік деген бақылау-өлшеу құралдарының, жүйенің, бөлшектің, жеке бір элементтің және т.б. қасиеті, белгілі бір уақыт  ішінде барлық параметрлердің мәнін сақтау, берілген шарттар мен режимдерде талап етілетін функцияларды сақтау. Сенімділік күрделі қасиет болып саналады, құралдың тағайындалуы мен қолданылу шартына байланысты ол жөндеуге жарамдылық, ұзақтық, сақталушылық және бастартпаушылық деген қасиеттерден тұрады.

Бастартпаушылық дегеніміз өнімнің, құралдың және бөлшектің қасиеті, жұмыс мерзімі мен белгілі уақыт ішінде жұмысқа жарамдылығын сақтап қалу.

Жөндеуге жарамдылық дегеніміз техникалық қызмет көосету және жөндеу жүргізу жолымен пайда болған ақаулар мен істен шығуларды, олардың пайда болу себептерін ескерту және болдырмау секілді қасиеттер.

Ұзақтығы дегеніміз техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің бекітілген жүйесінде шекті күйіне жеткенше дейін жұмысқа жарамдылығын сақтау қасиеті.

Сақталушылық дегеніміз тасымалдау мен сақтаудан кейін және оған дейін де жұмысқа жарамдылық және дұрыс күйін үздіксіз сақтап ұстау қасиеті.

Бастартпаушылық – сенімділіктің шешуші қасиеті. Бастартпаушылықтың көрсеткіштері болып тоқтамай жұмыс істеу, істен шығуға дейінгі орташа қалпы, істен шығу параметрлері, істен шығу жиілігі табылады.

 

Сурет 1. Көрсеткіштерді жазу

а – таспалы диаграммада; б – дискті диаграммада

 

Сурет 2. Нүктелік жазуға арналған өзі басатын механизм

1 – бояғыш валкалар; 2 – басатын колесо; 3 – диаграмма

Сурет 3. Өлшеу түрлендіргіші