Казакстаннын колi кешенi
Оценка 5

Казакстаннын колi кешенi

Оценка 5
Занимательные материалы
docx
география
9 кл
16.03.2018
Казакстаннын колi кешенi
Қазақстанның көлік және коммуникация кешенін теміржол, су көлігі, әуе көлігі, автомобиль көлігі, құбыр көлігі және телекоммуникация құрайды. Осы көлік және коммуникация кешеніне қызмет ететін мынадай ірі мемлекеттік кәсіпорындар бар, олар "Қазақстан теміржолы", "Қазақтелеком", "Қазпошта" т.б. Қазақстандағы жетекші көлік түрі – теміржол. Себебі теміржол еліміздегі жүк айналымының 57,5%-ын, жолаушы жүк тасымалының 56%-ын құрайды. Теміржолдың артықшылығы жылдың барлық маусымдарында жұмыс істейді, өзіндік құны арзан.
5) ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛІК КЕШЕНІ.docx
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КҺЛІК КЕШЕНІ Қазақстанның көлік және коммуникация кешенін теміржол, су көлігі, әуе көлігі, автомобиль көлігі,  құбыр көлігі және телекоммуникация құрайды. Осы көлік және коммуникация кешеніне қызмет ететін мынадай ірі мемлекеттік кәсіпорындар бар, олар "Қазақстан теміржолы", "Қазақтелеком", "Қазпошта" т.б. Қазақстандағы жетекші көлік түрі – теміржол. Себебі теміржол еліміздегі жүк айналымының  57,5%­ын, жолаушы жүк тасымалының 56%­ын құрайды. Теміржолдың артықшылығы жылдың барлық  маусымдарында жұмыс істейді, өзіндік құны арзан. 1905­07 жылдары салынған Орынбор – Ташкент теміржолы Қазақстандағы ең ескі теміржол болып  саналады. Орынбор – Ташкент теміржолы Қазақстанның батыс және оңтүстік аудандарын  байланыстырады. Бұл теміржолмен ең көп мөлшерде жүк тасымалданады. Еуропалық бөліктен бұл жол арқылы машина, құрал жабдық, химия өнеркәсібінің өнімдері тасымалданады. Қазақстан теміржолының ұзындығы жөнінен ТМД елдері арасында үшінші орын алады. Қазақстанның  теміржолдарының жалпы ұзындығы 15,1 мың шақырымды құрайды. Қазақстанның солтүстігін,  орталығын, оңтүстігін байланыстыратын ТрансҚазақстан магистралі Петропавл – Астана –Қарағанды  – Мойынты – Шу арқылы өтеді. ТрансҚазақстан теміржолының салынуы Қарағанды көмірі мен  Орталық Қазақстандағы мыс өнеркәсібінің дамуын тездетті. Қазақстанның солтүстік шығысынан оңтүстік батысына қарай өтетін теміржол Түрксіб деп аталады.  Теміржолдың бағыты Семей – Алматы – Құлан – Тараз – Шымкент – Арыс қалалары арқылы өтеді.  Құлан мен Семей қалалары арасындағы бөлігі Түркістан­Сібір деп аталған. Бұл теміржолдың  салынуына алғаш рет қазақ жұмысшылары қатысқан. Өзен көлігі маусымдық көлік түрі болып саналады. Себебі қараша айынан сәуір айына дейін өзендер  қатып жатады. Қазақстанда өзен көлігін дамытуға қажетті ірі өзендер аз, көбі еліміздің шекарасынан тыс аймақтар  арқылы ағып өтеді. Қазақстанның өзен көлігінде жетекші орынды Ертіс өзені алады. Ертіс өзенімен  пайдалы қазба кендері, құрылыс материалдары т.б. тасымалданады. Автомобиль көлігі жақын  қашықтыққа жүк және жолаушы тасымалдауға ыңғайлы көлік түрі болып саналады. Автомобиль  көлігінің тағы бір артықшылығы жолаушыны, жүкті "қақпадан қақпаға жеткізеді". Алматы – Астана автомобиль жолы арқылы Ресейден Қытайға және кері бағытта жүктер  тасымалданады. Алматы – Астана автомобиль жолы 2000 жылдары халықаралық стандартқа сай қайта жөнделген болатын. Бұл жол болашақта көптеген елдерді байланыстыратын ірі торапқа айналады деп  күтілуде. Құбыр көлігі арқылы мұнай өнімдері мен газ тасымалданады. Құбыр көлігін кез келген  бағытта, барлық жерде бірдей салуға болады. Құбыр көлігінің өзіндік құны теміржол салғанға  қарағанда едәуір төмен және тасымалдау қашықтығы өзен мен теміржолға қарағанда қысқа болып  келеді. Қазақстанның батыс бөлігі мұнайлы аудан болғандықтан, құбырлардың басым бөлігі осы аймақта  шоғырланған. Қазақстанның автомобиль жолдары республикалық деңгейдегі және жергілікті деңгейдегі жолдар  болып бөлінеді. Қазақстандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 95 мың шақырым. Қазақстандағы республикалық деңгейдегі ең ірі автомобиль жолы Алматы – Ташкент жолы (Алматы –  Бішкек – Тараз – Шымкент). Көліктің бірнеше түрі тоғысып, өзара жүк алмасатын орындарды орындарды көлік тораптары деп  атайды. Қазақстандағы жалпы жүк айналымының 57,5%­ ы теміржол, 27%­ы құбыр, 15, 5%­ы  автомобиль үлесіне тиеді. Әуе көлігі жүк пен жолаушыны алыс қашықтыққа тасымалдаудағы ең  маңызды түрі. Басқа көліктермен салыстырғанда өзіндік құны қымбат болып келеді. СҰРАҚТАР 1. Еліміздегі жетекші көлік түрі. 2. Қазақстандағы ең ескі темір жол. 3. Еліміздің көлік және коммуникация кешенін құрайды. 4. Қазақстан темір жолының ұзындығы (км): 5. Қазақстанның солтүстігін, орталығын, оңтүстігін байланыстыратын ТрансҚазақстан  магистралі: 6. Қазақстанның солтүстік шығысынан оңтүстік батысына қарай өтетін теміржол. 7. Көліктің маусымдық түрі. 8. Құбыр жолының ерекшелігін атаңыз. 9. Павлодар – Екібастұз аумақтық­өндірістік кешенінің қалыптасуын тездеткен теміржолды  табыңыз. 10. Халықаралық стандартқа сай қайта жөнделген жол. 11. Өзен көлігін дамытуда жетекші орын алатын өзенді табыңыз. 12. Торғай алабының темірін игеру мақсатында салынған жолды табыңыз. 13. Республикадағы ірі автомобиль жолы. 14. Құбыр жолы Қазақстанның қай бөлігінде басым шоғырланғанын табыңыз. 15. Көліктің бірнеше түрі тоғысып, өзара жүк алмасатын пункттер. 16. Жүк айналымында үлес салмағы жоғары көлік түрі. 17. Көліктің жұмыс нәтижесін анықтайтын көрсеткіш. 18. "Шығыс шеңбері" автомобиль жолдары байланыстыратын аудан орталығын табыңыз. 19. Қостанай жерінен басталып, Ұлы Сібір магистраліне қосылатын темір жол. 20. Жүкті "Қақпадан­қақпаға" жеткізе алатын көлік түрі. 21. "Атырау – Астрахань" темір жол торабы байланыстыратын аудандарды табыңыз. 22. Ұлы Сібір теміржолының шағын бөлігі өтетін қала. 23. Қазақстан аумағында ең алғаш салынған мұнай құбыры. 24. 2002 жылы салынған құбырды табыңыз. 25. Өзіндік құны ең қымбат көлікті табыңыз. _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________

Казакстаннын колi кешенi

Казакстаннын колi кешенi

Казакстаннын колi кешенi

Казакстаннын колi кешенi

Казакстаннын колi кешенi

Казакстаннын колi кешенi
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.03.2018