Казакстаннын табигат зоналары
Оценка 5

Казакстаннын табигат зоналары

Оценка 5
Занимательные материалы
docx
география
8 кл
16.03.2018
Казакстаннын табигат зоналары
Қазақстан аумағының 0,4 пайызын алып жатыр. Гектармен есептегенде, 1 млн гектар жерді құрайды. Орманды дала зонасының тек өзіне ғана тән жануарлары болмайды. Мұнда көршілес зоналардың жануарлары ауысып жүре береді. Сол жануардың мысалы ретінде солтүстік ормандарынан ауысып келген бұландар мен Сібір еліктерін айтуға болады.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫ..docx
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫ. ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫ Топырақтану ғылымының негізін салған орыс ғалымы В.В. Докучаев. XIX ғасырдың 80­жылдары В.В.  Докучаев топырақтың тарихи және табиғи дене екенін анықтады. Қазақстан жерінің басым  бөлігін қара топырақты, қара қоңыр топырақты зоналар алып жатыр. Қара топырақты зона  еліміздің 9,5%­ы мен 34%­ын алып жатыр. Топырақ механикалық құрылымына қарай екіге: құрылымды және құрылымсыз топырақ деп бөлінеді.  Құрылымды топырақтың түйіршіктері ірілеу болып келетіндіктен су, ауа оңай өтіп, өсімдік жақсы  өседі. Құрылымсыз топырақ ұсақ түйіршіктерден тұратындықтан, онша құнарлы болмайды. Топырақ эрозиясы дегеніміз – топырақтың құнарлы қабатын кемітетін табиғи апат. Топырақ  эрозиясының екі түрі бар: су эрозиясы және жел эрозиясы. Су эрозиясы дегеніміз – ағын судың  топырақтың беткі құнарлы қабатын шайып кетуі, ал жел эрозиясы дегеніміз желдің топырақтың  құнарлы қабатын ұшырып әкетуі. Мелиорация дегеніміз – топырақты жақсарту. Топырақты жақсарту үшін ауыспалы егіс, қар тоқтату,  ағаш отырғызу т.с.с. шаралары қолданылады. Еліміздің аумағын солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 табиғат зонасы кесіп өтеді: орманды дала, дала,  шөлейт, шөл зоналары. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік, жануарлар дүниесімен  ерекшеленеді. Орманды дала зонасы Қазақстан аумағының 0,4 пайызын алып жатыр. Гектармен есептегенде, 1 млн  гектар жерді құрайды. Орманды дала зонасының тек өзіне ғана тән жануарлары болмайды. Мұнда  көршілес зоналардың жануарлары ауысып жүре береді. Сол жануардың мысалы ретінде солтүстік  ормандарынан ауысып келген бұландар мен Сібір еліктерін айтуға болады. Орманды дала зонасы – Қазақстанның ең жақсы игерілген зонасы. Мұндағы шүйгін шабындықтар мен  жайылымдық жерлерде етті­сүтті мал шаруашылығы жақсы дамыған. Еліміздің солтүстігін орманды  дала зонасы алып жатыр. Қазақстан жеріне орманды дала зонасының оңтүстік шағын бөлігі ғана кіреді.  Қазақстанның орманды дала зонасына Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігі  кіреді. Дала зонасы Қазақстан аумағының 29%­дан астамын алып жатыр, ол, гектармен есептегенде, 77 млн  гектарды құрайды. Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Дала зонасында шөптесін өсімдіктерден боз, бетеге, бидайық, арпабас, еркекшөп, қаңбақ кездеседі. Қазақстанның көп жерін шөл мен шөлейттер алып жатыр. Шөлейт зонасы – дала мен шөл зонасы аралығындағы өтпелі зона. Қазақстан жеріндегі шөлейт зонасы  Жайық өзенінің жағасынан Алтай тауларына дейінгі аралықтағы 2900 шақырымды алып жатыр. Шөлейт  зонасының негізгі топырағы ашық қара қоңыр топырақ. Топырақтағы шірінді мөлшері 2­3%. Басқа  зоналардың топырақтарымен салыстырғанда құнарлығы төмендеу. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га құрайды, яғни респуликамыздың 44%­ы. Шөл зонасы  Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылып жатыр. Шөлдерде ағаш тектес  өсімдіктерден сексеуіл, жыңғыл өседі. Сексеуіл сортаң топырақты жерлерде өседі. Қазақстандағы ормандардың жартысынан астамын сексеуіл ағаштары құрайды. Шөл зонасындағы жануарлар мен өсімдіктерді қорғау мақсатында Үстірт, Барсакелмес  қорықтары ұйымдастырылған. Барсакелмес қорығы Арал теңізіндегі осы аттас аралда  ұйымдастырылған болатын. Арал теңізіндегі экологиялық жағдайларға байланысты қорық Қапшағай  аңшылық шаруашылығына көшірілді. СҰРАҚТАР 1. XIX ғ. 80 жылдарында топырақтану ғылымының негізін салған ғалым. 2. Құрылымы кесек топырақтарды табыңыз. 3. Түйіршіктері ұсақ топырақтың атауы. 4. Қара қоңыр топырақ алып жатқан аудан. 5. Қазақстанның негізгі топырақ зоналарын табыңыз. 6. Топырақтың механикалық құрылымына қарай бөлінуін анықтаңыз. 7. Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғат апаты: 8. Топырақ эрозиясының негізгі түрлерінің санын табыңыз. 9. Топырақты жақсартуға бағытталған іс­шаралар жиынтығы. 10. Республикамыздың жерінің 9,5% алып жатқан, солтүстік өңірлерде таралған топырақ түрін  белгілеңіз. 11. Қазақстан жерінің 44%­ында таралған топырақ түрін көрсетіңіз. 12. Бұл табиғат зонасының топырағы өте құнарлы деп есептелінеді. 13. Қазақстанның негізгі астық өндіретін ауданы орналасқан зона. 14. Қуаң даланың топырағы. 15. Еліміздегі өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен  ерекшеленетін табиғат зоналарының саны. 16. Орманды дала зонасы еліміздің ... алып жатыр. 17. Қазақстанның жауын­шашын ең көп түсетін зонасын табыңыз. 18. Қазақстанның орманды дала зонасы ... аумақты алып жатыр. 19. Орманды дала зонасының топырағындағы қарашіріктің пайыздық мөлшерін табыңыз. 20. Орманды дала зонасында өсетін ағаштарды белгілеңіз. 21. Қазақстанның қарағайлы ормандары таралған жерелерді табыңыз. 22. Батыс Сібір жазығының ормандарында таралған ағаш түрлерін көрсетіңіз. 23. Жалпы Сырт қыраты ормандарының негізгі ағаштарын көрсетіңіз. 24. Орманды дала зонасында дамыған малшаруашылығының бағыты. 25. Орманды дала зонасының өзендерін табыңыз. 26. Дала зонасында таралған топырақ түрін белгілеңіз. 27. Қазақстанның дала зонасы ... аумақты алып жатыр. 28. Дала зонасының шалғынды өсімдіктерін көрсетіңіз. 29. Дала зонасының шипалы өсімдіктерін белгілеңіз. 30. Дала зонасының сарышұнақ тұқымдасына жататын ірі кеміргішін белгілеңіз. 31. Дала зонасында түсетін жылдық жауын­шашын мөлшерін көрсетіңіз. 32. Дала зонасының ірі құсын табыңыз. 33. Дала зонасында тіршілік ететін құсты табыңыз. 34. Шөлейт зонасындағы әсем жазираның бірі. 35. Республика аумағының 44%­ын алып жатқан табиғат зонасын көрсетіңіз. 36. Шөл зонасының 1/3 алып жатқан құмды шөлдерді табыңыз. 37. "Қазақстанның қызыл кітабына" енгізілген, шөлде ғана өсетін дәрілік өсімдік. 38. Қазақстандағы сазды шөлдер. 39. Шөлдердегі ағаш тектес өсімдіктерді белгілеңіз. 40. Шөл зонасының өзен аңғарларында өсетін өсімдіктер. 41. Шөл зонасындағы ірі кеміргіштер. 42. Шөл зонасында ұйымдастырылған қорықтар қатарын көрсетіңіз. 43. Қазақстанның оңтүстік шөлдерінде кездесетін улы өрмекшіні табыңыз. 44. Шөлдерде кездесетін тұяқты жануарларды табыңыз. 45. Шөлейт зонасының Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейінгі қашықтығын табыңыз. 46. Шөлейт зонаның топырағындағы қарашірік мөлшерін белгілеңіз. 47. Шөлейт зонаның негізгі топырағын табыңыз. 48. Шөлейт зонасының өзендерін атаңыз. 49. Шөлейттің улы жыландарын көрсетіңіз. 50. Шөлейт зонасы Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейін ... шақырымға созылып жатыр. ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________

Казакстаннын табигат зоналары

Казакстаннын табигат зоналары

Казакстаннын табигат зоналары

Казакстаннын табигат зоналары

Казакстаннын табигат зоналары

Казакстаннын табигат зоналары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.03.2018