Компьютерлік графика 7 сынып
Оценка 4.9

Компьютерлік графика 7 сынып

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
информатика
7 кл
28.04.2017
Компьютерлік графика 7 сынып
Публикация является частью публикации:
компьютерлік графмка.docx
БҚО.Теректі ауданы.Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі. Информатика мұғалімі Айткалиева Баян Сабыргалиевна. Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері.Векторлық графикада жұмыс. Сабақтың мақсаты: Білімділік: графика туралы түсінік беру. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары  туралы жалпы түсінік беру. Қолдану салалары. Оның түрлері.  Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың  дүниетанымдарын, ой ­ өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту. Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа  тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ ­ жауап әдісі. Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, компьютер, слайдтар. 1. Ұйымдастыру кезеңі 2.  Үй тапсырмасын қайталау.  3. Жаңа сабақты түсіндіру. 4. Практикалық жұмыс 5. Сергіту сәті. Бекіту тапсырмалары 6. Оқушыларды бағалау 7. Үйге тапсырмасын беру. 2.Модель дегеніміз не?  Нысанның қарапайым көшірмесі, ол заттың кішірейтілген  түрі.Модель неше түрі бар? Математикалық­ нысан кішірейуі не үлкейуі мүмкін, бірақ  сыртқы көрінісі жаңаша көрсетілідеі, ақпараттық­нысан қандай да тілде сипатталуы.олар кесте,сызба, сөздік.Адам нысан болса оның модельдерін атаңыз?фото, манекен,  скульптура, анкета.  3.Компьютерлік графика жаңа тақырып. Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды,  мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың  маңызды саласы.Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік  графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез ­ келген  мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе  жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың  кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық  агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып,  өз күштерімен жасауға тырысады. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға  бөлінеді: Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару  үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды  графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер,  сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы  графиктерді символдық режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді  қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – график салғыштар  (плоттерлер) пайда болды. Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде  ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік  графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық  есептерді және т. б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың  программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады. Көркем графика­графикалық кескін жасау және редакциялау үшін, мысалы, баспа  өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер, бейне  сабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады. Жалпы компьютерлік графика мынадай түрлерге бөлінеді:екі өлшемді графика: яғни  растрлық, векторлық, фракталдық және үш өлшемді графика 3D. Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы.  Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады.  Растрлық графикада  кескіндер түрлі­түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын  әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір  ұяшық қажет.Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең  орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына  тәуелді болады .Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint Векторлық кескіндер, бұл ­ сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық  объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз ­ осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.  Векторлық графиканың басты артықшылығы оған  кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге  болатындығы. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator  секілді векторлық  графикалық редакторларда жасалады.  Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге  емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада  математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің  жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз . 3D графика ­ инженер ­ конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап  шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР – дың (систем автоматизации проектирования ­ жобалауды автоматтандыру  жүйесі) міндетті элементі болып табылады.  3 графика құралдарын пайдалана отырып  жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді  кескіндерді де жасауға болады. 4.Бекіту тапсырмасы.  Практикалық тапсырма№1 Сергіту сәті. Практикалық тапсырма №2 5. Бағалау 6. Үйге тапсырма.§19, 98­101б                              тест орындау 101­103б Келесі сабақта әр оқушы берілген шығармашылық жұмыстың жобасын графикалық  редакторда салып, қорғау үшін мына тақырыптардың бірін таңдау. 1. «Менің бөлмем» сызбасын жасап келу.  2. Графика түрлері.Шығу тарихын жазып келу.

Компьютерлік графика 7 сынып

Компьютерлік графика 7 сынып

Компьютерлік графика 7 сынып

Компьютерлік графика 7 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
28.04.2017