Конспект организованной-учебной деятельности по информатике в дошкольных организациях. Возраст детей - старшая и предшкольная группа.Цель ОУД - дать понятие детям о компьютерных вирусах.Закрепить понятия о геометрических фигурах, цифрах, закономерность.Повторить технику безопасности в компьютерном кабинете, основные части компьютера.Побудить интерес к технике.занятия по информатике в ДОУ
Курпишева Венера Турганбековна
№33 "Нұрсәт" мектепке дейінгі білім орталығы
информатика пәні мұғалімі
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: "Компьютерді вирустан құтқару"
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Балалардың информатикаға деген
қызығушылығын ояту, компьютер туралы түсініктерін айқындап, әрі қарай кеңейту.
Ақпараттықкоммуникативтік технологияларды қолдану арқылы геометриялық пішін, сан
туралы білімдерін жетілдіру, есте сақтау, логикалық ойлау, тапқырлықты
дамыту.Мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдістәсілдер: түсіндіру, үйрету, ойын, сұрақжауап.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдшоу, дидактикалық ойын
.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Балалар кабинетке келіп отырады.Интерактивті тақтада галактиканың суреті, әуенмен
компьютер данышпанының бейнесі шығып, балалармен тілдеседі:
Ой балалар! Сәлеметсіздер ме? Мені таныдыңдар ма? Мен Компьютер елінің ғалымы
боламын. Күнітүні ұйықтамай, жаң техника компьютерлердің түрлерін ойлап шығарамын.
Кеше үлкен картамды қарап отырсам, сендердің балабақшаларынды көріп қалдым. Ол
маған өте ұнады.Сондықтан сендерге келіп, компьютермен жұмыс жасауды үйретейін деп
шештім.
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен.
Роботты адамдай
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене.
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген.
Барлық істі атқарып,
Пайдасын елге тигізген.
Балалар енді барлығымыз компьютерге отырайықшы. (Компьютерді қосады, ол
қосылмайды) Балалар компьютерлеріміз қосылмайды оларға не болған?
.................(балалардың жауабы)
Ааа, мен таптым.Бұл Вирустың жасаған бұзықтығы! Балалар Вирус деген не? Дұрыс ол
ауру туғызады, міне енді сол вирус біздің компьютерлерді ауыртып, жұмысын тоқтатып
тастады. Осы Вируспен күресіп жатырмын, бірақ әлі толық жоя алмадым. Енді сендер
маған осы компьютерлерді емдеуге көмек көрсетесіңдер ме?
Әрине көмектесеміз.
Ендеше, ең алдымен компьютер кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейікші.
(слайд арқылы көрсету)
1. Компьютердің алдында түзу отырамыз.
2.Мониторға өте жақын қарамаймыз.
3.Компьютердің тоқтарын қолмен ұстамаймыз.4.Компьютердің алдында тамак, сусын ішуге болмайды.
5.Компьютерде ұзақ отыруға болмайды.
Жақсы қауіпсіздік ережесін жақсы білеміз, енді компьютердің негізгі бөлігін қайталайық.
Жүйелік блок компьютердің миы ғой,
Сараптайды сан алуан түрлі ой.
Пернетақта ақылды,
Бізге көмек береді.
Пернелерді басамыз,
Жазу жазып аламыз.
Кіпкішкентай тышқанның
Мүмкіндігі зор екен.
Кіпкішкентай болғанмен,
Көмегі оның мол екен.
Монитор деген ғажап қой
Ол сенің жақын досың ғой.
Әлемдегі кереметті
Монитор бізге көрсетті.
Өте жақсы.Компьютердің ішінде бағдарламалар көп болатынын білесіңдер.Мысалы ойын
ойнауға бір бағдарлама, жазуға бір бағдарлама, сурет салуға тағы басқа арнайы
бағдарламалар бар.Ал вирус болса, сол бағдарламаларға ауру жұқтырып, енді олар жұмыс
жасамай отыр.Енді біз сол бағдарламаларды емдеп жазу керекпіз.Дайынсындар ма?
Дайынбыз.
Ендеше сендердің алдынызда бірінші "Пішіндер" деген бағдарлама (слайд арқылы)
тақтадағы пішіндерді сипаттандар. Мұқият пішіндердің орналасу реттілігін қарап,
жетіспей тұрған пішінді салындар.
Жақсы балалар. Біз бұл бағдарламаны емдедік.
Енді екінші бағдарлама "Айырмашылығын тап" (слайд арқылы). Бұл тапсырманы орындау
үшін алдыңыздағы суретке қарап бірдей екі бейнеден айырмашылығын табамыз, сөйтіп бұл
бағдарламаны емдейміз.
Қазір біз күрделі тапсырма орындаймыз, сондықтан да саусақтарымыз шаршап қалмасын
деп саусақтарымызды жаттықтырып алайық. "Салат" саусақ жаттығуы
«Салат» саусақ ойыны
Сәбізді алып тазалаймыз,
Үккіштеп үгіп майдалаймыз
Қанттан сеуіп дәмдейміз
Қаймақ құйып сәндейміз
Міне, дайын нәр тағам –Дәруменге байыған
Түсіндірмесі:
1. Оң қолды жұдыраққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды.
2. Екі қолды жұдыраққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары төмен қозғайды.
3. Саусақтардың ұшымен «қант себеді»
4. Қолды жұдырыққа түйген күйі (қаймақ құйған сияқты) қол білезігін жоғары төмен
қозғайды.
5. Екі қолын алдына жайып көрсетеді.
6. Алақанмен іштерін сипалап, тойғандықтарын білдіреді.
Үшінші бағдарлама "Сандар". Әрбір жануардың қасында екі сан жазылған, сол сандар
арқылы кестенің ішінен жануардың орнын табамыз. Яғни бірінші сан баған, екінші сан қатар
номерін білдіреді.
Балалар сендер қандай ақылды тапқырсыңдар.Сендердің көмектеріңізбен компьютерді
Вирустан құтқардық. Енді біздің компьютеріміз ешқашан ауырып, жұмысын тоқтатпайды.
Енді компьютерлерімізді қосып, мен сендерге алып келген қызықты ойынның шарттарын
орындайық.
Электронды ойын "Малыш 1" "Суретті құрастыр" тапсырмасы.
Көзге арналған жаттығу орындау.
Балалар сендер мағанқатты ұнадындар.Маған осындай ақылды, алғыр балалар керек.Мен
сендерді өзімнің еліме саяхатқа шақырамын.Жүріңдер!!! Бізді әлі талай қызықтар күтіп
тұр.