Конспект по информатики на тему "Массив" (10 класс)
Оценка 4.8
Лекции
doc
информатика
10 кл
10.02.2017
Ақпараттарды ұйымдастырудың қолайлы тәсілі-кестелік тәсіл. Еген кесте бірнеше жолдан тұрса, оны тікбұрышты кесте деп атаймыз. Кесте элементтерін латын әріптерімен, жолдарды жоғарыдан төменге, ал бағандарды солдан оңға қарай белгілейміз. Кестенің өз аты болады [A], мұндағы жолдарды [і], деп, ал бағандарды [j], деп белгілейміз. Осындай кестелік ақпараттардан жиым ұғымы пайда болады. Жиым немесе жиым элементтері нөмірленген айнымалылар болып табылады.Оқушыларға жиым, екіөлшемді және бірөлшемді жиым, матрица ұғымдарын түсіндіру. Жиымның өлшемдерін айыра білуді үйрету.
17. Жиым.doc
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Тексерілді»
Оқу ісіжөніндегі орынбасары:
«___________» ________2016 ж _____________ Г.Б. Шамшина
Пән аты: Информатика
Сыныбы 10 (жаратылыстануматематика бағыты)
Сабақтың тақырыбы: Жиым (Массив)
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға жиым, екіөлшемді және бірөлшемді жиым, матрица ұғымдарын түсіндіру. Жиымның
өлшемдерін айыра білуді үйрету.
2) Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын және компьютермен жұмыс жасау
мүмкіндіктерін дамыту.
3) Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа компьютермен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: Көрсетебаяндау, жеке жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: ДК, слайдтар, тапсырмалар
Сабақтың барысы:
I)Ұйымдастыру.
II)Үй тапсырмасын тексеру.
III) Жаңа сабақ.
IV) Үйге тапсырма.
V) Қортындылау.
Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын пысықтау.
II)Үй тапсырмасын тексеру.
1. Логикалық өрнектерді атаңдар
А) циклдік, айнымалы шарт
В) сандық, мәтіндік шарт
С) қарапайым, күрделі шарт
Д) тұрақты, сызықтық шарт
Е)барлық жауап дұрыс
2. Қарапайым шарт дегеніміз
А) салыстыру белгісінен тұратын екі арифметикалық өрнектің бірігуі
В) программаның тоқтаған жерінен бастап өрнекті және мәндерді көру үшін терезенің пшылуы
С) өрнекті көру үшін терезенің ашылуы
Д) мәндерді енгізу және бұрықтың орындалуы үшін терезенің ашылуы
Е) барлық жауап дұрыс
3. Күрделі шарт дегеніміз
А) салыстыру белгісінен тұратын екі арифметикалық өрнектің бірігуі
В) Not, And, Or операцияларынан тұратын логикалық өрнектер
С) күрделі шарт тармақталу алгоритмінен тұрады
Д) мәндерді енгізу және бұйрықтың орындалуы үшін терезенің ашылуы
Е) программаның тоқтаған жерінен бастап өрнекті және мәндерді көру үшін терезенің ашылуы
4. Таңдау операторы
А) берілген шамаларды салыстырып, қандай операторлар тізбегі орындалатынын анықтайтын
оператор
В) бір әркеттің бірнеше рет қайталануы
С) шартты оператор тармақталу алгоримінен тұрады
Д) циклдің басқарушықұрамы
Е) салыстыру белгісінен тұратын екі арифметикалық өрнектің бірігуі
5. Цикл дегеніміз
А) салыстыру белгісінен тұратын екі арифметикалық өрнектің бірігуі
В) бір әркеттің бірнеше рет қайталануы
С) оператордың жазылуы
Д) циклдің басқарушы құрамы
Е) барлық жауап дұрыс
6. Орындалу тәртібін өзгерту үшін
А) next В) end
С) goto
Д) break
Е) enter
Жаңа сабақ:
Ақпараттарды ұйымдастырудың қолайлы тәсілікестелік тәсіл. Еген кесте бірнеше жолдан
тұрса, оны тікбұрышты кесте деп атаймыз. Кесте элементтерін латын әріптерімен, жолдарды
жоғарыдан төменге, ал бағандарды солдан оңға қарай белгілейміз. Кестенің өз аты болады [A],
мұндағы жолдарды [і], деп, ал бағандарды [j], деп белгілейміз. Осындай кестелік ақпараттардан
жиым ұғымы пайда болады. Жиым немесе жиым элементтері нөмірленген айнымалылар болып
табылады.
Жиым (массив) дегенімізбір атауға біріктірілген бір типті шамалардың реттелген тізбегі.
Жиымды сипаттау үшін Dim қызметші сөзінен кейін жиым атын жазып, жақша ішінде
жиымға компьютердің жадынан қанша орын бөлінетінін және As қызметші сөзінен кейін жиым
элементінің типін көрсету керек.
Мысалы:
Dim A (1 to 15) As Integer // элементтері бүтін сан болатын А жиымына компьютер жадынан
15 орын бөлінеді.
Dim X (15) As String //элементтері жолдық қатар болатын х жиымына компьютердің
жадынан 0ден 15ке дейін 16 орын бөледі.
Жиымды процедураның басында немесе код терезесінің General бөлігінде жазып кетуге
болады. Егер жиым процедурасының басында сипатталса, ол тек сол процедураның
орындалуында ғана жұмыс істей алады, ал General бөлімінде сипатталса, онда жиым жобаның
барлық процедураларында орындалады.
Элементтер саны алдын ала белгілі болса, оны анықталған шекарасы бар жиым деп
атаймыз.
Динамикалық жиым дегеніміз айнымалы элементтерден тұратын жиым. Программаның
орындалу барысында кез келген уақытта динамикалық жиымның өлшемдері өзгертіп отырады.
Visual Basic –те динамикалық жиымды қолдану өте қолайлы, өткені, оның көмегімен жадыны тез
басқара аламыз.
Динамикалық жиымды құру кезінде:
Жиымның анықталған өлшемін түйінді сөздерарқылы хабарлайды. Мұндай
жиымның өлшемі бос тұрады. Мысалы: Dim A (1 to 15) As Integer
ReDim операторы арқылы хабарлағанда жиымның өлшемін сан немесе өрнек түрінде
көрсетеді. Жиымның өлшемі мынандай тәсілдермен беріледі:
ReDim Count (x)
ReDim Count (12)
ReDim Count (1 to 5)
ReDim операторын пайдаланғанда, жиымның алдыңғы өлшемі туралы ақпараты жойылады.
Егер алдыңғы ақпаратты жоғалтпай, жиым өлшемін өзгерткіңіз келса, онда түйінді сөзін
пайдаланған дұрыс. Төменде берілген жиым ешқандай ақпаратты жоғалтпай, жиым өлшемін 1ге
өсіреді. ReDim Preserve Count (х+1)
Visual Basicте массивтер өлшеміне қарай бірөлшемді, көпөлшемді болып бөлінеді.
Нақты сандардан құрылған тізбекті N атаулы жиым немесе бірөлшемді жиым деп атайды.
Егер тесте тікбұрышты болса, бұл екіөлшемді жиым деп аталады.
Екіөлшемді жиым жол және бағаннан тұрады.
Жиымның аты, өлшемі, типі, элементтер саны болады.
Жиым элементтерін сұрыптау
Жиымды сұрыптаупрограммада жиі қолданылатын процедура. Сұрыптау берілген
сандарды үлкен кішіге немесе кішіден үлкенге қарай реттеу. Сұрыптаудың бірнеше тәсілі бар,
солардың ішіндегі ең тиімдісі«Көпіршік» әдісі бойынша сұрыптау.
Мәндермен алмасу
Екі айнымалының мәндерін ауыстыру үшін үшінші айнымалы қажет. Сондықтан жаңа мәнге
ие болған айнымалы ескі мәнін жоғалтады. А=5
B=7
…
A=В A=7→
B=A B=7→
А айнымалысы В айнымалының мәнін қабылдағандықтан бастапқы мәнін жоғалтады,
→
→
→
сондықтан А=В болып қалады. Үшінші айнымалыны Сны қосу арқылы алмастыру.
С=A С=5 С айнымалысы А айнымалының мәнін қабылдайды және 5ке тең
A=В A=7 А айнымалысы В айнымалының мәнін қабылдайды және 7ке тең
В=С В=5 В айнымалысы С айнымалының мәнін қабылдайды және 5ке тең
Екіөлшемді немесе көпөлшемді жиым
Егер жиымды бір индекс болса, бірөлшемді жиым, екі индикс болса, екіөлшемді жиым,
индикс болса, көпөлшемді жиым деп атаймыз. Екіөлшемді жиымды матрица деп атаймыз.
Екіөлшемді жиым тіктөртбұрыш ұғымына сәйкес келеді. Екіөлшемді жиым жол және бағаннан
тұрады.
Жиым элементтерімен жұмыс жасағанда бірінші жиым аты, ал жақша ішінде индиксі
көрсетіледі.
А (1,1)=0
А (3,3)=5,1
А (1,2)=4
Dim A(1 to 4, 1 to 3) As Single
мұнда екіөлшемді жиым берілгендіктен мәні 12(4*3), Ажиым аты, типі болады. Мұнда
бірінші жол қатары, екінші баған қатары көрсетілген.
Екіөлшемді кестені математикада қолданады, ал сызықты алгебрада матрица қолданылады.
Тәжірибелік тапсырмалар
1. «Матрица»
1) Жаңа жоба ашып, «Матица» деп сақтаймыз.
2) Пішінге бұйрықтық батрма енгізеңдер
3) Процедураны теріңдер, мұнда операторынан кейінгі «;» белгісі массивті бірінің астына
бірін орналастыруды қамтамасыз етеді.
Private Sub Xommandl_Click()
Cls: Randomize
Dim x( 1 to 3, 1 to 5)
For i=1 to 3
For j=1 to 5
x(i,j)=Int (Rnd(1)*20)+1
Print x(i,j)
Next j
Print
Next i
End Sub
4) Процедураны талдаңдар
5) Мұнда қандай цикл қолданылған?
Қортындылау:
1. Кестелік тәсіл неліктен ыңғайлы?
2. Жиым дегеніміз не?
3. Көбейту кестесі жиымға жата ма?
Үйге тапсырма.
Оқушыларды бағалау.
«§17 Жиым (Массив)» тақырыбын оқып келу
Конспект по информатики на тему "Массив" (10 класс)
Конспект по информатики на тему "Массив" (10 класс)
Конспект по информатики на тему "Массив" (10 класс)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.