Коучинг :"Достық" (8-класс)
Оценка 4.8

Коучинг :"Достық" (8-класс)

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
8 кл
17.02.2017
Коучинг :"Достық" (8-класс)
Класс:8 Тақырыбы: ДОСТЫҚ Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту. Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру; 2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету. 3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу Ресурстар: стикер, постер, маркер тағы басқаларыКласс:8 Тақырыбы: ДОСТЫҚ Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту. Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру; 2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету. 3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу Ресурстар: стикер, постер, маркер тағы басқалары
достык.docx

 

Класс:8

Тақырыбы: ДОСТЫҚ

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.
Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу

Ресурстар: стикер, постер, маркер тағы басқалары

Кезеңдері

Әдістері

Оқушылардың сабақ барысындағы іс әрекеті

Күтілетін нәтиже

Қызығушылықты ояту

Мәнерлеп өлең  оқу. (слайдтан көрсету)
Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,
Жандарынан тұратын шуақ тамып.
Домбырамның үні де естіледі,
Достарымның сырлары сияқтанып.

Шын достықтың оттары жалындайды,
Дос қамалдар ешқашан алынбайды.
Дос көңілдер есепке бағынбайды,
Дос жүректер өсекке бағынбайды.

 

«Қаздар  сабағы» бейнекөрсетілім

 

Бүгінгі  сабағымыздың тақырыбы қандай екен?
1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Шын досты қалай білуге болады?
3. «Досы көпті жау алмайды»
деген сөзді түсіндіріңдер?
4. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?

 

 

 

 

Біздің сабағымыздың әдісі қандай түрде өтеді?

Ойларын айтады

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

Бірлесіп жұмыс жасау,топтық жұмыс ережесін біледі

 Танысу тренингі.

Өз есіміңізге сын есім қосып айтамыз.

1.Әдепті –   2.Сыпайы - 3.Жағымды – 4.Мейірімді – 5.Нұрдай –

 6.Оқымысты-  7.Ынталы – 8.Ажарлы –  9.Жайдарлы – 10.Айбатты

11.Сымбатты  –  12.Ғажайып –  13.Нұрлы – 14.Әдемі - 15.Инабатты 

Оқушылар өздері туралы жаңа бір қырларынан тани бастайды

 

 Топқа бөлу

Оқушыларды мақал-мәтел арқылы  топқа бөлуі.

Оқушылар мазмұнына қарай топқа бөлініп отырады.

"Ассоцация"

 

"Достық", «Дос» ұғымына ассоцация жеке,жұппен  және топпен жұмыс жасайды

Достық деген сөз естілгендегі оқушылардың ойында келетін ойлар тізбегі жеке, топпен өз орындарында  жинақталады

Презентация

Постер қорғайды

Топ  бір-бірін критерий бойынша бағалайды.(мағыналылығы,түсіндіруі,формасы)

 

Ортақ ойға келген шешімдерін қорғайды

Мағынаны тану

 

 

 

 

 

 

Мәтінмен жұмыс :Екі дос (Ел аузынан)

 

- Балалар, айтыңдаршы, әлсіз дос ағаш басынан түскен досына не деп жауап берді?

Оқушылар ойы,пікірі тыңдалады.

Оқушылар өз ойын айтады

Бейнекөрсетілім  көрсету. «Құм  мен  тас»

 

 

Не көрдік? Қандай  ой  түйдік? Сын тұрғысынан ойлау.

 

Оқушылар жеке ойланады,жұппен ойласады,топта  ой айтады.

Сергіту жаттығуы: «Көңілді  күн»

Оқушылар билейді

Сергітудің маңыздылығын  түсінеді

«Достық.Бірлік.» үйін салу.

- Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.
                                   Мақал-мәтелдер
Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
 Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
 Досыңменен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
 Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
 Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.(Топтар бір-бірін бағалайды)

 

Жеке ойларымен бөліседі. әр топтан өз қалауы бойынша сурет салады.Неден салады,немен  салады,қалай салады  өздері біледі

 

«Кітапхана»

Ертегі жазу .Қорғау

Кері байланыс

 

Оқушылар жеке жұмыс жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой  - толғаныс

 Социометрия әдісі.
Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты анықтау, алынған мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде психологиялық қолайлы жағдай орнату.

 

Нұсқау: Балалар, сіздерге қазір сұрақтар қойылады. Сол сұраққа осы өз кластастарыңнан үш адам есімдерін жазасыңдар.
1. Кіммен дос болғың келеді?
2. Партада кіммен бірге отырғың келеді?
3. Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?

 

Оқушылар сұраққа жауап  жазады

Тыныштық сәті.

Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жақсы қасиеттері туралы ойлаймыз. (2-3 секунд)
- Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық,  - Енді балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйек сөзді жаттап, дәптерімізге жазып алайық. «Шын дос – таусылмас қазына»  (топта сағат тілімен айналдыру)

 

 

 

Достарының атын жазады,дәйексөзді жазып,есте сақтайды

"Екі жұлдыз, бір пікір"

 

Бейнекөрсетілім  көрсету

Ой толғауларын стикерге түсіреді, оны ДОСТЫҚ   ағашына сөзіне  орналастырады

Достық туралы көрсетілімді көреді

Көзқарастары мен пікірлерін ортаға салады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Класс:8 Тақырыбы: ДОСТЫҚ Мақсаты:

Класс:8 Тақырыбы: ДОСТЫҚ Мақсаты:

Мағынаны тану

Мағынаны тану

Коучинг :"Достық" (8-класс)

Коучинг :"Достық" (8-класс)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.02.2017