Коучинг сессияның рефлексивті есебі
Оценка 4.6

Коучинг сессияның рефлексивті есебі

Оценка 4.6
Памятки
docx
психологическая работа +2
Взрослым
30.01.2018
Коучинг сессияның рефлексивті есебі
" Жаңа форматтағы сабақтарды коучинг стилінде өткізуге бола ма ? " тақырыбындағы коучинг сессяны өткізу барысынан рефлексивті есеп. Сұрақ түрінде тақырыптың таңдалуы дұрыс па ? Әдіс - тәсілдер дұрыс таңдалып жұмыс барысы ұйымдастырылды ма? Осы сұрақтар төңірегінде қорытынды рефлексия есеп
рефлексия Амировой.docx
Коучинг сессия туралы рефлексивтік есеп 26. 01. 2018 жылы болып өткен облыстық «5­ші 7­ші сыныптардағы жаңартылған білім мазмұны» тақырыбындағы өткен облыстық семинар аясында «Жаңа форматтағы сабақтарды коучинг стилінде ұйымдастыруға бола ма?» тақырыбында коучинг сессия өткіздім.   Коучингіме   барлығы     24,   облыс   бойынша   жан   жақтан   келген   әріптестерім қатысты.  Тақырыпты   таңдауға   қазіргі   таңдағы   5­ші,   7­ші   сыныптарда   сабақ   жоспарлау барысында   қолданып   жүрген   әдіс­тәсілдерім   түрткі   болды.   Тақырыпты   тағы   да   сұрақ түрінде   таңдадым.   Себебі   алдыңғы   өткізіп   жүрген   коучингтерімнен   алған   тәжірибем бойынша   тиімділігіне   көз   жеткіздім.   Коучинг   барысындағы   жүргізілетін   жұмыстар нәтижесінде қатысушылар сұрақ түрінде берілген тақырыпқа жауап алып шығуын көздедім. Жұмыс   барысы   бірнеше   бөлімге   бөлінді.   Алғашқы   жұмысты   облыс   көлеміндегі мұғалімдер   келгендіктен,   бірін   бірі   танымау   мүмкіндігі   бар   екендігін   ескере   отырып, қатысушыларға   «Метафора»   түрінде   таныстыруларын   ұсындым.  Мақсаты:   жағымды атмосфера орнату, шаршаңкы көңіл –күйді сейілту. Танысу барысында шаршаңқы көңіл күйді сергітіп, сәл де болса жинақтап, қатысушылардың жұмысқа бет бұруына ықпал еттім. Себебі, бұл қатысушылар коучинг сессиямен қосқанда бүгінгі күнде 5­ші жұмысқа қатысып отырған   болатын.   Келесі   кезекте   алдын   ала   парта   беттеріне   номерлер   жапсырылып, номерлерді суыру арқылы әркім өз орнын тауып төрт топқа бөлініп орналасты. Тақырып   «Коучинг»   терминімен   байланысты   болған   соң   ең   алдымен   негізгі жұмысымды   «Коучинг»,   «Коуч»   терминдеріне   түсіндірме   анықтама   беруден   бастадым. Қысқаша  анықтамадан  соң  «Маугли»  мультфильмінен  Балу  мен  Багира  кейіпкерлердің Мауглиді оқыту стилін тамашалау ұсынылды. Кейін «Қай кейіпкердің іс­әрекетінен коучты байқадыңыз? Сіз сабағыңызды жүргізу барысында қай кейіпкердің іс­әрекетінен  өзіңізді таныдыңыз? » деген сұрақтар арқылы көрермендермен рефлесия жасалды. Нәтижесінде әлі де көптеген әріптестеріміз өзгеруге бет бұрамағандығын, әлі де тек ОҚЫТУШЫ кейіпінде жұмыстарын жалғастырып жатқандығын байқадым.  Келесі  «Коучинг   стилінде ұйымдастырылған сабақтардың ерекшелігі неде деп ойлайсыз?» деген сұрақ аясында ой   кезекте   топтық   жұмыс   ұйымдастырылды. пікірлерімен   бөлісіп   әр   топ   А3   форматты   қағаз   бетіне   түсіріп,   нәтижесін   топ   аралық бағалау ұсынылды. Бағалау нәтижесі бойынша анағұрлым «?» белгісі қойылған сұрақтар аясында   топтар   өз   пікірлерін   түсіндірді,   талдау   жасалып,   кері   байланыс   ұсынылды. Айтылған   пікірлер   жинақталып,   түйіндеу   мақсатында   теориялық   білім   ұсынылды. Әріптестердің   қызығушылығын   байқап,   сәтті   жоспарланған   жұмыс   деген   қорытынды жасадым.  Келесі жұмыс тағы да топтық жұмыс түрінде болды. «Қиын үштік» айдарымен жаңа бағыттағы сабақ жоспарын жасауда 5 этап бойынша кездесетін қиындықтарды А3 форматы бетіне түсіру ұсынылды топ ішінде. Кейін топ аралық жұмыстар алмастырылып, сәйкесінше   Нәтижесінде   кездесетін кездескен   қиындықтарға   шеішім   ұсыну   тапсырылды. қиындықтарды қалай шешуге болатындығы жөнінде бағыт бағдар алды қатысушылар. Тағы да   жұмыс   барысы   жалаң   сөз   болмауы   үшін,   өз   тарапымнан   теориялық   біліммен толықтырылып, ақпараттар ұсынылды.  Жұмыс соңында әр қатысушыға: «Тиімді сабақтың бейнесі қандай? Өз тәжірибеңізде қалай   іске   асыруға   болады?   Іс­тәжірибеңізде   іске   асыру   үшін   қандай   қарекет   жасауға болады? Көзделген мақсатқа қай әрекет барысында жеттіңіз?» деген өзіндік рефлексия жасау   ұсынылып,   бастапқы   сұрақ   тақырыбымызға   қалай   жауап   беруге   болады   деген бағыттама берілді. Нәтижесінде түгел қатысушы әріптестерім: «Иа. Қазіргі таңда барлық сабақтар мүмкіндігінше коучинг стилінде ұйымдастырылуы тиіс» деген пікірге тоқталды. Бұл әрине жұмысымның сәтті ұйымдастырылып, көздеген мақсатыма жеткендігімнің дәлелі деп білемін. Тағы да жұмысымның нәтижелілігін жұмыс бойынша берілген әр әріптесімнің кері байланысынан да байқауға болады. «Бүгінгі жұмыс тиімді болды ма, қажетті ақпарат ала алдыңыз ба?», ­ деген рефлексия сауалдарына толық қатысушылар: «Иа тиімді болды, қажетті   көптеген   ақпарат   алдым!»   сынды   жауаптар   жазбаша   түрде   берілген.   Демек, толықтай көздеген мақсатыма жеттім деген ой түйдім.  Тағы да әріптестермен жүргізілетін жұмысты барлық қатысушыға қолжетімді түрде ұсынып, әрі жоспарланған жұмыстарды тиімді әдіс тәсілдер арқылы жүзеге асырар болсақ кез   келген   аудиторияда   әркез   нәтижелі   жұмысқа   қол   жеткізуге   болады   деген   түйін жасадым.  ІІ деңгейлі коуч: Амирова Айнагуль Тасбулатовна

Коучинг сессияның рефлексивті есебі

Коучинг сессияның рефлексивті есебі

Коучинг сессияның рефлексивті есебі

Коучинг сессияның рефлексивті есебі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.01.2018