"Өлкенің тума таланты" Ә.Кекілбаев

  • Интерактивная доска
  • pptx
  • 22.02.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты, Әбіш Кекілбайұлының қаламгерлігі, қайраткерлігі, саясаткерлігі туралы оқушыларға кеңірек таныстыру. Тәрбиелілігі: Әйгілі сөз зергерінің замандастары, достары, әріптестері, іні – қарындастарының әр жылдардағы жазылған, газет – журналдарда жарық көрген ой – толғамдары, ыстық лебіздерін бере отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, сыйластыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.Тәрбие сағаты
Иконка файла материала Презентация1.pptx
Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
*Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең­алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. *2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт­бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой­толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты. *Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.
Романдар *«Шандоз» *«Аңыздың ақыры» *«Үркер» *«Елең­Алаң» *«Конец легенды» *«Плеяды – созвездие надежды» *«Всполохи»
Аудармалары vК.Гоцци – «Туранбике ханшайым» vА.П.Чехов – «Ваня ағай» vВальехо Антонио Буэро­ «Бүгін мейрам, бүгін той» vГенрик Ибсен­ «Үрей» vЛ.Дарко – «Сүйіктім менің, Электра!» vУ.Шекспир – «Ромео мен Джульетта» vУ.Шекспир ­«Кориолан» vУ.Шекспир – «Король Лир» vМ.Фриш – «Ғылым қуған Дон­Жуан» Ikaz.kz ­ ашық мәліметтер порталы
Марапаттары *Қазақстанның Еңбек Ері *Отан ордені *Назарбаев ордені *ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл медалі *ҚР Парламентіне 10 жыл медалі *Астана қаласына 10 жыл медалі *Құрмет белгісі ордені *Достастық ордені *Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері *Елбасының бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері (1995 ж.) *Қазақстанның халық жазушысы *Маңғыстау облысының құрметті азаматы Ikaz.kz ­ ашық мәліметтер порталы