Ұлттық құндылықтар
Оценка 4.9

Ұлттық құндылықтар

Оценка 4.9
docx
27.10.2022
Ұлттық құндылықтар
Авторлық Б.Б.Ж.docx

Т Ү Р К І С Т А Н   О Б Л Ы С Ы

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ.  ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫ

«М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

                                   

 

 

 

 

Әдебиеттік оқулық пәнінен

 

« Ұлттық құндылықтар»

(Авторлық  бағдарлама)

 

 

 

                         

 

Бастауыш сынып мұғалімі:

Байдашева  Бақтыгүл Жолдыбайқызы

 

 

 

 

 

                                                      2022-2023 оқу жыл

 

 

«М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназия» КММ-ның бастауыш сынып мұғалімі Байдашева Бақтыгүл Жолдыбайқызының әдебиеттік оқулық пәніне                                                          « Ұлттық құндылықтар» тақырыбына жазылған авторлық бағдарламасына

 

Пікір

Жобаның авторы:  Байдашева Бақтыгүл Жолдыбайқызы

Тақырыбы:   « Ұлттық құндылықтар»   

    Бастауыш сынып оқушылары сәлемдесу, өзін-өзі ұстай білуге, инабаттылық пен ізеттілікке, аты-жөнді қазақша дұрыс айту, мектепте және үйде өзін-өзі ұстау, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, дастархан басында ұстау, ас ішудегі әдептілік, жақындық қарым-қатынасты білдіретін атаулар, жеті атасын білу,әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлер, көне бұйымдар мен зергерлік бұйымдар туралы кеңінен мағлұмат алады.Ұлттық мәдениет ережелерін меңгерте отырып,оқушы бойындағы дүниетанымын, шығармашылығын ұштауға жол ашылады. Баланың жас ерекшелігіне байланысты ұлттық ойындар, ұлттық тыйым салу дәстүрін тұрмыста қолдануға дағдыландыру. Халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлі жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер мен шешендік сөздерді үйрету арқылы баланың тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін кеңейту. 1 – 4 сынып оқушыларын бүкіл ұлттық мерекелерде туыстарын (ата-әже, әке-ана т.б) қатыстыра отырып өткізуде, туыстық қарым-қатынастық нығаюына көңіл бөлінген.
Халқымыздың қасиетті дәстүрлерінің бірі табиғатты аялау, яғни экологиялық тәрбиеге байланысты тыйымдарды түсіндіру, ұлттық ойындар мен ұлттық спорт өнеріне кездесулер ұйымдастыру арқылы баланың өз ұлтына деген мақтаныш сезімін ояту.

    Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет – өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін үлкен тәрбие құралы. Бұл қазына ұлттық құндылықтар арқылы бала бойына сіңеруі даусыз. Олай болса  барлығымыз өскелең ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа аламыз деген ойдамын.

 

                                        

Пікір  жазған:

«М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназия»

КММ-ның директордың

 оқу ісі жөніндегі орынбасары:  Алекеева Г

 

 

 

                                       Тақырыбы: «Ұлттық  құндылықтар»

«Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,

өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»

(мақал)

АЛҒЫ  СӨЗ 

    Ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына қалай дарытамыз? Міне бұл сұрақтың жауабын былай берсе болады. Құндылықтарды іс-әрекет арқылы, сұрақтар арқылы, кері байланыс, рефлексия арқылы. Бұл баланың бойында өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілік, құрмет, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Әрбір жас ұрпақ өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуі тиіс.

    Оқушыларды ұлттық құндылықтарға, шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік - баланы психологиялық дайындықтан өткізу, яғни педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Осынау сақ даласын көргенде, иен даланы тарихи оқиғалармен сабақтастыра баяндағанда оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері қандай болмақ:                                                                                                                                                  

      Оқыту үрдісінде қазақ әдебиетін ұлттық құндылық ретінде таныта білу – мұғалімнің шеберлігі. Ұлттық құндылық дегеніміз – тұтас бір жүйе. Оған халықтың көркем мәдениеті немесе халық өнері,сондай-ақ халықтың әлеуметтік және мәдени қауымдастық ретінде пайда болуымен бірге туындаған әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, жол-жоралғылар, ұғым-түсініктер, дағды, көзқарастар жатады.                                                                 

     «Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ» дейтін болсақ, халық ауыз әдебиетіндегі мол мұралар балалардың рухани азығын жетілдіретін негізгі нәр болмақ. Халықтың асыл қазынасымен астасып жататын шешендік сөздер ойымызды дәлелдей түспек                                             

      «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша ұлттық құндылықтарды төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

1) әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақтың рухани қазынасын меңгерту;

2) коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларын қалыптастыру;

3) ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы оқушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру;

4) оқу сапасын (дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, көз жүгіртіп, болжап оқу) жетілдіру;

5) оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту;

6) сыни ойлауын жетілдіру;

7) көркемдік-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрету;

8) алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрету;

9) оқылған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта ауызша, жазбаша шығармашылық жұмыс түрлерін орындауға дағдыландыру.

 

Әдебиетті ұлттық құндылық ретінде оқыта білу барысында мұғалім әр шығарманың өзіндік ерекшелігін саралай отырып, оқушылардың көркем туындыға байланысты әсерлерін толықтыруына, көркем сөз құдіретін түсіне білуге, әр шығарма негізінде үлкен ой, үлкен мәселе жататынын аңғара білуге баулиды

 

                                                    Таңдау курсының мақсаты:                                

Оқушылардың әдебиеттік оқулық пәнінен алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын, өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту;  Өзіне сенімді, мәдениетті тұлға тәрбиелеу;  Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту;

Олардың білімге деген құштарлығын, еңбексүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру, қиындықтарды    жеңе білуге баулу.

 

                                                        

                                                  Міндеттері:

 

Толыққанды дамуына және бейімделуіне, табысты білім алуға және белсенді қызметке ынталандыру;

Балаларды бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге және табысқа жетуге  үйрету;

Байланыстырып сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету;

Үлкендерді құрметтеп, олардан өнеге алуға жетелеу.

 

                                           Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың пәнге деген танымдық, шығармашылық қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ынтасы дами түсті.

Еркін ойлауға мүмкіндік алады;  Ақыл-ойын дамытады;

Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді; Тіл байлығы жетіледі;

Оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, сөздік қоры , ойлау қабілеті артты

Әр тақырып бойынша қосымша ізденіп оқу керектігіне дағдыланып, шапшаңдыққа, жинақылыққа , бәсекелестікке қабілеттілігі артты

 

                                   Қолданылатын әдіс-тәсілдер
• Сынып сағаты
• Ұлттық ойын түрлері
• сөзжұмбақ
• сайыстар
• көрме
• саяхат
• спорттық мерекелер
• отбасылық сайыстар
• Сахналық қойылымдар



Әдебиеттік оқу пәні Ұлттық мәдениет ережелерін меңгерте отырып,оқушы бойындағы дүниетанымын, шығармашылығын ұштауға жол ашу. Баланың жас ерекшелігіне байланысты ұлттық ойындар, ұлттық тыйым салу дәстүрін тұрмыста қолдануға дағдыландыру.


 

 

                                                             

«Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен

бір жаңалық болу керек»

Жүсіпбек Аймауытов

 

«Грамматика әлемі» бағдарламасының

күнтізбелік тақырыптық жоспары

3-сыныпқа арналған 36 сағат

 

Сабақтың  тақырыбы

Сағат саны

           Мерзімі

1

Сәлемдесу Сәлемде сұлу сыр бар.

1

 

2

Әдептілік әліппесі Әдепті бала, арлы бала.

1

 

3

Аты-жөнді,тегін туған жерін, мекен –жайын білу.

1

 

4

Жеті атасын білмеген- жетесіз.

1

 

5

 Дос болайық, бәріміз! Кел, танысайық!

1

 

6

Бабалар сөзі-даналық көзі.

1

 

7

Тілім менің-тірлігімнің тірегі

 

1

 

8

«Бәйге» ойыны

1

 

9

«Киіз үй»          ойыны

1

 

10

«Сақина тастамақ» ойыны

1

 

11

«Хан талапай»             ойыны

1

 

12

    Теңге ілу.      ойыны

1

 

13

Арқан тарту   ойыны

1

 

14

Ұлттық тағамдар                           

1

 

15

Ұлттық саз аспаптары

1

 

16

Ұлттық киімдер 

1

 

17

Мақалдарды дұрыс құрастыр.

1

 

18

Тыйым сөздерді жалғастыр.

1

 

19

Аңыз  әңгімелер

1

 

20

Қазақтың құнды өсиеттері.

1

 

21

Түбі бір туыспыз Үш жүз туралы түсінік

1

 

22

Отбасы –шағын мемлекет Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді

1

 

23

Шебер қолдар Ел іші –өнер кеніші

1

 

24

Қазақтың ою-өрнектер

1

 

25

Еңбектің наны тәтті Еңбекпен тапқан тиын (ойталқы)

1

 

26

«Ғылым таппай мақтанба»  Абай

1

 

27

Сөнбес  жұлдыздар

1

 

28

Ел қорғаған - ер бабам

1

 

29

Отан үшін от кешкендер

1

 

30

Ереулі атқа ер салмай

1

 

31

Табиғат –туған үйім Туған жер туралы

1

 

32

Денім сау болсын десең

1

 

33

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

1

 

34

Жұма қасиетті күн Тарихтан тәбәрік Ислам тағылымы .

1

 

35

Оқушылардың шығарма жазып басылым беттеріне жариялау

1

 

36

 Шығармашылық жұмыс Ой-пікір Бүкіл сабаққа қорытынды жасау.

1

 

                Барлығы :                                                               36 сағат

 

 

         Ұлтың бес құндылығы «Маңыздылық шеңбері» стратегиясы

 

Тілі,Діні,Дәстүрі,Тарихы,Атамекені 

 

 

 

 

 

 


«Фишбоун»   диаграммасы

 


Түпкі ой                                                                                                                 шешу жолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.      Мақалдарды дұрыс құрастыр.

 

*Туған жердің қадірін ..........(шетте жүргенде білесің), *

 Намысы бар жігіттің...........(нар күшіндей күші бар), *

Талабы жоқ жас - .............(қанаты жоқ құс), *

Ақылды өзінен көреді........(ақылсыз ағайыннан көреді), *

 Жақсының айтқаны келмейді...........(жаманың сандырағы келеді).

 

2.Тыйым сөздерді жалғастыр.

*Бос бесікті............... (тербетпе)}

*Нанды бір қолмен…………..(үзбе)}

*Жағыңды……………………….(таянба)}

 *Су шашып……………………….(ойнама)}

*Пышақты шалқасынан……..(қойма)}

*Бас киіммен……………………. (ойнама)}

*Адамды……………………………(айналма)}

 *Малды……………………………..(теппе)}

*Отпен……………………………….(ойнама)}

 *Түнде суға…………………………..(барма)}

 

 3.Қазақтың құнды өсиеттері.

Жеті қазына                            Жеті ата                                                                                                    Ер жігіт                                    1. Бала

Сұлу әйел                                  2. Әке                                                                                                  Ақыл, білім                               3.Ата                                                                                                 Жүйрік ат                                  4.Арғы ата                                                                                             Қыран бүркіт                           5. Баба                                                                                                         Берен мылтық                        6. Түп ата                                                                                            Жүйрік тазы (ит)                     7. Тек ата

 

Үш арсыз                                  Үш тәтті                                                                                                          1. Ұйқы арсыз                        1. Жан тәтті                                                                                                           2. Күлкі арсыз                        2. Мал тәтті                                                                                                       3. Тамақ арсыз                      3. Жар тәтті

Жұмбақтар

Жазда қыдырады,

Қыста тынығады ( аю)

Орғыған қорқақ, көзі қыли,

Қыс пенен жазда жүрер ылғи ( қоян

Ыстық құйсаң , суымайды,

Суық құйсаң ысымайды (термо

Түнімен, күнімен,

Күзетті үйді тілімен ( құлып)

Жарық болып тұрады,

Кешке жақын құлады ( күн)

Сөзге толып құшағы

Қияндарға ұшады. (хат)

Айтайын мен бір жұмбақ табасың ба?

Айналып аққаланы шабасың ба? (тіс)

Күзде қурайды,

Көктемде өседі ( ағаш)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бәйге» ойыны :Қазақ балалар әдебиетінің жазушыларын жатқа айт

https://theslide.ru/img/tmb/4/379669/e17948957561310d0d9c602891306724-800x.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

 

 

https://dnz8.osvita-konotop.gov.ua/wp-content/uploads/sites/28/2020/03/%D1%83%D1%83%D1%83.jpg

 

САБАҚ:

Мектеп: «М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназия»КММ

Күні:

 

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңі.

Сабақтың мақсаты:

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай өмірімен танысу, Абайдың ұрпағына, жалпы адамзатқа қалдырған өсиеті толыққанды адам болудағы 5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды ұғындыру, жаман әдеттен аулақ болып, бойларына жақсы қасиеттерді жинай білуге, ақын шығармаларын оқып, үйренуге баулу.

Дамытушылығы:

Мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік

 қорын байыту, дүниеге көзқарасын қалыптастыру.

 Бағалау

критерийлері

·         Өлеңнің тақырыбын анықтайды

·         Өлеңнің мазмұнын түсінеді

·         Өлеңде айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Нәфрәтлі – жеркенішті деген сөз.

 Ғибрәтлі – үлгі деген сөз

Құндылықтарды дарыту

Абай шығармаларының құндылығын ұғындыру. Талап, еңбек, терең ой, қанағатшылдық, рақымшылық құндылықтарын насихаттау.

Пәнаралық байланыс

Музыка, тарих, орыс тілі

АКТ қолдану дағдылары

Слайд, постер,

Бастапқы білім

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы

                                                                   Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз-дер

Сабақтың басы

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, түгелдейді.

2. «Шаттық шеңбер» психологиялық ахуал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

ІІІ. Алдыңғы оқу.

http://kazbilim-edu.kz/uploads/posts/2015-05/thumbs/1431965181_slayd6.jpg

http://azbyka.kz/images/2021/2.jpg

ІV. «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларды сөйлету. Осы суреттерде не бейнеленген? Бұл суреттерге қарап қандай ой келді?

Картинки по запросу абай құнанбаев туралы слайд

Картинки по запросу фото Абай кітапханадаКартинки по запросу фото Абай қара сөздер

Картинки по запросу фото Абай және МихаелисКартинки по запросу фото Абай және Михаелис

Мұғалім оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тақтаға Абай Құнанбайұлыныңсуреті ілінеді.Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба өлеңі» туралы баяндама оқылады Ой қозғау сұрақтарын қояды:

—Балалар, біз не туралы айтып жатырмыз

V. Сөздікпен жұмыс.

Мұғалім тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды,  қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Ғылым – наука

Мақтанба –  не гордись

Ойнап босқа күлуге – время нельзя безтолку проводить

Баптанба – не успокаивайся

Қашық бол – остерегайся

Тілеуің, өмірің алдында – вся жизнь впереди

Терең ой – глубокая мысль

Талап – стремление, требование

Қанағат – довольствоваться малым, скромность

Болмасаң да ұқсап бақ – подражать, быть похожим

Жамандықтан жиренсең – отрекаться от плохого

VI.Мәтінмен жұмыс.

Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі,

Оны ойға жисаңыз.

 

ВЕНН ДИАГРАММА

Бес жақсы нәрсе Бес жаман нәрсе
 

 

 

 

 

 

 

 

 


Оқулықпен жұмыс:Өлеңді іштей оқып шығу.Дауыстап оқу.Сұрақ тапсырмаларымен жұмыс.

-Сонымен  бірге  Абай  атамыз  сазгер  болған. Оның «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай»,  «Сегіз аяк»  сиякты  өлеңдері бар.Ол-лирик.  Жыл мезгілдері  туралы  өлеңдер  жазды.  «Жаз»,  «Күз»,  «Қыс» , «Жазғытұрым». Абай –аудармашы. Орыс  ақын  жазушыларының шығамаларын  қазақ  тіліне аударған.

Ол-данышпан. Келер  ұрпаққа  өсиет  қалдырған. Оның  өлендері  мен  қара сөздері  жол  сілтейді. Абайдын  45  қара  сөзі  бар.

 

VII. Сергіту сәті. Досының суретін салады.

Ойды жинақтау кезеңі.

Блиц сұрақтар 1. Абай айтқан бес асыл іс қандай? 2. Неден жиреніп, неден ғибрат алу керек? 3. Ғалым болу үшін не істеу керек? 4. Өлең қандай тақырыпқа жазылған? 5. Неліктен «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деген? 6. Неліктен Абайға осындай өсиет айту қажет болды деп ойлайсы. 7. Абай айтқан ғибратты сөздер өз бойыңда табылама? Ойыңды дәлелде. 8. Абай айтқан бес жаман мінез неліктен дұшпаныңыз болып табылады? 9. Абай неге: Біреу үшін үйренсең, Біреу білмес, сен білсең, Білгеніңнің бәрі- тұл,-дейді? Оқушылар игерген ақпараттарын сұраққа жауап беру арқылы дәлелдейді. Жауаптарын «Менталды картаға» түсіреді.

 

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін  мәнерлеп, жатқа айтады.

Менталды карта 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Рефлексия

-Балалар бүгінгі сабақты қаншалықты түсіндіңдер?

«Бағдаршам» әдісі бойынша толық түсініп алдым десеңдер- жасылтүс, ал  толық түсіне алмадым әлі де сұрағым бар десеңдер-қызыл түс.

Ештеңе түсінбедім десеңдер-сарытүс. 

 

Бағалау критерийі:

ҚБ  «Бағалау парағы»

16-20 балл- «5»

12-16 балл-«4»

10-12балл-«3»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/0973/0010e5da-6d994110/hello_html_m682222a6.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       
Данышпан  ақын  атамыздың  әрбір  өлеңі  бір-бір  құнды дүние деуге болады.  «Тәуелсіз  ел  тірегі-білімді  ұрпақ»-деп   елбасымыз айтқандай, жаман, әдеттен  аулақ  болып, жақсы  қасиеттерге  ұмтылсақ,  онда бізден халық  қамын ойлаған, Отанымыздың  нағыз  ұл-қыздары  шығады

Үйге тапсырма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1 С.Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылов. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, «Рауан», 1994ж.

2.Әбділдабеков М. «Қазақ халқының  тұрмыс салты». Қазақстан мұғалімі.1990ж

3. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, «Мектеп», 1987ж.

4. Есім Ғарифолла. Ұлттық өркениет және мәдени бағдар // Қазақстан: сындарлы жылдар және ғаламдық мәселелер. – Аматы: Қазақ университеті, 2003. – 305 б

5. Тәрбиенің тұжырымдамасының негіздері 2015ж


 

Скачано с www.znanio.ru

Т Ү Р К І С Т А Н О Б Л Ы

Т Ү Р К І С Т А Н О Б Л Ы

М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназия»

М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназия»

Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар» «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» (мақал)

Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар» «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» (мақал)

Таңдау курсының мақсаты:

Таңдау курсының мақсаты:

Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық болу керек»

Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық болу керек»

Оқушылардың шығарма жазып басылым беттеріне жариялау 1 36

Оқушылардың шығарма жазып басылым беттеріне жариялау 1 36

Мақалдарды дұрыс құрастыр. *Туған жердің қадірін

Мақалдарды дұрыс құрастыр. *Туған жердің қадірін

Орғыған қорқақ, көзі қыли, Қыс пенен жазда жүрер ылғи ( қоян

Орғыған қорқақ, көзі қыли, Қыс пенен жазда жүрер ылғи ( қоян

Бәйге» ойыны :Қазақ балалар әдебиетінің жазушыларын жатқа айт

Бәйге» ойыны :Қазақ балалар әдебиетінің жазушыларын жатқа айт

САБАҚ: Мектеп: «М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназия»КММ

САБАҚ: Мектеп: «М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназия»КММ

Сабақтың соңы ІІІ. Алдыңғы оқу

Сабақтың соңы ІІІ. Алдыңғы оқу

Сабақтың ортасы

Сабақтың ортасы

С.Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылов

С.Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылов
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.10.2022