Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын-құндылығымыз
Сабақтың мақсаты:
a) білімділік – халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағұлмат беру;
b) дамытушылық – ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру;
c) тәрбиелік – ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеуСабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын-құндылығымыз
Сабақтың мақсаты:
a) білімділік – халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағұлмат беру;
b) дамытушылық – ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру;
c) тәрбиелік – ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу
Қолданылған көрнекіліктер: ұлттық ойын түрлері салынған сурет, слайд, компьютер, ұлттық ойын құралдары, т.б.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлімі.
1. «Тай жарыс»
2. «Орамал тастамақ»
3. «Теңге алу»
4. «Қыз қуу»
5. «Арқан тартыс»
6. «Жасырынбақ»
7. «Алтыбақан»
ІІІ. Қорытындылау. Жеңімпаз топты марапаттау.
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Сынып оқушыларын екі топқа бөлу.
1-топ «Ханталапай»
2-топ «Көкпар»
2. Психологиялық тренинг «Асығың алшысынан түссін!» Оқушылар дөңгеленіп тұрып бір-бірлеріңе тілек айтады.
3. Төрешілерді сайлап алу.
ІІ. Негізгі бөлімі
1. «Тай жарыс»
Екі топқа кезек –кезек сұрақтар қойылады. Берілген сұраққа дұрыс жауап берілген топқа 1 ұпай беріледі.
1-топқа:
1. Күн, ай және жұлдыздар туралы ғылым қалай аталады? /астрономия/
2. «Астрономия» сөзі қандай ұғымды білдіреді? /жұлдыз және заң/
3. Табиғатты оқып үйренудің бір әдісі? /бақылау/
4. Қазақтың белгілі ұлы ғалымы, шығыстанушы кім? /Ш.Уәлиханов/
5. Телескопты алғаш ойлап шығарған кім? /Галилео Галилей/
2-топқа:
1. Жаратылыстану ғылымына жататын ғылымдар /астрономия, биология, география/
2. Су және тұз қандай затқа жатады? /бейорганикалық заттар/
3. Жер ғаламшарынан тыс жатқан заттар? /ғарыштық денелері/
4. Өсімдіктер мен жануарларды түрге жіктеуші /Карл Линней/
5. Жеке жұлдыздар тобы қалай аталады? /галактика/
2. «Орамал тастамақ»
Бұл бөлімде екі топқа бірдей тапсырма беріледі. Қай топ бірінші болып орындаса сол топқа 1 ұпай қосылады.
1-топқа: «Ғарыш» сөзіне ребус құрастыру.
2-топқа: «Жұлдыз» сөзіне ресбус құрастыру.
3. «Теңге алу»
Бұл бөлімде екі топ жасырылған жұмбақтарды шешеді. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Жұмбақ шешсең ойланып,
Теңге алудан озарсың
Қазақтың теңге алуын
Үйренсең, алда боларсың...
1-топқа:
1. Әуелі айтатыным асыл шөлмек,
Бір толып, бір азайып, қайта келмек.
Сарайда жанып тұрған сансыз шырақ
Адамға оңай емес санап білмек. /жұлдыз/
2. Орақ болып туады,
Табақ болып тынады. /ай/
3. Күзде шығыстан,
Қыста төбеден.
Көктемде батыстан көрінетін
Шілдеде күн қасында боп,
Түнде жоғалатын не? /үркер/
4. Суда өседі
Судан шықса өледі. /балық/
5. Мейіріммен сүйеді ол бар адамды
Өзіне жаратпайды қарағанды. /күн/
2-топқа:
1. Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. /ауа/
2. Жүре алмайсың, жолы болса да,
Жырта алмайсың, жері болса да.
Шаба алмайсың, нуы болса да,
Іше алмайсың, суы болса да. /карта/
3. Айсыз түнде қараңғы
Түнекте де боранды.
Бір орнынан жылжымай,
Бағыт берер бұлжымай
Қандай жұлдыз шырағы
Жол көрсетіп тұрады? /темірқазық/
4. Күн мен түннің кеңдігін,
Жер шарының ендігін
Қақ бөліп тұр тепе-тең
Жұмыр жердің белдігі. /экватор/
5. Бейнесі суда дірілдейді,
Қаңбаққа бірақ ілінбейді. /ай/
4. «Қыз қуу»
Бұл кезеңде екі топтан 1ұл мен 1 қыз бала ортаға шығып берілген сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Қыз қууды ойнадық,
Жетпей қызға қоймадық.
Жауап қатып сұраққа
Қызығына тоймадық.
1-топ:
1. Жердің су қабаты /гидросфера/
2. Үнемі солтүстікті көрсетіп тұратын жұлдыз /темірқазық/
3. Жер бетінде неше мұхит бар /4/
4. Тұңғыш қазақ ғарышкері /Т. Әубәкіров/
5. Картаның жоғарғы жағы қай бағытты көрсетеді /шығыс/
2-топ:
1. Жердің ауа қабаты /атмосфера/
2. Күннен арақашықтығы жағынан үшінші орналасқан ғаламшар /жер/
3. «Сақинасы» бар ғаламшар /сатурн/
4. Ғарышта үш рет болған қазақ ғарышкері /Т.Мұсабаев/
5. Дүние жүзінде қанша материк бар? /6/
5.«Арқан тартыс»
Бұл кезеңде берілген сөздің құрамындағы әріптерден сөз құрайды.
«Тоғызқұмалақ»
6. «Жасырынбақ»
Бұл кезеңде оқушылар киіз үйде жасырылған жұмбақ затты табуы керек.
1. Бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі. Бұны зерттеуге Самарқанның билеушісі Ұлықбек үлкен еңбек сіңірді. Ол аспан кеңістігінде ретсіз топтанып орналасады. /жұлдыз/
2. Аспан денелері арасындағы жерге ең жақыны. Жерді 28 тәулікте айналып өтеді. Оның бедері сансыз кратерлерден тұрады. /ай/
3. Құрамында кальций өте көп. Адам ағзасына пайдалы. /алма/
4. Ұлттық бұйым. Төрге ілінеді. Қасиетті болып саналады. /қамшы/
5. Оқушыға өте қажетті құрал. Із қалдырады. Әр түсті болады. /қалам/
6. Ойын түрі. Жас балаларды мергендікке, шыдамдылыққа, дәлдікке үйретеді. /асық ойыны/
7. «Алтыбақан»
Бұл кезеңде оқушылар сәйкестендіру тестін орындадйы.
1 Жер 3 ең үлкен ғаламшар
2 Галактика 4 өзінен жарық бөліп шығаратын ғарыштық дене
3 Юпитер 1 Күн жүйесіндегі Күннен есептесек үшінші ғаламшар
4 Жұлдыз 5 материк
5 Антарктида 6 мұхит
6 Атлант 7 табиғаттану туралы ғылымның жиынтығы
7 Жаратылыстану 2 жұлдыздар тобы
ІІІ. Қорытындылау.
Жеңімпаз топты марапаттау.
улттык.docx
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойынқұндылығымыз
Сабақтың мақсаты:
a) білімділік – халқымыздың ұлттық ойындарының қалай
қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып
жалғасып отырғандығы туралы мағұлмат беру;
b) дамытушылық – ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып,
жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру;
c) тәрбиелік – ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл
қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай
түсуге тәрбиелеу
Қолданылған көрнекіліктер: ұлттық ойын түрлері салынған сурет, слайд,
компьютер, ұлттық ойын құралдары, т.б.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлімі.
1. «Тай жарыс»
2. «Орамал тастамақ»
3. «Теңге алу»
4. «Қыз қуу»
5. «Арқан тартыс»
6. «Жасырынбақ»
7. «Алтыбақан»
ІІІ. Қорытындылау. Жеңімпаз топты марапаттау. І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Сынып оқушыларын екі топқа бөлу.
1топ «Ханталапай»
2топ «Көкпар»
2. Психологиялық тренинг «Асығың алшысынан түссін!» Оқушылар
дөңгеленіп тұрып бірбірлеріңе тілек айтады.
3. Төрешілерді сайлап алу.
ІІ. Негізгі бөлімі
1. «Тай жарыс»
Екі топқа кезек –кезек сұрақтар қойылады. Берілген сұраққа дұрыс жауап
берілген топқа 1 ұпай беріледі.
1топқа:
1. Күн, ай және жұлдыздар туралы ғылым қалай аталады? /астрономия/
2. «Астрономия» сөзі қандай ұғымды білдіреді? /жұлдыз және заң/
3. Табиғатты оқып үйренудің бір әдісі? /бақылау/
4. Қазақтың белгілі ұлы ғалымы, шығыстанушы кім? /Ш.Уәлиханов/
5. Телескопты алғаш ойлап шығарған кім? /Галилео Галилей/
2топқа:
1. Жаратылыстану ғылымына жататын ғылымдар /астрономия, биология,
география/
2. Су және тұз қандай затқа жатады? /бейорганикалық заттар/
3. Жер ғаламшарынан тыс жатқан заттар? /ғарыштық денелері/
4. Өсімдіктер мен жануарларды түрге жіктеуші /Карл Линней/
5. Жеке жұлдыздар тобы қалай аталады? /галактика/
2. «Орамал тастамақ»
Бұл бөлімде екі топқа бірдей тапсырма беріледі. Қай топ бірінші болып
орындаса сол топқа 1 ұпай қосылады.
1топқа: «Ғарыш» сөзіне ребус құрастыру.
2топқа: «Жұлдыз» сөзіне ресбус құрастыру. 3. «Теңге алу»
Бұл бөлімде екі топ жасырылған жұмбақтарды шешеді. Әрбір дұрыс жауапқа
1 ұпай беріледі.
Жұмбақ шешсең ойланып,
Теңге алудан озарсың
Қазақтың теңге алуын
Үйренсең, алда боларсың...
1топқа:
1. Әуелі айтатыным асыл шөлмек,
Бір толып, бір азайып, қайта келмек.
Сарайда жанып тұрған сансыз шырақ
Адамға оңай емес санап білмек. /жұлдыз/
2. Орақ болып туады,
Табақ болып тынады. /ай/
3. Күзде шығыстан,
Қыста төбеден.
Көктемде батыстан көрінетін
Шілдеде күн қасында боп,
Түнде жоғалатын не? /үркер/
4. Суда өседі
Судан шықса өледі. /балық/
5. Мейіріммен сүйеді ол бар адамды
Өзіне жаратпайды қарағанды. /күн/
2топқа:
1. Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. /ауа/
2. Жүре алмайсың, жолы болса да,
Жырта алмайсың, жері болса да.
Шаба алмайсың, нуы болса да,
Іше алмайсың, суы болса да. /карта/
3. Айсыз түнде қараңғы
Түнекте де боранды.
Бір орнынан жылжымай,
Бағыт берер бұлжымай
Қандай жұлдыз шырағы Жол көрсетіп тұрады? /темірқазық/
4. Күн мен түннің кеңдігін,
Жер шарының ендігін
Қақ бөліп тұр тепетең
Жұмыр жердің белдігі. /экватор/
5. Бейнесі суда дірілдейді,
Қаңбаққа бірақ ілінбейді. /ай/
4.
«Қыз қуу»
Бұл кезеңде екі топтан 1ұл мен 1 қыз бала ортаға шығып берілген
сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Қыз қууды ойнадық,
Жетпей қызға қоймадық.
Жауап қатып сұраққа
Қызығына тоймадық.
1топ:
Жердің су қабаты /гидросфера/
1.
2. Үнемі солтүстікті көрсетіп тұратын жұлдыз /темірқазық/
3. Жер бетінде неше мұхит бар /4/
4. Тұңғыш қазақ ғарышкері /Т. Әубәкіров/
5. Картаның жоғарғы жағы қай бағытты көрсетеді /шығыс/
2топ:
1. Жердің ауа қабаты /атмосфера/
2. Күннен арақашықтығы жағынан үшінші орналасқан ғаламшар /жер/
3. «Сақинасы» бар ғаламшар /сатурн/
4. Ғарышта үш рет болған қазақ ғарышкері /Т.Мұсабаев/
5. Дүние жүзінде қанша материк бар? /6/
5.«Арқан тартыс»
Бұл кезеңде берілген сөздің құрамындағы әріптерден сөз құрайды.
«Тоғызқұмалақ»
6. «Жасырынбақ» Бұл кезеңде оқушылар киіз үйде жасырылған жұмбақ затты табуы керек.
1. Бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық
денесі. Бұны зерттеуге Самарқанның билеушісі Ұлықбек үлкен еңбек
сіңірді. Ол аспан кеңістігінде ретсіз топтанып орналасады. /жұлдыз/
2. Аспан денелері арасындағы жерге ең жақыны. Жерді 28 тәулікте
айналып өтеді. Оның бедері сансыз кратерлерден тұрады. /ай/
3. Құрамында кальций өте көп. Адам ағзасына пайдалы. /алма/
4. Ұлттық бұйым. Төрге ілінеді. Қасиетті болып саналады. /қамшы/
5. Оқушыға өте қажетті құрал. Із қалдырады. Әр түсті болады. /қалам/
6. Ойын түрі. Жас балаларды мергендікке, шыдамдылыққа, дәлдікке
үйретеді. /асық ойыны/
7. «Алтыбақан»
Бұл кезеңде оқушылар сәйкестендіру тестін орындадйы.
1 Жер
2
3 Юпитер
Галактика
ең үлкен ғаламшар
өзінен жарық бөліп шығаратын ғарыштық дене
3
4
1 Күн жүйесіндегі Күннен есептесек үшінші
4 Жұлдыз
5 Антарктида
6 Атлант
7 Жаратылыстану
ғаламшар
5 материк
6 мұхит
7
2 жұлдыздар тобы
табиғаттану туралы ғылымның жиынтығы
ІІІ. Қорытындылау.
Жеңімпаз топты марапаттау.
Ұлттық ойын-құндылығымыз
Ұлттық ойын-құндылығымыз
Ұлттық ойын-құндылығымыз
Ұлттық ойын-құндылығымыз
Ұлттық ойын-құндылығымыз
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.