Мақала Астана - Ұлы Дала Елордасы
Оценка 4.6

Мақала Астана - Ұлы Дала Елордасы

Оценка 4.6
Научные работы
docx
история +1
11 кл +1
09.07.2018
Мақала   Астана - Ұлы Дала Елордасы
Астана – ұлы дала елордасы Астана бүгінде – Қазақстан жетістігі мен жеңістерінің символы. Н.Ә.Назарбаев Бүгінгі Астана – асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны. Астана шаңырағы әлі де шарықтай түспек. Жаңа астананың келешегі толығымен XXI ғасырдың еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас буындар. «Астана» сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша түсінігі астана — табалдырық, босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді. Астана – Қазақстанның астанасы. Ал, Қазақстан – Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.Тарихқа бай Сарыарқаның ұлан-байтақ жерінде, қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми, саяси ортаның шоғырлануы, Отанымыздың көркем, сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі – игіліктің нышаны деп білеміз. 1830 жылдың өзінде Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының ең алғашқы іргетасы қаланған болатын. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланды. Сосын Орынбор орталығымыз болды. Ал 1925 жылы Қазақстанның орталығы Орынбордан Ақмешітке көшірілді. 1929 жылдары Верный (Алматы) қаласына көшірілді. Содан соң Ақмола қаласы Астана болып 1998 жылы жарияланды. Ел жүрегі болып саналатын «Ару қала», «Әсем қала», «Бас қала» атанып жүрген мемлекетіміздің елордасы - Астана қаласы. Қаламызға серуендеп тамашалауға келген әрбірінің көңілінде ерекше бір сезім мен толқыныс, асқақ мақтаныш пен сарқылмас ән тербеліп жатады десек қателеспеген болар едім. Ару қаланың әрбір оралымы ашық бұрқақты аулалар, әсем безендірілген гүлзарлар мен көмкерген орманды алқаптарда бойтүзеген «Нұр Астана» мешіті мен «Бәйтерек», «Пирамида», «Ханшатыр», т.б. саяси және мәдени думан орталықтары мен түрлі тарихи мемориалды кешендері алуан түрлі. Мемлекет басшысы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында жазуынша, Астананы көшіру Қазақстанды жаңа Тəуелсіз мемлекет ретінде орнықтыруда зор рөл атқаратынына сенімді болды. Бұл біріншіден, Қазақстанды геосаяси жоспар тұрғысынан нығайту үшiн қажет едi. Шындығында, егемен ел, Тәуелсіз мемлекет атану да, ұлы істі қолға алып, елдің дербес астанасын таңдау мен оны салуға күш-жігерін жұмсау да зор бақыт. Осындай істе ең алдымен Елбасының ерлігі ерен екені айтпаса да түсінікті. Себебі жұртшылық айтып жүргендей, Астана - Президенттің төл перзенті, орындалған арманы. Елорданың өркендеуі еліміздің өркендеуінің белгісі. Ендеше бас қаланың жаңадан қаланып жатқан іргетасының берік болуы да мемлекетіміздің болашаққа нық сеніммен жасар қадамының нағыз кепіліне айналмақ. Санаулы жылдар ішінде Астанамыз әлем елдеріне танылып, ауқымды шаралардың бастамасы қаланған бас қалаға айналып үлгерді. Оған елордамызда ЕҚЫҰ саммиті, VII Қысқы Азия ойындары, ИКҰ форумы, Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өткендігі толықтай мысал бола алады. Сонымен қатар, егемендігімізді тағы бір мәрте әлемге мойындатқан «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін айтпай кетуге әсте болмас. ЭКСПО көрмесінің елімізде өтуі – Астанамыздың әлемдік аренадағы абыройын одан әрі асқақтата түсті. Астана – тәуелсіздігіміздің тірегі. Әрбір қазақтың «жан-жүрегім» деп айта алатын, бас қаламыз деп мақтанатын еңселі елордасы. Сарыарқа төсінде орналасқан бас қаламыз мәңгілік асқақтай берсін, жасай берсін! Перизат СЕРІКБАЙ Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының 2-курс студенті Арқалық қаласыАстана – ұлы дала елордасы Астана бүгінде – Қазақстан жетістігі мен жеңістерінің символы. Н.Ә.Назарбаев Бүгінгі Астана – асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны. Астана шаңырағы әлі де шарықтай түспек. Жаңа астананың келешегі толығымен XXI ғасырдың еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас буындар. «Астана» сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша түсінігі астана — табалдырық, босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді. Астана – Қазақстанның астанасы. Ал, Қазақстан – Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.Тарихқа бай Сарыарқаның ұлан-байтақ жерінде, қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми, саяси ортаның шоғырлануы, Отанымыздың көркем, сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі – игіліктің нышаны деп білеміз. 1830 жылдың өзінде Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының ең алғашқы іргетасы қаланған болатын. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланды. Сосын Орынбор орталығымыз болды. Ал 1925 жылы Қазақстанның орталығы Орынбордан Ақмешітке көшірілді. 1929 жылдары Верный (Алматы) қаласына көшірілді. Содан соң Ақмола қаласы Астана болып 1998 жылы жарияланды. Ел жүрегі болып саналатын «Ару қала», «Әсем қала», «Бас қала» атанып жүрген мемлекетіміздің елордасы - Астана қаласы. Қаламызға серуендеп тамашалауға келген әрбірінің көңілінде ерекше бір сезім мен толқыныс, асқақ мақтаныш пен сарқылмас ән тербеліп жатады десек қателеспеген болар едім. Ару қаланың әрбір оралымы ашық бұрқақты аулалар, әсем безендірілген гүлзарлар мен көмкерген орманды алқаптарда бойтүзеген «Нұр Астана» мешіті мен «Бәйтерек», «Пирамида», «Ханшатыр», т.б. саяси және мәдени думан орталықтары мен түрлі тарихи мемориалды кешендері алуан түрлі. Мемлекет басшысы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында жазуынша, Астананы көшіру Қазақстанды жаңа Тəуелсіз мемлекет ретінде орнықтыруда зор рөл атқаратынына сенімді болды. Бұл біріншіден, Қазақстанды геосаяси жоспар тұрғысынан нығайту үшiн қажет едi. Шындығында, егемен ел, Тәуелсіз мемлекет атану да, ұлы істі қолға алып, елдің дербес астанасын таңдау мен оны салуға күш-жігерін жұмсау да зор бақыт. Осындай істе ең алдымен Елбасының ерлігі ерен екені айтпаса да түсінікті. Себебі жұртшылық айтып жүргендей, Астана - Президенттің төл перзенті, орындалған арманы. Елорданың өркендеуі еліміздің өркендеуінің белгісі. Ендеше бас қаланың жаңадан қаланып жатқан іргетасының берік болуы да мемлекетіміздің болашаққа нық сеніммен жасар қадамының нағыз кепіліне айналмақ. Санаулы жылдар ішінде Астанамыз әлем елдеріне танылып, ауқымды шаралардың бастамасы қаланған бас қалаға айналып үлгерді. Оған елордамызда ЕҚЫҰ саммиті, VII Қысқы Азия ойындары, ИКҰ форумы, Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өткендігі толықтай мысал бола алады. Сонымен қатар, егемендігімізді тағы бір мәрте әлемге мойындатқан «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін айтпай кетуге әсте болмас. ЭКСПО көрмесінің елімізде өтуі – Астанамыздың әлемдік аренадағы абыройын одан әрі асқақтата түсті. Астана – тәуелсіздігіміздің тірегі. Әрбір қазақтың «жан-жүрегім» деп айта алатын, бас қаламыз деп мақтанатын еңселі елордасы. Сарыарқа төсінде орналасқан бас қаламыз мәңгілік асқақтай берсін, жасай берсін! Перизат СЕРІКБАЙ Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының 2-курс студенті Арқалық қаласы
мақала астана перизат.docx
Астана – ұлы дала елордасы Астана бүгінде – Қазақстан жетістігі мен жеңістерінің символы.                                                                                                        Н.Ә.Назарбаев Бүгінгі Астана – асыл  тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің  жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда,  әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік­жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны. Астана шаңырағы әлі де  шарықтай түспек. Жаңа астананың келешегі толығымен XXI ғасырдың  еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас буындар. «Астана» сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша түсінігі  астана — табалдырық,  босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды  білдіреді.   Астана – Қазақстанның астанасы. Ал, Қазақстан – Шығыс Еуропа мен  Орталық Азияда орналасқан мемлекет.Тарихқа бай Сарыарқаның ұлан­байтақ жерінде, қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа  астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени­ғылыми, саяси ортаның  шоғырлануы, Отанымыздың көркем, сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі – игіліктің нышаны деп білеміз. 1830 жылдың өзінде Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана  қаласының ең алғашқы іргетасы қаланған болатын. 1832 жылы Ақмола ішкі  округі ресми түрде жарияланды. Сосын Орынбор орталығымыз болды. Ал  1925 жылы Қазақстанның орталығы Орынбордан Ақмешітке көшірілді. 1929  жылдары Верный (Алматы) қаласына көшірілді. Содан соң Ақмола қаласы  Астана болып 1998 жылы жарияланды. Ел жүрегі болып саналатын «Ару қала», «Әсем қала», «Бас қала» атанып  жүрген мемлекетіміздің  елордасы ­ Астана  қаласы. Қаламызға серуендеп  тамашалауға келген әрбірінің  көңілінде ерекше бір сезім мен толқыныс, асқақ мақтаныш пен сарқылмас ән тербеліп жатады десек қателеспеген болар едім. Ару қаланың әрбір оралымы ашық бұрқақты аулалар,  әсем безендірілген гүлзарлар мен көмкерген орманды алқаптарда  бойтүзеген «Нұр Астана» мешіті мен «Бәйтерек», «Пирамида», «Ханшатыр»,  т.б. саяси және мәдени думан орталықтары мен түрлі тарихи мемориалды  кешендері алуан түрлі. ə Мемлекет басшысы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында жазуынша,  Астананы көшіру Қазақстанды жаңа Т уелсіз мемлекет ретінде орнықтыруда  зор рөл атқаратынына сенімді болды. Бұл біріншіден, Қазақстанды геосаяси  жоспар тұрғысынан нығайту үшiн қажет едi. Шындығында, егемен ел, Тәуелсіз мемлекет атану да, ұлы істі қолға алып, елдің дербес астанасын таңдау мен  оны салуға күш­жігерін жұмсау да зор бақыт. Осындай істе ең алдымен  Елбасының ерлігі ерен екені айтпаса да түсінікті. Себебі жұртшылық айтып  жүргендей, Астана ­ Президенттің төл перзенті, орындалған арманы.  Елорданың өркендеуі еліміздің өркендеуінің белгісі. Ендеше бас қаланың  жаңадан қаланып жатқан іргетасының берік болуы да мемлекетіміздің  болашаққа нық сеніммен жасар қадамының нағыз кепіліне айналмақ. Санаулы  жылдар ішінде Астанамыз әлем елдеріне танылып, ауқымды шаралардың  бастамасы қаланған бас қалаға айналып үлгерді. Оған елордамызда ЕҚЫҰ  саммиті, VII Қысқы Азия ойындары, ИКҰ форумы, Астана экономикалық  форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өткендігі  толықтай мысал бола алады. Сонымен қатар, егемендігімізді тағы бір мәрте  әлемге мойындатқан «Астана ЭКСПО­2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін айтпай кетуге әсте болмас. ЭКСПО көрмесінің елімізде өтуі –  Астанамыздың әлемдік аренадағы абыройын одан әрі асқақтата түсті.                 Астана – тәуелсіздігіміздің тірегі. Әрбір қазақтың «жан­жүрегім»  деп айта алатын, бас қаламыз деп мақтанатын еңселі елордасы. Сарыарқа  төсінде орналасқан бас қаламыз мәңгілік асқақтай берсін, жасай берсін! Перизат СЕРІКБАЙ Арқалық мемлекеттік педагогикалық  институтының 2­курс студенті Арқалық қаласы

Мақала Астана - Ұлы Дала Елордасы

Мақала   Астана - Ұлы Дала Елордасы

Мақала Астана - Ұлы Дала Елордасы

Мақала   Астана - Ұлы Дала Елордасы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.07.2018