2017 жылдың 13 қазан күні «156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу үшін 9, 11-сыныптар, яғни біздер, мектебіміздің жоспарлы іс-шарасындағы «Мамандық таңдауда қателікке ұрынба» тақырыбында ойда жүрген жұмысымызды өткіздік.Іс-шара барысында мектебіміздің «Озат» тәжірибе мектебінің жетекшісі Р. Нысанбаева қай мамандық иесі болса да ұстаздар алдынан шығатынын айта отырып, бұл мамандыққа халықтың баласын сүйетін, қиындығына төзетін, үздіксіз ізденетін адам ғана қол жеткізетінін сөз етті. Ұстаз мамандығын мақтанышпен дәріптеп, музыка пәнінің мұғалімі, аудандық Жастар парламентінің мүшесі О. Үсенұлы «Ұстазым» әнін жолдады.
Документ Microsoft Office Word.docx
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа
байланысты ұғымындарын тереңдетіп, мамандыққа деген ықыласын, қызығушылығын
арттыру. Мың түрлі мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың бойына
жақсы қасиеттерді сіңіру, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған таратпалар, суретті
Слайдтар, плакат «Мамандықтар ағашы».
Психологиялық дайындық. Оқушыларды суретті қағаз қиындылары арқылы топқа бөлу.
І топ «Аниматор»
ІІ топ «Декоратор»
ІІІ топ «Дизайнер»
Жоспары:
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1. «Миға шабуыл»ой қозғау. «Білімді мыңды, білекті бірді жығады»
2. «Сәйкестендір». (Мамандыққа сәйкес қасиеттерді табу).
3. «Кім, не істейді?» Ойын: «Мамандықтың бәрі жақсы».
4.Жұмбақтар «Тапқыр болсаң тауып көр».
5.Көшбасшылар «Қай мамандық?» (пантомима)
III.Қорытынды.
1.Кіріспе сөз.
Қайырлы күн құрметті оқушылар,ұстаздар! «Кім болам?» тақырыбында 4 «А» , 4
«Б», 4 «В» сынып оқушылары арасындағы тірбие сағатына қош келдіңіздер!
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Мамандық — дегеніміз не?
Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық қандайда бір
дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық иесі болу үшін талмай ізденіп оқу керек. Өмірден өз орнын тауып, елімізге
қажетті кәсіп иесі болу әрқайсыңның арманың. Сендердің таңдауларың да әртүрлі. Біреуің
ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ.
Мамандықтың бәрі жақсы.
Постер қорғау. Өз топтарының аты туралы мағұлмат беру.
«Қазіргі заманның табысты мамандары».
Аниматор – суретке жан бітіруші. Мультипликатор – мультфильмдерге арналған суреттер
салушы. Сан қилы ісшараларда әр түрлі кейіпкерлерді көрсететін әртіс. Қонақтарды қарсы
алу мен олардың көңілкүйлерін көтеру қызметін атқарады. Аниматордың негізгі
кейіпкелері клоундар, мультфильм кейіпкелері. Аниматор бұл мультфильм жасайтын адам.
Витражист – көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін
мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме
кешендерін әрлендіреді.
Декоратор – түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірімдеріне
арнайы сурет, графика. Сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру
құрылғыларын орнатушылар. Бүгінде біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен
жасалған. Ал шетелдік тетрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың
араласуымен жасалады. Интерьер дизайнері – үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен
орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.
Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни
шығармашылық бірлестік деп атауға болады. Бұл бірлікке суретші кіреді. Суретші
кейіпкерге тән бетбейнені жасап, режисермен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Мұғалім:
Өмірде екі нәрседен жаңылмау керек.Соның бірі мамандық таңдау.Осы мамандық
таңдаудың алты қадамы бар екен,соны айтып өтейін.
Мамандық таңдаудың 6 қадамы:
Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен өнеріме сенемін.
Арым таза, ақ көңіл адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет адамдыққа сенемін! дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел
болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық.
Мұғалім:
Ендеше, балалар, ойынымыздың негізгі бөліміне көшеміз.
1. «Миға шабуыл». Әр топқа конверт беріледі.
Уақыт 3 мин.«Әріпті мамандық» ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол
әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар
өздері тапқан мамандықтарының қыр сырын айту керек.
А, Қ, Д, М, Т әріптері беріледі.
2. «Сәйкестендір».
Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келеді, дұрыс жауапты бағыт сызығымен
байланыстыр және дәлелде.
Тренер тапқыр.
Дәрігер әділ.
Мұғалім өте ақылды.
Журналист шыдамдылық.
Механизаторөз мамандығын жетік білу.
Құрылысшыой өрісі жоғары.
Заң қызметкерімейірімді.
Өнер иесімәдениетті.
3. «Кім не істейді?». Тақтада 10, 20, 30 ұпайға тең ұяшықтар беріледі. Топ таңдаған
ұпай ұяшығын ашып, ондағы берілген мамандықтың сипаттамасына жауап берді. Берілген
сұрақтар оқушыларға мамандықтар туралы қысқаша ақпарат алуға мүмкіндік береді.
«Адам – техника»
Қандай объектілермен жұмыс істейді: техникалық объектілер (машиналар, механизмдер),
материалдар, энергия түрлерімен.
«Адамадам»
Қандай объектілермен жұмыс істейді: адамдар. «Адамкөркем образ»
Қандай объектілермен жұмыс істейді: көркем образ, образды жасау тәсілдері.
Тақтаға назар аударыңдар. Ойын бірнеше бөлімнен тұрады. Әр топ ұяшықтарда
жасырылған сұрақты таңдап алып кезекпен оларға жауап береді. Дұрыс жауап үшін тиісті
ұпай алады. Егер жауап бере алмаса қарсылас топқа кезек беріледі.
Іске сәт тілейміз!
4. Жұмбақтар. Топтарға мамандықтар жайлы жұмбақтар беріледі, олар тез арада қолды
көтеріп жауап беріп отырады.
«Ең,ең..»
1. Ең ақшасы көп мамандық қандай? (бухгалтер, экономист)
2.Ең “жасыл” мамандық қандай? ( эколог, бағбан)
3.Ең “тәтті” мамандық қандай? (аспаз, кондитер)
4.Ең “күлкілі” мамандық қандай? (клоун, карикатурашы)
5.Ең жауапты мамандық қандай? (сот, бухгалтер)
6.Ең салмақты мамандық қандай? (мұғалім, заңгер)
7.Ең қарым қатынасы күшті мамандық қандай?
(журналист, кәсіпкер)
5. Сөз кезегі көшбасшыларға келді.
Көшбасшылар.(пантомима).Әр топтың басшысы қимылмен бір мамандықты көрсетеді.
Келесі топ мамандықтың атын атау керек.
Дәрігер,шаштаразшы,бухгалтер.
Аспазшы,мұғалім,тігінші.
6 . Ойын: «Қай мамандық иесі?» жанкүйерлерге сұрақтар қойылады.
Келесі кезекті «Менен сұрақ ,сендерден жауап!» бөліміне берсек.
Оқу білімбағдары
Заманның бағбаны /ұстаз/
Тарағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Шаштараз)
Қалағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)
Ожауы бар қолында,
Жағалықтың жаршысы
Қаламның жолшысы /журналист/
Кімді айттым ойымда? (Аспаз)
Күрегі бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Диқан)
Көрініс «Мамандықтың бәрі жақсы»
Әнші:Әлемге ән боп жалғанар, Әйгілі не бір тарландар
Әуелей ұшқан аққудың ,Әсерлі үнін ұшқан дәл.
Роза мен Күләштай Әнші болсам не арман!
Дәрігер: Ақ халатты абзал жан,
Дәрігерге бәрі таң Мен де соған қызығам
Болашақта армандаймын
Болсам екен сондай жан.
Емдеп жазып ауруды ,
Тілейтін тез жазылуды.
Дәрігер болғым келеді.
Әскери: Келешекте ел қорғайтын
Еліне бақыт сыйлайтын,
Жамандыққа елін қимайтын
Әскери мен боламын.
Адалдықты қолдаймын.
Жаудан елді қорғаймын.
Ұшқыш: Ар намысын сақтаған, Жүректе сыр жаттаған
Туған елінұясын, Жан тәнімен сақтаған
Ұшқыш болғым келеді.
Боксшы:Болашақта мен боксшы боламын,
Жалықпай жаттығамын күнтүн демей.
Әлемге елді танытқан,
Серік ағам сияқты мен боксшы боламын
Инженер: Мен инженер боламын, Жерден алтын табамын.
Жолын қуған әйгілі, Академик ағаның.
Ақын: Ал мен ақын боламын,Сусылдаған қаламым.
Адамдардың жүрегін,Жырмен жаулап аламын.
Фелшер:Жедел жәрдемде жүретін
Адамға көмек беретін
Ауырып қалған адамға,
Ең бірінші жететін Фелшер болғым келеді.
Полиция: Ел деп соққан жүрегі,Ұлы Отанның түлегі
Полиция қорғаным ,Тыным таппай жүреді.
Мен полеции боламын.
Теңізші:Үлкен алып кемемен
Мұхиттар мен теңіздерді шарлаймын,
Дауылдарда толқындардан қорықпаймын,
Болашақта мен теңізші боламын.
Суретші:Суретті керемет салатын,
Суретші мен боламын.
Абілхан атам сияқты
Сурет жолын қуамын.
Суретші болған ұнайды,
Таң қалдырсам талайды,
Суретшілік өнерді
Жүрегім менің қалайды.
Сот:Әділдіктің жолын іздейтін,
Әділ сотшы боламын.
Сотқа келген халықтың ,
Мәселесін шешетін
Әділ сотшы боламын.
Темір жолшы:Жұмысым қиын білемін.
Қиын болсада төземін.
Жүйіткіген поездың,
Мен жолдарын жөндеймін.
Кәсіпкер:Кәсіпкер болсам егерде,Бар әлемді кеземде
Бар пайданы ойламай,Барымды берем мен елге. Велсипедші:Велосипед мініп,оданда Вело спортшы болам ба?
Вело жарыс жолында,Великпен желден озам да,
Винакуров секілді мен чемпион боламын.
Әскери:Қорған болар еліне,Пана болар жеріне.
Тәртіпті қажет етеді,Қол ұшын берер өзгеге.
Полиция қызметкерімін Байтақ дала елімнің.
III. Қорытынды.
Сонымен оқушылар, бүгінгі «Кім болам?» атты тәрбие сағатында жақсы маман иесі болу
ушін көп оқып, оны келешекте мамандық таңдауда дұрыс шешім жасауға пайдалануға ой
түйдік.
Бүгін біз қандай мамандықтармен таныстық?
Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды атап, алдарыңдағы жапырақтарға жазып,
«Мамандықтар ағашын» гүлдендірейік!
1оқушы
Біз оқушылар еліміздің Тәуелсіздігінің тұғыры мықты болу ушін өз үлестерімізді қосуымыз
қажет , бастауыш сыныптан бастап жақсы білім алып, 11 жылдық мектепті жақсы аяқтап
қазіргі заманға лайықты мамандық иесі болуымыз қажет.
2оқушы
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік
рухта өмірге бағытбағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Болған соң елдің сәні біз
Үміт боп қалай жанайық
Қосылып қане бәріміз
Ұстазға ән арнау. «Ұстазым» әні орындалады .
Мамандыктын бари жаксы
Мамандыктын бари жаксы
Мамандыктын бари жаксы
Мамандыктын бари жаксы
Мамандыктын бари жаксы
Мамандыктын бари жаксы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.