Сабақтың тақырыбы: Матрицалармен жұмыс.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жаңа техника матрица туралы түсінікберу, матрицамен жұмыс жасауды үйрету.
2. Балалардың ой-өрісін, қиялын дамыту, бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ұқыпты іске тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, мағынаны тану, топтастыру.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, өмірмен байланыс.
Көрнекі құралдар: матрицалар, суреттер, слайд.
Жұмыс құралдары: гуашь, бояутақта, қылқалам, қол сүрткі орамал, алжапқыш.
матрица.docx
Сабақтың тақырыбы: Матрицалармен жұмыс.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жаңа техника матрица туралы түсінік
беру, матрицамен жұмыс жасауды үйрету.
2. Балалардың ойөрісін, қиялын дамыту, бейнелеу
өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ұқыпты іске
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, мағынаны тану, топтастыру.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, өмірмен байланыс.
Көрнекі құралдар: матрицалар, суреттер, слайд.
Жұмыс құралдары: гуашь, бояутақта, қылқалам, қол сүрткі орамал,
алжапқыш.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын,
Туып өскен даланы.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Геометриялық денелерді ермексаздан мүсіндеу. (ермексаздан жасалған
мүсіндерден көрме ұйымдастыру, 34 оқушы жұмысын таныстырады)
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Сөзжұмбақ шешу.
1. Жансыз қозғалмайтын заттар бейнеленетін бейнелеу өнерінің жанры?
(натюрморт)
2. Бейнелеу өнерінің табиғатты бейнелейтін жанры? (пейзаж)
3. Бейнелеу өнерінің адамды бейнелейтін жанры? (портрет)
4. Суда еритін мөлдір бояуды ата. (акварель)
5. Нүктелермен сурет салу қалай аталады? (пуантилизм) 6. Дене бөліктерінің өзара салыстырмалы қатынасы қалай аталады?
(пропорция)
7. Суда еритін қою бояуды ата. (гуашь)
Балалар, ерекше сызықта қандай сөз шықты?
Матрица.
ІV. Жаңа сабақ.
Олай болса, балалар, бүгін жаңа техника матрицамен жұмыс жасауды
үйренеміз.
1. Оқулықпен жұмыс: оқу, түсіндіру.
Матрица қағаз, матаға арналып жасалған таңба қалыптары.
2. Суреттермен жұмыс. Оқушылар мына суреттердің қандай түс
гаммасында орындалғанын анықтау үшін жылы және суық түстерді есімізге
түсірейік.
Жылы түстер – жылуды, күнді, ыстықты еске салатын қызыл, сарғыш, сары
түстер.
Суық түстер – қысты, аязды, суықты еске салатын көк, көгілдір түстер.
Жақын түстер – бірбіріне ұқсас түстер, сабырлылық, ұстамдылықты
білдіреді.
Қарамақарсы түстер – бұл түстер бірбіріне ұқсамайды, мерекелік,
жайдары, көтеріңкі көңіл күйді білдіреді.
3. Матрица жасап көрсету.
Балалар, матрицамен жұмыс жасау үшін бізге мынадай құралдар керек
болады: гуашь, палитра, қылқалам, қағаз, әр түрлі қалыптағы матрицалар.
Осы құралдармен жұмыс жасау ережелерін еске түсірейік:
1) Бояуың әрқашан таза тұрсын, оларды тек палитрада араластыр.
2) Гуашь бояуларының қақпағын дұрыс жаппасаң, олар кеуіп қалады.
3) Жұмыс соңында қылқаламды судың ішінде қалдырма, жуып, кептір.
4) Жұмыс орныңды таза ұста.
4. Жұмыс жасау ережесін түсіндіру. 1) Бояуды тақтада езесің.
2) Матрицаларды бояуға малып отыру.
3) Қағаз бетіне бастыру.
5. Матрица басуды үйрету. (қол жаттықтыру)
Екі топқа тапсырма беру.
І топқа: көбелектің бейнесін матрицамен бейнелеу.
ІІ топқа: балықтың бейнесін матрицамен бейнелеу.
6. Жұмыстарын қорғау. (56 оқушы жұмыстарын қорғайды)
V. Жаңа сабақты бекіту.
Жаңа техника Қағаз, матаға арналған таңба қалыптары
Матрица
Алма, сәбіз, өшіргіш, пенопластан жасалады
VІ. Қорытынды:
Білемін
Гуашьпен жұмыс
жасауды,
бейнелеу өнерінің
жанрларын.
Үйрендім
Матрицамен жұмыс
жасауды.
Жануарларды
матрицамен
бейнелеуді
үйрендім.
Үйренгім келеді
Басқа да жаңа
техникамен жұмыс
жасауды үйренгім
келеді.
VІІ.Үй жұмысы: 8 наурыз мерекесіне байланысты аналарына, әжелеріне
матрицадан композиция құрап келу.
VІІІ. Бағалау.
Матрицалармен жұмыс
Матрицалармен жұмыс
Матрицалармен жұмыс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.