"Мектептен жырақ жол"4-сынып
Оценка 4.9

"Мектептен жырақ жол"4-сынып

Оценка 4.9
Лекции
docx
окружающий мир
4 кл
14.01.2018
"Мектептен жырақ жол"4-сынып
Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыру. Оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру, оларды саналы түсінік, дұрыс оқуға машықтандыру, мәтіндегі негізгі ойды анықтауға, түсінгенін жүйелі баяндай білуге үйрету. Көркем сөздерді меңгерту, жаңа сөздер арқылы оқушылардың ой - өрістерін дамыту, тіл байлықтары мен сөздік қорларын толықтыру, таным қабілеттерін дамыту, шығармашылық қиялдарын жүйелеуге үйрету, өз ойларын тұжырымдауға, дәлелдеуге, түйіндей білуге, сараптай білуге жетелеу.
орыс.docx
Сабақтың тақырыбы:Д.Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол» Сабақтың мақсаты:Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыру. Оқушылардың оқу  дағдыларын жетілдіру, оларды саналы түсінік, дұрыс оқуға машықтандыру, мәтіндегі  негізгі ойды анықтауға, түсінгенін жүйелі баяндай білуге үйрету. Көркем сөздерді меңгерту, жаңа сөздер арқылы оқушылардың ой ­ өрістерін дамыту,  тіл байлықтары мен сөздік қорларын толықтыру, таным қабілеттерін дамыту,  шығармашылық қиялдарын жүйелеуге үйрету, өз ойларын тұжырымдауға, дәлелдеуге,  түйіндей білуге, сараптай білуге жетелеу. Сабақтың түрі:аралас сабақ Әдіс­тәсілдері:түсіндіру,сұрақ­жауап Көрнекілігі:Д.Мыңжасарқызы портреті,оқулық.                                         Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасау. Психологиялық ахуал. Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Үй тапсырмасын сұрау. «Адасқан бала» Өткен сабақты бекіту. ­ Жаконың шын аты кім еді?  ­ Жако күннің қай уағында жоғалып кетті?  ­ Олар қандай ойын ойнады?  ­ Балалар бассейнге барарда Жаконы неге қалдырып кетті?  ­ Жако қандай оқиғаларды басынан кешірді?  ­ Жаконың өзіндік ерекшелігін айт.  Жаңа сабақ. ­ Динара Мыңжасарқызының «Мектептен жырақ жол» әңгімесін оқимыз.  а) Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқып беруі. ә) Оқушылардың іштей түсініп оқуы.  жырақ­ алыс, қашық. төбесінен жай түскендей етті – қатты таңдандырды.  құдды – кәдімгі.  Қуыстану­ыңғайсыздану. ­ Бақытжанның, оның Кәмила апайының және анасының ішкі ойларын әңгімеден тауып  оқыңдар.  ­ Әңгіме сендердің ойларыңша қалай аяқталуы мүмкін? ­ Бақытжан қандай бала? Оған мінездеме жазыңдар. ­ ІІІ тоқсанда Бақытжанның сабағы неге төмендеп кетті? ­ Телефоннан естілген хабар Бақытжанның анасына қалай әсер етті?  ­ «Бармағын тістеу» дегенді қалай түсінесің?  ­ Бақытжанның анасы неге бармағын тістеп тұрып қалды?  Сергіту сәті. Үш көзі бар қырағы, Кезек ашып, жұмады. Өтеріңде көшеден Бұйрық беріп тұрады. Бағдаршам Қызыл – «түзу тұр» дегенім Сары – «шапалақ ұр» дегенім Жасыл – «орныңан жүр» дегенім Оқушылар сергітуді бірнеше рет қайталайды 1­қатар «Мектепке келер жол» постер жазу 2­қатар «Менің мектебім» эссе жазу Жаңа сабақты бекіту. ­ Бүгін не жайлы өттік? ­ Әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады?  ­ Әңгімені өз ойларыңмен аяқтап көріңдер.  Үйге тапсырма.Мазмұнын айту Бағалау.

"Мектептен жырақ жол"4-сынып

"Мектептен жырақ жол"4-сынып

"Мектептен жырақ жол"4-сынып

"Мектептен жырақ жол"4-сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.01.2018