Методическая разработка показывает тематическую направленность организации воспитательной работы в дошкольном учреждений. Авторы показывают методы и приемы, используемые для развития коммуникативных навыков детей.Формирование умений выразительного чтения стихотворений способствует развитию творческих навыков детей старших групп.Методическая разработка может быть использована для детей средних и старших групп.Методическая разработка показывает тематическую направленность организации воспитательной работы в дошкольном учреждений. Авторы показывают методы и приемы, используемые для развития коммуникативных навыков детей. Формирование умений выразительного чтения стихотворений способствует развитию творческих навыков детей старших групп.
Дильдабаева,Досбергенова, Нурту5ан.docx
«МЕНІҢ ҚОРҒАУШЫ ПЕРІШТЕМ» МЕРЕКЕЛІК ІСШАРАСЫНЫҢ
ӘДІСТЕМЕСІ
Дильдабаева Айжамал Тулебаева
«Баларман» балабақшасының әдіскері
Досбергенова Мөлдір Қаладиннқызы, Нұртуған Қарлығаш Мейрамбекқызы
«Шаңырақ» ересектер тобының тәрбиешілері
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Балалар әуенмен залға кіреді.
Жүргізуші: Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Анадейдіжассәбидежарқылдап,
Анадегенбәйтерегіөмірдің,
Анадеген алтын қазық, алтын бақ.
Сәлеметсіздерме құрметті аналар, әжелер, қонақтар!Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі
8наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Көктемдей құлпырып, жаздай
жайнап жүре беріңіздер! Бүгінгі біздің «Шаңырақ» ересектер тобының «Менің
қорғаушы періштем» мерекелік ісшарасына қош келдіңіздер!
Хор: Жан ана
Жүргізуші: Ендігі кезекті балалрдың тақпақтарына кезек берейік
Нұрдәулет:Бәріңізде анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мерекең,
Құттықтаймын анашым.
Бақмұхамед:Мәпелеп мені өсірген,
Ризамын мен өмірде.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
Дінмұхамед: Аспандағы айымсың,
Бақытыма балаған.
Құтты болсын мерекең,
Айналайын жан анам.
Жүргізуші: Жарайсыңдара, балалар!
Аналар ақ тілекті,сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін. Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық
Би:«Көбелектер»
Жүргізуші: Керемет қыздар! Билерің тамаша екен. Әжелерімізге арнаған
тақпақтарына кезек берейік
Аделина:Менің әжем гүл әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әжем.
Арлан:Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем,күн әжем.
Анам үшін мен үшін,
Нағыз ана тілі әжем.
Жүргізуші: «Менің анам әні». Жігіттеріміздің орындауында. Аналрға, топтың сұлу
қыздарына арналады
Жүргізуші: Біздің балалар қазақша тақпақтар ғана айтып қоймайды. Орысшада тақпақ
айтады.
Дана: Я для бабушки и мамы
Нарисую солнца круг,
И зеленую поляну,
И подснежинки вокруг.
В женский день им подарю
И скажу как их люблю!
Адина: День 8Марта
Расцветит подснежник,
Маме подарю я
Цветочек этот нежный,
Пусть он радует тебя,
Мама милая моя.
Анелья: 8 марта на дворе,
Праздник на календаре.
Мам и бабушек поздравить,
Хочется сегодня мне. Светит солнышко в окно,
И на улице светло.
Мы всем женщинам желаем,
Чтобы в жизни повезло!
Жүргізуші: «Үш ана» көрніс
Әйгерім қыздың киімін киген бүлдіршін
Анасықызметкер киімін киген кыз
Автор сөзі Ойыннан келген Әйгерім
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да,
Хал сұрауды көздейді.
Әйгерім – Аделина Қызым менің қалайсың,
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай,
Тамақ ішсең жарайсың.
Егер тамақ ішпесең,
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма,
Тамақтанып аласың.
(Қуыршағын алдына алып отырады)
Автор – Арлан:Әйгерімнің осы сәт,
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының ,
Қалын сұрап біледі,
Анасы – Жәния:Қоңырау соғады, Алло ия, қазір барам
Анасы Жәния: Әйгерімжан ,бүгін сен,
Тамақ ішіп көрдіңбе?
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдіңбе?
Күнде саға ұмытпай,
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып,
Осы сені не істеймін?(отырады)
Автор – Арлан:Анасының артынан ,
Аптығып әже кіреді.
Ол дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі. Әжесі Жәния:Айналайын алтыным,
Шаршадыңба жарқыным,
Ішпедіңау тамақта,
Жайын ойлап жалпының.
Қарашығым,қарағым,
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалдыау тамағың (отырады)
Автор – Арлан: Аналардың елжіреп,
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып,
Өз қызына қарады.
Бәрі үш ана: Қандай қиын қараңдаршы,
Қырсық мінез бала болу.
Бәріненде оңай емес,
Білсеңіздер ана болу!
Би: Джентельмендер
Жүргізуші: Балаларымызды тақпақ айтуға ортаға шақырамыз
Аслы: Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілерім,
Қартаймашы анашым
Ұмай: Теңдесі жоқ данасың, Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.
А.Жания: Ақ сүт берген балаңа,
Күшқуатын жұмсаған.
Бұл өмірде жан ана,
Тең келеді кім саған.
Ырыскелді:Мен анамды сүйемін,
Сөзін ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
Мейірімді жүрекпен,
Бөлісетін бақытты.
Ақ ниетпен шын тілек,
Ізгі істерді жақұтты.
Жүргізуші:Бесіктерін әнімен,
Тербетуде аналар.
Жасай берсін сәнімен,
Жер бетінде аналар.
Тобымыздың бір топ қызадарының орындуында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар!
Гүлфайруз:Құтты болсын ақ анам,
Сегізінші наурызың!
Қасымда бол әрқашан, Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұлқызың.
Хор: I love my mammy
Жүргізуші: Өмірде таң ғажайып сәт көп,
Аралап дүниенің жер шарын,
Мұндай қызықты,
Таппайсың сен еш жерден.
Құпиясын айтайын,
Мұны жасаған балалардың өздері.
Жылы сөзбен өсірген сыйымыз бар...
Мейірімі төгілген
Әсем, әдемі таң ғажайып сыйымыз мінекей.
(балалар сыйлықтарын аналарына береді)
Жүргізуші: Ал, қане балалар орнымыздан тұрайық.
Аялы да, алтын нұрлы анашым.
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың
Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.
Сен дархансың,
Сен жомартсың, данасың деп бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді
аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Келіп
тамашалағандарыңызға көпкөп рахмет!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.