"Мен жасаған игі іс" шығарма жұмысы.
Оценка 4.7

"Мен жасаған игі іс" шығарма жұмысы.

Оценка 4.7
Контроль знаний
docx
классное руководство
6 кл
21.02.2019
"Мен жасаған игі іс" шығарма жұмысы.
"Тaзaлық – денcаулық кепілі” деп халқымыз бекер айтпаған. Тазалық жоқ жерде құт-береке де болмайды. Әр саналы азамат өзі тұратын қаланың, елді мекеннің таза, көрікті болуы үшін үлес қосуы керек. "Ауылына қарап, азаматын таны” деп осыдан айтылған емес пе? Соңғы кезде ауылымыз көркейіп келеді. Бас көшеде ұлттық нақышта безендірілген аллеялар, демалыс орындары көбейді. Көше бойлары түгел жарықтандырылып, аудан орталығы заманауи үлгіде дамуда. Бүгінде облыс көлемінде тазалық айлығы жүріп жатқанын білемін. Бірақ тазалық екі айлықпен бітпейді, ол күнде керек. Себебі, күл-қоқыс әрбір үйден күнде шығады. Осыған байланысты айтарым, сол үйден шыққан қоқысты, қалдықтарды тастайтын жерді білуіміз және сол тиісті орынға ұқыпты тастауымыз керек. Айлық аясында біздің мектеп ұжымы да сенбілікке шығып, өз мектебіміздің айналасына тал егіп, өсіп тұрған ағаштардың түбін әктеп, жан-жағымызды тазартуда. Әсіресе, мектебіміздің айналасын, жаяу жүргіншілер жолын сыпырып, күл-қоқысын шығарып тастаймыз. "Бір тал кессең, он тал ек” деген халық даналығын ескеріп, қураған ағаштарды кесіп, орнына тал егудеміз. Сонымен қатар, бір байқағаным, жеке тұрғындар тарапынанда үлкен қозғалыстар бар.
Мен жасаған жақсылық.docx
Мен жасаған  жақсылық.     "Тaзaлық – денcаулық кепілі” деп халқымыз бекер айтпаған. Тазалық жоқ  жерде құт­береке де болмайды. Әр саналы азамат өзі тұратын қаланың, елді  мекеннің таза, көрікті болуы үшін үлес қосуы керек. "Ауылына қарап,  азаматын таны” деп осыдан айтылған емес пе? Соңғы кезде ауылымыз  көркейіп келеді. Бас көшеде ұлттық нақышта безендірілген аллеялар, демалыс орындары көбейді. Көше бойлары түгел жарықтандырылып, аудан орталығы  заманауи үлгіде дамуда.  Бүгінде облыс көлемінде тазалық айлығы жүріп  жатқанын білемін. Бірақ тазалық екі айлықпен бітпейді, ол күнде керек.  Себебі, күл­қоқыс әрбір үйден күнде шығады. Осыған байланысты айтарым,  сол үйден шыққан қоқысты, қалдықтарды тастайтын жерді білуіміз және сол  тиісті орынға ұқыпты тастауымыз керек.  Айлық аясында біздің мектеп  ұжымы да сенбілікке шығып, өз мектебіміздің айналасына тал егіп, өсіп тұрған ағаштардың түбін әктеп, жан­жағымызды тазартуда.  Әсіресе, мектебіміздің  айналасын, жаяу жүргіншілер жолын сыпырып, күл­қоқысын шығарып  тастаймыз.  "Бір тал кессең, он тал ек” деген халық даналығын ескеріп,  қураған ағаштарды кесіп, орнына тал егудеміз.  Сонымен қатар, бір  байқағаным, жеке тұрғындар тарапынанда үлкен  қозғалыстар бар. Ауыл  тазалығы, оның көркейіп­көгалдануы – барлық тұрғынға ортақ міндет.  Сондықтан, әрбір тұрғын өзі тұрған көшесіне тазалық жұмыстарын жүргізіп,  дер кезінде күл­қоқыстан тазартып, ағаш отырғызғаны, қандай жақсы! Мен  оқушы болсамда, үйден, мектептен көрген, алған тәрбием арқылы қасымызда  тұратын еңбек ардагері, қарт көршіме көмектесіп, қол ұшын беріп тұрамын.  Кей күндері дүкеннен нан, су әкелу, ұсақ – түйек заттарын әкеліп беру сияқты шаруаларына жұмсаса жүгіріп барып келемін. Ата – анамда менің бұл ісімді  үнемі құптап отырады. Ол кісінің балалары көрші республикада тұрады.  Менің көршім ол жақты жерсінбепті, мен осы жерде өстім, осы жер маған  ыстық деп айтып отырғанын талай естідім. Қазір ауылымызда көгілдір отын,  әр үйге таза су құбыры кіргізілген. Дегенмен, жеке аулада шаруа көп. Мен  сыныптағы екі баламен келісіп, сынып жетекшімді ерітіп, әженің бақшасын  тазартып, қопарып, артық ағаштардың көшеттерін кесіп, алдағы маусымға  дайындап бердік. Мен бұл ісім үшін мақтанбаймын, тек, әр бала қолынан  келер көмегін берсе, алғыс алса деп ойлаймын. Менің көрші әжем алдағы  жылыда таза жиналған, түбі қопсытылып ақталғандықтан жайқалып өскен  жасыл терек астында дем алатыны мен үшін қуаныш, мәртебе. Ауылымыз  аудан орталығы болғанымен адамдар бір – бірін жақсы таниды, дос. Көрші  әже қонаққа барғанда менің сынып жетекшімнің игі ісін айтып, оқушыларына  көрсеткен үлгісіне риза болыпты. Осы әңгіме мектеп басшысына жетіп,  мектепішілік жиында біздің 8а – сыныбына және сынып жетекшісіне көп алдында алғыс айтылып, алғыс хат табыс етілді.   Біздің қолымыздан келген  кішкене көмекке риза болған әжеге бізде ризамыз. Мектептегі оқушылар  алдында мәртебеміз өсіп қалды. Сондықтанда әрқашан, қай жерде болмасын,  қай уақытта болмасын көмекке зәру адамға қол ұшын беру – игі іс. Адам  баласы денсаулығы мықты болуы үшін тазалықты сақтау керек дейміз.  Таң  сәріден жатар мезгілге дейін гигиеналық талаптарды мұқият орындау керек.  Ең бірінші – ұйқыдан оянғанда, жуынып,  тіс тазалау, жаттығулар жасап,  сергектікті сақтау керек. Күні бойы қайда жүрсең де, тазалықтың ережелерін  ұмытпау керек. Ас ішер алдында қолыңды жуу, тамақтың әзірленуінде  тазалықты міндетті түрде сақтау, көкөніс, жеміс­жидектерді қанша  қызықтырса да, жуып қана жеу, көпшілік орындарынан қайтып келгенде,  міндетті түрде беті­қолды жуу, жатар алдында жеке гигиеналық талаптарды  орындау сияқты ережелерді міндетті түрде сақтау керек екені белгілі.  Дегенмен, жақсылық жасап, қолғабыс беріп, жақсы іспен айналысқан адам,  алғыс алған адамныңда денсаулығы жақсы, көңілі көтеріңкі болатыны  шындық. «Алғыс алған азбайды» деп бекер айтылмаса керек – ті. Құрбы –  құрдас қатарларыма алғыс алудан қашпаңдар, жамандыққа баспаңдар дегім  келеді.  Игілікті істер мен игі шаралар жаңа белестердің бастауы, жаңа  баспалдақтар, болашаққа апарар сәтті қадамдар деп сенемін. Жақсылық  жасаған баланың алғыс алары сөзсіз. Барлығымызда тек жақсылықтың  жарщысы, игілікті істердің елеушісі болайықшы, достар!

"Мен жасаған игі іс" шығарма жұмысы.

"Мен жасаған игі іс" шығарма жұмысы.

"Мен жасаған игі іс" шығарма жұмысы.

"Мен жасаған игі іс" шығарма жұмысы.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.02.2019