Кіріспе
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы — бұл басшылық.
«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады.
XIX ғасырдың аяғындағы ғылым осының алдындағы дәуірде жинақталған орасан зор нақты материалдарды теориялық тұрғыда жинақтап, әзірлеуге арналды. Әрине, капиталистік өндірісті дамытуға қажетті ғылыми ілімді теорияландыруға талпыныс өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру принциптерін тану секілді саланы да қамтиды.
Басқару мәселесіне алғашқы көңіл бөлу 1911 жылы байқалды. Сол кезде Фредерик Тейлор өзінің «Ғылыми менеджмент принциптері» деген кітабын жариялады. Міне, осы кезден бастап басқару ғылыми зерттеудің жеке саласы ретінде танылды. Бұл концепция XIX ғасырдың орта тұсынан бастап XX ғасырдың 20-жылдарына дейінгі ұзақ кезеңде дамытылды. Басқару ісіне мүдделіліктің негізгі күші, жоғарыда атап көрсетілгендей, Англияда басталған өнеркәсіптік революция болды. Алайда, басқару ісінің өзі ұйымдастырудың дамуын және табыстылығына елеулі ықпал ететіндігі туралы идея тұңғыш рет Америкада пайда болды. Бұған себепші болған жайт, жиырмасыншы ғасырдың басында адамдардың шыққан тегіне, ұлтына қарамастан, өзінің білімі мен ақыл-ойын көрсете алатын бірден-бір мемлекет АҚШ болды. Миллиондаған еуропалықтар өз өмірін жақсарту мақсатында XIX ғасырда Америкаға қоныс ауыстырып, бизнестің, сонымен қоса басқарудың алуан түрлі ролін атқара алатын еңбекқор адамдардан жұмысшы күшінің аса көп тобын жасақтады.
XIX ғасырдың соңында құрылысы аяқталған трансконтиненталдық темір жол линиясы Американы әлемдегі ең ірі бірыңғай рынокқа айналдырды. Елде іс жүзінде бизнесті мемлекеттік тұрғыда реттеу деген болмады. Кәсіпкерлердің ішкі ісіне араласу деген болмағандықтан, өз бизнесін дамытудың бастапқы кезеңінде-ақ олар едәуір жетістікке жетіп, монополистер болды. Осындай және басқадай факторлар ірі салаларды, ірі кәсіпорындарды қалыптастырып, басқару тәсілдерін жетілдіруді қажет етті.
Алғашында менеджментті жалпы алғанда адамдар топталып жұмыс істеген жерде адамдардың қоғамдық үш сферасында болған.
1.Саяси сфера – топтар арасында тәртіпті қабылдау үшін болды.
2.Экономикалық сфера – өндірісті және ресурстарды топтау және анықтау.
3.Қорғаныс сферасы – бұл жаулардан және жабайы аңдардан қорғану үшін.
Үлкен Клод пен кіші Джордждың «Басқару ақыл-ойының тарихы» кітабында біздің заманымыздан 5000жыл бұрын, шумерлер сына жазуды (клинописьті) ойлап шығарған кезден бастап менеджменттің дами бастағандығы айтылады. Менеджмент эволюциясымен танысудың айрықша қажеттілігін ескере отырып, басқару континуумы деп атаған кестені келтірелік.
Жылдар | Индивидум немесе этникалық топ | Менеджменттің дамуындағы негізгі үлесі |
Б.з.д.5000 | Шумерлер | Жазу, фактілерді тіркеу |
4000 | египеттіктер | Жоспарлаудың, ұйымдастырудың және бақылаудың қажеттілігін мойындау |
1600 | Египеттіктер | Басқаруды ұйымдастыруды орталықтандыру |
1100 | қытайлықтар | Жүйелер мен стандарттар- |
400 | Сократ | Әмбебап менеджмент принциптерін тұжырымдау |
900 | Әл-Фараби | Басшыға талап қою |
1100 | Газали | Менеджментке талап қою |
1982 | Джон Коттер | Жоғары лауазымды басшы- |
Птаххотепа үйретуі
Көне египеттіктер (мысырлықтар) бізге жазбаша ескерткіш-тер қалдырды. Онда әңгіме басқару туралы болады. Осыдан 4 мыңдай жыл бұрын жазылған (Птаххотепа үйретуі) кітабында қазіргі басқарушылар үшін әлі күнге мәнін жоғалтпаған мынадай ойлар айтылады. «Егер сен басшы болсаң байсалды бол. Өтініш айта келген адам саған ойындағысын айтып біткенше сөзін бөлме. Бақытсыздыққа тап болған адам, өз мәселесін дұрыс шешкеннен гөрі, ақтарыла сөйлеп, іштегі шерін тарқатқанды жөн санайды».
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.