Р/С
|
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
1 |
«Мәңгілік Ел» - ұлттық идея ретінде. |
1 |
09.09.2017 |
2 |
«Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығы |
1 |
23.09.2017 |
3 |
Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері |
1 |
07.10.2017 |
4 |
«Мәңгілік Ел» - ұлттық дүниетанымның басты бағыты және қайнар көзі. |
1 |
21.10.2017 |
5 |
«Мәңгілік Ел» құндылығы» презентация |
1 |
18.11.2017 |
6 |
«Мәңгілік ел» идеясы және жастар |
1 |
09.12.2017 |
7 |
Мәңгілік Ел – бұл Тәуелсіздік пен Астана |
1 |
23.12.2017 |
8 |
Мәңгілік Ел – бұл Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім |
1 |
20.01.2018 |
9 |
Мәңгілік Ел – бұл Зиялы Мемлекет және Жоғары Руханилылық |
1 |
03.02.2018 |
10 |
Мәңгілік Ел – бұл инновациялар негізінде тұрақты экономикалық даму |
1 |
17.02.2018 |
11 |
Мәңгілік Ел – бұл Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. |
1 |
03.03.2018 |
12 |
Мәңгілік Ел – бұл ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпыәлемдік және аймақтық мәселелерді шешудегі жаһандық қатысуы. |
1 |
17.03.2018 |
13
|
Мәңгілік Ел – бұл Тарихтың, Мәдениеттің және Тілдің бірлігі |
1 |
07.04.2018 |
14 |
Мен Қазақстанның азаматы және патриотымын. (рөлдік ойын |
1 |
21.04.2018 |
15 |
Іскерлік ойын «Мәңгілік Ел» құндылықтары» (дебат түрінде) |
1 |
05.05.2018 |
16 |
ХХІ ғасырдың көшбасшылары. (іскерлік ойын) |
1 |
19.05.2018 |
17 |
Қорытынды |
1 |
24.05.2018 |
«Мәңгілік Ел – Мәңгілік Тарих» үйірмесінің күнтізбелік жоспары
Барлығы – 17сағат,Екі аптада – 1сағат
КММ «Жаңаталап орта мектебі»
«Мәңгілік Ел – Мәңгілік Тарих»
7-8 сыныптарға арналған үйірме жұмыс жоспары
Үйірме жетекшісі:
Жаңаталап орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі Л.У.Уалихан
2017-2018 оқу жылы
Түсінік хат
Бүгінгі таңда оқушылардың дүниетанымын кеңейту және оларды шығармашылық іс – әрекетке баулу, сонымен қатар өз бетінше ізденушілік қасиеттерін жетілдіретін жұмыстардың бірі сыныптан тыс үйірме, факультатив жұмыстары болып табылатыны бәрімізге белгілі. Өз пәніне деген қызығушылықты ұстаз тек жеке басының өнегесімен ғана іске асыра алады. Бұл бағдарлама бойынша интербелсенді әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеті жоғары жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру арқылы оқушылардың шығармашылығын арттырып өз бетімен іздене білуге сабақта алған білімдерін, өмірде қолдана алуға үйретуге болады. Үйірме және факультативтік жұмыстар оқушылардың пәнге деген қызуғушылығын, олардың дүние танымын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады. Үйірмелік жұмыстарда әр оқушы өзінің көңілі қалайтын іспен айналыса отырып, өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алады. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бағдарламаның көмегі мен шектеліп қалмай өз ұсыныстары негізінде де өздерін көрсете алады. Әр оқушыда ашылмаған шығармашылық қабілеттер бар.
«Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.
Осының негізінде бұл бағдарлама «Мәңгілік Ел – Мәңгілік – Тарих» деп аталып, оқушыларды осы идеяны жан-жақты, толық, терең түсінуге байланысты біршама тақырыптар қамтылған.
Мақсаты:
Мәңгілік Ел – Мәңгілік Тарих – қазақ тарихының маңыздылығын, басымдығын көрсетеді. Бұл идеяны үйірме сабақтарда іске асыру – оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеуге, қазақ тілін білудің қаншалықты маңызды екенін түсінуге мүмкіндік беретін, жалпы тұлғалық қасиетін қалыптастырудың маңызды аспектісі болып табылады.
Міндеттері:
1.Оқушылар бойына патриоттық-азаматтық құндылықтарды дарыту.
2. Туған халқына деген құрмет, мақтаныш сезімін ұялату.
3. Ұлттық рухты дамыту.
4. Маңызды істерді шешуге қабілетті, іскер,жауапкершілікті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Үйірме елтану, аймақтану, саясаттану, тарих сияқты мамандықты қалаған жеткіншектерге бағыт-бағдар көмек береді. Үйірме оқушылардың талап-тілектерін қанағаттандырып, мамандыққа баулумен қатар, олардың жалпы білім көлемін, мәдени деңгейін көтеріп, гуманитарлық даярлығын жақсартады.
Қазақстан тарихын басқа пәндермен, сондай-ақ әдебиет, география, құқық негіздері, философия, экономикат.б байланыстыра отырып, ғылымның сол салаларынан қажетті мәліметтер енгізілді.Үйірме бағдарламасы 17 сағатқа лайықталып жасалған. Екі аптада 1 рет өткізіледі.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.