Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер, және олардың жүйелері |
Мектеп: |
|||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||||||||||||||
Сынып: 9 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері |
|||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
9.4.2.1 мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару |
|||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару |
|||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Мәтіндік есеп моделін құрады; Модельмен жұмыс жасайды; Есеп шартына сәйкес жауапты жазады; |
|||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: - бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын есеп шешуде қолданады; -теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерінің шешімдерін негіздейді; -есепті шешу жолдарына түсініктеме береді. Пәндік лексика мен терминология - сызықтық/квадраттық/бөлшек теңдеулер; - айнымалы; - айнымалыны алмастыру - түрлендіру; - қосу тәсілі; - теңдеудің түбірлері … қиылысу нүктелері болып табылады; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - Теңдеулер жүйесін айнымалыны алмастыру/ қосу тәсілі арқылы ... - Мәтіндік есептің моделін құру үшін… - Белгісіз шаманы х немесе у деп білгіліейміз. - Алынған теңдеулер жүйесінің есеп шартына сәйкес жауаптары… |
|||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Құндылықтарды дарыту оқушылар топтық жұмыс жасау барысында бірін-бірі құрметтеу, өзінің ойын негіздеп айт, басқа оқушының ойын бөлісу кезінде және де өзін өзі, өзара бағалау жұмыстарын жүргізуде академиялық адалдық құндылығы жүзеге асады. |
|||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Мәтін есептер қарастыру барысында жұмыс, жұмыс өнімділігі, қозғалыс есептері физика пәнімен, аудан, периметр ұғымдары қарастырылатын есептер геометрия пәнімен байланысты. |
|||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
- |
|||||||||||||||||||
Бастапқы білім
|
Оқушылар сызықты емес теңдеулер жүйесінің шешу әдістерін біледі. Төменгі 7, 8 кластарда мәтіндік есептер шығарудың алгоритмімен таныс. |
|||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут
|
Оқушылармен амандасу. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға жаңа тақырып пен сабақ мақсатын айту. Сабақ мақсатына байланысты бағалау критерийлерін көрсету.
|
Презентация |
||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
5 минут
10 минут
3 минут
6 минут
7 минут
3 минут |
Ұжымдық жұмыс: Геометриялық ұғымдармен байланысты есептер шығару үшін оқушылармен тіктөртбұрыш, үшбұрыш аудандары, периметр, Пифагор теоремасын қайталау қажет. Оқушыларға BILIMLAND сайтындағы қарастырылатын геометриялық есепті көрсету. Мысал есеп №1. Оқушылармен талдап болғаннан соң олардың өзіне есептер ұсыну. Жұптық жұмыс №1 тапсырма: Тікбұрышты үшбұрыштың катеттерінің айырымы 31 м-ге, ал гипотенузасы 25 м тең болса, үшбұрыштың ауданын табыңыз. Дескрипторлар: Катеттерді х және y айнымалылары арқылы белгілейді; (x-y) айырмасын 31-ге теңестіреді; Пифагор теоремасын қолданып екінші теңдеуді жазады; Теңдеулер жүйесін шешеді; Катеттер ұзындығын табады; Аудан формуласын пайдалынып есеп шартын жазады.
№2 тапсырма: Ауданы 5000 м2 болатын тіктөртбұрышты жер алқабына тал отырғызылды. Оны қоршауға 330 м сым темір қажет. Жер алқабының ені мен ұзындығын табыңыз. Дескрипторлар: Тіктөртбұрыш қабырғаларын х және у –ке теңестіреді; Тіктөртбұрыш ауданы формуласын пайдаланып теңдеу құрады; Периметрді пайдаланып теңдеу құрады. Теңдеулер жүйесін шешеді; Есеп шартына сәйкес жауапты жазады. Бағалау: (Дескрипторлар ішінде есептің шығарылу жолына нұсқаулар бар, сондықтанда оқушыларға алдын ала бермеген дұрыс, егер жеке қолдауды қажет ететін оқушылар болатын болса, онда алгоритм ретінде дескрипторды ұсынуға болады). Әр жұп өздерінің жұмысын басқа жұптармен салыстырып, талқылайды. Мұғалім оқушылар жұмысын бақылайды. Қажет оқушыларға қолдау көрсетеді. Дайын жауапты тақтада көрсетіп, жұптар өздерінің жауаптарын тексереді. Мұғалімнің кері байланысы. Ұжымдық жұмыс: Тақтада мұғалім оқушылармен бірге қозғалысқа берілген 1 мысал есепті талдайды. Мәтін есептің әр бір шешу этаптарын оқушыларға көрсетеді. Мысал – есеп №2: Катер өзен ағысымен 15 км және ағынсыз суда 4 км жүзген жолына 1 сағат уақыт жұмсады. Егер өзен ағысының жылдамдығы катер жылдамдығынан 4 есе кем болса, өзен ағысының жылдамдығы қандай? Катер жылдамдығы-x; Ағыс жылдамдығы –y.
Теңдеулер жүйесін айнымалыны ауыстыру әдісімен шығару қажет. Жауабы: катер жылдамдығы -16 км/сағ, су ағысының жылдамдығы -4 км/сағ.
Оқушыларға өзіндік жұмыс ұсыну: Берілген мәтін есепке сәйкес дұрыс құрылған модельді таңдаңыз. №1Аулада жүрген тауықтар мен қойлардың аяқтарының саны 40, ал бастарының саны 15. Аулада неше тауық пен қой жүр? А) B) C) D) №2. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 10 см, ал катеттерінің қосындысы 14 см. Осы үшбұрыштың ауданын табыңыз. А) B) C) D) №3. Мәтін есептің моделін құрып, жауабын жазыңыз. Катердің жылдамдығы өзен ағысының жылдамдығынан 16 км/сағ артық. Егер катер өзен ағысымен 18 км, өзен ағысына қарсы 20 км жүрген жолына 2 сағ жұмсаған болса, катердің. Өзен ағысының жылдамдықтары қандай? Дескрипторлар: Катер мен өзен ағысының жылдамдығын х және y деп айнымалы енгізеді; Екі жылдамдық айырмасын 16 км/сағ теңестіреді; Өзен ағысымен жүрген уақытты өрнектейді; Өзен ағысына қарсы жүрген уақытты өрнектейді Екі уақыттың қосындысы арқылы теңдеу құрады Теңдеулер жүйесін шешеді; Есеп шартына сәйкес жауапты жазады. Бағалау: Мұғалім тақтада дайын жауаптарын көрсетеді. Оқушылар дескрипторларды және дайын жауаптарды пайдаланаып жұмыстарын өздері бағалайды. Мұғалім сындарлы кері байланыс береді. |
Презентация
https://bilimland.kz/upload/platform_lessons/L_10954/15.pdf?v1533275323686
Презентация
Презентация
Презентацияя
Шыныбеков Ә. 9 кл.
Шыныбеков Ә. 9 кл Алгебра https://drive.google.com/drive/folders/1x9pgrJAPvBfGlkkWnysC3u7paRMEyiQY |
||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут |
Сабақ соңында оқушылар өздерінің жұмыстарын рефлексиялайды: Мен нен үйрендім? Мен нені дұрыс жасай алғаным жоқ? Маған ары қарай не істеу қажет? Мұғалім үй тапсырмасын береді. №117, 118.
|
Шыныбеков Ә. 9 кл Алгебра |
||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||||||||||||||
Жұптық жұмыс барысында қарым –қатынас формасы бойынша, мұғалімнің жеке қолдауы бойынша саралау жүргізіледі. |
Оқушылар дескрипторлар арқылы өздерін және өзара бағалау жүргізеді. Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылау арқылы олардың оқу жетістіктері бойынша сындарлы кері байланыс береді. |
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтарымен оқушыларды таныстыру. Оқушылар арасында көздері нашар көретіндерді алдыңғы қатарларға отырғызу, топтық жұмыс барысында оқушылар орындарынан тұрып әр түрлі қимыл қозғалыс жасайды.
|
||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||||||||||||||||||||
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.