ҚМЖ
Оценка 4.9

ҚМЖ

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
1 кл
14.10.2018
ҚМЖ
1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау). 1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну. 1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен тәуелдік жалғауларын ауызша тілде қолдану.
1 бөлім 1 саб.docx

Тақырыбы:

Сәлем! Сенің атың кім?

Мектебі:

Күні, айы :

Мұғалімнің аты – жөні:

1 - сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

 

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен тәуелдік жалғауларын ауызша тілде қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Амандасу, танысу үлгілерініңқарапайым түрлерін қолдана алады.

 

Оқушылардың басым бөлігі:

Сабақта үйренген амандасу, танысу үлгілерін адамның жас ерекшелігіне байланысты орынды қолдана алады.

 

Кейбір оқушылар:

Амандасу үлгілерінің басқа да түрлерін айта алады, амандасу, танысу үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығы

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалаптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.

 

Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

(МК, Ұ) Оқулықтағы 1-тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын алғашқыда екі баланың, содан кейін бала мен үлкен адамның амандасу үлгісіне аударады. Оқушылар «Сәлем!» және «Сәлеметсіз бе!» деген амандасу үлгілерін тыңдайды, хормен, жеке-жеке қайталайды. Тапсырмада сөздердің дыбысталуына ерекше назар аударылады.

(Ж) Оқушылар амандасу үлгілерін сыныптағы оқушылармен және мұғаліммен амандау арқылы тәжірибеден өткізеді. Сондай-ақ осы тапсырамда берілген әртірлі жастағы адамдармен (1-тапсырмадағы суреттер бойынша) амандасу арқылы да амандасу үлгілерін есте сақтауға тырысады.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқшылар танысу үлгісін тыңдау, қайталау арқылы «Сенің атың кім?» деген сұрақпен және «Менің атым-... .» деген жауап үлгісімен танысады. Оқушылар сурет бойынша Жұлдыз, Айгүл деген қыз аттары туралы да ақпарат алады. Қыздардың аты жұлдыз, ай, гүл сөздерімен байланысты екенін түсінеді. (ОТ) Мұғалім балаларға өз аттарына байланысты сурет салуды ұсына алады. Бұл арқылы балалар өз атының қандай мағына беретіні туралы ойланады. Оқушылардың бойында өз есімдеріне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату өте маңызды.

(Ж) 3-тапсырма тілдесім әрекетіне көңіл бөлінеді. Оқушылар осы тапсырмада берілген диалог бойынша өзара сөйлеседі. Диалог арқылы амандасу, танысу үлгілерін қайталайды.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалаптастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық.

 

Аудиодиск:

1.1.1.       1.1.2.;

1.1.3.

 

 

 

А4 форматты ақ қағаз,

қарындаштар

 

 

 

 

 

№ 1 жұмыс дәптері

 

Қосымша тапсырма: 1.1.

Сабақтың соңы

41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушыламен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін  білдіре алады.

 

Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:

 


 

Тақырыбы: Сәлем! Сенің атың кім?Мектебі:

Тақырыбы: Сәлем! Сенің атың кім?Мектебі:

МК, Ұ) 2-тапсырмада оқшылар танысу үлгісін тыңдау, қайталау арқылы «Сенің атың кім?» деген сұрақпен және «Менің атым-

МК, Ұ) 2-тапсырмада оқшылар танысу үлгісін тыңдау, қайталау арқылы «Сенің атың кім?» деген сұрақпен және «Менің атым-
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.10.2018