1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.
1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормалады сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.
1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/жіктік/септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.
3-бөлім 1 сабақ.docx
Тақырыбы:
Бұл кім?
Күні, айы :
1 сынып
Оқу
бағдарламасына
сәйкес оқу мақсаты
Сабақ мақсаты
Сабақтың
кезеңдері
Сабақтың басы
(25 минут)
Сабақтың
ортасы
(640 минут)
Мектебі:
Мұғалімнің аты – жөні:
Сабаққа қатысқан оқушылар саны:
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің
мағынасын түсіну.
1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не
туралы екенін түсіну.
1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және
тілдік нормалады сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап
беру.
1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/жіктік/септік
жалғауларын ауызша тілде қолдану.
Барлық оқушылар:
Отбасы мүшелерін атай алады. Отбасындағы адамдардың
атын айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Отбасы суреті бойынша өзінің отбасындағы адамдар туралы
ақпарат бере алады (суреттегі кім екенін және оның атын
айту). Қарындас/сіңілі сөздерінің айырмашылығын түсінеді.
Кейбір оқушылар:
Кез келген отбасы суреті бойынша отбасы мүшелерін еркін
атай алады, өз отбасы туралы қосымша ақпарат бере алады.
Сабақ барысы
Жоспарланған жұмыс
Ресурстар
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығн тексеру.
Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл
күй қалаптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.
(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы
1 тапсырмада берілген сөйлесу үлгісінен аударады.
Осы диалог арқылы оқушылар отбасы мүшелері
атауларымен танысады (ата, әже, әке, ана, аға, әпке,
іні, қарындас/ сіңілі). Сондай ақ мұғалім
оқушыларға қарындас және сіңілі сөздерінің кімге
қатысты қолданылатыны туралы түсіндіреді. Яғни ұл
балалар өздерінен кіші қыз бала туралы қарындас
сөзін, ал қыз балалар сіңілі сөзін қолданатыны
туралы айтылады. Оқушыларға түсінікті болу үшін
сыныпта қарындасы/сіңілісі бар ұл бала мен қыз
Оқулық.
Аудиодиск:
3.1.1.
3.1.4. баланы ортаға шығарып, сол балалардың
тәжірибесіндегі қарындас/сіңілі сөздерінің
мағынасын түсіндіруге болады.
(МК) “Есте сақта!” айдары бойынша мұғалім
оқушыларға отбасы мүшелері атауларын тәуелдік
жалғауының I жағында қолданылуымен (тек
құрылымдық үлгіде) таныстырады. Менің деген
сөзбен ата сөзі атам түрінде қолданылатыны
түсіндіріліп, солай жаттықтырылады.
(МК, Ұ) 2 тапсырмада берілген үлгі бойынша
толықтырып айту арқылы тәуелдік жалғауының
қолданысы бекітіле түседі (Үлгі: ата менің атам,
әже менің әжем т.с.с.).
(МК,Ұ) 3 тапсырмада оқушылар өз отбасы
мүшелерінің атын атай алуды үйренеді
(Бұл – менің анам. Оның аты ...).
(ОТ) Оқушылар өз отбасының суретін сала алады.
Сол сурет бойынша отбасы мүшелерін атап, олардың
атын айтуға жаттығады.
(Ж) 4 тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді.
Берілген үлгі бойынша оқушылар отбасы мүшелері
туралы сөйлеседі. Бұл тапсырманы орындау үшін
оқушылар өздерінің отбасы суретін пайдалана алады.
Бірінші бала екінші баланың суретін (3 тапсырманы
орындау кезінде салған отбасы суреті ) қарап, ішінен
біреуді көрсетеді және оның кім екенін (Бұл кім?)
және оның атын (Оның аты кім?) сұрайды. Екінші
бала бірінші баланың сұрақтарына жауап береді.
Сонда диалог шынайы болып шығады. Отбасы
суретін сақтап қою керек, себебі келесі сабақта
оқушылар оны қайтадан пайдалана алады.
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы
оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған
білімдерін бекіте түседі.
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта
алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс
істеуге дағдыланады. Сондай ақ АКТ ні қолдана
білу дағдыларын қалыптастырады.
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім
оқушыламен кері байланыс орнатады. Оқушылар
сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені,
не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны
туралы ойпікірлерін білдіре алады.
Қосымша ақпарат
Қағаз,
қарындаштар.
№ 1 жұмыс
дәптері
Қосымша
тапсырма: 3.1.
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.
Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақтың соңы
4145 минут
Қорытындыла
у
1.Сабақ
барысына өзгертулер
енгіздіңіз бе?
Неге?
2.Жүргізілген
жұмыс түрлері
қаншалықты
тиімді болды?
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1:
2:
ҚМЖ
ҚМЖ
ҚМЖ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.