Тақырыптың өзектілігі:
Ұлы Жеңіске 75 жыл толады. Бұл жеңістің таңын атқызуда азаматтарымыз мыңдап емес, миллиондап шейіт болды. Осы Жеңіске Құмаш Нұрғалиевте біркісідей үлес қосты. Соғыстан кейінгі өмірінде де ол ерліктің ерен үлгісін көрсетті, ұстаздықпен айналысты. Халықтың рухани азығы – мәдени туындыларды, қоғамдағы тұлғаларды туындатушы – ұстаз. Солардың таңдаулы өкілдерінің бірі – КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев. Осынау ұстаздың халқы үшін сіңірген еңбегін «Нұрғалиевтер педагогикалық әулеті» деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы да ерекше бағалады.
«Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам», «Қазақстан 2050» стратегиясында да Қазақстандық патриотизмге ерекше мән берген. Соның бір үлгісі Құмаш Нұрғалиев. Екі аяқ, бір қолсыз соғыста да, бейбіт өмірде де Отаны үшін асқан ерлік көрсетті.
- Қ. Нұрғалиевтің мектеп білімін дамытудағы жаңа
қырларын таңып-білуге септігін тигізетін, бұрын
жарық көрмеген деректер кешенін айналымға енгізу;
- бүгінгі тарих ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып,
тақырыптың ең түйінді, өзекті мәселелеріне жалпы
адамзаттық тұрғыдан өз пікірімізді білдіру;
МІНДЕТТЕРІ
- қайраткердің бастапқы өмір жолын қарастырудың
барысында Қ. Нұрғалиевтің өмірдегі көзқарасының
қалыптасуының негіздері мен оның қоғам қайраткері
ретінде өсу жолдарын тарихи тұрғыда талдау;
Қ. Нұрғалиевтің білім беру метадологиясын
өзгерту туралы көзқарастары және орта
мектепті ақпараттандыру тәжірибелерінің оң
нәтижелері болғандығын дәйектеу.
Зерттеу пәні:
Зерттеу нысаны:
1946-1988 жылдардағы Қазақстан мектебі мен мұғалімдерінің тағдыры.
КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің өмір жолы, қызметі мен кәсіби мұрасының зерттелуі болып табылады.
«Қазақстандық патриотизмнің биік үлгісін танытқан ҰОС ардагері Құмаш Нұрғалиев»
«Қазақстандық патриотизмнің биік үлгісін танытқан ҰОС ардагері Құмаш Нұрғалиев»
Зерттеу жұмысының методологиялық негіздері.
Зерттеу нақты, фактілік материалды зерделеу, ғылыми зерттеудің талдау және жинақтау, жүйелендіру, салыстыру, салғастыру және басқа да жалпыға белгілі әдістер негізінде жүргізілді.
Зерттеу
жұмысының
жаңалығы
«Қазақстандық патриотизмнің биік үлгісін танытқан ҰОС ардагері Құмаш Нұрғалиев»
- мұрағат құжаттары арқылы Құмаш Нұрғалиевтің туған жері Бұғымүйіз, мектепте оқыған жылдары 1932-1939 жылдар, әскерге шақырылған уақыты 1943 жылдың 1 маусымы екені анықталды;
- бұрын негізінен педагогика саласының зерттеу объектісі болып келген тұлғаның тағдыры тұңғыш рет тарихи тұрғыдан қарастырылып отыр;
- Халық мұғалімінің білім саласындағы қызметінің рөлі мен маңыздылығы айқындалып, осы саланы көтерудегі қосқан үлесі, жетістіктері сараланды;
Қолданбалы
маңызы:
Ғұмырнамалық зерттеу жұмысы болғандықтан оның басшылық ұйымдастырушылық қызметі мектеп директорларына үлгі болса, әрбір сабақты техника көмегімен өз кабинетінде отырып бақылау сияқты тәжірибелері қай оқу орнында болмасын білім сапасын көтеруге, ұстаздарды жинақылыққа, үнемі ізденіске бағыттаса, басқа мекемелерде еңбек өнімділігін арттыруға көмегі тиері сөзсіз.
«Қазақстандық патриотизмнің биік үлгісін танытқан ҰОС ардагері Құмаш Нұрғалиев»
1943 ж. 9 мамыр. Құмаш Нұрғалиев майданға аттанған кезінде осындай еді
Он жетіден асқан Құмаш Нұрғалиев 1943 жылы 26 мамырда өз еркімен Бұғымүйіз ауылынан әскер қатарына шақырылып, 1943 жылдың 1-маусымында капитан М. Астаховтың бұйрығымен Зайсан аудандық әскери комиссариаты арқылы су жолымен қасындағы бес жігітпен Отан қорғауға аттанды . 1944 жылдың мамырынан 29 қазанға дейін Кеңес Одағының батыры А. Матросов атындағы атқыштар полкінде Отан қорғады.
Госпитальда
1944 жылдың күзінде Риганы азат етудегі Ауце қалашығы үшін болған шайқаста Құмаш Нұрғалиев ауыр жараланды.
29-қазан, яғни өзінің 19 жасқа толған туған күнінде қазақтың жас жігітіне тағдырдың тартқан сыйы осылай болды.
Тура туған күні, бұл туралы №3431 госпитальнің басшысы майор Иваньковтың анықтамасынан көре аламыз «Справка о ранении в боях за Советскую Родину мл.сержант Нургалиев Кумаш 29.10 был тяжело ранен. Диагноз: Ампутатция обеих бедр и левого крецплечи». Өмірдің тауқыметі мен ауыртпашылығы осылай жалғаса берді.
12 күрделі оталарға төтеп берді. Госпитальда ол үшін «атпайтын таң,
батпайтын күн» тура екі жылға созылды.
Ол ауруханада тоғызыншы, оныншы сыныпты оқыды. 1945 жылдың 22-тамызынан 18-желтоқсанына дейін коммуналдық кәсіпорындар бухгалтері курсында үздік оқыды. Бұл білім кейін оған директорлық қызметі кезінде көп көмегін тигізді.
Боран мектебі
1946 жылы ауылға келгеніне он күн өтпей 1 қазанда Қ. Нұрғалиев тұңғыш рет сабақ беруге сыныпқа кірді.
1946 жылы 29-шы қазан күні туған күнінде олар отау құрып, өмірге тағыда бір қазақтың қара шаңырағы келді.
1948 жылы шілде айында Сармөңке мектебіне оқу ісінің меңгерушісі, 1949 жылы 6-қыркүйекте Сармөңкеде мектеп директоры болып тағайындалды.
ХХ ғасырдың 40-жылдарының сонында ҚазПи-дің тарих факультетіне түскен ол, 1950 жылдан бастап тарих пәнінен сабақ бере бастады.
Кекйін, Теректі ауылындағы орта мектептің оқу ісінің меңгерушілігіне жіберді (1955-1957 жж.). Қ. Нұрғалиев өмірінің осы бір тұсы көптеген деректерде көрсетілмейді. Мысалы, Қазақстан Ұлттық энциклопедиясының 7-ші томында 1946-1957 жылдары Құмаш Нұрғалиев Марқақөл ауданының Сорвенка ұжымдық мектебінің директоры деп жазылған.
1957 жылы 3-ші тамызда халыққа білім беру бөлімінің №145 бұйрығы бойынша Боран кеңшарындағы орта мектепке директоры
Қазақстанға белгілі ғалым С.С. Қалиев «Өскеменнің әрі Мересьеві, әрі Сухомлинскийі» атты мақаласында «Қ. Нұрғалиев басқарған мектеп ұжымы үнемі жаңалықтың жаршысы бола білді, мектеп Республикада бірінші болып компьютерлік, кабинеттік жүйеге осыдан 33 жылдай бұрын көшті. Ол басқарған мектеп озат тәжірибенің лабораториясы» деп атап көрсетті.
Қ. Нұрғалиев «Менің ауылдық балаларымның қалалықтар сияқты техникалық негізде оқуға құқы бар», - деген оның әрбір пән кабинетінде телефон және дыбыстық аппараттар орнатылды.
1983 жылы 1-қыркүйекте теледидарлық орталық пайдалануға берілді.
1988 жылы мамыр айында Құмаш Нұрғалиұлы біздің өлкеде тұңғыш рет мектепке «Ямаха» компьютер сыныптарын жеткізу мәселесімен шұғылданды.
Үкіметтің шешімімен Өскемен қаласында КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің есімі Шығыс гуманитарлық колледжді және №43 орта мектеп-гимназияға берілген. Өзі негізін қалаған Шығыс Қазақстанда Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиевтің көпсалалы орта мектебіндегі оның атымен аталған. Ол басшылық жасаған мектептің оқушылары 1995 жылдың қарашасында Елбасы Н. Назарбаевқа ұжымдық хат жолдап, Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиевтің есімін мәңгі сақтау мақсатында оған қайтыс болғаннан кейін Халық Қаһарманы атағын беруді сұраған. Алайда бұл ұсыныстар да үнсіз қалды. Оның бақыты ұстаздығында. Бір адам жаққан отқа мың адам жылыну ол да ұлылық.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.