Кез-келген байланыс жолы (кабельдер, радиожолдар және т.б. жолдар) арна құраушы немесе тығыздау жүйелерімен жұмыс істейді.
Қазіргі кезде олар арна құру принципіне байланысты бөлінеді:
1) аналогты тарату жүйелері;
2) цифрлы тарату жүйелері.
Тығыздау жүйелері мен тарату орталары (кабельдер, радиожолдар және т.б.) көмегімен желілер тұрғызылады.
Қазіргі заманғы телекоммуникациялық желі - ол күрделі, онда көптеген бағдарлама көмегімен жұмыс істейтін жабдықтар мен жоғары жылдамдықты тарату мүмкіндігі бар, жан – жақты қорғалған байланыс жолдарынан тұрады.
Тарату арнасы дегеніміз – екі абонент арасында, физикалық тарату жолына тәуелсіз, белгілі бір жиілік диапазонында шектелге қуатты сигналды таратуға арналған тарату ортасы мен техникалыққұрылғылар кешені (жиынтығы)
Тарату арнасы – әр түрлі хабарлама көздерінен, әр түрлі елдерде шығарылған, әр түрлі жабдықтар көмегімен, әр түрлі байланыс жолдары (тарату ортасы) көмегімен іске асырылуы мүмкін.
Тарату арнасы деген термин - барлық елдерде бірдей түсінілуі қажет және белгілі бір стандарттар аясында жұмыс істейді.
ОЛ стандарттар МСЭ-Т Ұсыныстарына сай.
Барлық жергілікті желілер мен аймақтық желілер өзара байланысқан желілер талаптары бойынша жұмыс істейді және белгілі Ережелерге бағынады.
Осы желілер - біріншілік желілерді құрады, яғни олар арқылы арналар мен топтық трактілер өтеді.
Ал екіншілік желілерде - байланыстың әр түрі ұйымдастырыладыү Мысалы телефония, телеграф, факс, бейне байланыс және т.б.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.