Олимпиада тапсырмалары
Оценка 4.8

Олимпиада тапсырмалары

Оценка 4.8
Карточки-задания
docx
чистописание
5 кл—8 кл
30.01.2017
Олимпиада тапсырмалары
Қазақ тілі пәнінен олимпиада тапсырмалары жинақталған . Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және ғылыми жұмысқа деген қызығушылығын ояту; - қабілетті, дарынды білім алушыларды айқындап іріктеу және қолдау . Олимпиадалық тапсырмаларды орындау арқылы оқушының ой-өрісін, сөз саптауын, логикалық ойлау қабілетін тану, зерттеу.Қазақ тілі пәнінен олимпиада тапсырмалары
олимпиада тапсырмалары.docx
5­сынып 1 Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Төрт түлік малы сай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Матау толған түйелері болыпты. Өріс толы жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты... Қай   шығармадан   алынған   үзінді   екенін   табыңыз.  Шығарма   мен   оның түріне тоқталыңыз. 2 Синоним, антоним, омоним. Мысалмен дәлелдеңіз.  3 «Дарынды» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз. 4 Мына тақырыптардың біріне ойтолғау жазыңыз немесе өлең шығарыңыз.  «Менің достарым»  «Алланың мейірімі»  «Сыналған достық» 6­сынып      1.   Қадірлі бағасы алтын анам тілі,           Сенімен бағаланған балаң түрі.           Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,           Сенімен әлдилеген анам мені.           Кімнің өлеңінен алынған үзінді?  Өлең авторының өмірі            мен шығармашылығына  толық тоқталып өтіңіз. 2 Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке, үңірейген болса сағақ. Абай Құнанбаевтың өлеңінен алынған үзіндіге өлең құрылысы бойынша  толық талдау жасаңыз (шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас). 3 Күрделі сөздер дегеніміз не, түрлері мен ерекшеліктері қандай? 4 Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Бұл кітаптар отыздан аса елдің тіліне аударылды. 5 Мына тақырыптардың біріне ойтолғау жазыңыз немесе өлең шығарыңыз.     «Туған жер ­ алтын бесік»,  «Ана тілім ­ ардағым»,  «Ана ­ өмір тірегі». 7­сынып         1.Айғайласа белдік байлаған, Астана жұртын айналған, Атына тұрман болсам деп, Жұртына құрбан болсам деп, Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен.­ Алынған   үзіндінің   авторы   кім?   Өлең   авторының   өмірі   мен шығармашылығына тоқталыңыз. 2. Өлең тармақтарынан метафора  тәсілді табыңыз. Таудан мұнартып ұшқан тарланым, Арыстаным, көп болды­ау, Саған да менің арманым! 3. Сөз тіркесі сөздердің байланысу тәсілдері. Мысал келтіріңіз. 4. Сөйлемге   морфологиялық   талдау,   асты   сызылған   сөзге   фонетикалық талдау жасаңыз.  Тұрғандай «арс» етіп, азу тістері ақсиып ырылдай түрегелді. 5. Мына тақырыптардың біріне ойтолғау жазыңыз немесе өлең шығарыңыз.   «Абай – реалист ақын»  «Ата­анадан тәтті жоқ»  «Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым». 8­сынып   Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең? 1 Кім сендерді сағынар шетке кетсең,           Бетін жуған жасымен сорлы анаңа      Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін. Қай   өлеңнен   үзінді,   авторы   кім?   Осы   шығарманың   авторы   туралы   не білесің? (өмірі мен шығармашылығы) 2 Тақырып   пен   идея   дегеніміз   не?   Кез   келген   жазушының   бір шығармасының тақырыбы мен идеясын табыңыз.  3 Мына сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. Жайлаудың   көлдеріне   сене   беруге   болмайды,   құрғақшылық   жылы олардың көбі тартылып қалды. 4 Жай сөйлем, оның  түрлері. 5 Төменде берілген тақырыптардың біріне ойтолғау жазыңыз немесе  өлең шығарыңыз.   «Туған жер – алтын бесік»  «Туған тілім – тірлігімнің айғағы»  «Астана – болашақтың қаласы» №75 мектеп­гимназиясы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Жабагиева Еркежан Асилмаметовна

Олимпиада тапсырмалары

Олимпиада тапсырмалары

Олимпиада тапсырмалары

Олимпиада тапсырмалары

Олимпиада тапсырмалары

Олимпиада тапсырмалары

Олимпиада тапсырмалары

Олимпиада тапсырмалары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.01.2017