Органикалық заттарды оқып – үйрену әдістемесі
Оценка 4.6

Органикалық заттарды оқып – үйрену әдістемесі

Оценка 4.6
docx
13.12.2020
Органикалық заттарды оқып – үйрену әдістемесі
Органикалық заттарды оқып – үйрену әдістемесі.docx

Органикалық заттарды оқып – үйрену әдістемесі

Жоспары:

1.     Органикалық химия курсының оқу – тәрбиелік маңызы мен міндеттері

2.     Органикалық химия курсының мазмұны мен құрылымы

Ортамектепте органикалық заттар немесе көміртегі қосылыстарының химиясы арнайы курс ретінде өтіліп, бірқатар оқу-тәрбиелік міндеттерді шешеді.

         Органикалық химияда заттардың сан алуандығы және оның себептері жөнінде ұғым қалыптастырады. Органикалық және бейорганикалық қосылыстардың белгілі айырмашылығы ашып көрсетеді. Органикалық заттар саны жағынан көп, қазіргі кезде белгілі қосылыстардың төрттен үшін органикалық заттарға жатады. Органикалық заттардың құрамына негізінен көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және фосфор элементтері, яғни, санаулы ғана элементтер кіреді. Кейінгі кезде металорганикалық және электроорганикалық қосылыстар көптеп алуанда, бірақ олар орта мектепте оқылмайды. Органикалық қосылыстарыд құрамына оқушыларға таныс элементтер кіргенімен әр алуан болуы көміртегі атомдарының өзара бір және еселенген химиялық байланыстар бейімділігі түсіндіріледі.

         Органикалық химияда заттардың құрамы мен қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті нақтылауға көбірек назар аударады.Бұл салада бейорганикалық химиядан алған білім тереңдеп одан әрі дамытылады.

          Заттардың жіктеліуі жөнінде білім кеңейеді. Оқыушылар органикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы жаңа ұғым алады, олардың құрамының күрделінуін және генетикалық байланысымен танысады.

            Химиялық халық шаруашылығына қолданылуы ғылым мен өндірістің өзара шартыстығы жөнңндегі білім дамытылады. Пластмасса жасанды тоқтар, былғары каучук , ауыл шаруашылығына медецинада қолданылатын заттар өндірудегі органикалық синтездің жетістіктері баяндалады.

            Оқушылардың теориялық білімі жаңа сатыға көтеріледі.Органикалық химияның теориялық білімі жаңа сатыға көтеріледі. Органикалық химияның теориялық көзқарастарын дамытуда және ғылыми жаңалықтарын ашуда ғалымдардың  қосқан үлесіне баса назар аударылып, интернационалдық және патриаоотық тәрбие беру жүзеге асырылады. А.М.Бутлеровтың органикалық заттардың құрылыс теориясы, В.В.Марковниковтың атомдардың өзара әсері жөніндегі ережесі, Н.Н.Зининнің анилин алу реакциясы, М.Т.Кучеровтың ацетиленді гидраттау реакциясының маңызы түсіндіріледі.

         Органикалық химияда ғылым аралық және пән аралық байланыстарды жүзеге асыруға зор мүмкіндік туады. Органикалық химия  тірі оганизмдердің құрамына кіретін, олардың денесін құрайтын, биохимиялық бағыттарға қатысатын заттарды зерттейді.

         Органикалық химияны өткенде оқушылардың зертханалық-сарамандық біліктері дамиды. Едәуір күрделі сапа және сан тәжірибелерін жасауды, эксперимент  есептерін шығаруды үйренеді.

         Органикалық химияны игеру барысында оқушыларды дүниенің материядан тұратыны, бірлігі, үздіксіз дамуы, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы, оларды танып – білуге болатыны жөнінде ғылыми көзқарас қалыптасады. өлі табиғат пен тірі табиғаттың, бейорганикалық заттар мен органикалық заттардың арасын бөліп тұрған шекара жоқ екені жөнінде пікір туаады.

         Органикалық химия оқушылардың ақыл-ойының дамуына зор әсерін тигізеді. Қисынды ойлаудың дедукция, анализ және синтез, салыстыру және жалпылау тәсілдері жиі пайдаланылады.

         Орта мектепте оқылатын органикалық химия курсының  мазмұны мен құрылымы ұдайы жетілдіріп келеді. Оның алғашқы тұрақты бағдарламасын, оқулығын оқыту методикасын В.Н.Версовский, Л.М.Сморгановский жазды. 1950 жылдардан бастап орта мектептегі органикалық химияның мазмұны мен методикасын жетілдіруде Л.А.Цветков көрнекті еңбек сіңіріп келеді.

         Алғашқы бағдарламада оқу материалы құрамы қарапайым қосылыстардан басталып, құрылысы және атқаратын қызметі күрделі қосылыстарға дейін орналастырылады. Кейінгі бағдарламада осы негізгі методикалық негіз  сақталып, оқу тәрбиелік маңызы аз кейбір деректі материалдар қысқартылды, жаңа теориялық көзқарастармен толықтырылды. 1968 жылы жаңартылған бағдарламаға органикалық заттардың электрондық және кеңестік құрылысы туралы ұғым, химиялық байланыстың табиғатты жөніндегі соңғы көзқарастар, орын басу және қосып алу реакцияларының механизмі, атомдардың өзара әсері туралы түсініктер енгізіледі. 1988 жылдан бастап бағдарламаға пәнаралық ұштастыруды, оқытуды өндіріспен және өмірмен байланысын күшейтетін өзгертулер жасалады. Бес мүшелі моносахаридтерді пентоза, азоты бар гетероциклді қосылыстар, нуклиқышқылдары туралы беріледі. Этил спирттерінң орнына метил спирттерін өндіру өтіледі. Синтездік үлкен молекулалы заттар және полимер материалдар курстар соңындағы жеке тақырыпта қарастырылады.

        орта мектептегі химия курсының бағдарламасы «Бейорганикалық және органикалық химия бойынша білімді қорытындылау» деген тақырыппен аяқталып келді. Соңғы бағдарламада 43 сағаттық жалпы химия курсы енгізілді. Бұл курстың басты мақсаты – оқушылардың төрт жыл бойы химиядан алған білімін тереңдету және жинақтап қорыту. Химияның жеке мәселелерін  оқытудың методикасын қарастырғанда аса маңызды ұғымдардың әр класста  әр түрлі теориялық деңгейде қалыптастатынында көз жеткіздік. Осыдан келіп мектеп бітіретін шағында  оқушылар бірсыпыра маңызды мәселелерді ұмытып қалады, ұғымдар анықтамасын алғашқы атом молекулалық теориясының деңгейінде естерінде ұстап жүреді. Бұл кемшілікті болдырмау үшін бейорганикалық және органикалық химияның қорытындылау сабақтарында, жалпы химия негізерін өткенде химияның маңызды теориялары жөніндегі білім қорытындыланады. Оқушыларға белгілі теориялар тұрғысынан химияның негізгі заңдары мен ұғымдарының мәні қарастырылады. Химиялық элементтер және олардың қосылыстары туралы білім бір жүйеге түсіріледі. Химияның ғылыми дүниетануға және халық шаруашылығындағы маңызы нақтылана түседі. Осыған орай бейорганикалық және органикалық химияны шолып қайталау және жалпы химия курсының міндеттеріне мыналар жатады:

1.Атомның электрондық құрылысы жөніндегі оқушылардың білімін тереңдету.

2.Химиялық элементтер және олардың қосылыстары қасиеттерінің перидты түрде өзгеруі жөніндегі теориялық көзқарасты жаңа сатыға көтеру.

3.Заттың құрылысы және химиялық байланыстар туралы білімді бір жүйеге түсіру, заттаың құрамы , құрылысы және т.б.

4.Бейорганикалық және органикалық зататрдың маңызды кластары жөніндегі білімді қорытындылау.

     Оқушылар 11 классқа химиядан әр түрлі дайындықпен келеді. Оқушылардың біразы ғана химияны өзінің  болашақ мамандығы ретінде таңдап, оны оқып үйренуге аса ынталы екенін білдіреді. Қалғандары бұл пәнінің қажеттігін жете мойындамайды, оның үстіне мұндай оқушыларға химиядан мектеп бітіру емтиханын тапсырмауға рұқсат етеді. Сондықтан жалпы химияның сабақтарын оқушылар тегіс қатыстатындай етіп тартымды өткізу мұғалімнен үлкенг жауапкершілікті талап етеді.

     Тақырыптарының мазмұны бойынша жалпы химиядан өтетін сабақтарды теориялар мен заңдарды, химиялық реакциялар туралы білімді, металдар мен бейметалдар және химияның халық шаруашылығынадағы маңызды жөніндегі білімді тереңдету, жетілдіру және қорытындылау сабақтары деп жіктеуге болады.

     Қорытындылау сабақтары кезінде химиялық эксеприменттің алатын орны ерекше.  Бұларда , көбінесе көрнекі көрсететін және зертханалық тәжірибелер өткізіледі, эксперимент есептері шығарылады.Бұрыгғы кластардан айырмасы тәжірибелерді орындауға оқушылардың дербестігі барынша арттырылады.

     Қорытындылау сабақтары кезінде жиі қолданылатын әдістер мыналар: шолу дәрістері, дәріс -әңгімелесу, химиялық тәжірибелер мен көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып әңгімелесу, оқушылардың баяндамалары, үлестіріліп берілетін материалдармен жұмыс, сарамандық тәжірибелер, эксперимент есептерін шығару. Өтілетін материалдар оқушылаға біршама таныс болғандықтан, бір әдіс пайдаланып бір санаман өткізілетін сабақтар оқушыларды жалықтырып жібереді. Сондықтан оқушылардың класста және үйде өздігінен жұмыс істеуін, сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ететін әдістер жиі қолданылады. Қайталау сұрақтары, жаттығулар мен есептер, баяндамаладың тақырыптары мен әдебиеттердің тізімі, оқушылаға көрнекі көрсететін тәжірибелер мен көрнекі құралдардың тізбесі ертерек бекітіледі.

     Үй тапсырмасының мазмұнын, түрін және сипатын анықтауға баса назар аударылады. Оқушыларға қиын тиетін оқу материалы, сан және сапа есептері класста талқыланады. Үйге берілетін тапсырма оқушылардың үлгеріміне қарай жіктелген болуы тиіс, орындауды жеңілдететін нұсқаулар беріледі.


 

Органикалық заттарды оқып – үйрену әдістемесі

Органикалық заттарды оқып – үйрену әдістемесі

Органикалық химия оқушылардың ақыл-ойының дамуына зор әсерін тигізеді

Органикалық химия оқушылардың ақыл-ойының дамуына зор әсерін тигізеді

Атомның электрондық құрылысы жөніндегі оқушылардың білімін тереңдету

Атомның электрондық құрылысы жөніндегі оқушылардың білімін тереңдету
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.12.2020