Теңайнымалы қозғалыс. Үдеу тақырыбына есептер шығару
v Оқыту мақсаты: уақыттан тәуелділік графиктерінен орын ауыстыруды, жылдамдықты, үдеуді анықтау
ü Бағалау критерийлері: V = V0 + at түріндегі формуладан бастапқы жылдамдық, жылдамдық және үдеулерін табады;
Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен үдеуді анықтау;
1. Есеп: Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі берілген . Осы дене жылдамдығының уақытқа тәуелділік теңдеуін жазу.

Дескриптор:
ü Бастапқы және соңғы жылдамдықтардың мәнін графиктен анықтай алады
ü Үдеудің формуласын қолданып, үдеудің мәнін анықтай алады
ü График арқылы қозғалыстың түрін анықтай алады
ü Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік теңдеуін жаза алады
2. Есеп: Суретте дененің қозғалыс жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигі көрсетілген. Дененің үдеуін анықтаңыз

Дескриптор:
ü Бастапқы және соңғы жылдамдықты графиктен анықтай алады
ü Қозғалыстың түрін біледі
ü Үдеудің формуласын біледі
ü Үдеудің мәнін дұрыс есептей алады
3. Есеп: Велосипедшінің жылдамдығының уақытқа тәуелді графигі бойынша әрбір бөліктегі үдеуін анықтаңыз.

Дескриптор
ü Үдеудің формуласын біледі
ü Әрбір бөліктегі бастапқы және соңғы жылдамдықтарды анықтай алады
ü 0-4 cекундтағы үдеуді анықтай алады
ü 4-6 cекундтағы үдеуді анықтай алады
ü 6-9 cекундтағы үдеуді анықтай алады
ü
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.