Отан үшін от кешкен, елі үшін тер төккен Оспан Cқақов әкеміз еді
Оценка 5
Занимательные материалы
docx
чтение +1
Взрослым
14.03.2017
Берілген мақалада Ұлы Отан соғысының ардагері Оспан Сқақов жайында баяндалады.Батыр әке, ел ағасы ұрпақ болашағы үшін Ұлы Отан соғысына жастайынан аттанып, бар күш жігерін аямаған.2рет Ленинград төңірегінде оққа ұшса да,аяғының жараланғына қарамастан соғыстан кетуден бас тартпайды.Батыр ел есінде мәңгілік қалмақ
Оспан ата - копия.docx
Отан үшін от кешкен, елі үшін тер төккен
Оспан Cқақов әкеміз еді.
Оспан Сқақов 1910 жылы қазіргі Сырдария ауданы,
Ақжарма ауылында дүниеге келген. 1931 жылы сол
кездегі Шандайкөл колхозында бастауыш комсомол
ұйымының хатшысы, 1934 жылы ауылдық кеңестің
хатшысы, 1937 Шандайкөл колхозының төрағасы
болып сайланып 1942 жылы Ұлы Отан соғысының
басталуына байланысты майданға аттанады. Майданда Балтық бойында,
Ленинградта жаумен шайқаста 2 рет жараланған, кеудесінен жарақаттанғанда
Ленинградта 4 ай госпитальда емделіп қайта майданға қатысады кейін аяғынан
жеңіл жарақат алған. Майдандағы ерлігі үшін «За боевые заслуги», «За отвагу»,
«За победу над Германий» тағыда басқа медальдармен марапатталған.
1945 жылы қазан айында елге оралып, қайтадан колхоз басқармасының
төрағасы болып сайланады. Ол кездері колхоз басқару өте қиын болды, ер
азаматтардың қөбі майданнан оралмаған, келгендердің көпшілігі мүгедек, азып
тозып әбден қалжыраған, жұмыс қолы тапшы еді. Сонда да соғысқа дейін өзі
басқарған колхозды қайтадан басқарды, әбден жүдеп жадаған қажыған ел әкесіз
қалған жетімдер, күйеулері соғыстан оралмаған жесірлер, кемпіршалдар
осылармен жұмыс істеу, оларды ашықтырмай, тоңдырмай қасы қабақтарына
қарап жағдайларына қарау, сол азаматтармен мемлекеттке астық тапсыру оңай
шаруа емес еді. Ол кезде жерді жер ағашпен жыртады, егінді қол орақпен
орып,қырманға арқалап тасу, сиырмен, атпен бастырып, тазалап арбамен тасып
мемлекеттке тапсырған. Мінекей осындай қиында, жауапты қызметті Оспан
Сқақов 19451955 жылдары атқарды. 1955 жылдан 1971 жылға дейін Ақжарма
ауылдық кеңесінің төрағасы болып қызмет жасап дербес зейнеткерлікке шықты.
Зейнеткерлікке шыққанға дейін елдің әлеуметтік өркендеуіне, әлауқатының
өсуіне, соғыстан кейінгі зардаптарды қалпына келтіруге өзінің үлкен үлесін
қосты. Ол кездері ауылдық кеңестің төрағалары елдің әлеуметтік, мәдени
ағарту, денсаулық салаларымен қатар ауыл шаруашылығының алдында тұрған
барлық шаруаларға басшылық жасап, Үкімет пен Партияның алдында есеп
беретін. Бүкіл өмірінде басшылық қызметте болған атамыз 1978 жылы 68
жасында қайтыс болды. Қазіргі таңда Оспан Сқақовтың өзі тұрған көше Оспан
атамыздың атымен аталады.
Скакова Лаура , М.Мәметова атындағы
Қызылорда гуанитарлық колледжінің оқытушы
Отан үшін от кешкен, елі үшін тер төккен Оспан Cқақов әкеміз еді
Отан үшін от кешкен, елі үшін тер төккен Оспан Cқақов әкеміз еді
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.