Бұл тәрбие сағатының мақсаты : жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру . Міндеттері : отбасы құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру . Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын біліктіліктер мен дағдыларды дамыту . Қолданылған әдіс- тәсілдері :әңгіме, сұрақ-жауап, пікір алмасу.
отбасы- алтын діңгек.docx
« Отбасы алтын діңгек»
Тақырыбы: Отбасы алтын діңгек
Мақсаты: Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру
қажеттіліктерін қалыптастыру.
Міндеті: Отбасы құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.
Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын
біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, қабырға газеті ойын элементтері: жағдаят
жазылған үлестірмелі қағаздар
Сабақтың әдістәсілі: Әңгіме, сұрақжауап, пікіртерім.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушыларды түгелдеу.
2. Сабақты қызықтыру мақсатында оқушыларды топтастырып, тақырыппен
таныстыру.
Кіріспе сөз: Отбасымемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген
сүйіспеншілігі алдымен атаананың ықпалымен қалыптасады.
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,
тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.
Отбасының екі тірегіәлпештеген әке мен аялаған ана. Атаанаға үлкенге
қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеубіздің борышымыз. Бүгін
біз «Отбасы алтын діңгек»» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда
Бала тәрбиесі, оның жанжақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға
салмақпыз. Отбасыадам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы
шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстықсуығына
бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі.
Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті атааналар, ұстаздар, оқушылар.
Жүргізуші:
Әкеңқазақ, шешеңқазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын, дей отырып бүгінгі біздің «Отбасыаялы алақан
мекені», атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.
Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?
Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге тиіспіз.
Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс.
Отбасыадамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
Олай болса алған білімімізді, тәрбиемізді шыңдайтын кезде жетті. Кезекті
сайысқа түсетінтоптарға берсек. Топтар өздерін таныстыра кетсе.
1. Топ аты.
2. Ұраны.
3. Топ төс белгісі. (қорғауы керек)
«Болашақ білімді жастар қолында» тақырыбында білім сайысы шарты әр
топқа сұрақтар қойылады.
1топқа
1. Балдан тәтті не? (бала)
2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (атаана)
4. Әкеден балаға беріледі (мұра)
5. Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)
6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
7. Бес дұшпанды атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал
шашпақ)
8. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
9. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан
қабылданды? (2002 ж 8тамыз)
10. Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастархандаболмайды
Бірақбарлықадамдәмтатқан (анасүті)
11. «Басы тасқатиді» сөзініңмағынасы (өкінді)
2топқа
1. 18 жасқатолмағанадам (бала)
2. «Өзінөзітану» бағдарламасының авторы кім? (С.Назарбаева)
3. Тәрбие мен білімніңордасы (мектеп)
4. Қазақстандақандайбілімалуміндетті. (орта білім)
5. Бес асылдыатаңдар (талап, еңбек, терең ой, қанағат, қакым)
6. Айдақыс, жазмезгілі бола ма? (болмайды)
7. «Көзіашық, көкірегіояу» сөзініңмағынасы ? (оқыған)
8. Жігіттіңүшжұрты (өзжұрты, нағашыжұрты, қайынжұрты)
9. Қазақхалқыныңұлттықойындарыната? (бәйге, көкпар, теңгеалу, қызқуу)
10. АзиядақысқыспорттықойындарыҚазақстандақайқалалардаөтті?
(Алматы, Астана)
Екіншікезең
Халқымыз «Аталысөз – баталысөз» депбекерайтпаған.
Ендешекезектісөзсайысынаберсек.
(Отбасына, бала тәрбиесінебайланыстынақылсөздержарысы)
Үшіншікезең «Тығырықтаншығу» тақырыбындажағдаяттықсұрақтар.
1топқа
1. Сенің өзіңе жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға атаанаң қарсы.
Сен не істейсің?
2. Сен тәртіпсіздік жасадың мұғалім сені қатты сөкті. Сен не істейсің?
3. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалатын оқушы бар. Ол оқушыға деген
көз қарасың қандай. Сыныптасың ретінде не айтар едің?
2топқа
1. Саған мұғалімің сеніп, жауапкершілігіңді бағалап ертеңге жұмыс тапсырды.
Бір себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Не істейсің?
2. Сыныпта тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен оқушы бар. Ол оқушыға көз
қарасың қандай. Сыныптас досың ретінде не айтар едің?
3. Сенің адал досың бар. Оның көңілкүйі болмай бір жағдаятқа өте
алаңдауда. Сенің досыңа көмектесіп көңілін көтергің келеді. Сенің әрекетің,
не істейсің?
Сабағымыздыңтөртіншікезеңіпікірталас
Тақырыбы: Әйелазаматы мемлекетті басқара алады ма? Топтар өз сөздерін
дәлеледеу қажет (жақтаушы топ, қарсы топ болып).
Кезекті оқиғаға берсек. Сіздердің пікірлеріңіз.
Менің баламның бастауышта оқу үлгерімі өте жақсы еді.Оның алып келген 5
тік бағаларына үнемі ақша беріп отырдым. Елден ерекше киіндірдім. Себебі
ол менің жалғыз ұлым еді.Өсе келе ол мектепте соңғы сабақтан қашып кететін
болды. Күнде ақша сұрайды. Бір күні сынып жетекшісі келіп,баламның
мектептегі өрескел қылықтарын айтты. Әкесі қатал еді, ұрды, ұрысты. Бірақ
соңғы кезде балам өкпелі сияқты. Бұрынғыдай еркелемейді, ашылып
сөйлеспейді. Мен түсінбедім. Маған қандай ақыл айтасыздар?
Келесі ойынымыз.Ой қозғау. Бала деген кім?
Гүлдің бейнесін келтіріп,гүлдің жапырақшаларының ішіне атааналар
жауаптарын жазады. Мысалы: бауыр етіміз, болашағымыз,үмітіміз, мұрагерім,
жанымның саясы, асыраушым.
«Танып ата» ойыны.
Ойын барысында қатарда тұрған балалар арасынан,атааналар жекежеке
шығып,көзі жұмулы күйінде сипалап тану арқылы өз балаларын табады.
Тәрбиеші: Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Әке
мен шеше баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар.
«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі
болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі
жетпейді.Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек,деп қазақтың ұлы
ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев айтпақшы бүгінгі сабағымызға
алтындай уақыттарыңызды бөліп, атаана міндетін орындап ой
бөліскендеріңізге рахмет. Әрбір отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен балаларыңыз үміттеріңізді ақтап тек биіктен көрініп, жемісін
берсін.
Күтілетін нәтиже: Өз ұлтының тарихын мәдениетін, тілін қастерлейтін, өз
ойын ашық жеткізетін, көпшілік алдында сөйлей білетін білімді, саналы,
Отбасы құндылықтарын құрметтейтін тұлға.
"Отбасы - алтын діңгек"
"Отбасы - алтын діңгек"
"Отбасы - алтын діңгек"
"Отбасы - алтын діңгек"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.