Отбасы мерекесі. Тұсау кесу
Оценка 4.8

Отбасы мерекесі. Тұсау кесу

Оценка 4.8
Работа в классе
docx
классное руководство
1 кл
20.11.2018
Отбасы мерекесі. Тұсау кесу
Сабақтың тақырыбы: Отбасы мерекесі. Тұсау кесу Мақсаты: Балаларға қазақ халқының салт – дәстүр түрлері туралы түсінік беру, оның ішінде тұсау кесу рәсімімен таныстыру, сөздік қорын молайту; Әдет – ғұрып, салт – дәстүрді сақтай білуге тәрбиелеу; Көрнекілігі: Киіз үйдің ішінде болатын бұйымдар, қазақша киімдер, нақыл сөздер, суреттер, сиқырлы шеңбер.
тұсау кесу.docx
Сабақтың тақырыбы: Отбасы мерекесі. Тұсау кесу Мақсаты: Балаларға қазақ халқының салт – дәстүр түрлері туралы түсінік  беру, оның ішінде тұсау кесу рәсімімен таныстыру, сөздік қорын молайту; Әдет – ғұрып, салт – дәстүрді сақтай білуге тәрбиелеу; Көрнекілігі: Киіз үйдің ішінде болатын бұйымдар, қазақша киімдер, нақыл  сөздер, суреттер, сиқырлы шеңбер. Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, көрнекілік стратегиясы. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Пәнаралық байланыс: тіл дамыту. Өтілу барысы:  І Ұйымдастыру кезеңі Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келіпті, оларды құрметтеп  қарсы алайық. Балалар:  Арайлап  бүгін  атты  күн! Шашып  бізге  шапағын. Тілейміз  сізге  ақ  таңның, Қуанышын,  шаттығын. Қайырлы  күн,  қайырлы, Қуанышты  күн  бүгін. Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сиқырлы шаттық шеңбер:  Әрқайсыларыңның алдарыңда сиқырлы дөңгелектер жатыр, оларды алып, артын аударып  қарасаңдар  сиқыр  табасыңдар, онда бір – біріңмен  қалай сәлемдесу   керектігінің  сиқырын  көресіңдер. Егер күлкі  бейнеленсе,  онда бір – бірімізге  күлімдей  қарайық,  алақан  суреттенсе  қолымызды  қысып амандасайық,  жүрек бейнеленген  болса – құшақтасайық, күн бейнеленген болса – жақсы сөз  айтып сәлемдесейік. Тәрбиеші:    Балалардың назарын тақтаға аударады. ­ Балалар, бұл фото суреттерде кімдер?  Суретте кім бар? Бір сөзбен қалай айтамыз? ­Отбасы мүшелері. ­ Әр елдің, ұлттың өзіне тән салт­дәстүрі болады. Сол дәстүрімен әр ел өзінше  ерекшеленеді.   Тәрбиеші балалардың назарын тақтадағы суреттерге аударады. «40 ­ шығару», «Бесікке салу»,  ­ Бұл қандай салт ­ дәстүр? ­ «40 ­ нан шығару», «Бесікке салу» Балалар  «Тұсау кесу» деген сөзді естігіндерің бар ма?  Тәрбиеші: Отбасының үлкен қуанышының бірі – сәби. Сәби аяғын алғаш рет  басқанда тұсау кесу рәсімі өткізіледі. Тұсау кесу рәсімін – бала тез жүріп  кетсін деп өткізеді. Олай болса, мына бейнетаспаға назар аударайық, қане  бәріміз бірге қарайық.  Балалар біздің ортамызға да Асыл әже немересімен келіп отыр екен. Қане,  бейнетаспада көргеніміздей  Асыл әженің немересінің тұсауын кесейік. Топқа әже, бала кіреді. Балалар әжемен амандасады. Әже: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мына кішкентай немерем жасқа толып,үлкен  өмірге қадам басқалы отыр.  Бүгін арнайы немеремнің тұсауын кесейін деп  келіп отырмын. Тәрбиеші:  Олай болса рәсімді бастамас бұрын, біздің бүлдіршіндерге ақ  батаңызды беріңіз. Әже бата береді. Әже: Баланың тұсауын кесер тойына әдейі тілек етіп, мына жіптерді  дайындадым. Ақ жіп қостым – адалдыққа апарсын деп Жасыл жіп қостым – ғұмырлы, көсегесі көгерген азамат болсын деп Қызыл жіп қостым ­ қызылға оранған молшылықты болсын деп. Тәрбиеші: Балалар  тұсау кесер баланың үйінің іргесіне қазық қағылып, оған ала арқанның бір ұшын байлап,екінші ұшын баланың аяғына байлап, үйінен ұзап кетпесін,   кескен жеріне қайтып оралсын  деп ырымдаған екен.  Ендеше балалар қазір осы топтың ер балалары «Ханталапай» ойынын ойнаймыз. Осы ойында оза шауып,  кім көп асықты ұтып алса, сол бала қазық қағылған жерге келіп баланың  аяғындағы күрмеуді шешеді. Ендеше тұсау кесу рәсімін орындамас бұрын   «Ханталапай» ойынын  ойнаймыз. Ойында асыққа тигізе алмай қалған балаларға сұрақ қойылады. 1. Қандай ұлттық ойындарды білесің? 2. Қымыз дегеніміз не? Оны қай малдан алады? 3. Бесікке кімдер жатады? 4. Қазір қандай жыл мезгілі? 5. Б дыбысы қандай дыбыс? 6. 5 ке 5 қосқанда қандай сан шығады? 7. Ешкінің төлін не деп атайды? 8. Жылдың  басы  қандай жануар? 9. Көктем мезгілінде қандай мерекелер болады? 10.  Қойдың төлін не деп атайды? Ойынның жеңімпазы атанған бала, күрмеуді шешеді. « Тұсау  кесу» рәсімі  басталады. Баланың тұсауын әжесі кеседі. Балалар тұсауы кесілген баланы орталарына алып, балаға арнап  өлең, тақпақ  айтып береді. Сансызбай Інжу «Тұсау кесер» әні. Сабақты қорытындылау: Ал, балалар, сендер не түсіндіңдер?  Балалар, бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.  «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым замамннан арқауы  үзілмеген ұлттық салт­дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете  отырып,әрбір қадамын нық басуын болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын»  деп  Елбасымыздың сөзімен бүгінгі сабағымызды  аяқтаймын.

Отбасы мерекесі. Тұсау кесу

Отбасы мерекесі. Тұсау кесу

Отбасы мерекесі. Тұсау кесу

Отбасы мерекесі. Тұсау кесу

Отбасы мерекесі. Тұсау кесу

Отбасы мерекесі. Тұсау кесу
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.11.2018